Кәсіпорындар мен ұйымдар
Заңды тұлға – шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға, оқшауланған мүлікке меншіктік құқығы бар және осы мүлігіне өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өзінің атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер сатып алуға және жүзеге асыруға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындар - қызметкерлердің тізімдік саны орташа жылдық есеппен 100-ден аспайтын (қоса атқарусыз) өздерінің қызмет түрін коммерциялық негізде жүргізетін әділет басқармасында тіркелген және статистикалық регистрге кіргізілген заңды тұлғалар.
Қызметкерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерден басқа, келісім мерзіміне байланысты емес жеке еңбек шарты бойынша қабылданған тұлғалар саны.
Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс қосылған құн салығын, акциздерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлар құнын, сатып алушыға ұсынылған сатудан шегерім мен бағаны түсіру шегеріліп көрсетіледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері – қызметкерлерінің орташа жылдық саны 100 адамнан аспайтын заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар және тиісті қаржы жылының республикалық бюджет туралы заңда белгіленген орташа жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны алпыс мың есе айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын қызметкерлерінің орташа жылдық саны 100 адамнан аспайтын заңды тұлғалар.
“Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы” заңға сәйкес шағын кәсіпкерлікке жатпайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.
Осы жинақта шағын кәсіпкерліктің тек ресми тіркелген субъектілері бойынша ғана деректер келтірілген.
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасы азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлға.
Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы және жауап беруші бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |