Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет74/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

 
Литература 
1. Д.Р Ханаху. Атрибутивные словосочетания в русском и английском языках. Автореферат. 2007 г. 
2. В.Н. Ярцева. Исторический синтаксис английского языка. М. 1961г. 
3. Ц.Ц. Бальжинимаева. Именные словосочетания в бурятском языке. Автореферат http://cheloveknauka.com/ 
Resume: This article is devoted to the comparison of the attributive word-combinations in Kazakh and English. In both 
languages there are a number of descriptions which have similarities in their structure and lexico-semantic filling of models, and at 
the same time they have a sufficient number of differences that result in difficulties while studying the English language. 
Түйіндеме: Бұл мақала екі әр түрлі құрамды тілдердің атрибутивтік сөз тіркестерінің салыстырады. Екі тілдің 
ұқсастығы және айырмашылығын көрсетуге авторлар көздейді. Айырмашылықтары тіл меңгеруге қиыншылық тудырады.
 
 
 
Халенова А., Атабаева Г., 
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 
Филология, әдебиеттану және әлем тілдер факультеті 
Гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасының
аға оқытушылары
АҒЫЛШЫН ТІЛІН АРНАУЛЫ МАҚСАТПЕН ОҚЫТУДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА
БАҒЫТТАЛҒАН ӘДІСТЕР 
Қазіргі таңда шет тілді меңгеру қандай да салада болсын білімнің барша қазынасын ұрпақтан - 
ұрпаққа жеткізіп отыруға бірден-бір ізгі ықпалын тигізеді. Ал, шет тілі, сол елдің мәдениеті, өнері, 
білім беру жүйесі туралы адамдарға ақпарат алуға мүмкіндік береді және олардың қабілеттерін 
дамытуға әсер етеді, яғни басқа халықтардың мәдени игіліктерімен қатар ұлттық салт – дәстүрлерін 
ой – санаға дарытуға жәрдемдеседі. Өзге тілді үйренуді өз елінің тұрмысымен байланыстыра отырып 
үйрету бұл әлемдік тәлім – тәжірибилерден, қажетті пікірлерден алынған ақиқат.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат 
тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. . Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау 
ісі осы саналы жан-жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармалармен тығыз байланысты. 
Жоғарғы оқу орындарында студенттердің жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін 
әрдайым байыту, оқуға деген ынта-жігерін арттыру, қоғамдық өмірдегі барлық салалардағы өзгеріс-


160 
тер адамның интелектуалдық күш – жігерін, саналы әркеті мен ізденімпаздығын, танымдық ой-
өрісіннің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді.
«Студент» термині латын тілінен аударғанда, ынтамен жұмыс істеуші, білімді меңгеруші дегенді 
білдіреді. Студенттің жеке басының қалыптасып, дамуына мынадай факторлар әсер етеді. Олар: 
1. Психологиялық. Жеке тұлғаның қалпы мен қасиеттерін, психологиялық процесстердің бірлігін 
білдіреді. Бұл акторлардың негізгісі – психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, қа-
сиет, мүмкіншілік). Бұларға психологиялық процесстердің ағымы мен психикалық жағдайдың пайда 
болуы тәуелді.
2. Әлеуметтік. Студентке қатысты белгілі бір социалдық топқа, ұлтқа, т. б. қатыстылығынан 
туындайтын қоғамдық қатынастар арқылы әсер етеді. 
3. Биологиялық. Бұған жүйке жүйесінің типін, анализаторлар құрылысын, шартсыз рефлекс-
тер, түйсіктер, физикалық күш, тұла бойы, бет әлпеті, терісінің түсі және т. б. кіреді. Әрине, негізінен 
тұқым қуалаушылық және туа біткен қабілеттермен байланысты болғанымен, белгілі шектерде өмір 
сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзгерістерге түседі. 
Бұл әсерлерді зерттеу, студенттің сапалық ерекшеліктері мен мүмкіншілігін ашады. Мысалы, егер 
студентке белгілі бір жастағы адам ретінде қарасақ, оған жай, қиыстырылған және сөздік сигналдарға 
латентті кезең реакциясының көлемі аз болады. Шапшаң жадтың ең жоғары ылдамдығы, на-
зар аудару жылдамдығы күшейіп, вербальды – логикалық мақсаттарды шешу қабілетінің жоға-
рылауы байқалады. Жалпы студенттік жас биологиялық, психологиялық, әлеуметтік процестерге 
негізделген ең жоғары «пиктік» нәтижлердің болуымен сипатталады. 
Егер студентті 18 – 20 жастағы тұлға ретінде қабылдаса, бұл кезең студенттің өнегелі және 
эстетикалық сезімдерінің активті дамуына, мінез - құлқының қалыптасуы мен тұрақтануына, есею-
дің әлеуметтік рольдерінің (азаматтық, кәсіптік, еңбек және т.б.) толық кешенін меңгеруіне байла-
нысты. Бұл жаста «экономикалық белсенділік» басталады. Демографтардың пайымдауынша, осы 
кезеңде адамның дербес өндіру қызметі, еңбек биографиясының басы және отбасын құруға құл-
шынысы басталады. 
Оқытушының әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сәйкес оқыту талаптарына сай 
болып келуі қажет. Демек, жастарды еңбектің қай саласыңда да, білім алуда да тек мәлімет 
жиынтығын меңгеруімен шектелмей, студенттердің өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, 
сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын студент етіп даярлау қажет болып отыр. 
Өз бетімен жұмыстың маңыздысы - студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсен-
ділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыс жасау 
барысында студент Р.Сүлейменов[1,] өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, 
зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте студенттің іскерлік 
қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс». 
Шығармашыдлық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға 
ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс 
сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі. 
Жеке тұлғаға бағытталған тәсiл - педагогтың тұлғаға бiртұтас адам, тұлғаның тек ақыл ойын 
дамытып қоймай сонымен бірге азаматтық жауапкешілікті сезіну және де эмоционалды, эстетикалық, 
шығармашылық, рухани байлықтарды дамудың мүмкiндiктерiне көңіл бөлу. Жеке тұлғаға бағыт-
талған бiлiм - жеке тұлғаның келесi функцияларын толыққанды дамыту үшiн жағдай жасау: реф-
лекстеу яғни сыртқы әсерге қарсы келу, өз өмірін бағалау, өмірдегі мақсатын іздеу; яғни «мен» деген; 
жауапкершілік ол («мен бәріне жауап беремін» деген тұжырымдамаға сәйкес болу );
Шет тілін үйретуде ең маңызды нәрсе ол студенттердің белсенділігін дамыта отырып топтық
жұмыстар, рольдік ойындар, Іскерлік ойындар және өндірістік ойындар. Рөлдік ойындар – интер-
белсенді әдістердің тиімді бір түрі. Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: 
1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды. 
2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды. 
Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге 
қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен 
туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың 
нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді 
баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы 
бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық 
маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта 
жіберуге болады.»деген тақырыптар арқылы өздерін өзі байқай білуін арттыру болып табылады. 


161 
Қандай да бір қателер болса барынша өздері түсіндіреді ,ал оқытушы ол тек төреші ретінде ғана 
болады. Тапсырманың орындап болысымен рефлекстеу кезеңi жүргiзiледi. Біз рефлексия дегенді 
былай түсінеміз ««күрделi қозғалыстың өз талдауы ойлауы, жеке психикалық ахуалды және 
интеллектуалдық деңгейді анализ жасауға жетелейтін кезең » /2; 67/. Жоғары оқу орнының оқыту-
шысы, тәлімгері ретінде басты мақсатымыз жастардың осы аталған жақтарын тұлғалық дамуының 
үйлесімділігін қалыптастыруда, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеуде, білім алушы-
лардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негі-
зінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту болып отыр.
Қазіргі таңда өзекті әдістерді практикада жүзеге асыруға жағдай жасайтын жаңашыл техно-
логиялар мен әдістерді меңгермей педагогикалық сауатты маман бола алмайсыз. Әсіресе бұл жоғарғы 
оқу орындарында болашақ кәсіби маман даярлауда шетел тілін оқытуға инновациялық тұрғыдан 
қарауды талап етеді. Білім беруде шетел тілін оқытудың негізгі құралы ретінде коммуникативті 
немесе жеке тұлғаға бағытталған технологиялар болып отыр. Жеке тұлғаға бағытталған білім 
(Personality – Centered Education) дегеніміз – студенттің өзін-өзі дамытуына, оның танымдық 
қабілеттерін, тұлғалық ерекшеліктерін ашуды, іскерлігін арттыруды қамтамасыз ететін оқыту болып 
табылады /3 /. 
Ағылшын тілін арнаулы мақсатпен белгілі бір салада оқытуда жеке тұлғаға бағытталған әдістің
пайда болуына 3 үлкен фактор әсер етіп тұр.
Ағылшын тілін арнаулы мақсатпен оқытудың белгілі бір салада қажеттілігінің өсуі, лингвис-
тикалық және оқыту психологиясының дамуы.
Ағылшын тілін белгілі бір салада арнаулы мақсатпен оқытуда жеке тұлғаға бағытталған болуы 
оқытудын бір әдісі деп түсіну керек. Бұл тілді ерекше үйретудің әдістемесі де, немесе ерекше 
оқытудың түрі де емес. Жалпы айтқанда бұл оқытудың әдісі, ол оқушысының қажетіне, яғни бұл 
оқушының тілді не үшін оқитын және соның себептеріне негізделген. 
Бұл ағылшын тілін белгілі бір салада арнаулы мақсатпен оқытудың негізі өте жай ғана сұрақ 
түрінде болады. Мысалы: Неге оқушы шет тілін оқиды?
Сонымен, ағылшын тілін белгілі бір салада арнаулы мақсатпен оқытуда жеке тұлғаға бағытталған
әр түрлі әдістерді қолдану қажет, яғни бұлар барлық коммуникацияның құрылымдық деңгейі, 
фунцкионалды деңгейі және баяндама (әңгімелеу) деңгейі. 
Олар бір – біріне ерекшеленбейді, бірақ бірін – бірі толықтырып отырады, және әрқайсысының 
орны ағылшын тілін белгілі бір салада арнаулы мақсатпен оқытудың әдісінде бар.
Ағылшын тілін арнаулы мақсатпен оқытуда жеке тұлғаға бағытталған қазіргі ағылшын тілі 
әдістемсін оқытудағы және әдістің түрі болып табылады және бұл әдіс жоғарғы оқу орнындағы 
оқытушыларға тікелей қатысы бар, себебі, жоғарғы оқу орнындағы әр түрлі салада мамандықтар 
даярлап шығатындығы белгілі. Ол үшін бұл әдісті толығымен зерттеп, талдап оқып, оны аудиторияда 
қолдансақ, бұл ағылшын тілін арнаулы мақсатпен оқытудың жетістігі болар еді.
Студентті қалайда болсын тілді оқыту дегеніміз ол жеке тұлғаға бағытталған әдіс түсінігінің 
болуы, тілді үйретудің ең басты шарты.
Ағылшын тілін арнаулы мақсатпен белгілі бір салада оқыту ол білгілі деңгейде ағылшын тілін 
білгеннен бастап беріледі. Оқытудың теориялары және тілді суреттеудің байланысы кездейсоқ емес, 
яғни біз көздеген белгілі ситуацияға қажетті және оқуға қажеттіліктерді есте сақтай отырып, анализ 
жасауымыз керек. Басты ситуацияға керекті анализ, ол тілді қолдану деп есептелінеді. Ағылшын 
тілін арнаулы мақсатпен оқытуда жеке тұлғаға бағытталған қағидалар жалпы ағылшын тілін оқыту 
әдістемесімен бірдей. Бұл әдістің мақсаты жоғарғы оқу орындарындағы жеке тұлғаға бағытталған 
әдісті пайдалану ол барлық салада білімді тереңдету, өз бетімен зерттеудің әдістері мен дағдыларын 
игеру, ғылыми мәселелерді шешу болып табылады. ағылшын тілін оқытуда жеке тұлғаға бағытталған
дағдылар мен әдістері ағылшын тілін белгілі бір салада оқытуда да өте пайдалы екні сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет