Студенттерге саясаттану пәні, оның әдістері мен
қызметі жайлы толық түсінік беру.
Сұрақтар:
1. Саясаттану пәні және оның объектісі
2. Саясаттану әдістері
3. Саясаттанудың қызметтері
Қоғамдық ғылымдар арасында саясаттанудың
алар орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында
саясат негізгі рөл атқарды.
Оның дұрыс-
бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халық-
тардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни
басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға
созылатын қайғы-қасіретке соқтырары анық. Керісінше, мемлекет ғылыми
дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы
болары да белгілі.
Саясаттану, яғни халықаралық қолданыстағы «политология» сөзі гректің
«политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым
деген мағынаны білдіреді.
Адамзат саясат сырын, өзгермелі құбылысын өте ерте заманнан танып-
білуге талпынды. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекет-
тің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық
құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең
қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ, ол кездегі
пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі
адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік
космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда
Саясаттану
пәні
және оның обьектісі
1 - Дәріс
14
(Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтерге
сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді
реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша, билік құдайдың
құдіретімен жүргізілген де, ал іске асырушы онымен байланысты император
болып есептелген. Ежелгі гректерде ең алғашқы билікті жүргізуші -
құдайлардың өздері болыпты-мыс.
Кейінірек
адамзаттың
іс-тәжірибесінің,
ақыл-ойының,
мәдениетінің
дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары
пайда бола бастады. Қоғамның - әлеуметтік және саяси құрылымы мен
қатынастарының одан әрі күрделенуі, материалдық өндірістің, халық санының
өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай
жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды
пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады.
Осыдан келіп саяси теориялар туындады.
Б.з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясатты діни-мифологиялық
танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі пайда болды. Мұнда аса
зор еңбек еткендер - Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар.
Бұл ойшылдар саясатты теориялык тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз
байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат мүддесіне сай келуге,
адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Платон
Платон б.э.дейінгі (427-347 жж.) адамзаттың рухани өмірі мен философияға
сондай-ақ, саясаттануға қосқан үлесі елеулі. Оның «Мемлекет», «Заңдар»,
«Саясатшы және критий» - атты трактаттарында саяси ой-пікірді, мемлекеттік
билік туралы мәселелер төңірегінде пікір айтады. Ол билікті монархиялық,
15
аристократиялық, демократиялық деп бөледі. Оның әрқайсысын екіге бөледі.
Ол заңды патша немесе күшпен келген тиран болуы мүмкін.
Аристотель
Әдетте,
саясаттанудын,
негізін
қалаушы
деп
данышпан
ғалым
Аристотельді атайды. Өйткені өз заманында лицей ашып, сонда саяси
ғылымды жеке пән ретінде өзі оқытады. «Саясат», «Афина саясаты», «Этика
және риторика» деген еңбектер жазып, ежелгі грек мемлекеттерінің (онда
әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы
ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздегідей нақтылай алмады.
Ол саясаттың негізі - адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп
ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр
сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету,
адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді.
Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін философия мәселелерімен бірге
қарады.
Рим ойшылдарының ішінде б.э. дейінгі 1 ғасырда өмір сүрген М арк Тули
Цицеронның орны ерекше болды. Ол «Мемлекет туралы», «Заң туралы»
еңбектерінде мемлекет мәселелеріне маңызды орын беріледі. Ол мемлекетті
аралас басқару формасын, демократия, аристократия, монархия элементтері
өзара ұштасқан республикалық басқаруды қолдайды. Рим конституциясы,
халық жиналысының, сенаттың, косулаттың бірлесіп басқаруы өзі айтқан
талапқа жауап бере алады деп есептеді. Адамдардың бірдей мүлік теңдігіне
қарсы болып, әлеуметтік жіктеуге бөлінуді жақтады. Мемлекет басшылары
ақылды, шешен сөйлейтін, әділетті, мемлекет туралы ілімнен хабардар адам
болуы тиіс деді.
16
Марк Тули Цицерон
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін
салушы Фома Аквинский: «Саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет
басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына
болады», - деген байлам айтты. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің
басқаруы», «Теология жиынтығы» еңбектерінде қарастырылды. Ол Аристо-
тельдің көзқарастарын католик діні қағидаларына бейімдеуге тырысып, адам
қоғамдық және саяси тірі жәндік - деген пікірін негізге алды. Оның ойы
бойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды, соның бұйрығымен жүзеге
асырылады. Билік басындағылардың халыққа жасағанжақсылықтарының бәрі
бір жаратушының арқасы деп түсіндірді.
Фома Аквинский
Белгілі араб ойшылы Ибн Халдун (1332-1406 жж.) қоғам мен биліктің
түріне талдау жасады. Ол «Тарихқа кіріспе» деген еңбегінде адамның
жануардан айырмашылығы сол ол билікті қажет етеді - деген пікір айтады.
Оның осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды. Олар: 1) қоғамдық
17
топтардың өзара дау-жанжалын шешудің қағидасы, 2) басшы топтар билігінің
шеңберлі айналу түрінің қағидасы.
Ибн Халдун
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір
сүрген ойшылы Никколо ди Бернардо М акиавелли (1469-1527 жж.) болды.
Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы
табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің
өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің,
пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның нәтижесінде саясат-
тануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашылды. Оның басты «Государь»
атты еңбегінде саясатты «тәжірибелі» ғылым деп атаған. Сол кездегі саяси
ғылымға «мемлекет» терминін енгізген.
Никколо Макиавелли
18
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды
біртіндеп демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге,
көпшілік саяси партиялар мен қозғалыстардың кеңінен қанат жайуына,
ақпарат құралдарының өрістеуіне жол ашылып, ауқымы кеңейді, саясаттың
қызметтері мен міндеттері күрделене түсті. Сондықтан, саяси құбылыстар мен
процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл
ретте Дж.Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т.Джефферсон, Т.Пейн, И.Кант,
Г егель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Г егель
И.Кант
Ж.Ж. Руссо
Т. Джефферсон
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында ез алдына жеке пән ретінде
оқытыла бастады. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық)
әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы
АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды)
профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты.
19
Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды.
Фрэнсис Либер
АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы
қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады.
1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903
жылы Америкалық саяси ғылымдар бірлестігі құрылды.
XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық
бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды
қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси
ғылымдардың халықаралық бірлестігі зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің
белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында
саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытыла-
ды, әлемнің ең ірі университеттерінде оған мамандар даярланады. Мысалы,
АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді.
Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны
бітірген маман саясаттанушылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын
сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдар-
ламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы
шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.
Бұрынғы Кеңес
елінде
бұл
ғылымды
партияға,
халыққа қарсы,
буржуазиялық ғылым деп таныды. Себебі, Кеңес өкіметі шын мәнінде, саяси
сауатты
адамдарды
даярлауға
мүдделі
болмады.
Ондай
жағдайда
тоталитарлық жүйе 70 жылдай артық дәуренің құра алмаған да болар еді.
20
Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой
туындамауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар
ғылыми коммунизм, тарихи материализм, коммунистік партия тарихы сынды
коммунистік идео-логияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын
және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен
коммунизмге әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздестіретін.
Саясаттануға деген объективті көзқарас 80-жылдардың екінші жартысында
бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамның демократияла-
нуына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан
Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес
жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша
мемлекеттік комитеті «Саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкер-
лерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы
елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла
бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында дерлік бұл
ғылым жеке пән ретінде жүргізіледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия университеті және Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және т.б. бұл салада
арнаулы мамандар даярлайды.
Саясаттанудың пәні жөнінде алыс-жақын шет ел және біздің елдің ғалым-
дарының арасында бірыңғай, жалпы жұрт мойындаған анықтама, тоқтам жоқ.
Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми
пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар
төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті
жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси
институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әрине, саясаттанудың бұл
мәселелер мен айналысатынына ешкім күмән келтірмейді. Дегенмен, оның
өрісін тек осылармен шектеуге болмайды, себебі, бұл ғылым түрі сонымен
қатар, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен
жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар
да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында
қараған болып шығады.
Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе
тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге сүйенген, нәтижесін тексеріп білуге
болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды бихевиористер дейді
(олар туралы кейінірек сөз болады). Олар бұл ғылымды математика, киберне-
21
тика және т.с.с нақтылы ғылымдарға теңейді.
Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық және
тәжірибелік жаққа бөліп, екіншісін басшылыққа алып отыр. Осылайша
білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі,
теория мен практиканы бөліп, қарау адамзат тарихында талай рет тығырыққа
тірелген. Шындығында, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған
жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және
т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ,
«еркіндік», «теңдік», «әділеттік», «егемендік», «демократия» және т.б. сияқты
маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үтттінттті топ) бұл ғылымды
саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін толық қамтып, жүйеге
келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен
Ұлттар Үйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі
ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушы-
лардың Халықаралық коллоквиумы да қуаттайды. Оған қатынасқан дүние
жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн
деп тапты:
1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі
қызметі);
2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару;
көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу);
3) партиялар мен коғамдық ұйымдар;
4) қоғамдық пікір;
5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).
Саясаттану пәні коғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын,
қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс
істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы құқығы, еркіндігі
мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге
қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптасты-
рудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық
көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың
қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси
22
жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және
мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Бұл, бір жағынан,
жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара
ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Қорыта келгенде, саясаттану дегеніміз - саясат туралы, саясаттың адам және
қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Бұл
ғылым түрі саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның
қызметі мен қолданылуын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттану
саяси
құбылыстар
мен
өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу
үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру
тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи,
бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.
С а л ы с т ы р м а л ы ә д і с әртүрлі елдердегі саяси құбылыстарды
салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға
мүмкіндік береді. Бұл әдіс елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды
бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор.
Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы негізінен
басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдаланумен байланысты.
Ж ү й е л е у ә д і с і саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір
бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын,
қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Ә л е у м е т т а н у ш ы л ы қ ә д і с саясатты қоғам өмірінің,
экономикалық,
әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына
байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына
қарай, өткен кезеңдегі, қазіргі және болашақпен байланысын айқындай
отырып қарастырады. Бұл тәсіл әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, дерек-
терді олардың болған уақытын, еске ала танып-білуді талап етеді.
Б и х е в и о р и с т і к ә д і с жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін,
белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін-өздері қалай ұстауын
Достарыңызбен бөлісу: |