Сборник материалов международной научно-практической конференции


Ахтаева С.М., Нуралина К.Т., Орынбекова Г.А., Алимжанова А.М



бет19/27
Дата09.07.2016
өлшемі2.66 Mb.
#187801
түріСборник
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

Ахтаева С.М., Нуралина К.Т., Орынбекова Г.А., Алимжанова А.М.

Семипалатинский государственный университет имени Шакарима


ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СЕКТОР ЭКОНОМИКИ КАЗАХСТАНА
Экономическая функция государства выражается в обеспечении условий использования всех форм собственности, в регулировании государственного сектора экономики, но и в регулирующем воздействии на все экономические отношения, возникающие на его территории, а также отчасти и на отношения, складывающиеся за его пределами с участием граждан и юридических лиц Республики Казахстан.

С одной стороны, государство оказывает регулирующее воздействие на все экономические отношения, являясь участником вертикальных публично-правовых отношений, с другой стороны, государство само выступает организатором государственного сектора экономики, участником горизонтальных частно-правовых отношений, как равный среди равных в экономической сфере.

Государство фактически устанавливает те правила участия в экономических отношениях, которые обязательны для всех субъектов, в том числе и для самого государства.

В экономической сфере одновременно работает как государственный, так и частный капитал.

Государственный сектор, не ограничивается рамками деятельности государственных юридических лиц как хозяйствующих субъектов, но также включает и деятельность юридических лиц, управляемых государством как участником. Государственный сектор экономики также может быть правомерно определен и через деятельность национальных компаний. Национальной компанией является акционерное общество, контрольный пакет акций которого принадлежит государству, созданное по решению Правительства Республики Казахстан в стратегически важных отраслях, составляющих основу национальной экономики, за исключением случаев, предусмотренных иными законодательными актами Республики Казахстан, что закреплено в Законе Республики Казахстан "Об акционерных обществах" 2003 года.

Национальные компании не только обеспечивают управление имуществом, переданным им государством, но и обеспечивают государственное регулирование соответствующей отраслью, что позволяет говорить об их принадлежности к государственному сектору, более того, говорить о них как об особом механизме государственного управления экономикой, особом способе реализации экономической политики государства.

Государственный сектор экономики не просто должен развиваться параллельно частному сектору, стратегия его развития должна быть непосредственно связана с необходимостью восполнения незанятых частным бизнесом экономических ниш в силу их небольшой доходности, убыточности, долгосрочности возврата капитальных вложений.

Государственный сектор экономки может характеризоваться не только как сфера государственного предпринимательства, но также и как сфера социально-экономической деятельности государства, не связанной с получением дохода, и как сфера реализации государством основных задач регулирования национальной экономики.

Эффективность государственного участия в экономике должны повысить за счет административной реформы, предусматривающей разграничение и оптимизацию полномочий разных уровней государственного управления, снижение контроля государства над экономикой.

Понятием государственного управления имуществом государства охватываются и отношения по горизонтали, формирующиеся в процессе хозяйствования в государственном секторе экономики (в его понимании, определенном нами выше) и отношения по вертикали, возникающие в связи с реализацией государственного администрирования в данном секторе.

Государственное управление имуществом - это отношения по корпоративному управлению имуществом государства, а также отношения по административному управлению государственным сектором экономики.

Возможности Казахстана в области управления государственными активами связаны с новым пониманием государственного управления, с развитием государственного менеджмента.

Проблема становления и развития государственного корпоративного предпринимательства стоит перед государством с начала развития рыночных отношений, с момента проведения первого этапа разгосударствления и приватизации в результате которого появилось довольно большое количество юридических лиц, являющихся с позиции права частными собственниками при этом находящихся под контролем государства.

Государственное управление государственным имуществом, а именно: пакетами акций, долями государства в имуществе хозяйственных товариществ, по сути, и определяет государственное корпоративное предпринимательство. Его основной целью является получение дохода на вложенный в юридические лица (путем формирования уставного капитала, покупки пакета акций) государственный капитал, составляющий немалую часть государственных активов.

Стратегическое управление юридическими лицами, деятельность которых связана с реализацией имущественных интересов государства – одно из направлений совершенствования государственного управления государственными активами.

Первоначально с появлением частных компаний с участием государства они совмещали предпринимательскую деятельность (чаще в реальном секторе экономики) как таковую с управленческим предпринимательством.

Компании с участием государства, созданные как флагманы соответствующих стратегических отраслей экономики обрастали компаниями – сатилитами (дочерними копаниями), контролируемыми, управляемыми государственной компанией. Примером может служить создание на первом этапе государственных холдинговых компаний, существующих и по сей день (Казмунайгаз и др.).

В рамках совершенствования управления государственным сектором экономики в отраслях, имеющих стратегическое значение, создания благоприятных условий для обеспечения экономического роста государства в 2006 году было создано акционерное общество "Казахстанский холдинг по управлению государственными активами "Самрук", целью которого является максимизация долгосрочной ценности компаний с государственным участием Республики Казахстан путем совершенствования корпоративного управления.

Тогда же был создан "Фонд устойчивого развития "Қазына", целью которого определены: повышение и стимулирование инвестиционной и инновационной активности во всех секторах экономики Республики Казахстан путем эффективного корпоративного управления юридическими лицами с участием государства.

Таким образом, общая тенденция по развитию стратегического корпоративного предпринимательства - создание специализированных субъектов – управляющих компаний с участием государства, статус которых требует теоретического осмысления в дальнейшем.

 

Молдакенова Е.К.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қаласы


«ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАҒДАРЛАНУЫ»
Экономикалық даму - әлемнің барлық елдерінің алдында тұрған басты проблемасы.Экономикалық өсу – бұл ұлттық сенімнің сандық көбеюі және сапалық тұрғыда жетілуі. Әрбір елдің үкіметі экономикалық өсу қаруының ішкі ақша жинауды және инвестицияларды көтермелеу, шетел инвестицияларын тарту, меншік құқықтарын сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады.

Капиталдың шоғырлануы оның табыстылығының төмендеуімен қосарлана жүреді. Басқаша айтқанда, экономика неғұрлым көп капиталға ие болса, ол алға қарай аз қайтарыммен өседі. Сондықтан жиналған ақша үлесінің көбеюі алғашқы кезеңде дамуға әкелді де, содан кейін экономикаға капитал мен еңбек өнімділігі артуының ең жоғары деңгейіне жеткенде баяулай бастайды.

Экономикалық өсудің өлшеу әдістері болып жалпы ұлттық өнім және жалпы ішкі өнім болып табылады. Халықаралық деңгейде салыстыру үшін ЖҰО мен ЖІӨ-нің халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіші пайдаланылады. Экономикалық жүйенің өміріміздегі, оның бұл міндетті қандай жағдаймен шешетіндігімен анықталатының тарихтың өзі дәлелдеп берді.

Жалпы ұлттық өнімнің жылдық өсу қаруынының анықтау үшін нақтысы жалпы ұлттық өнімнің мөлшерінен былтырғы жылғы нақтылы жалпы ұлттық өнімнің мөлшерін ара қатынасына салыстырып қорытындысын пайызбен көрсетеді. Экономикалық өсуді өлшеу әдістеріне жалпы ұлттық өнім мен ішкі ұлттық өнімнің өсуі, халықтың тұрмыс деңгейінің өндіріс көлемінің өсуін есептеу арқылы көре аламыз. Экономикалық өсудің екі түрі болады – экстенсивтік және интенсивтік (қаруындық)Өндірісті экстенсивтік жолмен өсіруде тауарларды өндіру мен қызмет көрсету өндіріске қосымша факторларды тарту арқылы болады; жер, еңбек және капитал. Бұлардың сапалық және техникалық деңгейлері өзгеріссіз қала береді.Табиғи ресурстар үшін бұл дегенің олардың пайдалы қасиетін толық алу, табиғатты бұзудан қорғау және т.б. болып саналады. Ғылыми – техникалық прогресстің революциялық формасы ғылыми - өндірістік принциптердің жаңа сапалы түрлерін өндірісте пайдалануға болады. Ғылыми – техникалық революция өндірістің барлық технологиялық тәсілдерін оның барлық жақтарын және компоненттерін қайта өзгертеді.

Экономикалық дамудың ерекше көзі осы әлеуметтік – экономикалық жүйенің экономикалық қатынастарының өзгешелігі, экономикалық ортаның өзнешелігі болады. Мұндағы экономикалық субъектілердің әрекеттері сол жердің жағдайына қарай, өндіргіш күштерінің даму деңгейіне, ең алдымен қоғамның басты өндіргіш күші болатын – адамдарға байланысты болады.Нарықтық экономиканың негізгі меншіктің сан алуан түрлері болады, бірақ бірінші ретте жеке меншік тұрады да, ол әрбір адамның ең алдымен өзінің экономикалық мүддесін іске асыруға ұмтылуымен жүреді. Ұзақ мерзімді жеті басым бағыт анықталды, олар өзара байланысты.


  1. Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.

  2. Ішкі саясат тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін ондағы жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.

  3. Қазақстан азаматтарының денсаулығы білім мен әл – ауқыты. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білім мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.

  4. Кәсіби мемлекет. Ісіне адам әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өнімдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманға корпусын жасақтау. Осылардың ішінде қоғам үш басым бағыт экономика саласына арналады.

  5. Экономикалық өсу – экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қаруынына қол жеткізу.

  6. Энергетика ресурстары – мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

  7. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.

Егемендік алғаннан кейін жылдары Қазақстан өзінің ауыртпалығы жағынан айрықша тарихи кезеңдерді басынан кешірді. Қазақстан сол кезде қилы себепті объективті сипаты бар ауыр экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа тап болды.

Біріншіден, дағдарыс – нарықтық экономикамен біте қайнасып жатқан құбылыс. Дамудың нарықтық үлесіндегі барлық дамыған елдер қазірдің өзінде де дағдарыстың қандай да бір нысандарын бастан келіп отырады. Оның зардаптарын азайтуға, одан шығудың қаруынын жеделдетуге болады, бірақ әзірге дағдарыстан олардың ешқайсысы құтылған емес. Қазақстан экономикалық өсу жолын, өкінішке орай дағдарыстық сәттен бастады.

Екіншіден, Қазақстан экономиканы басқарудың тірелісіп біткен әкімшілік әдістерінің дерттері асқындырған дағдарысты ауыр көріністер айқын біліне бастаған кезде егемендікке ие болып, дербес дамуға бет алды.

Үшіншіден, біз басымыздан кешіріп отырған дағдарыс – бұрынғы экономикалық жүйенің ыдырауының және сапалық тұрғыдан жаңа жүйені қалыптастыру қажеттігінің жаңа тумасы.

Жаңа экономикалық өсу, оның нарыққа бағдарлануы Қазақстанның ұлттық мүддесін қамтамасыз ету үшін толып жатқан кәсіпорындар мен ірі өндірістердің керек еместігін бірден көрсетті. Тұтас салалар мен шағын салалар, жекелеген өндіруші, металлургия мен машина жасау өндірістері, химия – мұнай өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі экономикадағы баяғыдағы баянды әрі бұлжынастай көрінген орыннан айырылды.

Дағдарыс – бұл экономикадағы теңбе – теңдіктің бұзылуы болады да, өндірістің төмендеуі және тоқталуы басталады, ал өте ауыр жағдайда – тіпті өндіргіш күштер де бұзылады.Өндіріс дағдарысының екі түрі болады – артық өндіру дағдарыс және тауарларды шығару жетіспеуі дағдарысы. Нарықтық экономикаға көбінесе артық өндірісі дағдарысы тән болады.

Жандану мен өрлеу фазалары өндірістің өсуімен сипатталады; жандану кезінде дағдарыс алдындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыла келеді, ал өрлеу кезінде кәсіпорындардың өнімдері осы деңгейден асады да, осы өсу кезіңдегі жаңа жоғарыға жетеді.Өрлеу кезінде өндірістің өсуі тез жүреді, тауар бағалары барынша өсе түседі, жұмыссыздық қысқарады, қарыз процентінің деңгейі көбейеді. Цикл бітеді де, жаңадан болатын артық өндіруге жағдай дайындай бастайды, жаңа дағдарысқа тағы жол ашылады.

Экономикалық өсу кезіндегі жүретін даму циклдарымен № 3 графиктен көруге болады.Дағдарысқа қарсы саясат – бұл мемлекеттің экономикалық белсенділіктің дағдарыс алдындағы құбылуын реттеу және экономикалық дағдарыстың дамуына жол бермеу жөніндегі шараларының жиынтығы.

Қазақстанда экономикалық өсуге байланысты келесі іс – шараларды

жүзеге асыру көзделген:



  • мемлекеттің белсенді рөлі жағдайында экономикаға араласуын шектеу;

  • қатал қазыналық және монетарлық шектеулерді жүргізу;-шетелде қаржылық инвестициялық стратегиялар жасау;-аграрлық сектор мен әлеуметтік саладағы жекешелендіруді аяқтау;-энергетикалық және басқа табиғи ресурстарды әзірлеу;-либерал инвестициялық саясатты дайындау;-еңбекті көп қажеттейтін өндірістерден капиталды, технологияны, ғылымды қажеттейтін өндірістерге көшу, яғни индустриалды технологиялық стратегияны дайындау;-өндірісті әртараптандыру;-болашағы мол (бәсекеге жарайды) салаларды дамыту.

Мемлекет, экономикалық өсуге байланысты келесідей саясаттар жүргізеді:

1.Фискалды саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.



  1. Несие – ақша саясаты. Бұл тәсілді халық шаруашылығы мәселелерін шешуде ынталандырушы рөль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттың жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін.

  2. Сыртқы экономикалық реттеу; мемлекеттік сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензияларды реттеу жатады. Осы мақсатқа мемлекет баға мен табыстың өсуіне максималды шектеуді белгілеп, кейде оның уақытша ұлғаюын тоқтады.

  3. Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады.

Экономикалық дағдарыстың ауқынын бәсеудетіп шектеу, қозғалыс

фазасының жүзеге асуын тездету, өнеркәсіп өрлеу фазасын тоқтата тұру немесе соза тұру, осы себептерге байланысты қысқа мерзімді реттеуді көбінесе коньютуралық немесе акциялдық саясаты жүргізіледі.

Экономикалық өсуде, экономикалық саясаттың маңызы зор. Қоғамға қажеттіліктерді уақытында дұрыс көрсетуіне қарай, экономиканың саясат та экономикалық өсуді жалдандыруға көмегін жасайды. Бұл әр уақытта да еш нәрсенің салыстыруға келмейтін жағдайда әрекет ететіндіктен, өте күрделі, өлшеуге қиын келетін өсу көзі.

Еңбек өнімділігін анықтау өндірілген өнім көлемін еңбек шығындарымен, еңбек нәтижелерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Осы өлшемдердің тура немесе теріс қатынасына байланысты екі көрсеткіш бар: өнім шығару және еңбек сыйымдылық. Еңбек өнімділігін өлшеу денгейі бойынша біртекті өнім шығаратын жеке жұмыс орындарын бөлуге болады (бригадалар, участкалар). Бұл жерде өндірілген өнімнің көлемін анықтау үшін еңбек өнімділігін натуралды әдіс (дана, тонна, куб немесе квадрат метр т.б) қолдану лайықты. Бұл әдіс қарапайым, көрнекті және анық. Жұмыс орындарында , бригадаларда және участкілерде өзгеріп тұратын әр түрлі өнім шығарылса онда бір ортақ өлшемге әкелудің мағынасы жоқ. Өнім немесе жұмыс көлемін еңбек өлшемінде анықтайды - өзгермейтін норма-сағат (жұмыс көлемі сәйкес уакыт номасына көбейтіледі, ал нәтижесі қосындылайды). Еңбек өнімділікті өлшеудің еңбектік әдісі ғылыми негізделген нормаларға негізделсе еңбек өнімділіктің динамикасын тура сипаттайды. Сондай-ақ еңбектік әдістің бірқатар кемшіліктері бар (нормалардың жеткіліксіз негізделуі және біртекті еместігі, олардың жиі қайта қарау және т.б) олар жеке жұмыс орындарында еңбек өнімділігін объективті бағалауға мүмкіндік бермейді.

Еңбек өнімділігі –динамикалы көрсеткіш. Ол әр түрлі себептер мен факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Біреулері еңбек өнімділігін жоғарлатса екіншісі төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ еңбек процесінің жағдайына байланысты факторлардың әсерін күшейтеді немесе әлсіретеді.

Еңбек өнімділігінің негізінде еңбектің өнімділік күші деген экономикалық категория бар, оның мағынасы белгілі бір уақыт бірлігінде белгілі өнім шығару мүмкіндігі (мысалы, демалыссыз бір сағаттық жұмыс). Еңбектің өнімділік күші біріншіден кәсіпорынның техникалық қарулануына және инновациялық потенциалына байланысты. Еңбектің өнімділік күшін анықтайтын екінші фактор болып жұмысшылар дайындығының кәсіби деңгейі табылады, өйткені, егер жұмысшының қажетті біліктілігі болмаса, онда технологияның жоғары деңгейі күткен нәтиже бермейді. Сонымен қатар еңбектің өнімділік күшінің деңгейі еңбектің табиғи, экологиялық, өндірістегі санитарлы-гигиеналық жағдайының әсеріне және жұмысшылардың денсаулығына байланысты болады. Еңбек өнімділігінің деңгейі мен динамикасына көптеген факторлар әсер етеді, осы факторлардың әсерінен еңбек өнімділігі өзгереді. Бұл факторларға: техникалық прогресс, өндірісті, еңбекті, басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру және т.б. жатады.

Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін жоғарыдағы факторлар бойынша арттыру арнайы негізделген есептеулермен бірге көрсетілуі керек, бұл көбінесе өндіріс тиімділігін көтеру жоспарында беріледі.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін көтеру бойынша жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруді материалды және рухани жағынан ынталандыру табылады. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру барысында еңбекті ұйымдастыру бөлімінде материалды және рухани ынталандырудың барлық шараларын қолдану өте маңызды.Материалды ынталандырудың көзі болып өнімнің материал сыйымдылығын төмендету және пайданы арттыру табылады. Еңбек өнімділігін және өндіріс көлемін арттыруда өнімнің немесе жұмыстың өзіндік құны төмендейді, біріншіден, өзіндік құндағы шартты- тұрақты шығындар үлесінің қысқаруы есебінде, екіншіден, қосымша өндірілген өнім көлемінен түскен пайданың есебінен. Материалдық мадақтаудың барлық түрлері құны жағынан қосымша пайданың жалпы сомасынан төмен болуы керек. Еңбек қатынстары еңбек процесін ұйымдастыру, кадрларды дайындау мен қабылдау, еңбекақы төлеудің тиімді жүйесін таңдау, еңбек ресурстарын әлеуметтік қамтамасыз ету сияқты кең ауқымды қамтиды.

Еңбек ресурстары дегеніміз өндірісте тауар мен қызмет көрсетуді жүзеге асыруда жұмысшы күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстарына халықтың жұмыспен қамтылған бөлігі жатады. Нарықтық экономика жағдайында негізгі мақсат болып еңбек ресурстарының бәсекелестігін тудыру арқылы нарық конъюктурасының өзгеруіне жұмысшылар мен жұмыс берушілерді дағдыландыру.

Сомалық әдісте еңбек процесін нақты талдамаған жағдайда мөлшерлеушнің біліктілігі негізінде немесе аналогилық жұмыстардың орындалуы туралы статистикалық мәліметтер арқылы жобаланады. Сомалық әдіс арқылы бекітілген нормаларды біліктілік-статистикалық әдіс деп те атайды.Еңбекті тарификациялау. Еңбекті мөлшерлеу кәсіпорында әртүрлі операцияларды орындау нормаларын талдаудың негізі болып табылады және әрбір жұмысшыға еңбек шығындарының көлемінің нормасын бекітеді. Тарификацияның негізгі мақсаты болып жұмыс және операция түрлеріне баға беру және сол арқылы кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақы көлемін анықтау жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.


Жайлаубаева Ш.Д., Ошанова Э.А.

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ерекше орын алады. Қазіргі уақытта болып жатқан келеңсіз банктік үрдістер салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкеледі.

Бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарға сұраным мен ұсыным және оларға баға анықталатын экономикалық қатнастар жүйесі.

Нарықтық жүйеде бағалы қағаздар нарығы ақша жинақтарын қайта таратудың негізгі механизмі болып табылады.

Кез келген қор нарығы мына компоненттен тұрады:



  1. нарық субъектілері

  2. нарық

  3. мемлекеттік реттеу органдары

  4. нарық инфрақұрлымы

Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың қажеттілік туатын екінші салаға аудару арқылы, мемлекттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.

Нарықтың мақсаты-капиталды шоғырландыра отырып, өндіріске, өндірістікемес салаларға ақша-қаражаттарды бөлу. Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі- бұл банктік өнімге бәсекелестік құралдарды шығару және халықтың, компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларнына бөлу ртеінде танылады.

Бағалы қағаздар нарығында негізгі қоғамаға қажетті 2 міндеттерді шешеді:

1. сатушы мен атып алушыларды кездестіре отырып, олардың экономикалық қатнастары дамиды;

2. бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі жүргізідледі.

Әлемдік тәжрибе көрсеткендей, экономиканың нақты секторларына ауқымды инвестициялық ресуртстары тарту және оларды тиімді пайдалану механизімін ұйымдастыру арқылы бұл мақсатқа жетуге болады.

Экономиканың нақты секторларына инвестицианы тартуды қамтьамасыз ету үшін келесідей шаралар жиынтығын жүргізу міндетті:

бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизімін зерттеу;

бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін себептерді анықтау;

бағалы қағаздар нарығының тиімді дамуыныа әсер ететін мемлекеттік әсер ету шараларын жүргізу

Бағалы қағаздар нарығының жағдайын және оның даму қарқының келесі көрсеткіш тобы анықтайды:

Бағалы қағаздың шығарылым мен айналыс тәртібін, бағалы қағаз нарығының субъектілер қызметін, бағалы қағаз нарығындағы қатнастарды реттейді құқықтық ифра құрлымның болуы;

Бағалы қағаздар нарығының құрылған және қызмет ететін техникалық инфрақұрлымның болуы;

Өз мүшелерінің қызметін өзін-өзі реттеу ұйымының қызметін мемлекеттік органдар реттейтін кәсібей қатысушылардың қызметін реттеу жүйесінің болуы жатады.

Бағалы қағаздар нарығын дамытудын стратегиялық міндеттерін айқындау кезінде негізгі шарт- бұл қандай нарыққа жетуіміз керек деген сауалға жауап іздеу. Себебі, әр-түрлі елдерде бағалы қағаз нарығының сипаты да әртүрлі. Бір елде негізінен мемлекеттік бағалы қағаз орын алып, мемлекеттің рөлін артуға бағытталады. Осы нарықтытың тұрақтылығын және инвестициялық бағыттылығын қамтамасыз етумен байланысты, яғни жинақ және инвестиция ағындары арасында тепе-тендікті ұстауға бағыттаған жөн. Қарастырылған сұрақтарды шешіп қана қоймай, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде, елдің бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің экономикалық-әлеумметік мәселелерді шешумен қатар, алдағы ұзақ, орта мерзімге бекіткен стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

Тұтас алғанда Қазақстан Республикасының қор нарығы жоғары орталықтандырылған: 10 кәсіпорын капитализацияның 88 пайызын қамтамас етеді, қалғанын банктер қамтиды. Біздің бизнесмендердің минталитетінде олар бағалы қағаздарды нарыққа еркін айналысқа жібергісі келмейді. Қазақстанның қор нарығында 2208 акционерлік қоғамының 7 пайызы ғана бағалы қағаздарды қор нарығында сатады. Бұндай нарықта бағалы қағаздардың айналуына өздерінің себептері бар:

Біріншіден қор нарығында бостандықтың болмауы;

Екінші себебі мемлекет жаңа институттарды бюджеттік қаржы есебінен құрып 2002 жылдан бастап капитализациялау үшін миллион долларлар жіберді. Үкімет өзі басты инвесторы болды және нарықтық механизімдердің дамуына кедергі жасап отырды.

Үшінші себебі мемлекет ішкі қарыздардың көлемін қаржы Министрлігі және Ұлттық банк бағалы қағаздарды шығару арқылы ұлғайтты. Осыған байланысты, банктердің инвестициалық портфелінің жартысы мемлекеттік бағалы қағаздардан тұрады.

Төртінші фактор- бұл банктердің несиелері, инвестициалардың аздығын толықтырыпр тұрады. Сонымен қатар шағын және орта бизнестер эмитент ретінде қор нарығына қатысуға потенциалдлдары шектеулі, себебі қосымша шығындардың болуымен байланысты.

Арматының аймақтық қаржы орталығының эксперттерінің айтуыншабойынша осы бағытта айтарлықтай жетістіктер бар. Бірінші орында бұл жағдай жасауға байланысты және қор нарығына қазақстандық ірі компанияларды шақырумен байланысты. Сонымен қатар Қазақстанға әлемдік ірі қаржылық компаниялар келді, Credit Swiss сияқты компаниалар. Тұтас алғанда ортаның іс-керлік және кәсіптік стандарттарын жоғарлатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет