Бақылау сұрақтары:
-
Көлік кешені неліктен өндірістік салаға жатқызылады?
-
Қазақстанның көлік және коммуникация кешенінің атқаратын қызметі қандай?
-
Автомобиль көлігінің басқа көлік түрлерінен ерекшелігі неде және шаруашылықтағы маңызы қандай?
-
Көлік торабы деген не? Көлік тораптарының маңызы қандай?
-
Өзен және теңіз көліктерінің Қазақстан экономикасында алатын орны мен маңызы қандай?
№ 177- сабақ
Тақырбы: Әлеуметтік инфроқұрылым салалары
Жоспары:
1. Сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау
2.Халықтың демалысын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның әлеуметтік инфроқұрылым салаларын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күделі кешен. Олар халықтың қалыпта тұрмыс – жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен , адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің өркендеуі үшін жұмыс істейді.
Қызмет көрсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті, кейбірі сирек уақытта, кейбірі анда –санда қажетті болып саналады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса олардың кейбіреулері тек жекелеген көрсетіледі.
Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы-халықтық фактор. Табиғат аясындағы дем алыс су айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғи-қор факторларының маңызы зор. Жоғары білім ғылыми орталықтарға жақын орналасады.( ғылымды көп қажет ету) факторы. Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады(көліктік фактор).
Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халык орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді.
Сауда халыққа тұтыну тауарларын ұсынды. Олар үлкен партиямен (көтерме сауда) немесе бір-бірлеп сатылады (бөлшек сауда). Сауда жұмысының негізгі көрсеткіші - оның көлемі (тауар айналымы) мен құрылымында.
Халықтың әл-ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтың емес тауарлар үлесі көбеюде (2004 ж - 2/3-і). Адамдар азық-түліктен ет, ұн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант және кәмпит сатып алуға, ал азыктық емес тауарлардан - киім, аяқ киім және тұрмыстық электр бұйымдарына көбірек ақша жұмсайды. Сауданың негізгі бөлігі (3/5-і) базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ірі дүкендер - фирмалық супермаркеттер (115-сурет) кең таралуда. Бірақ, ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер ең көп таралған күйде қалуда. Олар тұтынушыларға мейлінше жақын орналасқан. Барлық тауардың 1/3-і Алматыда сатылады, әрі сатып алынады. Ол -еліміздің басты сауда «сөресі» болып табылады.
Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері (шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жөндеу, киім, аяқ киім тігу) негізінен қалаларда шоғырланған.
Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғауда денсаулық сақтау басты рөл атқарады.
Елдегі халық денсаулығы тым жоғары дәрежеде емес. Жыл сайын әрбір екінші қазақстандьщ дәрігерге қаралады. 4,5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер (дәрігерлер, мейірбикелер) медициналық көмек көрсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру мен білім беруден кейін бұл сала бюджет қаржысын пайдалану жөнінен (барлық шығынның 10%-ы) үшінші орында. Бірақ ол әлі жеткіліксіз.
Денсаулық сақтау мекемелерінің желісі ірі қалаларда көбірек дамыған. Мұнда дәрігерлердің басым бөлігі шоғырланған және ірі медициналық орталықтар, мамандандырылған клиникалар жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарын аудандық поликлиникалар, ал шағын фельдшерлік пункттер қызмет көрсетеді. Еліміздегі басты денсаулық сақтау орталықтары Алматыда (дәрігерлердің 1/5 бөлігі), Астанада, Қарағанды мен Семейде орналасқан.
Өсіп келе жатқан жеткіншектерді өмірге және еңбекке даярлау үшін білім берудің үлкен жүйесі жасалған. Әлеуметтік сфераның бұл саласы онымен айналысатын адамдар саны жөнінен ең ірі болып саналады. Бала бақшаларда, жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында 4 млн астам адам білім алуда.
Мектептік білім беру географиясы Қазақстанның барлық халқының орналасуымен сәйкес келеді. Мектептер мен оқушылардың үлкен бөлігі негізгі қоныстану белдеуінде орналасқан. Қалаға қарағанда ауыл мектептерінің саны 3 еседей көп (6000-нан астам), бірақ оқушылар саны жөнінен (52%) қалалардың үлес салмағы аздап жоғарылау. Жоғары білім беру - «нағыз қалалық» сала. Еліміздің ең студенттік қаласы Алматы (181 жоғары оқу орындарының 70-і орналасқан) көшбасшы болып саналады. Студенттер саны бойынша Шымкент, Қарағанды, Астана, Тараз қалалары да ерекшеленеді.
Елімізде сан алуан мамандық алу үшін жағдай жасалған. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет (Алматы), Гумилев атындағы Еуразия университеті (Астана), Ұлттық техникалық университеті (Алматы) ірі мамандар даярлау «ұстаханасы» болып саналады.
2. Халықтың дем алысын ұйымдастыру. Дем алу - адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін тамақ пен су сияқты жағдай. Ол -адамдардың өздерінің қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық-курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке - рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты - еңбек ету процесінде жұмсалған күшті (физикалық эмоциялық) қалпына келтіру.
Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзкарасын кеңейтеді.
Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет: 1) «өркениетті» дем алыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек; 2) рекреациялық қор және; 3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт. Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде нағыз туризм дүрбелеңін тудырады.
Рекреациялык шаруашылық құрамына қонақ үйлер, дем алыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік және т.б. кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді.
1990 жылдардың басында иесіз қалған демалыс базаларының көбі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонақ үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер («Бурабай», «Шарын каньоны», «Қатонқарағай») ұйымдастырылды.
Рекреациялық қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни, табиғат ескерткіштері) жатады. Бүл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихи қорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар - бұлардың бәрі Отанымыздың мәдени мұрасын құрайды.
Рекреациялық қорлардың құрамына қарай әр аумақтың мамандануы әр түрлі.
Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, әлі толық зерттеліп біткен жоқ.
Шығыста бұл - Мұзтау, Көккел (Қазақстандағы ең биік 50 метрлік сарқырама) және Марқакөл («Алтайдың көл жанары»), Шыңғыстау етегі, Еуразия «жүрегінде» орналасқан Абайдың, Шәкәрімнің, М. Әуезовтің елі. Өлкенің мәдени астанасы - Семей қаласы. Оның туристік нысандарының ішінде екеуінің жөні бөлек, олар - Невзоровтар мұражайы («Қазақстан Эрмитажы») және ТМД-дағы алғашқы, ал әлемдегі 17-нің бірі - жаңа аспалы көпір.
Алматы облысымен шекарада Алакөл созылып жатыр. Бұл жерде шомылу - жағажайлық демалыс пен емделу рекреациялық зонасы қалыптасып келеді. Теңіздік типтегі суы мен балшығының емдік қасиеті өте зор.
Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері — елдің Оңтүстігі. Оның туристік рәміздері — атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны, «Әнші шағылдар». Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар басқан шыңдарының табиғаты әсем. Мұнда «Медеу» мұз айдыны («Әлемдік рекордтар үстаханасы») мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шавдысы курорты орналасқан. Оңтүстікте әлемге әйгілі «Алтын адам» мен ЮНЕСКО тізіміне енгізілген жартастағы таңбалы тас суреттері бар. Іле Алатауының етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық - Алматы созылып жатыр. Көптеген туристер «Көне Тараз ескерткіштері» мен Отырар мұражай-қорықтарына, «кіші түрік Меккесі» - Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі деп бағалады.
Бақылау сұрақтары:
-
Қазақстандағы рекреациялық байлықтардың шоғырланған жерін атаңдар.
-
Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің негізгі түрлері
№ 178- сабақ
Тақырыбы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және оның маңызы
Жоспары:
1.Қазақстанда дүниежүзілік экономикада
2.Қазақстанның жоғары көрсеткішті өнеркәсіптері
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуін және оның маңызын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Қазақстанның әлемдік экономикадағы ұстаным ең алдымен оның табиғи ресурстары анықтайды.
Ауданы бойынша біздің еліміз әлемнің ірі мемлекеттерінің қатарына жатады. Мемлекеттік аумағы бойынша тек 8 ел Қазақстанның алдында тұр.
Қазақстанның табиғи ресурстарға бай, оның ішінде ең маңыздысы –минералдық ресурстар. Қазақстан ғаламшарымыздағы табиғат байлықтарымен толық қамтамысыз етілген мемлекеттердің бірі екендігі әлемге әйгілі. Онда қазіргі шаруашылыққа қажетті жағдайлардың бәрі бар. Мұндай елдерді “кешенді минералды – шикізат базасы” бар елдер деп атайды.
Әлемде ондай елдер көп емес, олардың қатарына Ресей, Қытай. АҚШ, Бразилия, Аустралия, Канада, Индия жатады. Маңызды пайдалы қазбалар, оның ішінде тапшы қордың түрлері жөнінен республика алғашқы ондықтың құрамында (мырыш, вольфрам, ванадий, уран, хром, асбест, марганец, қорғасын, фосфорит, темір, күміс,мұнай, көмір, мыс, алтын)
Қазақстан жерінің қойнауында әлемдік ресурстар бойынша алғанда вольфрамның ½, уран мен хромның – ¼, қорғасынның 1/5 мырыш, мыс және темірдің 1/10 бөлігі шоғырланған.
Қазақстанның келесі бір табиғи байлығы – оның жер ресурстары. Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы жерлерінің көп бөлігі пайдаланылмады. Көп жер мемлекеттік қорға аударылды. Соған қарамастан, республика әлемдегі ең бай елдердің біріне саналады. Жан басына шаққанда 1,3,га егістік жерден келеді.(дүние жүзінде - 0,2 га, Аустралияда - 2,8 га, АҚШ-та - 0,6 га). Қазақстанның егістік жерлерінің үлкен артықшылығы - қоңыржай белдеудің ең құнарлы топырағы - қара топырақты танаптардың молдығы.
Халық саны бойынша Қазақстан Республикасы орташа елдер тобына кіреді. Дүние жүзінде 61-орын (ғалам халкының 0,25%-ы), бірақ ТМД аумағында 4-ші және Орталық Азияда 2-орын алады. Тиісінше еңбек әлуеті де аз мөлшерде (экономикалық белсенді халық 7,5 млн адам немесе дүние жүзі бойынша 0,28%-ы құрайды). Бірақ, республика халық саны бойынша әлем елдері тізімінің алғашқы 1/3 бөлігіне кіреді, дегенмен оның тығыздығы бойынша (1 км2-ге 5,5 адамнан) - ең төменгі орында (213-орын).
Елдің өндірістік мүмкіндіктерін оның жалпы ішкі өнімінің мөлшеріне қарап анықтайды. Оның мөлшері көп болған сайын, елдің экономикасы қуатты болып келеді. Қазақстанның өндірістік әлуеті мөлшермен алғанда халық әлуетіне сәйкес келеді. ЖІӨ нышандық (символикалық) меже - 100 млрд долл. асып (2004 ж.-134 млрд долл.), жылдам көбейіп келеді. Оның өсу қарқыны бойынша (жылына 9%) республика алдыңғы елдердің санында. Экономиканың көп бөлігі экстенсивті жолмен даму үстінде.
Егер ЖІӨ мөлшері экономика ауқымын көрсететін болса, ал жандық көрсеткіші жан басына шакканда - оның даму денгейін анықтайды. Қазақстандағы ЖЮ жан басына шаққанда орташа әлемдік деңгейге жуық (2002 ж. - 7600-7900 долл.). Осы себепті БҮҮ Қазақстанды орташа дамыған елдер қатарына жатқызады. Бейнелеп айтқанда біз «күміс миллиардқа» (жылына 1 адамға шаққанда ЖІӨ 6-дан 15 мың долл. дейінгі елдер) сәйкес келеміз.
Қазақстанның жоғарғы көрсеткіштерге ие өнеркәсіптері - кен өндіру және металлургия салалары. Әсіресе, алғашқысынын рөлі зор. Ол барлық өндіріс өнімдерінің 3/5 бөлігін береді. Бұл салаларда әлемнің ең алып 200 шикізат компанияларының тізіміне енетін 13 ең ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында әлемдік жетекші салалар - «Богатырь» көмір кесіндісі, Соколов-Сарыбай КБК, Өскемен титан-магний комбинаты және Үлбі металлургия зауыты бар.
Бұлар негізгі табиғатты пайдаланушы салалар. Олар «экологиялық лас» салалардың қатарына жатады және көбінесе экспортқа жұмыс істейді. Олардың дамуы дүниежүзілік рыноктың бағасына тікелей тәуелді болып келеді. Әрине, ондай тәуелділік ел үшін қауіпті де, өйткені, баға күрт төмендеген жағдайда олардың терең тығырыққа батуы ғажап емес. Осының алдын алу үшін республикада өңдеу өнеркәсіптерінің жаңа кәсіпорындарының ашылуына қолдау көрсетіліп, Ұлттық мұнай қоры құрылған.
Өңдеуші өнеркәсіпте Қазақстан дамыған негізгі химиямен -әсіресе, сары фосфор мен хром қосылыстарын өндірумен ерекшеленеді. Зауыттар көп мөлшерде қышқылдар мен тыңайтқыштар өндіре алады. Қазақстан өнеркәсібінің бұдан басқа салалары өз дәрежесінде дамымаған. Машина жасаудағы үлесі 3%-ы ғана (Жапонияда - 50%-ы, Қытайда - 30%-ы, Қырғызстанда -11%-ы), ал жеңіл өнеркәсіп бар болғаны 1%-ы ғана кұрайды. Сол себепті машина мен құрал-жабдықтардың 1/4 шетелден сатылып әкелінеді.
Сонымен қатар еліміз өндірісі дамыған елдерден өңдеуші салалардың деңгейі бойынша өте артта қалып келеді. Ол әлемнің дамыған мемлекеттерінің орнын анықтайтын электроника өнімдерін өндіретін, станок жасайтын т. б. салалардың тізімінде жоқ. Елде автомобиль шығару енді ғана құрылып келеді. Мұнай мен газдың көп мөлшерде өндірілетініне қарамастан, мұнай-химия өнеркәсібі жоққа тән. Бір тұрғынға шаққандағы пластмасса шығарудан (0,5 кг) Қазақстан Еуропа елдері мен АҚШ-тан 300-500 есе артта қалып келеді.
Қазақстан, сонымен қатар ғылыми-техникалық әлует деңгейі бойынша, әсіресе, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық жұмыстарға қаржы жұмсау жөнінен артта қалып келеді. Олардың мөлшері ЖІӨ бойынша қысқарып кетті, 1994 ж - 1,1%-га, 2004 ж. - 0,3%-ға, яғни әлемнің ең кедей елдерінің деңгейінде). Өндірісі дамыған елдерде бүл көрсеткіш 3% шамасында.
Ауыл шаруашылығында Қазақстан ірі астық өндіруші болып табылады. Орташа жылдық өндіріс 1 адамға - 1 тоннадан айналады. Ондай көрсеткіш бар болғаны бірнеше елге ғана тән. Ол - ең бағалы қатты бидай өндіретін әлемдегі үш ауданның бірі.
Мал басының азаюы - мал шаруашылығындағы бұрынғы ұстанымды жоғалтты. Қазақстан үнемі етті экспортка шығарушы болды, ол бұрынғы КСРО-ның республикаларын етпен қамтамасыз ететін. Қазір ол өзін-өзі қамтамасыз ете алмауының салдарынан, ет өнімдерін АҚШ және басқа елдерден сатып алуға мәжбүр.
Халықаралық экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстанның ұстанымы нығайып келеді. Сауда жылдам өсуде. 2004 ж. оның көлемі 33 млрд долл. жетті. Бірақ, әлемдік экспорттағы республиканың үлесі (0,23%), ЖЮ қарағанда төмен (2004 ж - 0,25%). Сонымен, оны ұлғайтудың үлкен мүмкіндігі бар.
БҰҰ тек экономикалық кана емес, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша да салыстырулар жасайды. Оның сарапшылары баяғы уақыттан бері адамзат дамуының индексін (АДИ) есептеуде. Оның негізіне 3 критерий алынады: адамдар қанша ұзақ өмір сүреді, олардың білім деңгейі және қаншалықты бай екендігі. АДИ 0,8-ден - 1-ге дейінгі елдер - адамзат әлуеті жоғары дамыған елдерге, 0,8-ден 0,5-ке дейінгілер - орташаға және 0,5-тен аздары төменгілерге жатады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақстандағы маңызды пайдалы қазбалар, оның ішінде тапшы қордың түрлері жөнінен республика алғашқы ондықтың құрамына енетіндер.
2. Дүние жүзінде Қазақстан халқы саны жөнінен нешінші орында?
3. Қазақстанның жоғарғы көрсеткіштерге ие өнеркәсіптерін атаңдар
№ 179- сабақ
Тақырыбы: Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы
Жоспары:
1.Экономикалық байланыс: кеңітетін “спектр және география”
2.Шет елдермен гуманитарлық байланыстар
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Ең үлкен деген елдің өзі барлық қажетті тауарды шығыры алмайды.
Бұл елдер арасында экономикалық немесе іскерлік серіктестк байланыстардың қалыптасуына алып келеді. Ондай байланыстар түрлері са алуан.
Оның кең таралған түрі –халықаралық мамандану және өндірісті кооперациялау.
Елдер арасында заттық, тетіктік және технологиялық мамандану бар.
Заттық мамандану -өңдеу өнеркәсібінің дайын өнімшығаруын қамтиды.Ол көбінесе машиа жасау мен химияда кең таралған.
Қазақстан трактор, ауыл шаруашылық машиналарын (тұқым сепкіш, тырмалағыш, дестелегіш), экскавторлар, конденсаторлар, рентген жабдықтарын, минералдық тыңайтқыштар шығаруғу маманданған. Олардың көбі Ресейге және Қытайға сатылады.
Технологиялық мамандануда – біртұтас өндірістік тізбек – “шикізат – жартылай фабрикат – дайын өнім” аумақтық жағынан ажыайды. Оның жеке бөліктері – технологиялық процесс стадиялары - әр елдерде орындалады. Ондай мамнданудың айқын мысалы ретінде АЭС үшін отын өндірудегі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты атап көрсетуге болады.
Халықаралық маманданудың ең күрделі түрі - тетіктік мамандану. Ол өндірісті кооперациялау түрінде сипатталады. Бұған Ульяновск қаласындағы «Авиастар» зауытында ТУ-204 жаңа Ресей ұшақтарын шығаруға Қазақстан кәсіпорындарының қатысуын мысалға келтіруге болады.
Мамандану мен өндірісті кооперациялау сыртқы экономикалық байланыстың ең «ескі» әрі «кең» таралған түрі - сыртқы саудамен тығыз байланысты.
Сыртқы тауар саудасына сыртқа шығару (экспорт) және сырттан әкелу (импорт) жатады. 1993 жылдан Қазақстанның шет елдермен саудасы 5 есеге өсті (2004 ж. - 33 млрд долларды, оның ішінде экспорт 20 млрд долл. құрады). Елдің сырттан әкелгеннен гөрі, сыртқа үлкен сомаға тауар шығаруының маңызы зор. Бұл оның алтын валюталық қорын ұлғайтады.
Біздің ел сыртқа 300-ден жоғары өнім түрін шығарады. Бірақ Қазақстан экспортының 3/4 бөлігін бар болғаны 5-ақ тауар түрі -мұнай, қара металдар прокаты, тазартылған мыс, бидай және ферроқорытпалар құрайды. Елдің негізгі экспорттық тауары - шикі мұнай (барлық экспорттың 3/5 бөлігі).
Сыртқы сауда географиясында үлкен өзгерістер болды. Біріншіден, Қазақстанның серіктес мемлекеттерінің саны көбейді: қазір олар 170. Екіншіден, қазір сауданың 2/3 бөлігі алыс шет елдердің үлесіне тиеді. Сауда көлемінің ұлғаюына байланысты, ТМД елдерінің үлесі азайды, өйткені оларда экспортқа бізбен бірдей тауарлар шығарады.
Қазақстанның сыртқы саудасын «құрлықтық» сауда деп те атауға болады, өйткені оның басым бөлігі (9/10-нан жоғары мөлшері) Еуразия елдерімен жүргізілетін сауданы құрайды.Оның географиялық жобасын ТМД елдерімен (барлық сауданың 31%-ы), әсіресе ЕурАзЭҚ елдерімен (25%-ы), Еуропалық Одақпен (32%-ы) жөне Қытаймен (8%-ы) арадағы тауар айналымдары береді. Олардың үлесіне еліміздегі тауар айналымының 3/4 бөлігі келеді.
Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар — Швейцария, Италия, Ресей, Қытай (барлық экспорттың 60%-ы). Тағы осындай мөлшердегі импорт тауарлары Ресей, Германия, Қытай және Украинадан келеді.
Елдер тек тауармен ғана емес, қызмет көрсету түрлерімен де алмасады. Қызмет көрсету — бұйым шығарумен тікелей байланысы жоқ, ақылы жұмыс түрлері. Сондықтан қызмет көрсету саудасын «көрінбейтін экспорт» деп те атайды.)
Қазақстанның тауар саудасынан гөрі, қызмет көрсету саласы жылдам өсіп келеді. 1993 ж. ол 6 есеге өсті. (2004 ж 7 млрд долл.) Республика басқа елдерге қызмет көрсетуден гөрі өзі оны 3 млрд долларға көп қабылдайды.
Қазақстанның экспорттьщ негізгі серіктестері - ТМД елдері, ал импорттық географиясы әр алуан. Іскерлік қызмет көрсетуде АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Германияның, ал туристік қызметте - Ресей және ТМД елдері, кұрлыстық қызмет көрсетуде Түркия, ал фрахталық қызмет керсетуде Әзірбайжанның рөлі үлкен.
Іскерлік серіктестік көп жағдайда бірлескен кәсіпорын (БК) құруға алып келеді. Оған отандық және шет елдік компаниялар қаржы салады. 120 ел серіктес болып табылатын БК саны 7000-ға жетті. Олардың ішіндегі негізгілері - Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ, Германия және Ұлыбритания. Біріккен кәсіпорындар Қазақстанның экспорттық өнімдерінің 70% белігін шығарады.
Елдер арасындағы халықаралық ғылыми-техникалық байла-ныстардың зор маңызы бар.
Білім саудасы, әсіресе, ғылыми-техникалық жобалар (машиналар мен аспаптар сызбалары мен технологиялык сипаттамалар) саудасы кең таралған.
Арнаулы ұйымдар ғылыми-техникалық жобаларды (жаңалықтарды) тіркеп, өнертапқышқа оны пайдалану құқына патент береді. Оның иесі патентін сатуына болады. Бірақ көп жағдайда ол патенттің өзін емес, лицензиясын сатады, яғни патентті ел ішінде немесе шет елде пайдалануға рұқсат береді. Сатушыға бұл тиімдірек, себебі патентті бірақ адамға сату мүмкіндігі болса, лицензияны бір уакытта ондаған, тіпті жүздеген адамға сатуға болады.
Біздің елімізде көптеген өнертапқыштардың басты ғылыми ор-талықтарында дүние жүзіне әйгілі ғылыми өнер табыстары ашылды. Олардың қатарында түсті металдар ғылыми-зерттеу институты (Өскемен), Ұлттық ядролық орталық (Курчатов, ШҢО), мұнай және газ институты (Атырау), химиялық технология және ғарыштық зерттеулер институттары (екеуі де Алматыда) және т. б. бар. Дегенмен, әлемдік деңгеймен салыстырғанда елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктері аса жоғары емес. Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарымен бар болғаны 14 мыңдай ғана адам айналысады (дүние жүзі ғалымдарының 0,25%-ы). Оларға бөлінетін қаржы мөлшері де көп емес (жалпы ішкі өнімнің 0,3%).
Қазақстанға қазіргі жаңа технологиялар мен жобалар шет елдік компаниялармен бірге келеді. Ғылыми-техникалық байланыстың тағы бір мысалы - әлемдегі ірі ғарыш айлақтарының бірі - Байқоңырда Қазакстанның «Бәйтерек» ракеталык-ғарыштық кешенін құру жөнінде Ресеймен ынтымактастық.
Халықаралық туризм - адамдардың шет елдерге табыс табудан басқа кез келген мақсатпен жарты жылға дейінгі мерзімде саяхат жасауы.
Қазақстан кеңестік кезеңде де қонақтарды көп қабылдайтын. Олар негізінде КСРО республикаларының халықтары болатын. Шет елдік туристердің саны 20 мыңнан аспайтын (1989) және олардың барлығы дерлік Алматыға келетін. Ал оларға Қазақстанның басқа аудандарына саяхат жасауға рұқсат етілмейтін. Шекара бойындағы облыстар, қорғаныс зауыттары орналасқан жерлер, ғарыш айлағы мен соғыс полигондары орналасқан аумақтар олар үшін «жабық жерлер» болды. Қазіргі уақытта ондай көптеген шектеулер алынып тасталған.
Дүние жүзінің біздің елге қызығушылығы өсіп отырғандықтан, елімізге келетін шет елдік қонақтар саны да ұлғайып келеді (2004 ж. - 4,3 млн).
Халықаралық туризм елімізге жылына 700 млн доллардай кіріс әкеледі. Бірақ одан да көп қаржыны (800 млн долл. шамасында) қазақстандыктар шет елдерге сапарға шығуда жұмсайды.
Халықаралық қаржы қатынастары әр алуан түрде жүзеге асырылады. Ең бірінші, бұл - шет ел валютасын сатып алу және сату .
Онымен банктер айналысады. Олар шет елдік банктермен белгілі бір мерзімде валюта жеткізуге (доллар, еуро, т. б.) мәмілеге келеді. Оларды ақша айырбастау пунктеріне сату арқылы пайда табады.
Екіншіден бұл — несие беру немесе несие алу. Олардың көмегімен елдер арасындағы барлық негізгі экономикалық байланыстар жүзеге асырылады. Несиені төменгі пайызбен алып, оны кіріс табу үшін пайдаланудың және уақытында қайтарудың маңызы бар. Ондай болмағанда, елдің сыртқы қарызы пайда болады.
Үшіншіден, бұл - ұзақ мерзімге капитал салу (инвестиция) немесе шет елдердің инвестиция салуы. Капитал дегеніміз - ақша қаражаты, шикізат қоры және құрал-жабдық та болып табылады. Ең маңыздысы, ол кіріс кіргізуі шарт.
Қазақстанға экспортқа капитал шығаратын негізгі елдер -АҚПІ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай жөне Түркия. Мысалы, АҚШ-тың инвестициясымен - Теңіз кенорны, Ұлыбритания инвестициясымен - Қарашығанақ. Қытаймен - Жаңажол, Құмкөл кәсіпорындары игерілуде. Оңтүстік Кореяның ақша салымы негізінде мыс өнеркәсібіне жұмсалуда.
Қазақстан езіне инвестиция тартып қана коймай, өзі де оны басқа елдер экономикасына салуда. Олар ТМД елдері, әсіресе -Ресей. Бірақ оған ірі инвестициялар мен алыс шетел мемлекеттерін мысалға келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |