ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №2 (128), 2023
320
1-кестенің жалғасы
1
2
3
E (engineering)
Оқушылар қандай жоба
(өнім) жасайды?
4×4 мембраналы KeyPad-та қарапайым шифрланған
қауіпсіздік кілт қосымшасына үш рет кодты қате
енгізгенде жеке сандық нөмірді сұрайтындай өнім
жасайды.
A (arts)
Оқушы қандай көркем-
өнер құралын
дамытады?
Шифрланған қауіпсіз кілт жобасының электр
схемасын
tinkercad
кроссплатформа
бағдарламасында моделін сызу.
M (mathematics)
Қандай элемент оқушы-
ның математикалық
ойлауын дамытады?
Логикалық шартқа байланысты Pin қолданыстары.
Massachusetts Institute of Technology зертханасында әзірленген, Scratch бағдарламалау
ортасымен жұмыс жасау, біздің елімізде 1–4 сырыптарда оқу үрдісіне енгізілген. Блок
арқылы код жазып, көрнекі жоба құру үшін қолданады. Бұл бағдарламалық қамтамасыз ету
ортасы бүкіл әлемге тегін таратылады. Ақпарат көздерінен Scratch жобалары 150 елде
жасалғанын және 40-тан астам тілде қолжетімді екенін білуге болады. Бұл бағдарламалық
өнімнің маңызды артықшылығы, сыртқы қарапайымдылықтың астарында жатқан алгоритмді
дамытудың қуатты құралы болып табылуында.
Информатика пәнінен бастауыш сыныпта меңгерген бағдарламалауды, орта буында
қосылған физика математика жаратылыстану пәндерінен меңгерген білімін ұштастырып
Scratch негізіндегі mBlock бағдарламалау ортасына Arduino аппаратық құралын қолданып
факультатив сабақтар жүргізуге болады.
Scratch – иллюстративті (суреттелген) көпплатформалы тегін бағдарламалық
қамтамасыз ету ортасы және сондықтан оны мектепте де, негізгі білім беру шеңберінде
сыныпта да қолдануға болады мектептен тыс жұмыстармен немесе мектеп оқушыларына
қосымша білім беру шеңберінде, жылдам нәтиже ала отырып, бағдарламалау негіздерімен
танысқысы келетіндер ойындарды, интерактивті оқулықтарды, шығармашылық жобаларды,
түрлі процестерді бейнелейді. Бұл тегін бағдарламалық құрал болғандықтан, ата-анадан
қаржылық шығындарды талап етпейді және үйде пайдалануға болады [12].
Arduino жылдар бойы 100-ден астам аппараттық өнімдерді шығарды: тақталар,
қалқандар, тасымалдаушылар, жинақтар және басқа керек-жарақтар. Arduino IDE 2.0 -
өнімділігі жоғарылаған, жақсартылған пайдаланушы интерфейсі және автотолтыру,
кірістірілген отладчик және Arduino Cloud көмегімен эскиздерді синхрондау сияқты көптеген
жаңа мүмкіндіктері бар классикалық IDE ортасы [13]
mBlock – Scratch 3.0 және Arduino кодын пайдаланатын STEAM курстық
бағдарламасы, балаларды өз ойындары мен анимацияларын жасауға үйрету. Блоктық және
мәтіндік бағдарламалау тілдерінде қол жетімді. mBlock бағдарламалау дағдыларын
жақсартқысы келетіндер үшін программалау, дизайн және бағдарламалық қамтамасыз ету
қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ, балалар жасанды интеллект және mBlock көмегімен заттар
интернеті сияқты озық технологияларды пайдалана отырып жобалар жасай алады [14].
Информатика пәнінен факультатив сабақта STREAM технологиясы арқылы mBlock
программалау ортасын оқыту күнтізбелік тақырыптық жоспарда көрсетілгендей кез келген
жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілін үйренуге дейінгі, оқушылар алгоритмдік құрылым
туралы түсінік алады. Қазір көптеген оқушылар, ерте жастан бастап, барлық SMART
құрылғылармен қамтамасыз етілген. Компьютерлік технология креативті салаларға
бағытталғанын ескере отырып, біз иллюстрацияланған бағдарламаларды қолдану кезінде
(Arts-өнер) шығармашылық қабілетін дамыта аламыз. Оқушының білімге өз бетінше
ұмтылуына, Reading/Writing (оқу мен жазуға бейнеленген ойлау дағдылары) қосымша әдеби
|