Саясаттану



Pdf көрінісі
бет8/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Ежелгі Шыгыстагы 
саяси ойлар


Ежелгі Қытайдың ойшылы Конфуций - ерекше саяси этикалық білімнің 
негізін салушы болды. Ол б.з.д 551-479 ж.ж. өмір сүрген. Оның ілімі бойынша 
аспан әлемі күштері бұйрығымен, өмірімен адамдардың қоғамдық қызметі, 
әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Конфуций ілімінің бір негізі «жэнь» 
адамгершілік, адамды сүю мағынасын білдіреді. Адамгершілік белгілері де 
аспан әлеміне бағынышты. Оның «Ли» концепциясы этикет, инабат деген 
ұғымға салды. Конфуций «Жэнь» адамгершіліктің мазмұны, ал «ли» оны 
жүзеге асырудың жолдары деп түсіндіреді. Оның басты саяси бағдарламасы - 
қоғам мүшелерінің әрқайсысының өз міндеттерін қатаң сақтауы еді. Ол 
мемлекетті басқарудың аристократиялық түрін жақтаған. Мемлекеттік билік 
халық сеніміне кіру қажет, онсыз билік өмір сүру қабілетінен айрылады. 
Мемлекеттік билеушілер халыққа адамгершілік жағынан үнемі үлгі болуы 
керек. Егер басшы жақсылыққа ұмтылса, онда халықта сондай ниетте болады. 
Конфуций саясаттың моральдық негіздерін заңдармен емес, дәстүрмен 
байланыстырады. Дәстүрдің сақталуы қоғамдағы қайшылықтардың алдын 
алады. Ол ел билеудегі зорлық, күш әдістеріне қарсы болды. Кейін Конфуций 
ілімін шәкірттері дамытты.
Л .
Конфуций


Конфуций іліміне қарсы пікір айтқан ертедегі ойшыл Мо Цзы б.з.д 479-381
ж.ж. өмір сүрген. Халық мүддесін қорғаушы ол адамдардың өздерінің келісіп 
құратын мемлекетін жақтап, сол туралы көзқарасты ұсынды. Ол барлық 
адамдар туғаннан бастап тең және мемлекет басқару ісіне талантты, қабілетті 
адамдардың араласуына жол ашық болу керек деп есептеді. Оның ілімінің 
басты принципі - адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, осындай қатынас 
арқылы қоғамдағы кез келген дау-жанжалды шешуге болады деу. Өкімет тек 
жазалау мен күштеу әдістерін ғана емес, адамдарға ықпал етудің басқа да 
адамгерішілік формаларын пайдалануды бірінші орынға қоюы керек. Ол 
қаналушы тапты езгіден құтқару үшін күресті. Ол халық пен мемлекет басшы- 
сының арасындағы өзара келісімнің болуын, басқарудағы ең басты принцип 
деп таныды. Оның көзқарастары сол кезде прогрессивті роль атқарды.
Мо Цзы
Лоа-цзы (б.з.д 6-5 ғ,ғ.) Даосизмнің негізін салушы болды. Оның ілімінде 
еңбекшілердің мұң-мұқтажы жан-жақты карастырылды. Бұл ілім бойынша әлем- 
дегі құбылыстардың барлығы қозғалыста болып, қайшылыктар арқылы шешіледі.
Лоа-цзы
32


Саяси 
ой 
тарихында 
орта 
ғасырлардағы 
феодалдық 
қоғамнын 
орны 
ерекше. 
Батыс 
Еуропада феодализм мың жылдан артыққа 
созылды (V-XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік 
етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан 
мәдениетінің негізі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген 
Аврелий Августин (354-430 жж.) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі 
қағидаларын зерттеп, жетілдірді.
Аврелий Августин
Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген енбегінде 
баяндалған. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шырқау шыңына 
көтерген монах Фома Аквинский (1225-1274 жж.) болды. Оның саяси 
көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» 
деген еңбектерінде көрініс тапты. Аквинский өз шығармаларында Аристотель- 
дің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдеуге тырысты. 
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды және соның 
бұйрығымен жүзеге асырылады. Сондықтан, патшалық билік жоғары діни 
билікке бағынуы тиіс. Оның пайымдауынша аспанда құдай, жерде Рим папасы 
билеуі керек. Ол биліктің монархиялық түрін жақтады. Осыған ұқсас саяси 
көзқарас ислам дінінде де орын алды. Онда билік дінбасыларының қолында 
болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, 
оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Әйгілі араб ойшылы Ибн Халдун (1332-1406 жж.) өзінің «Тарихқа кіріспе» 
деген еңбегінде қоғам мен билік түрін ғылыми түрде талдаған. Адамның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет