Жерлерді бағалық аудандастыру мемлекет жүргізетін салық, баға саясатын жүргізу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша шараларды жасау, жер мониторингі, кадастрі, қорларын басқару бойынша бірыңғай ақпараттық-есептеу жүйесін құру үшін жерлердің сапасын, бағасын білуге қажет дұрыс материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағалық аудандастыру ауыл шаруашылық жерлерінің нормативтік бағасын анықтау бойынша есептерді азайтуға және жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Бөлімге сұрақтар Жерді экономикалық бағалау деген не?
Жер учаскесінің орналасуы оның бағасына қалай әсер етеді?
Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау қай мақсаттарда жүргізіледі?
Жерлерді экономикалық бағалаудың қандай негізгі көрсеткіштері болады?
Дифференциалдық пайда деген не?
Шығындар орнының толтырылуы деген не?
Жыртылатын жерлердің экономикалық бағалауы қалай жүргізіледі?
Мал азықтық табиғи алқаптарын бағалаудың ерекшелігі неде?
Нормативтік бағаны есептеу әдістемесінің ерекшелігі неде?
1 – Қосымша - Терминдердің түсінігі
Меншіктің абсолюттік құқығы: ешқандай басқа тұлғаның жерге басқару құқығы жоқ меншіктің шартсыз құқығы.
Сот тәртібінде мойындау: жерге және меншікке құқық ресми түрде белгіленетін процесс.
Бағалау: меншіктің нарық құнын анықтау.
Салық салу: меншіктің салыстырмалы нарық құны негізінде алынатын салық мөлшерін анықтау.
Құқықты табыстау: бір тұлғадан басқаға меншік құқығын беру. Мысалы, жалға алу немесе кепілдік туралы куәлік негізінде.
Жер кадастры: жер учаскелері туралы ақпарат және тіркеу жүйесі.
Заң кадастры: жер учаскесі иесінің және пайдаланушының құқығын заңды түрде тіркеу.
Сервитут: басқаның /сервитутпен ауыртпалықтанған мүлік құқығынан басымдылығы бар жер иеленушінің басым учаске/ құқығы; біреудің мүлігін пайдалану шектеулі құқығы.
Меншік: құқық тұрғысынан жылжымайтын мүлікке меншік құқығы.
Экспроприация: орнын толықтыруға айырбасталған қинау түрінде меншікті алып қою.
Салықтанатын құн: салық салу мақсатында пайдаланатын жылжымайтын мүліктің құны.
Фригольд: жерді иелену шегінде иесіне мүмкінінше ең көп құқықтар берілгендегі, жалға алынған жер меншігінен айырылатын, толық жер меншігі.
Геодезиялық тор: жер бетінде жайлары дәл анықталған пунктердің кеңістік жүйесі.
Геоақпараттық жүйе: кеңістік сипаттамаларын пайдаланып, жер туралы мәліметтерді жинау, сақтау, тексеру, қорыту және беру жүйесі.
Ипотека: Меншік қарыз алушы тұлға иелігінде қалатын қаржылай несие алу мақсатында мүлікті кепілдікке беру.
Жер: жер беті үстіндегі ауа, материалдар және топырақпен байланысты барлық объектілер.
Жер учаскесі: меншіктің гомогендік құқығы тарайтын және бірыңғай меншік болып келетін жер учаскесі.
Жер реформасы: жерді пайдалану, иелену сапасындағы өзгерістермен байланысты әртүрлі процестер.
Жер кадастры: құқық титулын табыстау туралы құжаттарды тіркеу үшін пайдаланатын публикалық кадастр.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану: жерді экологиялық және экономикалық тұрғыда ресурс ретінде пайдаланумен байланысты әрекет.
Жерді иелену: жерге құқықты жүзеге асыру формасы.
Жерді табыстау: жерге меншік құқығын беру.
Жер учаскелерін тіркеу: құқықтық титулды табыстау бойынша құжатты тіркеу формасында немесе жерге меншіктік құқықты тіркеу жолымен жерге құқықтарды тіркеу процесі.
Жер құны: әртүрлі әдістермен анықталатын меншіктің құны.
Жалға алу құқықтарында иелену: келісілген сомаға және белгіленген уақыт кезеңіне айырбас ретінде жер иесі жер иелену құқығын жалға алушыға беру келісіммен жалға алу негізінде жерді иелену.
Нарық құны: бәсеке және ашық нарық жағдайларында ақшамен көрсетілетін жылжымайтын мүліктің ең ықтималды сату бағасы.
Шекаралар /описание/: бөлуші сызықтар /межа/ бағыттары және ұзындақтары, жанама учаскелер аттарының көмегімен жер учаскесін бейнелеу.
Графақұрушы: карталарды, диаграммаларды салу үшін қолданатын құрылғы.
Бұрынғылық: бұрынғылық күшінде құқыққа ие болу .
Құқықты жеке табыстау: жерге құқықты бөлуді публикалық тіркеусіз беру.