Қазіргі концепциялар: жалпы типологиялар және көшбасшылықтың түрлері
Қазіргі ғылымда көшбасшылықтың типалогиясының кейбіреулерін құрастыруға және кейбір типтерін бөлуге көп деген мүмкіндіктер бар. Алғашында ХХ ғасырдың бірінші жартысының типалогияларының қысқаша қарастырайық, өйткені дәл солар қазіргі көсбасшылар болсын, көсбасшылық стильдедері үшін де негіз қалап, жалпы алғанда, көшбасшылық фенаменінің де негізін құрады, ал сосын саяси-психологиялық типалогияларға тоқталайық.
Е. С. Богордус ең алғашқы болып келесі типтерді бөлді:
1) автократиялық (күшті ұйымда);
2) демократиялық (топ мүдделерін таныстыратын өкіл);
3) орындаушылық (кейбір жұмысты атқаруға шамасы келетін;
4) рефлексивті-интелектуалды (үлкен топпен басқаруға қабілетті жеттпейтін).
Кейінірек, Ф. С. Бортт көшбасшыларды біраз басқаша классификациялады:
1) институционалды тип (алып отырған орнының құрметтілігіне баланысты);
2) басым (өз орнын күш пен әсер нәтижесінде);
3) көндіретін (бағыныштыларының көңіл-күйлеріне әсер тигізіп, оларды әрекетке бағыттайды).
Кейін С. С. Кичело «Кеңсесі жоқ көшбасшы! Деген ерекше типті бөліп, оны «пайғамбар»» деп атады. Пайғамбарлар тарих сахнасына қиын-қыстау кезеңдерде шығып, көмекшілеріің қолғабысын туғызып, өздері жасаған қозғалыстардың ерекше белгілеріне айналды.
Ф. Гедл есептеуінше, институционалды және эмоционалды топтық үрдістер тек тоғыз тұлғалар типінің арасында өтуі мүмкін. Оның термонологиясында, бұл «патша», «қанаушы», «көшбасшы», «махабаттың объектісі», «зұлымдықтың объектісі», «ұйымдастырушы», «қызығушы», «батыр», «үлгі тұтуға келетін адам» (нақты айтқанда, оң және теріс).
Дж. В. Гетуель және Е. Г. Губа осылай бөлген:
1) «заң шығарушы (nomotyheric) көшбасшылық», мұнда рөлдер және және күтуді қоғамдық жүйелердегі әрекеттің талаптық өзгерістері анықтайды;
2) «идеологиялық көшбасшылық», мұнда жеке тұлғалардың қажеттіліктері мен ынталарын топтық әрекеттің тұлғалық өзгерістері анықтайды;
3)«синетикалық көшбасшылық», ол қақтығыс жақтарды татуластырады.
В. Белл, Р. Дж .Хилл және С. В. Миллз көшбасшылылардың келесі типтерін қарастырды:
1) «формальді» (ресми орындағы);
2) «танымал» (қоғамда дәрежесі жоғары деп саналады);
3) «жер етуші» (шынымен әсер тигізетін);
4) «қоғамдық» (өздігінен әрекет ететін ұйымдарда белсенді қатысады).
М. Конвей көшбасшылардың топтарын бақылап үш көшбасшылық рөлді бөлді. Біріншіден, бұл көсем (топты «бағындыруға» тырысатын, бұл топ гипноздық жағдайда болады және көсем оны өзі таңдаған жол бойынша артынан ертуге тырысады-мысалы, Наполеон). Екіншіден, топ өкілі (халықтың ежелден қалыптасқан белгілі «дұрыс» пікірлерін білдіреді – мысалы, Т. Рузвельт).
Үшіншіден, пікірлерді түсіндіруші (топ әзер түсінетін нәрсені алға қойып, сонымен әрекет етеді, әсіресе, оның жасырын қорқыныштары мен алаңдауларын).
Әрине, М. Вебердің саяси көшбасшыларының типологиясын да ұмытпау қажет. Өйткені, ол ең танымал,сондықтан онымен бөлінген көшбасшылық заңдылығының үш идеалды типіне тоқталайық:
а) легалды заңдылық, өзінің негізінде-рационалды тірек, бұл өз орнын осы ережелер арқасында алған көшбасшыға және оның құқығына, талаптық ережелердің легалдылығына сенім көрсету. Мұндай легитимдылықта бағыну легалды қойылған жақсыздалған тәртіптің нәтижесі: болады және ұйым билігінің формальды шегінен шықпайды. Бұл орын билігі, оның «тағын» адам алады. Бұл «бюрократиялық» тип және, сәйкесінше, көшбасшылық стилі. Адамдар бюрократқа бағынады, себебі,өздерін көшбасшы өзін қоршайтын көптеген билік атрибуттарының алдында әлсіз сезінеді;
ә) дәстүрлі легитимдылық бұнын негізін ежелгі дәстүрлер және басшылардың дәрежесінің легитимдылық, бұнын негізін ежелгі дәстүрлер және басшылардың дәрежесінің легитимдылығына деген қалыптасқан сенім құрайды. Бағыну бұл жағдайда – жеке адамдықтың көрінісі және әдеттегі шарттардың шегімен анықталады. Бұл «дәстүрлі» тип және сәйкесінше, көшбасшылық стилі. Бұл дәстүр бойынша берілетін, монарх билігі, оны ол автоматикалық түрде, өз қасиеттері мен жүргізетін саясатына тәуелсіз алады;
б) харизматикалық легитимдылық, оның эффективты негізгі жеке тұлғаның батырлығына және үлгілік мінезіне, ерекше қасиеттілігіне, өзіне тән берілуіне әкеледі. «Харизма» – бұл ерекше тірек, ту, қасиетті белгі, бұны қандай да бір адамдардың жүрісін басқаратын адам қалында ұстайды. Көшбасшыға бағыну жеке тұлғаның харизма туралы өз түсінігіне тіреледі. Бағынып, адамдар тек қана адам артынан емес, оны өз әсері және құрметтілігімен бөлейтін харизма артынан жүреді. Харизматикалық көшбасшы билігі – бұл белгі топ үстінен көтерілген сәттің билігі. Бұл ту сияқты жарқын адам билігі, бірақ мұндай жарқындық тек адамнан шықпайды, ол көшбасшыны да, ол ұстайтын туды да, өз махаббатымен бөлейтін топтардан шығады. Бұндай билік өте берілген, бірақ жағдайлы жағдай өзгереді, басқа сәт туды және осындай көшбасшы тез қарайып, өз әсерінен айырылуы мүмкін.
Әдетте харизманы құрайтын екі бөлікті атау қабылданған. Біріншіден, қызықты, ерекше нәрсенің бар болуы, бұл ізбасушылардың эмоционалдық талқуын туғызады. Атап өтейік, мұндай көшбасшыға салқынқанды ешкім болмайды оны немесе жақсы көреді немесе көре алмайды. М. Вебердің кезінен харизманың үш нүсқасы бөлінеді: харизма ішкі мәселелердің символдық шешімі ретінде, бөтен биліктен агрессия арқылы қорғану, көшбасшыға өз қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін атрибуттарды тағайындау.
Осылайша, ХХ ғасырдың бірінші жартысында типологиялар көшбасшыларды бір сәтте орындалатын функциясы бойынша да (өкіл, орындаушы), сол сияқты көшбасшылық стилі бойынша да (басым демократиялық) бөлген. Ең жетілген, қазіргі теориялар, негізінен, авторитарлы және демократиялық стильдерді зерттейді және оларды басқаша атайды: «мақсатқа бағытталған» және «тұлғаға бағытталған».
Саяси-психологиялық типологиялар
Г. Лассуэлдың психопатологиялық типологиясы
Берілген типологияға сәйкес, нақты саяси тип орындайтын немесе орындауға тырысатын функцияға байланысты, «агитатор», «администратор» және «теоретик» деген типтер, сонымен қатар олардың түрлі комбинациялары бөлінеді. Г. Лассуэлл осы типтердің әрқайсысының мансабының дамуының критикалық жағдайларында санасыз факторлардың қозғалыс бағытын қарастырды және олардың белгілі саяси типтерді құрастырудағы рөлін зерттеген.
Мысалға, «агитаторлар» – олардың негізгі функциясы – өз үгіт-насихатын тарату және азаматтармен тілдесу. Олар риториканы вербальды формулалар, қылықты және принциптердің жиі, салттанған қайталануын бағалайды. Олар көріну үшін өмір сүреді, қарсылыстарын қақтығысқа шақырып және оларды төмендету – олардың басты мақсаты, ал таза ұйымдастырушылық функциялар оларда фрустрацияны туғызады. Бұл тәртіпсіз және жиі қанағатсыз саясаткерлер, оларда энтузиазмы топты шақырулармен, көптік дұғалармен және тіптен ұрсумен де топты қоздырады. Олар үшін аудиторияның эмоционалды жауап қайтаруы маңызды.
Г. Лассуэлдың ойынша, психоаналитикалық көзқарастан, осындай «агитаторлар» айқын көрінетін нарцисстар болып табылады (әйтсе де, олардың нарциссизмі өте қарапайым), олардың либидосы өзінің «Мен»-іне және «Мен»-типтес объектілерге бағытталады, ал бұл гомосексуалдық жақтардың көрінуіне септігін тигізеді, ал олар абстракттік объектілерге проекцияланады. Өткенде – бұл үлгілі балалар, өз теріс эиоцияларын ұялшақтап басқан. Бірақ осындай «репрессиялық садизмі», өз ортасында сыртқы шықпай, қоғамға аударылған. Өз-өзін көрсету ынтасы, әсіресе, ауызша немесе жазбаша түрде өзімен ішкі эмоционалдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың тәсілін көрсетеді. Мысалға, «фаторлар» әдетте теріс эмоцияларды басумен және балалық шақта өтірік айтуымен ерекшеленеді.
«Әкімшілік», «агитаторларға» қарағанда, өз аффектілерін аз алыстаған және абстрактілі объектілерге бейнелеп, өз назарын белгілі топпен басқаруға аударады, бұнымен ұйымның мақсаттарына тұлғасыз, қызығусыз ынтаны көрсетеді. Оларға абстракциялар тән емес, өткені оларда абстракцияларға қажет туындаған жоқ, әсіресе, өз эмоционалдық мәселелерін шешуде. Оларды аффектісіз деуге болмайды, олар тек өте салқын қанды және аффективті теңестірілген.
Г. Лассуэлл әкімшілік тұлғалардың екі подтипін бөлген. Бірінші подтип айқын энергиямен және оймен сипатталады, ал бұл оны үгіттеушілерге жақындатады. Бірақ оның назарының ортасында белгілі жеке тұлғалар тұрады, олар өз аффектілерін дәрежесі азырақ бірігіп атқарылатын жобаларға аударылады және азаматтардың үлкен көлемін «өзінің тепе-теңдігінен» шығаруға тырыспайды. Олар өз ортасына байланысқан және оның әрекеттерін бақылап, түзетугетырысады. Абстракттілігі объектілерге жетудің мүмкіндігінің жоқтығы отбасы ішінде нақты жеке тұлғалармен өте көп айналысуменен болуынан себеп болып табылады және өз «Мен» образының анықталуына қиындықтармен слқтығысады. Екінше подтип - өте-мөте еңбекқор және жауапкершілікті көшбасшы, олардың ұсақ бөлшектер мен бірқұралды жұмысқа, нақтылыққа махаббаты бір тұтастықты сақтап, ортаның алысталуын байқатады. «әкімшілік тұлғалары», осы типтегі тұлғаның дамуы кезінде өте күрделі жағдайларға ұшырамаған, өте-мөте репрессияға ұшыраған эмоцияларға ие болған жоқ, өйткені оларды немесе сублимацияға айналдырды немесе оларды отбасы ішінде байқатты. Олардың жасампаздығы – өз күшін көрсету мүмкіндігі.
«Теоретиктерді» (эксперттерді және идеологтарды) алыста тұрған және жоғары пайдалылығы бармақсаттар қызықтырады. «Үгіттеушіге» қарағанда, «теоретиктер» абстракцияға, ұлылыққа ұмтылды. Түрлі ойларды қарастыру «теоритиктер» үшін алдына қойған мақсат болып табылады, ал бұл лоарды көмекшілерінен алыстатады. «Теоретикке» абстракциялар өзінің эмоционалдық мәселелерін шешу үшін қажет. «әкімшілік тұлғаларына» қарағанда теоретиктер аффектілердің жоқ кезінде үлкен зардап шегеді, өйткені өзінің даму үрдісі кезінде көп фрукстрацияны бастан кешірді. Интеллектуалдану – теоретиктердің бір кездегі өздері шеше алмаған эмоционалдық мәселелеріне жауап.
Г. Лассуэллге сәйкес, саяси дамуға саясаткердің мінезі әсер етеді. Ол негізгі келесі типті бөлген: «күштеп жасалатын» және «драма шығарушы» және де подтип – «қалтқысыз, сезімсіз».
«Күштеп жасалатын» мінезі бар тұлға үшін қатаң қатынастар біртектілік, біржағдайлылық, өз-өзін көрсетудің біркелкілігі, жағдайдың десубъективизациясы, жаңашылдықтан бас тарту және де әкімшілік тұлғаға, бюрократқа тән басқа қасиеттер тән. «Драма шығарушы» мінез, оның өзіне-өзі сүйсінумен, провокацияларға, ойнас қылуға бейімділігімен сипатталады, мұнда басқаларды жауап алу үшін кез-келген құралдар іске қатыстырылды, және де «драма шығарушы» мінез өзімен «күштеп жасалатын» мінезге қарсы кояды, сонымен қатар, «үгіттеушінің» саяси тип ретінде қалыптасып, дамуына септігін тигізеді. «Сезімсіз» мінезі бар жеке тұлғалар, басқалардан жарқын эмоционалдық күйінің жоқтығымен ерекшеленеді және де Г. Лассуэлл бойынша, тамаша сот қызметкерлеріне, дипломаттарға, сонымен қатар, өкінішке орай, өте нашар зұлым адамдарға айналуы мүмкін.
Д. Рисманның саяси түрлерінің типологиясы.
Д. Рисман қоғамның үш типін ажыратты және сәйкесінше, әлеуметтік мінездердіңүш типін, оның ойынша, мінез қоғаммен анықталатындықтан, ажыратты. Үш әлеуметтік мінездерге саяси тұлғалардың үш типі сәйкес келеді. Қоғамның дәстүрлі бағыттылығына «немқұрай тип» - саясатқа сай келеді, оны саясаттан қорғануға оның немесе төмен мобильдігі немесе бағыттардың жоқтығы немесе басқа бір нәрсе итермелейді. «Немқұрайлылардың» әдеттегі көзқарасы: саясатпен басқа біреу айналысуы тиіс. Олар билікке ұмтылмайды, саясат үшін жеке жауапкершілікті сезінбейді және өте сирек саясаттың әсерінен кінә сезімін немесе фрустрацияны сезінеді. Бұл адамдар саясаттағы ұяттылығын, өзінше біртұтастылығын сақтады. «Морализатор» («ішке – бағытталған мінез») – эмоцияларды басудың жалпықабылданған адам, көшбасшы. Оның әрекеттілігі күшті аффекттермен және төмен компетенциямен сипатталады. Бұл немесе адамдар және институттар жетілуіне ұмтылатын, өз-өзін жақсартуға бейім идеалист немесе жақсыға жетуге бағытталмаған, бірақ жаманды қайтаруға тырысатын тип. Д. Рисман «морализаторлардың» екі типін ажыратты: «қарсылық білдіретіндер» және энтузиастар». Екі жағдайда да, эмоциялар саяси ақылдан асып түседі, бірақ қарсылық білдіретіннің» эмоциялары «энтуазиастын» эмоцияларына қарағанда қараңғы түнек. Өте артық энтуазиазм, әсіресе морализатордағы, нәтижелі жұмысқа бөгет жасайды, ал күшті эмоциалар – жағдайды дұрыс қабылдауға бөгет жасайды, ал бұл әлемдегі түнектелген түрдегі көруінеәкеледі.
«Ішкі бақылаушы» (inside – dopester, «басқаларға бағытталған») – немесе эмоциясыз немесе өз эмоцияларын бақылайтын, өз мүдделері, пайдасы үшін саясатқа бет бұратын адам. Оны белгілі сұрақтармен мақсаттар қызықтырмайды. Ол одан әрі басқаларды басқарумен уақытын өткізеді. Ол үшін әдеттегі көз қарас: «егер мен саясатты өзгерту үшін ештене жасай алмасам, онда маған тек оны түсіну қалады» Бұл «саясаттын ішінде » болуға тырысатын реалист және егер ол саясаткерлерді өзгерте алмаса, онда ол оларды басқарады. Мұнда ол оларға ұқғысы келеді, өйткені, оны нашар, аз мәліметке ие қуғынқа санасын деп қаламайды. Жоғарыда сипатталған үш әлеуметтік мінез және оларға сәйкес келетін саяси типтер «бейімделген» деп аталатын типтер болып табылады. Бұл «қалыпты » типтер, олардың мінезі әлеуметтік талаптарға бейімделеді, яғни, қоғам және мінез тепе-теңдікте болады. Бірақ, мінездің әлеуметтік талаптардан ауытқуы байқалады. Біріншіден, «аномикалық» (нашар бейімделген) мінез және екіншіден, «автономды» мінез. «Автономды адам» өз саяси қалауларын өзі таңдауға еркін, өйткені оның санасы ешкімнің пікірлерімен детерминацияланған жоқ және мәдениетпен анықталмайды. Осындай адамдар қоғамдағы тәртіп талаптарына бағынуы мүмкін («аномикалық» типтер секілді), бірақ осындай бағыну қажеттілігі жайлы шешімді еркін. Д.Рисманға сәйкес, «автономды мінез» - өкінішке ораай, жетуге мүмкін емес идеал.
«Макиавеллисттік тұлғаның» теориясы.
Т. Адорно жасаған авторитарлық тұлғаның F – шкаласымен бірдей, Р. Кристи және Ф. Гайс макиавеллдық тұлғаның М – шкаласын құрастырды (монипулятор – адам тұлғасының), бұнын моделі әлі Н. Макиавелли айтқан идеяларға негізделген. Нақты зерттеулер нәтижесінде, тұлғанын екі типі бөлінді: төменгі Мак- коэффициенты бар және жоғары (коэффициент Q байланысты емес ) Мак – коэффициенті бар.
«Жоғары МАК»: «Салқындандылық» синдромы - әлеуметтік әсерге қарсылық түсінуге бағыт жасау, жаңа құрылымдарды тұрғызу және оларға бақылау жасау.
«Төменгі Мак»: «өте үлкен сену» – әлеуметтік әсерге тең болу тұлғаға бағытталу, құрылымды таңдау және оған сай қозғалу.
Зерттеулер осындай нәтиже көрсетті нақты тура әңгімелесуде «төменгі Мактар» өте эмоционалды, және тез еліккіш болады, ал, жоғары Мактар салқынқандылық пен сабырлықты сақтайды. «жоғарғы Мактар» когнетивті импровизация қажет жағдайларда нәтижелі, ал «төменгі Мактар» осы уақытта тек нақты ойын ережелері бар жағдайларда ғана жеңіске жетеді. Жалпылағанда түрде жоғары мак-коэффициенті бар адамдарды осылай сипаттауға болады: сабырлық және эмоционалдылықтың жоқтығы, сақсатқа бағытталғандық басқалармен бәсекелі күрестемақсатқа жетуге ұмтылыс, суық рационалдылық және алдын ала ойлау тән. Қоршағандардың эмоциялары, өздік қалаулар «жоғары Мак» жағына қысым көрсету еш әсер етпейді. «Жоғары Мактың» тұлғасының белгілері ішкі психологиялық үрдіспен анықталады: жағдайдың нақты, когнетивті сипаттамалары мен жеңіске назарын шоғырлауда жатыр. Төменгі Мак-коэффициенті бар адамдар келесі ие әрбір жағдайды жекешелеу, жеке тұлғаға бағытталу, ал абстрактті мақсаттарға емес, жағдайдың рационалды бағалауына эмоциялардың рационалды бағалауына эмоциялардың жиі араласуы, осы эмоциялардан тәуелділік және шеттен қысымға тәуелділік.
Нәтижесінде түсінікті, дәл «жоғары мактар» соңында көшбасшы болады. Олардың қуаты артынан ергендерді өздері қойған мақсаттарға жету үшін көндіруге және сендіруге жетеді.
Көшбасшылық феноменіне қазіргі көзқарастар
Барлық алдыңғы зерттеулердің нәтижесінде негізгі шешім осындай шығады: көшбасшылық феноменін түсіну топ пен көшбасшының өзара әрекеттесуінің анализсіз мүмкін емес. Мұны ең алғаш түсінген – К. Левин, Р. Леппит және Р. Уайт, бұны олар көшбасшылықтың түрлі стильдерімен жасалатын психологиялық бойынша зерттеулер қатарын жүргізгенде түсінде және көшбасшының топпен өзара әрекеттесуінінің үш негізгі модельдерінің келесі сипаттамаларын бөлді авторитарлы, демократиялық және немқұрайлы (laissez – faire) стильдер. Топтың осы стильдердің әрбірінің әрекеттерінің негізгі сипаттамалары 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте – Көшбасшылықтың негізгі стильдері
Көшбасшылықтың стилі және сипаттамасы
|
Авторитарлы
|
Демократиялық
|
Либералды
laissez - faire
|
Шешімдер қабылдау тәсілі
|
Көшбасшының өзімен детерминацияланады
|
Мәселелер топпен нақты талқыланады,мұнда көшбасшы реттегіш және тезегіш рөлін атқарады
|
Анархиялық
|
Көмекшілердің белсенділігі және технология
|
Көшбасшыға түгел және қатаң бағынған
|
Бағыныштылар шешімді талқылау кезеңінде жеткілікті бостандыққа ие,шешім қабылдаудан кейін, көшбасшы шешімді іске асыру үрдісінің өте альтернативті тәсілдерінің 2 немесе одан да көп саны
|
Процедуралық жоспардағы көп нұсқалылық, шешім қабылдауда бақылаудың жоқтығы
|
Қабылданған шешімнің атқару формасы және топтың әрбір мүшесінің әрекетінің регламентациясы
|
Шешімді қабылдау формасының қатысында қатал басқару және жеке тұлғаға дейінгі бақылау
|
Топ мүшелеріне шешімді атқару кезінде форма таңдау да еркін топ ішіндегі демократия оның мүшелерінің өз-өзінің ұйымдастыру формасы
|
Көшбасшының айтқандарының түгелдей дерлік жоқтығы
|
Топтың әрбір мүшесінің әрекетінің арақатынасын дағы критика және рұқсат бермеу
|
Көшбасшы бағыныштыларына қатысты қатал критика және өте қатаң тиымдарды қолдану мүмкіндігіне ие
|
Топтың әрбір мүшесінің әрекетіне «объективті » қатысы, жұмыстың нақты нәтижесіне байланысты
|
Көшбасшының өз көмекшілерінің әрекетіне толық кенет жағдайлылық, белгісіз тиымдардың іске асырылуының болжамсыз мүмкіндігі
|
Көптеген эксперименталды зерттеулер нәтижесінде, ғалымдар мұндай шешімге келді авторитарлық көшбасшылар көмекшілерінің өнімінің саны бойынша нәтижелі, ал демократиялық – оның сапасы бойынша және көмекшілерінің моральдық жағдайына байланысты. Көшбасшылықтың түрлі стильдері топтардағы түрлі психологиялық жағдайға әкеледі. Авторитарлы көшбасшысы бар топ мүшелері немесе немқұрай немесе бір-біріне агрессияға толы болады, өйткені, көшбасшы, олардың типті тұлға аралық қатынастарын бақылады. Демократиялық көшбасшысы бар топ мүшелерін «біз» сезімі және үлкен бірлік біріктірді. Немқұрайлы көшбасшысы бар топ мүшелері, бірлік сезіміне ие болған жоқ, жұмысқа көңілдері толған жоқ және де топ ішіндегі жұмыс өнімділігін жоғарылату үшін көтеру мақсатында қолданылмауы мүмкін, бірақ жұмыспен қанағаттану үшін демократиялық стиль ең лайық болады.
М. Басс, Г. Дантемон, Ф. Фрай, Р. Видулич, Х. Валибах және басқалар, көшбасшылық феноменін зерттегенде «қарсыдан» қозғалыс жасағысы келді. Олар көмекшілердің типтерін көшбасшылықтың екі негізгі стилімен зерттеді, «күштеп бағыттайтын» және «үгіттейтін» олардың шешімі құралдық бағытталған ізбасарлар үгіттейтін көшбасшыларда нәтижелі болды, ал эмоционалды бағытталған – күштер бағындыратын көшбасшыда. Топтағы жұмыспен қанағат өзара әрекетке негізделген директивті көшбасшы кезінді жоғары болды. Сәйкесінше, қанағат сезімі босаңсыған, эмоционалдық бағытталған көшбасшыда төмен болды. Құралдық бағытталған көмекшілердің көшбасшылары дәл сондай бағытталуға тырысады. Өздігінше бағытталған топтардың көшбасшылары өздігінше бағытталуға тенденциялары болмайды. Эмоцианалдық бағытталуға ұмтылған топ мүшелері өзара әрекеттесуге бағытталған көшбасшымен жұмыс кезінде қанағаттанды. Өздігінен бағыталу басым, агрессиялық сипатталады. Өзара әрекеттесуге бағыт-байланыстарға қажеттілік ету және бағыныштылықта. Мақсатқа бағыт күшті тұлғалық интеграциямен байланысты. Топтар көшбасшы мен топтың тұлғалық бағыттарының қосындысына нәтижелі жұмыс атқарып, аз алаңдайды.Мақсатқа бағытталған көшбасшысы бар топтар, тек өзара әрекеттесуге бағытталған топ көшбасшыларынан нәтижелірек.
Ең жаңа тәсілдерді ажыратудың ең бастысы – бұл көшбасшылықтың жеке сипаттамалары мен жекеленген фактілерінің ғылым мен жинақталып, жалпылануының максималды интеграциясына ұмтылыс. Мысалы, Д. Катц көшбасшылықты зерттеудің тек төрт негізгі ауыспалығы мен нұсқасын ұсынды:
-
құрылымдану мен рөлдік детерминизмнің, әсіресе, бұның әрекетте көрінуі (ұйымдасқан көшбасшылық немесе одан еркін, ұйымдасқан – мысалы, топтық қозғалыстағы көшбасшылық туралы айтуға болады);
-
ұйымдасқан көшбасшылық жағдайында басты, шешуші болып – институттардың сипаттамасы болады (демократиялық немесе авториторлы);
-
маңызды рөлге ие – алғашқы және екінші топтық қатынастар болады;
-
топтың немесе ұйымның басқа жүйелермен және жүйе астылармен қатынастарды, сонымен қатар, көшбасшының осы барлық иерархиядағы орны маңызды.
2 кесте – Көшбасшылықтың иерархиялық деңгейлері және модельдері
Құрылымдық жүйедегі иерархиялық деңгей
|
Көшбасшылық үрдісі
|
Мақсатқа сәйкесінше бағыт
|
Сәйкесінше әлеуметтік эмоционалдық бағыт
|
Төменгі
|
Бар құрылым шегіндегі әкімшілік
|
техникалық экспертиза;
ережелерді білу
|
Бағыныштыларының теңдігі туралы қамқорлық
|
Орташа
|
Кеңейту, құрылымды толтыру
|
ұйымдастыру мәселелерін түсіну
|
Топтағы қатынастардың біріншілік және екіншілік біліктері
|
Жоғарғы эшелон
|
Құрылымды өзгерту;
Жаңа саясатты құрастырып, өткізу
|
жүйелік мүмкіндік;
ешкімге ұқсастықтың жоқтығы
|
Харизма:
белгілік;
авторитарлық;
функционалдық
|
Көшбасшылықтың түрлі типологияларын зерттеп, М. Германн көшбасшы бейнесінің төрт негізгі түрін бөлді:
-
«Жарқын киімдегі сыбызғышы» (нағыз батыр) неміс қалашығынан тышқандарды қуған ертегідегі сыбызғышы секілді, көшбасшы мақсаттарды қояды, бағытты анықтайды және ізбасарларын үгіттеп-сендіреді. Оған барлық іс үшін жауапкершілік тиесілі. Көшбасшының өзін және сипаттамасын зерттеуді ұсынады. Көшбасшы мінезін танып, оның қандай мақсаттар және стратегиялар таңдайтынынан анықтауға болады. Көшбасшының осы бейнесі бұдан бұрын сипатталған «батырлар» теориясының туындауына ықпалын тигізді.
-
«Саудагер» – ол адамдарға не керектігін біледі, және адамдардың қажеттеріне деген түсіну өте қажет, оларға көмектесу мүмкіндігінен де асып түседі. Көшбасшының бұл типіне «трансәрекеттік» теория және алмасу теориясы сәйкес келеді.
-
«Қуыршақ» - көшбасшылықтың осындай нұсқасында топ саясаткерге күш беріп, бағыт таңдайды. Көшбасшы топтың сенімді адамы болып, топ атынан жұмыс істейді. Бұндай жағдайдағы көшбасшылықты түсіну үшін, көмешілердің мақсаттарын білу қажет. Осындай көшбасшылық атрибутивтік зерттеледі.
-
«Өрт сөндіруші» – осы жағдайдағы көшбасшылық – болып жатқанға жауап реакция. Мұндай көшбасшының табиғатын түсіну үшін, жағдайлық теорияларды немесе жасайтын контекстіні білу қажет.
Осы бейнелердің негізінде, М. Германн көшбасшылықтың бес негізгі компонентін бөлді:
а) көшбасшы тұлғасы және оны шығару ерекшеліктері;
ә) топ сипаттамасы;
б) топтағы өзара қатынас табиғаты;
в) көшбасшылық іске асырылатын контексті;
г) көшбасшы мен көмекшілердің нақты жағдайлардағы өзара әрекетінің нәтижесі.
Көшбасшылық типі осы бес құрам бөліктің табиғаты мен қосылысына байланысты. Көшбасшылықтың барлық теорияларының негізгі теріс жағы, М. Германн бойынша, олардың бір ғана компонентте тоқталуы. Осыдан, құрам бөліктердің барлық мүмкін қосылыстарын ескертіп жаңа кешенді теория қажет.
Осындай тәсілдің ең қызық мүмкіндіктерінің бірі – А.Вилдавскийдің мәдениеттанушылық теориясы. Осы зерттеушіге қарасақ, көшбасшылық бұл саяси режим функциясы. А. Вилдавский режимдердің 9 типін бөледі, олардың төртеуі негізгі, ал қалғандары аралас сипаттмаларға ие. (3 кестені қараңыз).
3 кесте – Саяси режимдер, мәдениеттер және көшбасшылықтың типтері
Режим: авториторизм
Мәдениет: фатализм
Көшбасшылық: деспоттық, шексіз жалғасатын
|
Режим: коллективизм
Мәдениет: иерархия
Көшбасшылық: позициялық, саласы бойынша шектелген, уақыт бойынша жалғасатын
|
Режим: индивидуализм
Мәдениет: нарық
Көшбасшылық: метеорлы, шектелген және аз жалғасады
|
Режим: эгалитаризм
Мәдениет: әділет
Көшбасшылық: харизмалық, шексіз, аз уақытты
|
Алғашқы авторитарлық режимде көрінгенде, көшбасшылық ұзақ және барлығын қамтиды. Көмекшілері фотолистер болғанда, көшбасшылық әрқашан да ерекше сипатта болады.
Екінші режимде, яғни коллективизмде, иерархиялық мінезі бойынша автократиялық, ал жағдайы бойынша позициялық болады. Көшбасшы мүмкіндіктері оның қызмет иерархиясындағы орнымен анықталады. Үшінші режим, индивидуализ анықтамасы бойынша, көшбасшыларға қажетті тыймайды, себебі, нарық тек жекеменшік құқығын мойындайды. Индивидуалистер көшбасшыларға сенбейді, олар нәтижелерге сенеді. Сондықтан, тіпті, егер, көшбасшы пайда болса, онда ол тек «қажет» кездегі, қажет адам болады, белгілі, қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін. Төртінші режим, эгалитаризм, барлық режим ішіндегі харизматик – көшбасшы пайда болатын жалғызы.
Бірінші және екінші режимдер прокөшбасшылық, үшінші және төртінші – антикөшбасшылық болады, әсіресе, екінші және үшінші режимдерде көшбасшылыққа сұраныс көшбасшыға көмек етуге пропорционал. (екіншіде жоғары, үшіншіде – төмен деңгейде). Бірінші режимде аз сұраныспен тым жоғары қолғабыс арасындағы сәйкес келмеушілік байқалады; төртіншіде – керсінше, сұраныс қолғабысты жоғарылатады.
Назар аударатын соңғысы – В. Д. Джоунстың көшбасшылар типологиясы. Автор ойынша, нарық пен демократияның өзара әрекеттесуі көшбасшылықтың шектелген нұсқан туғызады – ол төртеу ғана: 1) көшбасшы – «делегат» - экономикалық элиталарға тәуелді және сайлаушыларға есеп береді. Бұл сайлаушылар экономикалық элиталардың позициясымен келіскенде болады. Делегат экономикалық өзгерістерді өзіңің ізбасарлары призмасы арқылы қарастырады; 2) көшбасшы – «сенімді тұлға» – өз сайлаушыларына экономикалық элиталар жағынан бақылаудан бос. Осындай көшбасшы негізінен экономикалық өзгерістермен айналысады, ал олар міндетті сайлаушылар талабы болып табылады, бірақ негізінен олардың мүдделеріне сай; 3) көшбасшы – «қызметші» – негізінен тек экономикалық элиталармен бақыланады және сайлаушыларға есеп бермейді, негізінен, тек экономикалық мүддесін қорғайды; 4) көшбасшы – «кәсіпкер» ол экономикалық элиталардан да, сайлаушылардан да бос. Негізінен тәуелсіз тек өзіне жұмыс істейді.
Осылай, көшбасшылық феномені жайлы негізгі қазіргі теориялар көрінеді, ал жалпы алғанда, осылай оқырман алдында көшбасшылықтың көшбасшымен көмекшілерінің, екі мәселе шекарасындағы, өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын спецификалық феномен болып көрінеді. Екі мәселе – жеке тұлғаның саяси психологиясы (көшбасшының) және топтардың үлкен және кіші, психологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |