Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет52/78
Дата10.09.2024
өлшемі226.13 Kb.
#503535
түріСборник
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №24

34 жастағы науқасты жедел жәрдем көлігі қабылдау бөліміне жеткізді. Шағымдары: кеуде сарайының оң бөлігінің күшті ауырсынуы мен күшейе түскен ентігу, жалпы әлсіздік.


Бірнеше сағат бұрын, штанга көтергенде кеуде сарайының оң бөлігінде кенет күшті ауырсыну, бір сәттік тұншығу, құрғақ жөтел пайда болып, денесін суық тер жапқан. Жедел жәрдем шақырылған, дәрігер анальгетиктер салған.
Бұл жағдайға дейін дені сау санатынан болған, ауыр атлетикамен 16 жасынан айналысады.
Об-ті: жалпы жағдайы өте ауыр, мәжбүр қалыпта отыр. Тері жамылғылары қуқыл, еріндерінің цианозы айқын. Мойын веналары томпайған. Оң бұғана айналасында тері астылық эмфизема анықталды. Тыныс жиілігі 37 мин. Кеуде сарайының оң жартысының үстінде перкуссияда тимпан дыбысы, дауыс дірілі мен тынысы естілмейді. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен.



  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы. Шұғыл тексерулер жоспары.

  3. Консилиумға шақыратын мамандар.

24. Жауаптары:


1. Негізгі симптомдары: тұншығу ұстамасының пароксизмі, құрғақ жөтел, ентігу.


Жетекші синдромдары: плевра қуысына ауа жиналу; кеуде сарайының оң жартысының ауырсыну; өкпелік гипертензия; тыныстың жіті шамасыздығы; жедел өкпе текті жүрек; гепатомегалия.
2. Негізгі ауруы: Оң жақты спонтанды пневмоторакс. J93
Асқ.: Тері астылық эмфизема. Тыныстың жіті шамасыздығы. Жедел өкпе текті жүрек.
Шұғыл тексерулер: ЭКГ, кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасы, ҚЖА, қанның газдық құрамы, АҚ мониторингі.
3. Консилиум келесі мамандар құрамымен өткізіледі: кезекші дәрігер, пульмонолог, торакальді хирург, кардиолог.
Клиническая ситуация №24

Пациент 34 лет доставлен бригадой скорой неотложной помощи в приемное отделение с жалобами на интенсивную боль в правой половине грудной клетки, прогрессирующую одышку, общую слабость.


Из анамнеза: несколько часов назад во время тренировки с поднятием штанги внезапно появились силнейшая боль в правой половине грудной клетки, приступ удушья, сухой кашель, холодный пот. Вызвали врачей скорой помощи, сделаны анальгетики. Он из ряда людей, соблюдающих здоровый образ жизни, к врачам не обращался, занимается тяжелой атлетикой с 16 лет.
Об-но: общее состояние тяжелое, положение вынужденное. Бледность кожных покровов, цианоз губ. Шейные вены выбухают. Вокруг правой ключицы определяется подкожная эмфизема. Частота дыхания 37 в мин. Над правой половиной грудной клетки перкуторно – тимпанит, голосовое дрожание и дыхание не определяются. Тоны сердца приглушены, тахикардия, акцент ІІ тона над ЛА. АД 90/60 мм рт. ст. Живот мягкий б/болезненный, печень выступает на 3 см.



  1. Ведущие синдромы.

  2. Предварительный диагноз. План экстреннего обследования.

  3. Специалисты для консилиума.

24. Ответы:


1. Основные симптомы: пароксизм приступа удушья, сухой кашель, одышка.


Ведущие синдромы: накопления воздуха в плевральную полость; боли в правой половине грудной клетки; ЛГ; ОДН; ОЛС; гепатомегалия.
2. Осн. заб.: Спонтанный пневмоторакс справа. J93
Осл.: Подкожная эмфизема. ОДН. ОЛС.
План экстренных обследований: ЭКГ, обзорная рентгенограмма ОГК, ОАК, газовый состав крови, мониторинг АД.
3. Консилиум в составе специалистов: старший дежурный врач пульмонолог, торакальді хирург, кардиолог.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет