Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі: ұғымы және түрлері.
Ұлттық Қауіпсіздік – азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделердің ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қоралғандығы. – Ұлттық қауіпсіздік объектілері – адам, оның өмірі; құқықтары мен бостандықтары; қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары; мемлекет оның конституциялық құрылысы. ҰҚ ТҮРЛЕРІ: ҚР-ның ұлттық қауіпсіздік туралы ( 2012 ж, 6 қаңтар) заңның 4-бап: 1) ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – қоғамнң тұтастығы мен оның тұрақтлығы қамтамассыз етілетін азаматтар өмірінің, денсаулығының және амандығының, қазақстадық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 2) ӘСКЕРИ ҚАУІПСІЗДІК – әскери күштерді қолданумен неесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-күйі; 3) САЯСИ ҚАУІПСІЗДІК – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және олардың мүдделерінің теңгерімі, мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамассыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 4) ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамассыз етілетін, ҚР ұлттық экономикасының нқты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 5) АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – елдің орнқты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамассыз етілетін, ақпарат саласндағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден ҚР ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерінің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі; 6) ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі;
Достарыңызбен бөлісу: |