Scratch ортасындағы mblock бағдарламасын қолданудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата17.11.2023
өлшемі1.13 Mb.
#483542
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Ясауи университетінің хабаршысы №2, 2023-314-328

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№2 (128), 2023
 
322 
боялған. Scratch терезесінен айырмашылығы робототехникаға байланысты көк түспен 
берілген Robots командалары бар. Бұл mBlock программасының балаларға көрнекі 
тартымдылығын қамтамасыз етеді және Scratch-пен ұқсастығы тереңірек меңгеруге ықпал 
етеді. Команданы дұрыс таңдау үшін балаға алдымен ол қандай түсті немесе қандай қызмет 
атқаратынын және сәйкесінше нені орындайтынын, қандай блокқа жататындығын еске 
түсіруге жеңіл.
mBlock – әртүрлі микроконтроллерлерді бағдарламалауға мүмкіндік беретін танымал 
Scratch негізіндегі визуалды бағдарламалау ортасы болып табылады. Arduino – DIY (Do It 
Yourself (Өзің жаса!))
электроникасын құруға арналған ең кең таралған микроконтроллер. 
Микроконтроллерлер тек ересектерге ғана емес, балаларға да қолжетімді болып келеді. 
Scratch негізіндегі графиканы әзірлеу құралдарының негізінде Arduino-мен қажетті жұмысты 
орындауға үйрету оңайырақ болды.
Жас өнертапқыштар өздерін компьютерлік ойындарды бағдарламалаушы-әзірлеуші 
рөлінде сезіне алады. Жас ұрпақтың инженерлік білімі мен техникалық шығармашылығы 
алдағы жылдарда ерекше маңызды сала бола беретіне бекер емес.
mBlock балаларға блоктар немесе коды бар ойындар мен анимацияларды жасауға ғана 
емес, сонымен қатар роботтар мен қалаған тақталарды пайдалануға, оны бағдарламалауға 
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, балалар жасанды интеллект және mBlock көмегімен заттар 
интернеті сияқты озық технологияларды пайдалана отырып, жобалар жасай алады. 
программалық құрал мен роботтардың үйлесімі кодтауды үйренуді қызықты етеді. mBlock 
көмегімен оқушылар роботтарды елестете алатын кез келген тапсырманы орындау үшін 
бағдарламалай алады. Нақты әлемде кодтау нәтижелерін хабарлау арқылы біз оқушылардың 
кодтауға деген қызығушылығын сақтап, қанағаттану сезімін қалыптастырамыз деп 
үміттенеміз. Сонымен қатар, mBlock мұғалімдер мен оқушыларға өздерінің бірегей 
идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндігі зор. 
mBlock бұл жасанды интеллектке (AI) кіріспе ретінде геймификацияға негізделген оқу 
құралы. Геймификация – ойын элементтерін, ойыннан тыс жағдайда қолдану болып 
табылады. IoT қолданбасынан жасалған физикалық әлемдегі mBlock жобасы, бұлттық 
қызметті пайдалана отырып IoT (Заттар интернеті) туралы білудің жолы. 
IoT «Заттар интернеті» – құрылғылардың арасында және әртүрлі ақпараттық 
жүйелердің арасында деректер беруді, жинауды және талдауды қамтамасыз ететін 
бағдарламалар кешені бар кез келген көптеген құрылғылар жиынтығынан тұратын желі [16]. 
Оқушыларға IoT (Заттар интернеті) туралы білудің ең жақсы жолы – оның нақты 
өмірде қалай жұмыс істейтінін көру. Роботтарды немесе электронды модульдерді пайдалана 
отырып, ауа райы туралы есеп, өсімдіктерді суаратын автономды робот және ақылды 
жарықтандыру сияқты қызықты жобалар жасалады.
Бағдарламалық ортадағы циклдар әртүрлі командалармен көрсетіледі. Олар шекті
шексіз және белгілі бір шарттармен шектелген болуы мүмкін. Кірістірілген циклдармен 
жұмыс жасау мүмкіндігі жүзеге асырылады. Бағдарламалық ортада тармақталған 
алгоритмдер құру қарастырылған. Осы мақсатта толық және қысқа тармақталу формалары да 
бар. Айнымалыларды, операторларды және сенсорларды кең көлемде пайдалану ұсынылған.
Барлық командалар сәйкес блоктарға енгізілген. Бұл орта буын оқушылары үшін өте 
қолайлы, өйткені ол бағдарламалаумен тәжірибе жасауға үлкен мүмкіндік береді. Блоктардан 
программа құрастыру үшін, оларды командалар өрісінен жұмыс өрісіне жәй сүйреп апару 
жеткілікті. 
Орта буын 8 сынып оқушыларына арналған «Scratch+Arduino негізіндегі mBlock 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет