Егер мәдениет - бұл қоғам құндылықтарының жүйесі болса, онда ұйымдастырушылық мәдениет - ұйым құндылықтарының жүйесі болып табылады. Алайда бұл құндылықтар басшылықпен жарияланған құндылықтар емес. Бұл үйым қызметкерлері нақты бағалайтын құндылықтар. Бас жетекшінің ақиқат рөлі ұйымның құндылықты ұстанымдарын басқарудан тұрады. Т. Питерс, Р. Уотерман. Егер мәдениет қызметкерлердің мінез-құлығын анықтаса, онда құндылық жүйесін басқару мәні бар. Осылайша, акционер және директорлар кеңесі мүшесі рөлдерінің бірі - мәдени ұйымды басқару болып табылады. Бірақ қандай болмасын нәрсені тиімді басқару үшін ол қалай жұмыс жасайтынын түсіну керек. Корпоративті, ұжымдық басқару теориясында ағылшын термині «commitment» жиі кездеседі. Ол жолын ұстаушылық, көзқарастар дегенді білдіреді. Ұжымдық басқару контекстінде термин сөз бірлескен басқару ұстанымдарын акционерлік қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің, жетекшілерінің, қызметкерлерінің жол ұстаушылығын білдіреді, олар акционерлер құқықтарын және олардың мүдделерін сақтау ұстанымдары болып табылады. Жолын қуушылық және міндеттемелер Жолын ұстаушылық - бұл ішкі наным, ішкі құндылықтар жүйесі. Жолын ұстаушылық дәйектілікпен құндылық жүйесінің құралдарын қалыптастыруда және дамытуда, яғни бірлескен мәдениетте көрінеді. А.И.Пригожин сәйкес бізді тек менеджмент және мекемеде қызметкердің мінез - құлығын өзгертетін 6 элементтер ғана қызықтырады. Ұжымдық мәдениет теорияларының бірі - мәдениеттің жоғары және төменгі деңгейлерінің элементтері бар деп айтады. Егер автормен ұсынылған элемент теорияларын біршама толықтырса, онда келесілер алынады. Жоғары деңгей элементтеріне келесілер жатады:
мекеме тапсырмасы
мекеменің негізгі құндылықтары
фирмалық белгілері (мекеменің атауы, жалауы, логотип, фирмалық белгісі, таным белгісі, тауарлық маркалары және т.б.)
буын сөздер және ұрандар, әнұран; компанияның мақсаттары мен міндеттері
Төменгі деңгей элементтеріне келесілер жатады:
әдеп, қағидалар;
салттар, әдеп - ғұрыптар және машықтар, тіл
аңыздар, тарих, батырлар, өнер
материалдық пішіндер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |