Ұлттық мүдде: ұғымы және мазмұны.
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ – өз халқының, мемлекетінің мақсат мүддесін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты айтады. Оған ұлтты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау, сыртқы қауіп-қатерден сақтау, ұлттың жақсы тұрмыс хәлін өрлетіп, дамыту, халықаралық майданда мемлекеттің экономикалық және саяси бағытын қорғау, әлемдік саясатта өз ықпалын кеңейту жатады. ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы (2012 ж. 6 қаңтар) 5- бап: ҚР-ның ұлттық мүдделері: 1) Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету; 2) Заңдардың орындалуы; 3) Құқықтық тәртіпті сақтау; 4) Елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау; 5) Қазақстан халқының бірлігі және отаншылдық; 6) денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру; 7) қоршаған ортаның жай-күйін сақтау; 8) халықаралық деңгейде Қазақстанның жағымды имиджі мен беделін нығайту; 9) ҚР-ның әскери қауіпсіздігінің қамтамассыз ету; 10) бәсекеге қабілетті және қоғалған ұлттық ақпарат кеңістікті қолдау және дамыту.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің қауіп қатерлері: ұғымы, классификациясы.
ҚР-ның ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ қауіп қатерлері – ҚР-ның Ұлттық мүдделерін іске асыруға кедергі келтіретін немесе кедергі келтіру мүмкін сыртқы және ішкі факторлар жиынтығы. ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңы (2012 ж 6 қаңтар) 6-бап: Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп қатерлер: 1) Ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесінің төмендеуі (террористтік және экстремисттік ұйымдардың кірігуі, сыбайлас жемқорлық, қарудың және есірткі заттарының заңсыз айналымы); 2) Демографиялық ахуалдың және халық денсаулығының нашарлауы; бала туудың күрт төмендеуі, өлім жітімнің көбеюі; 3) Бақылаусыз көші-қон процестері; 4) елдің денсаулқ сақтау, білім және зияткерлік әлеуеті деңгейі мен сапасының төмендеуі; 5) ҚР халқының мәдени және рухани мұрасынан айырылу; 6) Ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан, жаппай тәртіпсіздіктерден көрінетін әлеуметтік және саяси жағдайдың шығуы; 7) Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған іс-әрекет; 8) Кез келген нысандардағы терроризм, экстремизм және сепаратизм; 9) мемлекеттік органдар қызметіне ірікі салу; 10) Елдің қорғаныс қабілетінің төмендеуі; КЛАССИФИКАЦИЯСЫ: 1) Басқа мемлекеттердің агрессиясы; 2) Егемендікке қол сұғылуы; 3) Экономикалық дағдарыс; 4) Лаңкестік; 5) Ұлт аралық шиеленіс; 6) Экологиялық зардаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |