Саясаттану



Pdf көрінісі
бет5/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саясаттанудың
қызметтері
24


Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық режим 
саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат 
пен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси 
қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не 
жатқанын байқамаймыз. Саясат астарын білмей демократиялық жолмен алға 
басу қиын. 
Сондай-ақ, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін жан-жақты 
түсіндіріп беретін, оның өзіндік ерекшелігін екшейтін саяси білім керек. 
Ондай саяси білімді тек саясаттану ғана бере алады.
Саясаттану қандай қызмет атқарады? Бұл ғылым саяси құрылысқа, 
институттарға іс-әрекеттерге саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде 
саясаттану саяси әлеуметтану міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың 
демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеуші- 
лік басқару қызметін атқарады. Ол қоғамның саяси өмірімен тығыз байланыс­
ты. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне 
тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясат­
тану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар 
береді. Саяси білімдер, хаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті тәжіри- 
белік іс-әрекеттері басшылыққа алынады.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін атқарады. Бұл ғылым саяси 
институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта 
қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және 
атқарушы 
органдар 
қабылдайтын 
құқықтық 
жарғылар 
мен 
саяси- 
басқарушылық шешімдер алдын-ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда 
немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар 
саяси 
тұрғыдан 
талданады. 
Солардың 
негізінде 
ол 
кейбір 
саяси 
институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу 
керектігін негіздейді, мемлекетті басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, 
әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін 
көрсетеді.
Ең соңында, саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. 
Саяси 
зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен 
ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси 
өзгерістер жасауға бағытталған, ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. 
Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да осыда.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. 
Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі - ортақ қоғамдық өмір. Олар
25


бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану 
ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық 
ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған жөн.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философия) тығыз байланысты. 
Фәлсафа - табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ 
заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани 
байлықтардың неізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас 
туғызады. Сондықтан, ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік 
ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси 
құбылыс-тар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол 
мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда 
өзінің өрісі тарлығын байқатады. 
Саясаттану қоғам өмірінің саяси 
саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, 
саяси 
танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.
Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия 
саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, процестердің 
негізінде әртүрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін 
күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты 
дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін 
ғылыми тұрғыда негіздейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құдық адамдардың 
қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси 
шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, 
құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың тоғысқан, түйіскен 
тұстарын 
қарастырады. 
Құқықты 
К.Маркс 
заңға 
айналдырылған 
экономикалық үстем таптың еркі деп орынды атаған.
Саясаттану - құқықтанудың теориялық-әдістемелік негізі іспеттес. Саяси 
өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар 
жалпыға міндетті бола алмайды. Сонымен қатар, құқықтық тұрғыда қалыптас- 
пай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды.
Саясаттанумен тығыз байланысты ғылымдардың бірі - әлеуметтану 
(социология). Саясаттану - саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс 
жүзінде белгілі бір қағидаларды жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын 
процесс ретінде қарайды. Әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық 
өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. 
Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат 
не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып 
келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың 
назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс 
әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе
26


түседі.
Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты 
саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, 
суреттейді.
Жоғарыда аталған ғылымдармен қатар, саясаттану басқа да гуманитарлық 
ғылымдармен байланысты. Солай бола тұра, саясаттанудың өзіне тән зерттеу 
объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық 
саяси құбылыстар мен үрдістер жатады.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1. Саясат дегеніміз не, саясат жөніндегі алғашқы тұжырымдар?
2. Саясаттанудың қызметі қандай?
3. Саясаттанудың басқа ғылымдармен байланысы қандай? 
Әдебиеттер:
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері А.2000.
2. Мухаев С.К. Политология М. 2000.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы А. 2007.
4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.-А.1999.
5. Саясаттану негіздері: оқу құралы А. 1997.
2 - Дәріс
Саяси ғы лы мдары ны ң негізгі қалыптасу кезеңдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет