Scratch ортасындағы mblock бағдарламасын қолданудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата17.11.2023
өлшемі1.13 Mb.
#483542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Ясауи университетінің хабаршысы №2, 2023-314-328

Ключевые слова: STEM, STREAM, основа Scratch, программирование mBlock, 
Arduino, информатика, образование. 
 


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№2 (128), 2023
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
317 
Кіріспе 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы дамыту 
тұжырымдамасында білім беру жүйесін цифрландыру туралы: «Әлемдік қоғам 
эволюциясынан кейін білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да өзгереді. Дәстүрлі 
модельдерді бірлесіп шешім қабылдауға негізделген жаңалары тез алмастырады, мұнда оқу 
процесі мен академиялық үлгерімнен басқа оқушылардың көңіл-күйі де маңызды. Қазіргі 
заманғы оқыту әлемдегі өзгерістердің динамикалық және болжанбайтын сипатын сөзсіз 
ескереді. Сондықтан жауапты білім беру жүйесін дамыту жастарға өзгерістерге бейімделуге, 
жетістікке жетуге және тіпті болашаққа әсер етуге көмектеседі. Мұндай жаңа бағыттарға 
эмоционалды интеллект, шығармашылық ойлау және ынтымақтастық кіреді» [1] деп атап 
көрсетілген.
Сондықтан, мектеп оқушыларын заман талабына сай дара тұлға қылып қалыптастыру 
басшылыққа алынады. Ол үшін үздік білім беру әдістерін зерделеуіміз қажет. 
Адамның дамуы туралы есебінің (Human Development Report) құрамдас бөліктерінің 
бірі – білім индексі болып табылады. Human Development Report соңғы 2020 жылғы әлемдік 
рейтингінің деректері бойынша 189 елдің арасында 51-орынды иеленген және адами әлеуеті 
жоғары елдер тобына кіреді [2].
ICILS (International Computer and Information Literacy Study) – 2018 халықаралық 
компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты зерттеу рейтингіcі бойынша Қазақстан 
Республикасының оқушылары 395 ұпаймен 14 орынды иеленген. Бұл төменгі нәтиже [3].
Біз білім берудегі осы нәтижелерді ескеріп, жаңа заманауи оқыту әдістері мен алдыңғы 
қатардағы елдердің үздік білім беру тәжірибелерін пайдалануымыз қажет. 
Компьютердің инженерлік іспен байланысты мамандықтары және кәсіптері ең жылдам 
өсіп келе жатқан жоспарлы мамандықтар болып табылады. АҚШ, Канада, Австралия, 
Гонконг, Финляндия, Германия, Ұлыбритания, Швеция елдері STEM (science, technology, 
engineering and mathematics) білім беруді белсенді жүргізіп келеді. Бұл елдерде STEM-нің 
дамуын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органдар бар [4].
STEM-ғылым, технология, инженерия, математиканың білім берудегі рөлін күшейту 
болса, STREAM-ғылым, технология, инженерия, математиканың білім берудегі рөліне 
қосымша оқу мен өнерді қосып, бейнеленген ойлау дағдыларын қолдану болып табылады. 
Дереккөздерде, соңғы кезде, ғылым мен техниканың дамуымен қатар жасампаз индустриялар 
да дамуда. Кез келген жаңашылдық мәселені шешуге арналған жасампаз көзқарасты 
ұсынады, ал жасампаздықтың кілті Reading (оқуға бағытталған ойлау дағдылары) және Arts 
(өнер) білім беру болып табылады. Сондықтан әлемдік тәжірибеде STEM-нен STREAM-ге 
білім беруге белсенді қозғалыс жүріп жатыр. 
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, STREAM технологиясын информатика пәнінің 
бағдарламалау бағытына қолдануға болады. Scratch+Arduino негізінде құрастырылған 
mBlock бағдарламалау ортасына қолданып оқыту әдістерін дамыту мүмкіндігі жоғары.
Зерттеу мақсаты: Орта мектепте STREAM оқыту әдісінің ерекшелігін анықтау. 
Аталған мақсатқа жету үшін, мынадай міндеттер қойылды. 
1) Республикалық деңгейде орта мектепте STREAM оқыту әдісінің оқыту жағдайларын 
анықтау мен тәжірибесін талдау. 
2) Scratch+Arduino аппараттық-программалау негізінде құрастырылған, mBlock 
ортасына инженерия және математика ғылымдарын ұштастырып, оқушылардың жүйелі 
ойлау қабілетін қалыптастыратын жоба құруды үйрететін оқу программасын әзірлеу; 
3) Құрастырылған оқу программасы бойынша IT сыныптың факультативтік сабағын 
жүргізу арқылы STREAM оқыту әдісінің тиімділігін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет