ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №2 (128), 2023
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
321
шығармаларды оқып түсінгенін жазып-түртіп алуын, оқушының әрі қарай зерттеуді жылдам
жүргізуге, яғни оқушының ынтасын арттырып тез аралықта нәтиже алудың құралы болу
қажет екендігін уақыт талап етіп отыр. Сондықтан, алгоритмдеуді іске асырудың
күрделілігінен қорықпай бағдарламалау мүмкіндігін ұсынатын құрал – қабілетті
бағдарламалық орта қажет. Факультатив сабақ атауы «mBlock программалау»
ортасы
STREAM білім беру арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.
Балалар қызықты мультимедиялық оқу сабақтарының тепе-теңдігінен пайда
көретіндіктен, негізгі идея – балаларды білім алу кезінде осындай іс-шараларға тарту» [15].
Бұл факультатив сабақ жобалап оқыту технологиясына негіздеп құрастырылды.
Жобалау іс-әрекетінің бағдарламасы әр сабақта әр оқушы өзінің шағын жобасын құрастырып
жасайды және нәтижеге қол жеткізгенде ынталану, табысқа жету, жағдайын бастан кешіреді.
mBlock бағдарламалық жасақтама ортасы алгоритмдік ойлауды дамытуға және
программалық дайындыққа арналған барлық қажетті конструкцияларды қамтиды.
Инженерлік білім берудің басты құралы ретінде қарастырылған (1-сурет).
1-сурет – mBlock бағдарламалық жасақтама ортасы
Scratch бағдарламасында басты кейіпкер – Scratch (тырнауыш) болса, mBlock
бағдарламалау ортасында басты кейіпкер – M-Panda. программа терезесінің ең жоғарғы мәзір
жолағында File, Edit, Connect, Boards, Extensions, Language, Help бұйрықтары орналасқан.
Көмек сұраудан кейін, қолданатын тілді таңдауға (қазақ тіліге аударылмаған) болады.
Кеңейтілімде джойстик, 4x4 пернетақта, SMART Servo, т.б. жүктеп алып, баптау
қарастырылған. Тақтада Arduino-ның сәйкес түрлерін белгілеуге мүмкіндік бар. Порт
сериясы арқылы құрған блок кодтармен, дереккөздермен байланысады. Файлды жаңадан
құруға, компьютерден жүктеуге, сақтауға мүмкіндік береді. mBlock терезесінің аспап
қойындыларында скрипттер, костюмдер, дыбыстар құрал-саймандарымен берілген. Скрипт
қойындысында командалардың әрбір блогы өз атауымен, және сонымен қатар өз түсімен
|