Сарыпбекова газиза сейтанкызы



бет17/18
Дата11.10.2023
өлшемі195.08 Kb.
#480466
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
сарыпбекова газиза

ҚОРЫТЫНДЫ

Түркі халықтарының рухани, моральдық-этикалық қасиеттерге ие, адамгершілік пен құлықтылыққа тола Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік еңбегі» он ғасыр дәуірден, түрлі қоғамдық формациядан өтсе де, әр түрлі тілдерге аударылып, бұл ұлт өкілдерінің көңілінен шығуы да оның әлі күнге дейін құнды болуында. «Құтадғу білік» шығармасын талдаудың, оны ғылыми айналымға ұсынудың маңызы көп қырлы мәдени даму үдерісінің қыры мен сырын тануға мүмкіндік береді. Жүсіп Баласағұн шығармасын ғылыми тұрғыда тұтыну, зерттеу және түсіндірудің тарихи-философиялық тұрғыда ортағасырлық Шығыс халықтарының, соның ішінде түркі халықтарының ақыл-ой деңгейінің мазмұны, көзқарастар жүйесінің құрылымы туралы таным-түсінігімізді кеңіте түсеміз. Шығармамен мұқият танысқандар ондағы халықтық және жалпыадамзаттық құндылықтардың бір-бірімен астасқан көп қатпарлығын таныр еді. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегін әлі де зерделеуді қажет ететін мәселелер ұлан ғайыр. Философиялық ой кешудің әр реңкі, әр қисыны, әр өрнегі мен нақышы, иірімдері мен бұралаңы мол соқпақтары ғылыми сараптауға ділгір. Бұл мәселенің болашақ қазақ тілді, ұлтжанды фәлсафашы-ғылымдардың назарында болатындығы күмән туғызбайды. Жүсіп Баласағұндай данышпан бабамыздың әлемге мәшһүр болған ұлағатты шығармасы әлі де талай тер төгуді талап етеді. Еліміздің тәуелсіздігі жолында, ұрпақ тәрбиесінде ділдің, тілдің жаңғырып, қайта түлеу дәуірінде «Құтадғу білік» те ұлтымыздың рухани игілігіне айналып, өзіне жүктелетін әлеуметтік танымдық, тағлымдық міндеттерді абыроймен атқаратынына сеніміміз мол. Оның ұлттық философия үшін берері бергенінен де гөрі молырақ. Тек соны ұқсата білейік. «Құтадғу біліктей» көл-көсір теңізден ой маржанын тере білейік, ұрпақ мүддесіне жарата білейік.


Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен дипломдық ізденістің мақсаты мен негізгі міндеттері айқындалды.
Жұмыстың басты мақсаты болған түркі халықтарының ұлы данасы Жүсіп Баласағұнның рухани мұрасындағы әлеуметтік философиялық ойлардың қазақ халқының рухани мәдениетін қалыптастырудағы алатын орнын айқындауды ұсынуға болды. Бұл мақсатты орындау жолында дипломшының алдында төмендегідей міндеттер орындалды: Жүсіп Баласағұнның әлеуметтік философиясының сұхбат аймағы анықталды; «Құтадғу біліктегі» қарастырылған саяси-әлеуметтік мәселелердін ортағасырлық мұсылмандық Ренессанстын басқа да тұлғаларының шығармашылығымен үндестігі айқындалды; Жүсіп Баласағұнның философиялық толғамдарының, поэтикалық ойлау үрдістерінің болмыс мәселелері зерттелінді; «Құтадғу біліктегі» әлеуметтік-философиялық ой-дүниенің, онын маңызды қағидаларының қазіргі заманға байланысты өміршеңдігі көрсетілді; Жүсіп Баласағұн шығармашылығының әдістемелік негізі айқындалды.
Сонымен қатар дипломдық ізденістің әдістемелік негізі қазіргі Қазақстан Республикасындағы өтпелі қоғамның рухани жағдайы мен философиялық парадигмаларымен қатысты болды. Дипломдық жұмыста бұл әдістеме мүмкіндігінше қолданылды. Ал жұмыстың ғылыми жаңалығы дипломшының көтерген тақырыбының, алға қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру тәсілдерінен және отандық философиялық әдебиетте бұрын алынбаған соңғы нәтижелер арқылы көрінді. Жүсіп Баласағұнның болмыс мәселесін біздің қазіргі коғамымызда туындап отырған әлеуметтік рухани мәселелермен үндес қарастырудың өзі жаңашыл талпыныс болды. Бұл мақсатта біз Жүсіп шығармашылығын зерттеген авторлар позициясымен қоса, «Құтадғу білік» мәтінін өзіндік тұрғыдан түсіндіріп беруге тырыстық. Түркі халықтарының ұлы Данасының шығармашылығынан дипломшы қазіргі қазақ халқының рухани мәдениетінде туындап отырған күрделі мәселелерге жауап іздеп, оны табуға тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет