Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайының жалпы сипаттамасы.
Тәуелсіз ҚР-на өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. «Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналаындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағн құруға мүдделі ірі аймақтық мемлекет ретінде танытты. 1993 жылы 13 желтоқсанда Үкімет қаулысына сәйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан (Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. 1994 жылы үш мемлекеттің – Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға ҰЛЫБРИТАНИЯ, АҚШ және РЕСЕЙ мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға ҚЫТАЙ мен ФРАНЦИЯ қосылды. Сойтіп, Қазақстанның тәуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.
Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі мақсаттары мен бағытттары.
Халықаралық байланысты жүзеге асыруда Қазақстанның сыртқы саясат дүние жүзіндегі қалыптасқан жағдайға байланысты көпбағыттылығы ескеру принципінен шығуы кекрек. Дүние жүзіндегі саяси және экономикалық үдерістердің ғаламдық сипаты жағдайында, жекелеген елдер қауіпсіздігіне кепілдік ұжымдық күш жігермен ғана қамтамассыз етіледі. ҚР өзімен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға арналған және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейіндегі қарусыздану ісіне міндетті түрде қатысады. 1992 жылы Ташекнтте Қазақстанның ,Қырғызстанны, Тәжікстан, Белоруссия, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ қол қойды. / Республика ішінде жүргізіліп жатқан реформаларды қамтамассыз ету жөнінде де бірқатар міндеттердің бар екені белгілі. Оларды атап айтсақ: - Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және жеелеген қаржы ұйымдары тарапынан қаржы салымын тарту; - Экономикалық міндеттер, экологиялық мәселелер, дүниежүзілік коммуникацияға шығу үшін қаржы тарту және практикалық көмек көрсету; - Әр түрлі мәселелер бойынша халықаралық ақпараттармен алмасуға қатысу; - Қазақсатндық экономиканың, ғылым мен басқарудың әртүрлі салалары үшін шетелдерде мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру; - Шетелдерде Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын қорғау; - Шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |