Адамзат қоғамы сынды ғылым мен білім,
мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды.
Олардың шарықтап шалқитын, құлдырайтын да
кезеңдері болады.
Тарихтан белгілі ең алғашқы
өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс -
Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне тән
келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш
жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен
математика, геометрия,
астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар
басымдылықпен дамыды.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар ежелгі гректерде ерекше қарқынмен
дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-
қарсы өрістеді. Грекия ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси
ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды.
Патша-
лық өкіметтін орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия
орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси
өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондық-
тан олардың саяси өресі мифтік санадан теорияға ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп.
Бірақ біз
солардың ішінде ең көрнекті өкілдері Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты - Аристокл. Жасында
спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең
болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол
адамзат тарихында мәңгілік калды.
Бұл кезеңде әр ірі ғалымның мектебі болатын.
Платон атақты фәлсапашы
Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Ұстазы қаза болғаннан
кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейіннен Афинаға келіп өз
мектебін - академияны ашты. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың
ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет»,
«Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б.
Платонның танымында, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды.
Олар өмір сүру үшін тамақ,
киім өндірулері, үй салулары және т.б. жасаулары
керек. Біреулерге егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыс-
пен, төртіншілері етікшілікпен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі
бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет
пайда болады.
Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына
да, көбіне де қарамай-бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон
адамдардың бәрін теңестірген екен деген ой тумауы керек.
Керісінше, ол
адамдарды үш үлкен әлеуметтік жікке (сословие): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар;
3) өндірушілер деп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар
табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге
қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске
28
Достарыңызбен бөлісу: