Саясаттану



Pdf көрінісі
бет7/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Антикалық саяси 
ойлар


асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер (егіншілер мен қолөнершілер) 
өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан 
қамтамасыз етті. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті 
атқаруы керек. Сонда ғана әділдік үстем болады. Бір таптан екінші тапқа 
(әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды, қай сословиеде 
тусаң, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды 
тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда 
ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, 
олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына 
аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақылдылық, парасаттылық 
билейді, оның қағидалары - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санамады. 
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын 
шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.д.384-322 ж.ж.) болды.
Аристотель
Ол 17 жасында әйгілі Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны 
үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық жасайды. Платон дүниеден 
озған соң біраз елдерді аралады. Б.з.д. 342-340 жылдары Македония патшасы
II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді 
(Александр Македонский) оқытып, тәрбиелейді. Кейін Афинаға оралып, өз 
мектебін (лицей) ашты. Осы мектепте ол бірінші рет саяси ғылымды пән 
ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі деп атауы 
да сондықтан.
29


Александр Македонский
Саясаттануға қатысты Аристотельдің «Саясат», «Афиналық полития», 
«Этика», «Риторика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына 
берді. Оған этика мен экономиканы енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің 
жоғарғы игілігі, оның мақсаты - адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, 
молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құлиеленушілікті 
қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бермеді.
Аристотельдің ойынша, мемлекет - қауымның дамыған түрі, ал қауым - 
отбасының дамыған түрі.
Саяси ілімдер тарихы адамзат өмірінде ерекше 
орын алатын қажетті ғылыми, мәдени мұра болып 
табылады. Ғасырлар бойы жинақталған, зерттел- 
ген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардын саяси жүйелерінің қызметтері 
туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны 
танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет үшін өте 
қажет.
Б.з.дейінгі ежелгі египеттіктердің, қытайлықтардың, үнділердің, гректердің, 
римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта 
болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байла- 
ныстырылды. Кейін келе б.з.д VIII-VI ғасырларда сол кездегі қауымда 
мемлекет, билік, құқыққа қатысты жаңа пікірлер пайда болды. Бұл негізінен 
Заратуштара, Конфуций, Мо Цзы, Будда ілімдерімен байланысты болды.
30


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет