Жұмаханова Д.Ә.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
ҚАЛАДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР САПАСЫ НАРЫҚТЫҚ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ КЕШЕНДІ КӨРСЕТКІШІ
Муниципалитеттердің дамуының әлеуметтік - экономикалық сараптамасын жасау және оның жағдайы жайлы стратегиялық тексеру өткізу және мәселелердің уақтылы анықталуы үшін үлкендігінің өзгеруіне қарай муниципалитеттің дамуының қарқыны мен бағыты жайында баға беруге және аймақтың экономикасы жайлы салыстырмалы сараптама жасауға мүмкіндік беретін бірыңғай (кешенді) көрсеткіш даярлау керек. Біздің пайымдауымызша, мұндай кешенді көрсеткіш болып өмір сүру түрлі субъектілерінің (әлеуметтік топтар, қабаттар, үй шаруашылығы және т. б.) құндылықтық мінездемелердің жиынтығы, сонымен қатар өмір сүру жағдайлары ретінде қаралатын қала халқының өмір сапасы көрсеткіші табылады. Өмір сапасы тек халықтың физиологиялық мүдделерінің (тамақ, демалыс, қауіпсіздік және т. б.) қанағаттандырумен ғана емес, сонымен бірге адамдардың өзара рухани қарым-қатынаста өзін табу мүмкіндігі, тіршілік әрекетіндегі басқа түрлерде өзін танытумен де байланысты. Сонымен қатар өмір сапасы жеке адамның және қоғамның даму еркіндігімен, адамның тұрмыстық жағдайымен, әлеуметтік қатынастармен және қоршаған ортамен қанағаттанатындығымен сипатталады. Қазіргі уақытта жергілікті билік органдары әлеуметтік бағдарламаларды жасау кезінде адамдардың тіршілік әрекетіндегі қайсыбір саласындағы жағдайы жайлы тек статистикалық ақпаратты басшылыққа алады, ауыл халқының тіршілік әрекетімен қанағаттануын назарға ілмейді, ал ол өз кезегінде бөлінеттін бюджеттік қаржының нәтижелі қолдануын төмендетеді.
Халықтың өмір сапасын кешенді бағалау екі бағытты қамтуы керек: ұсынылып отырған инфрақұрылымдық стандартты енгізу негізіндегі сапаның объективті көрсеткіштерін бағалау, сонымен қатар халықтың өмір сапасын субъективті қабылдауын арнайы даярланған авторлық анкеталар бойынша нарықтық инфрақұрылымның мониторингі негізінде өлшеу. Көрсетілген шаралар кешенін қолдану тек статистикалық көрсеткіштерді ғана емес, сонымен бірге халықтың қанағаттанбауының жасырын себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Халықтың өмір сапасын кешенді бағалау үшін оны халықтың тіршілік әрекетінің жағдайын барынша дәл бағалауға мүмкіндік беретін жалпылама көрсеткіштер түрінде беру керек. Аталмыш процесті қайсыбір пирамида түрінде көрсетуге болады. Оның негізінде түрлі деңгейлі әр түрлі шкалалар бойынша берілген әртектес бастапқы белгілері болады, ал жоғары жағында бастапқы ақпараттарды сабақтастыру негізінде алынған жалпылама көрсеткіштер болады. Халықтың өмірі сапасының объективті көрсеткіштері жүйесі үш деңгейден тұрады. Топтық көрсеткіштер адамның өз өмірінің түрлі салаларымен қанағаттанатындығын қамтамасыз етеді. Оның түзілуі муниципалитеттің мақсаттары баспалдағын салу негізінде іске асады, өзінің құрамына келесідей бағалау көрсеткіштерін кіргізеді: демографиялық, халықтың қамтылуы, халықтың шығындары мен кірістері, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласының жағдайы, мәдениет және демалыс, тұтынушы нарығы мен қызмет көрсету саласы, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, экономикалық даму, экология және қоғамдық қауіпсіздік. Біз үшін ең үлкен қызығушылықты тұтынушы нарығының дамуы тудырады, себебі бұл бағыт ауылдың инфрақұрылымдық стандартын құруда негізгі болып келеді. Өмір сапасының көрсеткіштерін есептеуде салыстыру базасы ретінде әр сараптамалық уақыт аралығы үшін аймақ бойынша орташа нәтижелер қолданылады. Өмір сапасының бір мәртелік көрсеткіштерін бағалау келесідей түрдегі сызықтық қатынасты қолдану арқылы жүзеге асырылады:
Qi = Pi / Pri,
Мұндағы, Qi – халықтың өмірі сапасының бір мәртелік көрсеткіші;
Pi – қала бойынша өмір сапасының көрсеткіші;
Pri – аймақ бойынша өмір сапасының көрсеткішінің орташа мағынасы.
Сапа деңгейіне әсер етуі белгілері бойынша өмір сапасының бір мәртелік көрсеткіштерін анықтау үшін оларды екі топқа бөлу ұсынылады:
-
Жағымды процестерді сипаттайтын көрсеткіштер, яғни айтарлықтай жоғары көрсеткіш өмір сапасының жоғарылығы мен аймақ халқының онымен қатты қанағаттанатындығын білдіреді;
-
Жағымсыз процестерді сипаттайтын көрсеткіштер, яғни айтарлықтай төмен көрсеткіш өмір сапасының төмендігі мен аймақ халқының онымен аса қатты қанағаттанбайтындығын білдіреді.
Бастапқыда барлық бір мәртелік көрсеткіштер есептеледі, оның негізінде топтық көрсеткіштердің мағынасы анықталады, ал содан кейін халықтың омір сапасының кешенді көрсеткіші есептеледі. Халықтың субъективті өмір сапасын өлшеудегі негізгі мәселелердің бірі – адамның немесе үй шаруашылығының анық, бір ауыздан қабылданған және айқын бағалаудың белгілерін таңдау мәселесі. Соңғысы аса маңызды, себебі зерттеу нәтижесінде қорытындылардың тепе-теңдігі және айырмашылықтары туралы айта алу керек. Сондықтан да жұмыс кезінде айтылған әдістердің жиынтығын қолдану ұсынылады. Бағаланатын салалар ретінде топтық (жалпылама) көрсеткіштерді есептеу жүзеге асатын блоктар болады, ал ол өз кезегінде объективті және субъективті бағалау мәліметтерін салыстыруға мүмкіндік беруімен шарттанады. Кешенді көрсеткіш жеке салыстырылады – өмір сапасының субъективті көрсеткіші, жеке матрица түріндегі сәйкес халықтың тіршілік әрекетінің түрлі аспектілерінің топтық және субъективті көрсеткіштер (1-кесте).
Бір айта кетерлігі, санамаланған нұсқалар айтарлықтай деңгейде салыстырмалы болып табылады, себебі объективті баға аймақ бойынша қойылған орташа бағамен салыстырылып қойылады. Мәселені шешудің бір жолы болып есептеуде қолданылатын көрсеткішті салыстыру үшін жаңа базисті іздестіру немесе жаңа көрсеткішті құру, оның бірі халықтың өмірі сапасын ғана емес, сонымен бірге қаланың экономикалық ортасына стратеигиялық кірісуін сипаттайтын инфрақұрылымдық стандарт. Осылайша, халықтың өмір сапасын анықтау қаланың нарықтық инфрақұрылымын экономикалық тексеру құралдарының бірі болып табылатын инфрақұрылымдық стандартты құрудың алғы шарты бола алады.
Мақсатты кешенді муниципалды бағдарламалар мемлекеттік, қоғамдық және жеке адамның мүдделері мен қарым-қатынасының, халық шаруашылығы жобаларын іске асыруға қорларды шоғырландырудың интеграциясы міндетін атқарады. Бұл жергілікті билік органдарының әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды құралы болып табылады.
Муниципалды бағдарлама дегенде, әрекеттің түрлі салаларындағы муниципалды білім беруді дамытудың мақсаттары мен принциптерін білдіретін, негізделген және қабылданған тәртіппен бекітілген жоспарлы-болжамалы құжат деп түсіну керек. Муниципалды бағдарламаларды жүзеге асыру қала халқының өмірінде айтарлықтай өзгеше жақтардың пайда болуына жағдай туғызады. Сонымен қатар осындай бағдарламаларды ғылыми және жобалық негізделуіне түрлі қорларды тартуға мүмкіндік береді.
Жергілікті әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асырудың бағыттарының бірі болып муниципалитеттің нарықтық инфрақұрылымын дамыту табылады, оның ішінде халықтың өмірі сапасының жоғарылату факторы ретіндегі қаланың сауда салалары. Аталмыш сала қаланың жергілікті өндірісі мен экономиканың дамуына ғана емес, сонымен бірге халықтың сұранысын қанағаттандыру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге де алғышарттар құрады. Нарықтық инфрақұрылымның дамуына септігін тигізетін сауда саласының мақсатты бағдарламасын әзірлеу қаланың саудасының жағдайы мен дамуы жайлы тікелей зерттеу, бір және екі мәртелік ақпараттың көмегімен алынған көрсеткіштерге негізделген сәйкес әдістемелік және нормативті қамтылуын талап етеді. Қаланың нарықтық инфрақұрылымының дамуындағы аса маңызды стратегиялық бағыты деп тұрақты материалдық әл-ауқатының өсуі мен тұлғаның еркін жан-жақты дамуын санауға болады. Қаланың дамуы жайлы стратегиялық идеялар балансталған экономикалық және оның барлық жүйешіктердің негізі ретінде қарастырылуы керек. Қосымша ретінде қаланың шаруашылығының жеке қорларын, сонымен қатар муниципалитетті басқарудың машықтарын қолдану ұсынылады.
Қала шаруашылығы саласында бірнеше бағдарламалардың енгізілуі мен жүзеге асуы орынды: ипотекалық кредиттеу мен басқа да банк қызметтерінің негізіндегі тұрғын үй құрылысы; амортизационды саясат және муниципалды қожалықтың негізгі қорларын асыра бағалаудың есебінен өзіміздің инвестициялық қорларды шоғырландыру; тұрғын үй коммуналды шаруашылығын дамыту, екі мәртелік материалдарды қолдану кезінде қазіргі технологиялық құрылыстық және конструкторлық шешімдерді енгізу; қалдықтарды өңдеу және пайдалану; автономды жылу көздерін құру есебінен жылу нүктелері мен жүйелерін автоматтандыру; сумен қамтамасыз ету және суды тазартудың баламалық көздерін іздестіру; экологиялық бағдарламаларды құру және енгізу және т. б. Муниципалды білім беру саласында қаланың тіршілік әрекетінің түрлі салаларында жүретін процестерді жөнге салудың экономикалық иінтіректерін іске қосу, кешенді көп функциялы және мақсатты жоспарлауға көшу және жеке меншіктік қатынастарды дамыту, инфрақұрылымдық стандарттарды енгізу және оның жүзеге асуын бақылау.
Қаланың сапалы өмір жағдайын сипаттайтын бағалау белгілері ретінде тұтынуша нарығының жағдайы мен даму бағыттары жайлы бір және екі мәртелік ақпараттың көмегімен алынған сандық және сапалық өлшеуіштердің жиынтығы ретіндегі инфрақұрылымдық стандарттың көрсеткіші бола алады. Қолданылатын барлық көрсеткіштер жиынтығын тікелей жүргізілген зерттеулер, сонымен қатар статистикалық және зерттеулерден алынған мәліметтер негізінде жалпы ғылыми (математикалық) және эмпирикалық деп бөлуге болады.
Ақпаратты сараптау және синтездеу үшін мәліметтерді реттеу және оларды позициялау жолымен ақпаратты кеңістіктік локализациялау керек. Мәліметтерді локализациялау процессі картографиялық негізде (Красноярск қаласының мысалы) жүзеге асады және оған зерттелетін объектілердің нүктелерін бекіту арқылы жүреді. Позициялаудың бірінші кезеңінде қала территориясын микротелімдерге дифференцияланады (бөлінеді). Красноярск қаласын жеті әкімшілік аумаққа аудандау 168 микротелімдерді ерекшелеуге мүмкіндік берді: Орталық, Октябрь, Темір жол, Ленин, Киров, Совет, Свердлов. Осы кезеңде кеңістіктік локализациялау элементі белгіленген болатын, оның көмегімен сауда қызметін көрсететін объектілерді (сауда ұйымының мекені) инфрақұрылымдық стандартқа бекіту жүргізілді. Инфрақұрылымның статикалық құраушы элементтері ретінде объектілердің типтері таңдалды, олардың орналасқан жерлері, саны, адам саны және т. б. Сұраудың нәтижелері 11 нұсқадағы SPSS юағдарламасын қолдану арқылы өңделді, мұнда ауыспалы ретінде 168 микротелімдердің 16 негізгі факторлары іріктелді, атап айтсақ: тұрғындар саны, телім ауданы, халық тығыздығы, сауда орындарының саны (азық-түліктік, азық-түліктік емес және олардың жалпы саны), құрамы бойынша объектілердің саны (өндірістік, әкімшілік, оқу, демалыс және көңіл көтеру, саябақтар, базар, көтерме сауда орындары, ауруханалар, спорттық ғимараттар, бекеттер).
Жалпы алғанда қала бойынша бөлшек сауда орындарының орналасуындағы біркелкілік пен рационалдығының төмендігін байқауға болады. Қаланың көптеген аймақтарында бөлшек сауда орындарының жетіспеушілігі байқалады, ал басқа бөліктерінде – шамадан тыс көп орналасқан, қаланың шетіне жүре бергендегі сауда орындарының шоғырлануы төмендігін көрсетеді. Сондықтан құрастырылған кеңестер бөлшек сауда орындарының рационализациялануға көмектеседі және қала тұрғындарының сұранысының қанағаттануына, өмір сапасының артуына және бөлшек сауда айналымының жоғарылауына әкелетін сауда процестерін жақсырақ ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Қазіргі жағдайда тұтынушы нарығының дамуындағы айтарлықтай мәселелердің бірі болып нарықтық инфрақұрылымның арғы ақпараттық-коммуникационды кешенінің дамуы мақсатында қазір бар және коммерциялық аймақтық және бас ақпараттық орталықтар негізінде енді құрылып келе жатқан жиынтығында ішкі саудада бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастыру табылады.
Қазіргі кезде Красноярск қаласы территориясында нақты әрі толыққанды жағдайы мен дамуы жайлы толық мәлімет беретін тұтынушы нарығының мониторингі жоқ. Тұтынушы нарығының мониторингі нарықтың жағдайы мен даму мәселелері жайлы объективті бағалау мақсатында тұрақты немесе уақтылы панельді зерттеуді және анкеттеуді өткізуді көздейді.
Нарықтық инфрақұрылымды зерттеу, атап айтқанда, бір және екі мәртелік ақпаратты жинау және өңдеу жоғары дәрежелі мамандардың жұмысын талап ететін айтарлықтай қиын, қымбат әрі қажырлы еңбекті қажет ететін процесс болып табылады. Тек тұтынушы тауарлары нарығын толық және оны құрайтын тауарлы нарықты жеке коммерциялы және өндірістік мекемелермен, ұйымдармен, әсіресе, ықшам ұйымдармен зерттеу экономикалық тұрғыдан ақталмайды. Осыған орай тұтынушы нарығын және нарықтық инфрақұрылымды мониторингтеудің ғылыми-зерттеу орталығын құрудың объективті қажеттілігі туындайды.
Орталық барлық мүдделі субъектілерге қызмет көрсете алады: тұтынушылық тауарларды шығаратын өндірістік мекемелер; сауда (көтерме және бөлшек) мекемелері оны іыке асырумен шұғылданатын; қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар; қоғамдық тамақтану кәсіпорындары; жеке кәсіпкерлерге қызмет көрсетумен шұғылданатын ұйымдар, мекемелер, сонымен бірге тұтынушы нарығында қызмет істейтін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар.
Осылайша, нарықтық экономика жағдайында нарықтық инфрақұрылымның жаңа элементтерінің қарқынды құрылуы жүреді; оның өзі көрсететін қызметінің жүзеге асуы ішкі жалпы өнімнің төрттен біріне тең келетін өзіндік экономика саласына айналында. Нарықтық инфрақұрылымның дамыған жүйесі бірден қалыптаспайды және жеке бір аймақ немесе қаланың нақты территориалды қызмет көрсету саласындағы ұйыммен нақтылы объективті байланысты қорлық қамтылуға тәуелді болады. Нарықтық инфрақұрылымның қызметінің және оның өндірістің қажетті өнімділікті құруда айтарлықтай өзгерістер болады. Нарықтық инфрақұрылымның негізгі қызметі болып нарық жүйесін құру мен дамытуға қажетті экономикалық орта құру, қожалық субъектілерге қажетті экономикалық орта түзу, халықтың өмір сапасының жоғарылауына септігін тигізетін барлық деңгейдегі экономика субъектілері арасында материалды, қаржылық, еңбек және ақпараттық байланыспен қамтамасыз ету.
Әдебиеттер
-
Байменов А. Кедейлік, жұмыссыздық – бір қасірет // Ақиқат. 2001. №3.18-22 б.б.
Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы // «Егемен Қазақстан» 13 сәуір. 2001.3 б.
Жұмаханова Д.Ә.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕКАРАЛЫҚ АУМАҚТАРЫНДА ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ШЕКАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетеді. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Демек, ауылдағы аграрлық қатынастардың дамуы, ауылды жандандыру, ауылдағы саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі. Міне, осының бәрі де біздің зерттеуіміздің өзектілігін және ғылыми жұмысымызды терең талдауды талап етеді. Көршілес жатқан Қытай Халық Республикасының еңбек нарығын саралап көрейік.
Қытайдағы қарқынды экономикалық өрлеудің соңғы 30 жыл ішінде айтарлықтай адамдардың өмір сүру деңгейі жоғарылады, адами потенциалдың даму мүмкіндіктері кеңейді. Дегенмен, бүкіл ғаламшар адамдарының бестен бір бөлігі тұратын мемлекет алдында көптеген мәселелер тұр, олардың ең маңыздысы – әлеуметтік мәселелер. Қазіргі кезде Қытай келесідей әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тап болды: қарқынды дамыған, бірақ жеткілікті түрдегі бай емес экономика жағдайында өсіп келе жатқан жұмыссыздық; халықтың қартаюы және ұлғайып келе жатқан зейнеткерлерге қалыпты тұрмыс жағдайын кепілдендіру керектігі; ауылдардың көптеген экономикалық, саяси, мәдени дамудың көрсеткіштері бойынша артта қалуы; қоғамның тұрақсыздығына әкеп соғатын өсіп келе жатқан әлеуметтік қабаттану.
Мао Цзэдун тұсында Қытай халқы шамамен екі есеге дейін өсті. Халықтың өмір сүруін тек қамтамассыз ету емес, сонымен қатар оның өсуін шектеу қажеттілігі туды. ҚХР тууды жоспарлау саясаты көмегімен халық санын реттеу жолын таңдады және белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді, кейде барабар емес әдістермен болса да. Қытайлық зерттеушілердің санамалауынша, халық санының өсуін бақылаусыз соңғы 30 жыл ішінде қосымша 300 млн. адам туушы еді.
Ғалымдардың 1990 жылдардың аяғында жасаған жорамалдарға сәйкес, ХХІ ғасырдың ортасына қарай елдегі халық саны 1,5 млрд. адамға жетеді және одан асады. Алайда, қазіргі кезде АҚШ-тың ОББ-ның бағалауынша, Қытай халқының саны қазірдің өзінде 1,5 млрд. адамға жеткен. Қытай статистикасының мәліметінше, халық саны 2005 жылы 1,3 млрд. адамнан асқан.
Дәстүр бойынша мемлекеттің сәтті дамуындағы маңызды көрсеткіші болып халықтың жұмыс бастылығы саналады. Жұмыс орындарын ұсыну – жақын уақыттағы Қытай үкіметінің маңызды мақсаты. Экономикалық өсудің жақсы қарқынына қарамастан, халықты толыққанды (шынайы) жұмыс бастылықты қамтамассыз ету мүмкін болмай отыр. Болжамдарға сенсек, жұмыс күшінің саны 2030 жылы 772,8 млн. адамға дейін жету керек. Алайда 2005 жылдың өзінде жұмыс бастылардың саны болжанғаннан асып түсіп, 778,8 млн. адамды құрады, оның ішінде 45%-ы аграрлық секторда, 24%-ы өндіріс пен құрылыста, 31%-ы қызмет көрсету саласында. Қаладағы жұмыс басты адамдар саны 273,3 млн.
2005 жылы қалада ресми жұмыссыздық 4,2%-ды құрды және қазірге дейін өзгермей келеді. 1999 және 2000 жылдары бұл көрсеткіш 3,1%-ды құрады, сонан кейін 3,6%-ға өсті, бір ескеретіні, бұл жағдай экономика 7,5 және 8,4%-ға өскен кезде орын алды. Халықаралық стандарттарға сай жұмыссыздық 5-6%-тен аспауы керек. Мұндай көрсеткіштер кезінде толық жұмыспен қамтылды деп саналады. Қытайда жұмыссыздықтың ресми көрсеткіші тек қала үшін ғана белгіленген, алайда ол шынайы жағдайды көрсетпейді. Қытайлық экономистер қала үшін 14%-дан асатын жұмыссыздық деңгейін келтіреді (ал қалалықтар барлық халықтың 42,3%-ын құрайды). Ауылдық жерлерде жұмыссыздық одан да көп.
Жұмыссыздыр санатына ресми түрде жұмыссыз деп тіркелген тұлғалар кіреді, ал 1999 жылдан бастап мемлекеттік кәсіпорындардан қысқартылған қызметкерлер («сяган») жұмыссыздық бойынша төлемақы алып отырады, бірақ жұмыссыздыр қатарына кірмейді. Ресми түрдегі жұмыссыздардан бөлек қалаға қаржы табуға келген шаруалар бар. Бұл адамдар «жұмыс басты» да, «жұмыссыз» да болып саналмайды, себебі ауылдағы жұмыссыздық туралы мәліметтер жоқ, ал қалалық тұрғындар қатарына олар кіргізілмеген.
Қытайда жұмыс істемейтіндер бірнеше топтарға бөлінген. Қалада жұмыссыз деп жұмыстан шықан және жұмысқа жарамды тобына өткеннен кейін бір ай ішінде жұмыс таппағандар саналады. 24 айдан кейін бұл адамдар жұмыссыз деп саналмайды және жұмыссыздық бойынша төлемақы ала алмайды (олар тіпті жұмыс таппаса да).
Басқа топ ол «сяган». Кейінірек «мемлекеттік мекемелерден қысқартылғандар деген» сөз орамымен емес, осы терминді қолданамыз, себебі Қытайда қысқартылған қызметкерлердің бірнеше түрі бар, және олардың бәрін «сяган» ұғымымен атайды. «Сяган» санатына өткен адамдарды жұмыспен қамту «қазіргі кәсіпорындар жүйесінің» құрылуына байланысты парасатты сипатқа ие болды, уақыттың ерекше құбылысы болды. 1998 жылдағы зерттеулердің мәлеметтерінше, «сяган» саны бойынша бірінші орында Ляонин провинциясы тұр, онан кейін Хэйлунцзян, Хунань және Хубей тұр, яғни алдында елдің индустриалды базасын құрған, ірі мемлекеттік кәсіпорындары бар провинциялар.1998 жылы қалаларда 12,19 млн. «сяган» болды, оның ішінде қайта жұмысқа орналасқандар 6,09 млн. – шамамен 50%. Басқа ақпараттар бойынша, 1998-2003 жылдары «сягандардың» жалпы саны 28,2 млн. болған, оның 4,5 млн. жұмыс тапты.
«Сягандардың» арасында көбі орта жастағы тұлғалар, әйелдер, төмен деңгейлі білімді қызметкерлер, техникалық машығы төмен адамдар, еңбек нарығында әлсіз бәсекелес еңбеккерлер.
Жас ерекшелігіне қарай, мысалға, Пекинде «сяган» 25 жастан төмендердің үлесі 6%, 26-35 жастағылар – 29%, 36-45 жастағылар – 46%, 46-дан жоғары жастағылар – 19%, Аньхой провинциясындағы 31-ден 40 жасқа дейінгі «сяган» 47%-ды құрайды. Пекин мен Шанхайда «сягандар» арасындағы әйелдердің үлесі – 55%.
Шеньянда «сягандар» арасында 76% орта және бастауыш білімді, 4 жоғары білімді жұмысшылар бар; Пекинде сәйкесінше 57 және 30% орта және жоғары білімді жұмысшы саналады; Аньхойда - 54% бастауыш және орта білімді жұмысшы; Грандун провинциясында - 70%.
Қала және ауылдық кәсіпорындарда «сягандардың» жартысын техникалық құрам құрайды, оның 2/3 бөлігі – төменгі сатыдағы жұмысшылар. Жұмыссыз болып бәсекеге қабілетсіз жұмысшылар қалып отырады. Мемлекеттік кәсіпорындар қысқартылғандардың басым көпшілігін төмен тұрмыс жағдайына дейін мәжбүрлейді. Қысқартылғандардың басым көпшілігінің дәл сондай немесе жақсырақ жұмыс табуына мүмкіндіктері жоқ. Қайтадан жұмысқа тұру үшін қосымша дайындықтан өту керек. «Сягандардың» барлық категориялары үшін бұл материалдық жағдайы, денсаулық, психологиялық, жас шамасы жағдайы үшін оңай нысан. Жұмыстан шыққан соң «сяган» бұрынғыдай үкіметтік қолдауға сенеді.
Үкіметтің «сягандарды» жұмысқа орналастыру жолындағы барлық жұмыстарына қарамастан, шамамен 50% қысқартылғандар әлі де болса жұмыссыз қалып отыр. Зерттеулердің мәліметтеріне сенетін болсақ, жұмысқа орналасқан «сягандардың» көбі өздеріне өзі жаңа жұмыс орындарын тапты. 41% «сяган» өз күшімен жұмысқа орналасты, 22%-ы өз кәсіпорындарын ашты, 25%-ы үй қызметтерін көрсетеді, 2%-ы қолөнер өндірісімен шұғылданады, 2%-ы жұмыс күші құрамынан шыққандар, қалған 8%-ның қайта жұмысқа орналасуы әлі де кепілденбеген.
Формальді көрсеткіш құрамына ең көп санды жұмыссыздар тобын енгізбейді. Осыдан елдегі шындыққа сай келмейтін толыққанды жақсы жағдайда екендігі туралы сыңай танылады. Экономикалық өрлеуге қатысты азаймай келе жатқан, одан бөлек ресми бақыланбайтын жұмыссыздық көп халқы бар ел үшін зор қаупі бар құбылыс болып табылады.
Болашақта басты мәселе болып жұмыс істемейтіндердің қатарын толтырып келе жатқан шектен тыс ауылдан келетін үшінші деңгейлі жұмыс күшіне жұмыс беру алға шығады. Дегенмен, қазірдің өзінде жерсіз шаруалар тек басшылық үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел үшін алаңдататын мәселе болып тұр. Ел ішінде қаржы табу мақсатымен сандалып жүрген 100 млн. адамның қозғалысы назар тыс қалмайды. Мысалы, жыл сайын Сычуань, Аньхой провинциясынан 10 млн. адам, Хэнань, Хубей, Хунань провинцияларынан бірнеше миллион жұмысшы қаржы табу үшін жақсы дамыған шығыстағы көл жағалауындағы провинцияларға барады. Гуандун провинциясы шамамен 20 млн. адамды қабылдайды. Шанхай және Пекин сияқты ірі қалалар бірнеше миллион адамнан қабылдайды. Ауылдық көшіп-қонушылардың жартысы өз провинциясы ішінде жүреді.
Қазір оларды ресми атайтын қаржы табуға «қалаға ауылдан келген жұмсшылардың» санының түрлі бағалауы бар. Бағалау бойынша, ХХІ ғасырдың басында ауылдан келген жұмысшылардың саны 94 млн. адамды құрады. Халық санағының мәліметі бойынша – 120 млн. адам. Одан өзге ауылдан қалаға келетін жұмыс күшінің жылдық ағысы 4-5 млн. адамға жетеді.
Қалада шамадан тыс жұмыс күші негізінен құрылыста, жүк тиеуде, көлікте, жинау жұмыстарында, ұсақ тұрмыстық қызмет көрсетуде, қолөнер шаруашылығында істейді. Бір топ халықтың жұмыс жағдайы жайлы берген мәліметтері бойынша, 2001 жылы олардың 8,4%-ы аптасына 5 күн жұмыс істесе, 18,1%-ы – 6 күн, 73,5%-ы – 7 күн; 55,5%-ы – күніне 8 сағат, 35,3%-ы – 9-12 сағат, 9,2%-ы – 13 сағаттан көп істеген.
Бір жағынан, көшіп-қону мемлекет үшін кірісті. Шектен тыс жұмыс күшінің орын ауыстыруы қалаға да, ауылға да ұтымды. Қала салық, тұтынушылық шығындар түрінде кіріс табады (жылына 80-100 млрд. юань), ауыл – алынған капитал түрінде (жыл сайын 120 млрд. юань). Егер осы халықтың үйінен ақша табу орнына дейін жүрген жолына кеткен көлік шығындарын ескерсек, онда олар жалпы алғанда ішкі жалпы өнімнің зор өсімін береді. Басқа жағынан, ауылдан көшіп елгендер ешқандай өзінің өмірі жайлы кепілдігі, ертеңгі күніне деген сенімі жоқ, себебі бүгін бір құрылысқа тоқтағанда, олар келесі күні басқа жұмыс немесе тұрақ іздеу керектігін білмейді. Халық саны көбейген кезде жұмыссыздық көбейе түспек. Зерттеушілер мен үкіметке бұл айтарлықтай қауіпті көрінеді. Соңғы рет туу санының шыңы 1986-1998 жылдары болған. Сол кезде халықтың жыл сайынғы өсімі 14 млн. адам болған. Осылайша, жұмысқа қабілетті адам саны әлі де айтарлықтай қарқынмен 2013-2020 жылдарға дейін өседі.
Экономист Ху Аньганның бағалауынша, қалада жұмыссыздық салдарынан ІЖӨ-нің 7-8%-ы жоғалады. Мысалы, 2000 жылы қаладағы іс жүзіндегі жұмыссыздық 8,3% деп бағаланды, және ІЖӨ-нің 7,4%-ның жоғалуына алып келді. Ауылдық жерде шамамен 40% тұрақты жұмысы жоқ, ал ол ІЖӨ-нің потенциалды көлемінің 20-33%-ын жоғалтады.
Жұмыссыздық, өндіріс құрылымының өзгеруі әлеуметтік қабаттануды және әлеуметтік тұрақсыздықты, еңбеккерлік бәсті, қылмыскерлікті туғызады. 1998-2000 жылдары осындай келеңсіз жағдайларды шешуге 3 197,1 млрд. юань жұмсалған, ол орташа ІЖӨ-нің жылына 7,2%-дың жоғалуына сәйкес. Формальді секторда жұмыс табудың мүмкін болмауы көлеңкелі экономиканың кеңеюіне септігін тигізеді.
Әдебиеттер
-
Бейсенов С. Рынок труда // Экономика и жизнь - 1992 г. - № 3.
Труд Казахстана журнал // -2009 ж - №5
Достарыңызбен бөлісу: |