Scratch ортасындағы mblock бағдарламасын қолданудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата17.11.2023
өлшемі1.13 Mb.
#483542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Ясауи университетінің хабаршысы №2, 2023-314-328

 
 


ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№2 (128), 2023
 
318 
Зерттеу әдістері 
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми нәтижелер мен республикадағы алдыңғы қатардағы 
педагогикалық тәжірибелер мен орта мектептің оқыту жағдайын талдау; сауалнамалар 
жүргізу; орта мектепте STREAM технологиясымен оқыту әдістемесін құру және жүзеге 
асыру; математикалық статистика әдістерін қолданып эксперимент нәтижелерін жинақтап, 
тиімділігін анықтау. 
 
Талдау мен нәтижелер 
Бірінші міндет бойынша «Білімді ұлт – сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту 
туралы қаулысында 2025 жылы STEM (science, technology, engineering and mathematics) 
пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі 57% болу 
қажеттілігін міндеттейді. Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясы «STEM білімді енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» енгізіп, бұл 
әдістеме оқушылардың нақты оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған [5].
Орта мектепте IT сынып кабинеттері STEM негізінде аппараттық және бағдарламалық 
қамтамасыз етілгендіктен факультатив сабақтар осы оқыту бағытында жүргізіліп талданды. 
Әлемнің алдыңғы қатардағы елдерінде STEM орталықтары құрылған. Бұл 
орталықтардың әрқайсысы оқушыларды жарқын болашақта өз даралығын көрсете отырып
жоғары технологиялар саласынан мамандық таңдауда ынталандыруға тырысады. (Bureau of 
Labor Statistics, BLS) статистикалық бюросы STEM білім берумен байланысты кәсіптердің 
жыл сайынғы өсуін болжайды [6].
Тақырып бойыншаScopus және WebofSciences деректер қорындағы журналдарды соңғы 
жылдары көптеген мақалалалар жариялануда, оның ішінде мектеп оқушыларына STREAM 
технологиясын білу қажеттілігі туралы мақалалар бар: 

Scratch бағдарламасы mBlock көмегімен негізгі бағдарламаның демонстрациясын 
жасауда қолданылады. Бұл тақырып бойынша орта мектепте оқу материалдарын әзірлеу екі 
әдіс бойынша құрастырылады, біріншісі – бұл қазіргі технология мен инжиниринг, ал 
екіншісі пәнаралық сипатқа ие болғандықтан STEAM технологиясымен құрастырылады 
(Makeblock Co., 2021) [7]. 

Arduino аппараттық құралының алғашқы пайда болуы 2005 жыл, ал жалпыға қол 
жетімді Scratch бағдарламалық жасақтамасы 2007 жылы пайда болды. Arduino аппараттық 
құрал мен Scratch бағдарламалық жасақтама екеуін бірге қолданған, алғашқы жарияланған 
мақалалар 2014 жылы жарық көрді. Бұл бағдарламалық жасақтамалар орта мектепте 
қолдануға ыңғайлы (Aamir Fidai, Mary Margaret Capraro, Robert M. Capraro, 2020) [8]. 

«Есептеу ойлауын дамытудағы және есеп шығарудағы технологиялық жоба» атты 
мақалада технологиялық жобалардың қызметі Arduino тақтасы, mBlock бағдарламалық 
құралы және электронды сенсорлар сияқты технологиялық ресурстарды пайдалана отырып 
әзірленген құрал, білім алушылардың есептеуіш ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететіні 
көрсетілді (Paucar-Curasma, Villalba-Condori, Jara, Llamoca, Tovar, Malpartida, 2022) [9]. 
Білім берудегі цифрлық технологиялар оқытушыдан үздіксіз педагогикалық
әдістемелік, тәрбиелік қызметті жүзеге асыру, цифрлық құзыреттерді үздіксіз дамыту және 
толық жетілдіру үшін жоғары деңгейдегі кәсіптік даярлықты талап етеді. Бұл заманауи 
мұғалімнің кәсіби қызметінің негізі [10]. 
Scratch+Arduino аппараттық бағдарламалау негізінде құрастырылған mBlock ортасына 
инженерия және математика ғылымдарын ұштастырып, оқушылардың орта мектепте 
құрастырған жобалары (қосымша, қолданба) кез келген бағыттағы IT саласының маманы 
болуға бағыт береді. 
Мұғалім міндетті адал, сүйіспеншілікпен атқарғанда ғана бұл мамандықтың мәртебесі 
өседі. Шебер педагог дәрежесіне жетудің сыры, сабақтан тыс қосымша сабақтарға уақыт 
бөлу, бағыт беру, оқушының ішкі күшін оятуға тырысу. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет