Бақылау сұрақтары:
-
Картаны пайдаланып, темір марганец, хромит кен орындарының орналасуын анықтаңдар.
-
Қара металлургия кәсіпорындары қандай өнімдер шығарады?
-
Қарағанды металлургия комбинатының негізгі өнімдері
№ 167- сабақ
Тақырыбы: Металлургия өнеркәсібі
Жоспары:
1.Ауыр түсті металдар металлургиясы
2.Жеңіл түсті металдар металлургиясы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ауыр түсті металдар металлургиясы және жеңіл түсті металдар металлургиясын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. Ауыр металдар өндірісінің географиясы: шикізат көздеріне бейімделу. Ауыр металды кендердің құрамы өте көп болып келеді. Оларды тиімді пайдалану үшін шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылған. Шымкентте қорғасыннан басқа тағы да 14 түрлі өнім алынады.
Ауыр металдарға күкірт ілесіп жүреді. Оның кендегі мөлшері 40%-ға дейін жетеді (Шығыс Қазақстандағы Николаев кен орны). Балқыту кезінде улы күкірті газ пайда болады. Газды бөліп алып, оны күкірт қышқылына айналдырады. Бұның қоршаған ортаға тигізер зияндық әсері мол.
Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі - құрамында пайдалы компонентердің аз болуы . Сондықтан, балңы-ту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Бұл - оларды орналастырудағы негізгі принцип.
Осыған орай түсті, ауыр, сирек кездесетін және басқа да металдар металлургиясын ажыратуға болады.
Ондай кендерді байыту үшін, әр компонентті біртіндеп ала отырып, көп кезеңді флотация қолданады. Концентратты арнаулы пештерде балқытып, тазартылмаған металл алады. Оны рафинадтап (зиянды қоспалардан тазартып), прокат түрінде машина жасауда пайдаланады.,
Біздің елімізде ауыр түсті металдарды 2 сала - мыс жөне қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады.
Концентраттағы металдың аз мөлшері (20-30%) мен энергияны аз қажет етуіне байланысты, мыс өндірісінің зауыттары шикізатқа таяу салынады. «Қызыл металдың» қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, бірақ ең үлкендері Орталық пен Шығыста, Бұл жерлерде ең алғашқы мыс балқыту зауыттары салынған .
Қазіргі кезде мыс өндірісі саласын 2 кен-металлургиялық ком-бинаттары (КМК) - Жезқазған жөне Балкаш айқындайды. Екі өнеркәсіпте де мыс алудың барлық сатылары бар .
Саланың басты орталығын Қ. И. Сәтбаев «Қазақстан маржаны» деп атаған Жезқазған кенді ауданы Жезқазган КБК-ның шикізат базасы болып табылады. Ішіндегі негізгісі - қоры жөнінен елемдегі ірілердің бірі болып табылатын - Жезқазған кенорны. Бірақ оның кені бай емес (мыстың мөлшері 1%-дай ғана). Комбинат рафинадталған мыс, кабель үшін мыс сымын («қаттама»), қымбат және сирек металдар, күкірт қышкылын шығарады.
Сонымен қатар оның құрамына шахталар мен карьерлер, 3 байыту фабрикасы кіреді. Комбинат кеннен барлық пайдалы заттардын, 95%-ын шығара отырып, 12 компонент ала алады.
БалқашКБК-ын алғашында Қоңырат пен Саяқ кенорындарының концентраты қамтамасызіетті. Олардың қоры әлі де мол. Бірақ, қоры мол кендер алынып) қойылған. Ал қоры аз кен орындары қажетті металл мөлшерін бере алмайды. Комбинатты жұмыс істету үшін, жаңа кен орындары ашылуда (Нұрқазған және т.б). Шикізат Қазақстанның басқа аймақтарынан тасымалданады.
Балқашта да Жезқазғандағы сияқты негізгі өнімдер — рафинадталған мыс. Бірақ мұнда «түсті» прокат қорытпаларынын, (жез, қола), рафинадталған бағалы металдардың үлкен өндірісі бар.
Мыс рудасын Қазақстанньщ Шығысында көп өндіреді. Кенді Ал-тайдағы кен орындары (Николаев, Белоусовка, Березов, Ертіс) Балқаш КБК-ына қолдау көрсету үшін 2002 жылы жабылған Глубокое мыс балқыту зауытын қамтамасыз етіп келген болатын.
Қорғасын - мырыш өнеркәсібінде концентраттың құрамында металл кебірек болады (45-65%). Олар тасымалдауға қолайлы, сондықтан өзінің негізгі жеткізуіпілері - Орлов және Николаев кенорындарынан алыста болса да Балқашта мырыш зауыты салынды.
Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің шикізат базасына ортақ - полиметалл кендері. Ұзақ уақыт бойы олардын, қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Керісінше, Оңтүстіктің кенінде мырышқа қарағанда, корғасын көп. Мұнда тек корғасын шығарылады.
Біздің еліміздегі полиметалл өндірісінің басты ауданы - Кенді Алтай. Мұнда 3 ірі орталық бар - Зырян, Риддер және Өскемен. Олардың арасында өзіндік «еңбек бөлінісі» қалыптасқан. Концентраттар Зырянда шығарылып, мырыш энергияны көп қажет ететіндіктен, Өскеменде өңделеді. Оны Өскемен СЭС-ның арзан энергиясына байланысты орналастырған. Бірақ, ол қорғасын өндірісімен құрамдастырылған. Бұл шикізатты кешенді пайдалануға мүмкіндік береді. Одан 30 түрлідей өнім алынады. Оның көлемі, әтүрлілігі мен сапасы жөнінен Өскемен қоғасын -мырыш комбинаты (қазіргі «Қазмырыш» АҚ металлургиялық кешені) саланың жетекші кәсіпорны болып табылады. Оның мамандануы - «өндірістің жоғарғы қабаттары» яғни металл, қорытпа құю және прокат шығару.
Комбинатта таза күйінде (99,6%-дан 99,999%-ға дейін) 10 металл алынады (мырыш, қорғасын, кадмий, сынап, индий, таллий, селен, теллур, алтын, күміс). Сонымен бірге қорғасын мен мырыш негізіндегі қорытпалар, қорғасын құбырлары мен прокат, ал қалдық газдардан - күкірт қышқылы өндіріледі.
Риддерде қорғасын мен мырыш өнеркөсібінің барлық кезеңдері -кенді өндіруден бастап, металл және қорытпа алуға дейінгі кезендері түгел бар. Бұл орталықтың тағы бір «мамандығы» - алтын өндіру. Шығыс Қазақстанда алынатын алтынның 1/2-ін Риддер береді.
Еліміздің, Оңтүстігіндегі полиметалл өнеркәсібінің ірі орталығы -Шымкент. Мұнда да Өскемендегі сияқты «өндірістің жоғарғы қабаттары» жолға қойылған. Шымкент қорғасын зауыты тасылып әкелінетін шикізат негізінде жұмыс істейді, ол қорғасын мен мырыш прокатын шығаруға маманданған.
2. Ауыр металдаға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы комноненттер көп болады.
Бірақ оны өңдеуге орасан көп мөлшерге электр энергиясы қажет. Біздің елімізде жеңіл металдарды алюминий мен титан-магний өнеркәсіптері өндіреді.
Алюминийді «қанатты» металл деп атайды. Жеңілдігі мен жоғары электр өткізгіштігіне байланысты ол шаруашылықта кеңінен қолданылады.
Оны алатын шикізат құрамында алмюминий тотығы (глинозем) бар боксит. Оның қорымен еліміз 50 жылдан астам уақытқа қамтамасыз етілген.
Алюминий өндіру 2 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең — бокситтен алюминий оксидін алу — материалды көп қажет ететіндіктен (1 т дайын өнімге 5 т кен), әдетте, шикізат көзіне таяу орналасады. Ол көп мөлшерде су мен жылу энергиясын қажет етеді. Сондьқтан, алюминий оксиді зауыты Аркалықта емес, Павлодарда салынған. Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ) -«Әлемдегі ірі зауыттардың бірі. Ол жылына 1,5 млн т алюминий оксидін шығарады. Әзірге барлық өнім экспортқа шығарылады.
Екінші энергияны көп қажет ететін кезең - алюминий оксиді- алюминий алу - Павлодарда АҢСУ МАЭС-інің арзан электр энергиясына бағытталып салынуда. Ол елімізді «қанатты» металмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Титан жеңіл, өте берік, жемірілімге төзімді металл. 10 жыл бойы теңіз суында жатқан титан табақшасының ешбір өзгеріссіз калғандығы туралы дерек белгілі. Титаннан реактивті ұшақтардың двигателдері, кемелер мен сүңгуір қайықтардын, кораптары мен химиялық құрал-жабдыктар шығарады
Металды титан кендерінен (құмнан) алады. Біздің елімізде оның мол қоры бар. Олар Қазақстанның барлық жерлерінде, әсіресе Батыс пен Шығыста көп кездеседі. Осыған қарамастан, көп уақыт бойы титанды тасымалданып әкелінетін шикізаттан алды. Қазір өзіндік шикізат базасы жасалуда. Үш кенорны игеріліп, Сәтбаев байыту фабрикасының концентраты қазірдің өзінде өңделуде.
Алюминий өнеркәсібінің бір айырмашылығы, еліміздің титан-магний өнеркәсібінде өндірістің барлық сатылары қалыптасқан. Титанды магниймен тотықсыздандырады. Сондықтан, осы металдар өндірісін бір кәсіпорында - комбинатта біріктіреді. Титан-магний комбинаты Өскемен қаласында жұмыс істейді. Ол - әлемдегі өзі сияқты кәсіпорындардың ішінде қуаты жағынан ең ірісі. Комбинаттың ең негізгісіне - титан өндіру жатады .
Магний өндірісі көбінесе негізгі өнім алуға бағытталған. Бірак, ол дайын өнім - магнийді де шығарады.
Магниймен басқа металдарды да (мысалы, хром, берилий) тотықсыз-дандырады. Оның жеңіл әрі берік қорытпаларын ракета, ұшақ және аспап жасауда қолданады. Магнийді күшті жасанды жарық көзі ретінде фото-графия мен пиротехникада (фейерверктер мен «бенгал шамдарына» және т.б.) пайдаланады.
Бағалы және сирек кездесетін металдар.Қазақстандағы түсті металлургияның маңызды салалары - бағалы және сирек кездесетін металдар өндірісі.
Алтынды Батыстан басқа елдің барлық бөлігінде өндіреді. Оны жеке кендер мен ауыр металдармен серіктес ретінде алып, Өскемен мен Балқашта рафинадтайды. Барлық күмісті серіктес күйінде алады. Оның 2/3 бөлігін Жезқазған кенорны береді.
Қазақстан кәсіпорындары сирек кездесетін металдардан ванадий, галлий, гафний, германий, индий, ниобий, рений, таллий және т.б. өндіреді. Бұлардың барлығын да серіктес түрінде алады. Сонымен қатар Өскемендегі Үлбі металлургия зауыты сияқты арнаулы маманданған кәсіпорындар да бар. АЭС-на отынмен бірге ол тантал, бериллий, ниобий, қорытпаларын (мысалы, бериллий қоласын, феррониобий) шығарады.
Қазақстанның металлургия базалары. Еліміздің аумағында металлургиялық кәсіпорындар топталып орналасқан. Ортак шикізат немесе отын қорларын пайдаланатын зауыттар тобын металлургиялық база деп атайды.
Қазақстанда үш металлургия базасы бар . Олар пайда болған уақыты, өндіріс қуаты, шикізатпен, отын және электр энергиясымен қамтамасыз етілуі жөнінен ерекшеленеді.
Бақылау сұрақтары:
-
Металлургия өнеркәсібі қандай салалардан тұрады?
-
Түсті металлургияның негізгі базаларын атаңдар.
-
Түсті металлургия өнеркәсбінің орналасуында неге электр энегетика басты рөл атқарады?
-
Мыс зауыты неліктен шикізат көзіне жақын салынады?
№ 168- сабақ
Тақырыбы: Машина жасау өнеркәсібі
Жоспары:
1.Машина жасаудың экономикадағы ролі
2.Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның машина жасау өнеркәсібін қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. Машина жасаудың экономикадағы рөлі. Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген ондаған салалар кіреді:
1) машина жасау (машиналар мен құрал-жабдық шығару);
2) металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу;
3) «кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).
Машина жасау кешенінің маңызы - оның шаруашылықтың әр түрлі салаларына құралжабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер, теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен анықталады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тығыз байланысты. Сондықтан оның даму қарқыны ілгері болып, шаруашылык құрылымындағы ұстанымы салмақты болуы тиіс.
Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол ОЭК өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ, ОЭК машина жасау дан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металлы пайдаланып, өзі оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы мен жоңкаларын) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалык талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды өндіру, керісінше, машина жасау өнерксібінсіз мүмкін емес.
2. Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы. XX ғ. басында біздің елімізде машина жасау саласы болған жоқ. Тек шағын металл өңдеу кәсіпорындары ғана жұмыс істеді. Олар қарапайым еңбек құралдарын, үйге қажетті тұрмыстық заттар мен әшекей бұйымдар шығарды. Бұл кәсіпорындардың «ірі» өндірістегі үлесі 2%-ға да жетпейтін.
Соғысқа дейінгі уақытта республикада ірі механикалык зауыттар пайда болды. Бірақ оларда, негізінен, машиналар жөндеуден өткізіліп, металл өңделді.
Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды. Металлургиялық құрал-жабдық (Алматы), автоматты пресс (қыспа) (Шымкент), рентген аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік двигательдерін (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды. Олар Қазақстандағы машина жасаудың мамандануын айтарлықтай өзгертті.
Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Прибор жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады. Басқа салааралық кешендерді басып озып, ол өндірісте алдыңғы орынға шыкты.
1990 жылдардыц басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім турлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта қалып келді. КСРО-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші республика болды.
Бірақ кешеннің құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады. Барлық зауыттардың 1/3 бөлігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі метал конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын қорғаныс-өндірістік кешені (ҚӨК) құрады. Бұл кәсіпорындарда қазіргі кездегі жаңа құралжабдықтар мен ең жоғары маманданған жұмыскерлер шоғырланды.
Машина жасауда дайын өнім шығаратын зауыттар аз болды.
Көптеген кәсіпорындарда тетіктер мен түйіндер жасалынып, ал олардан машиналарды Қазақстаннан тысқары жерлерде шығарды. Республикаға қажетті машинаның 3/4 бөлігі шеттен тасымалданып әкелінді.
1990 жылдары машина жасау кешені, оның өнімдеріне деген сұ-раныстың күрт төмендеуіне байланысты, терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға қажетті өнім шығару міндеті түрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркөсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты өтудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.
Петропавлдағы ауыр машина жасау зауыты ПАМЖЗ КСРО кезінен орта қашықтықты зымыран шығарумен айналысты. Кеңес-американ келісімі бойынша мұндай қару шығаруғатыйым салынды. Қазір зауыт Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жүмыс істейді. ПАМЖЗ олар үшін техниканың жаңа түрлерін - шағын бұрғылау қондырғыларын, скважиналарды жөндеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады. Зауыттың әлуеті «Бәйтерек» зымыран-ғарыштық кешенін құруға қатысуға мүмкіндік береді.
Көптеген ірі зауыттар дағдарыс кезінде ұсақ кәсіпорындарға бөлініп кетті. Жаңа өнімдерге сұраныс өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Сол себепті қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 2000-нан астам кәсіпорындар бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жұмыскерлер қызмет етеді. Бірақ кешеннің өнім өндіру үлесі небәрі 4%-ды ғана құрайды.
Оларға, ең алдымен, энергетикалық (мұнай және газ өнеркәсібіне қажетті машиналар мен құрал-жабдықтар), металлургиялық, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттык әлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті -ел ішіндегі көптеген өндірістердің дамуына жағдай туғызу.
Әзірге біздің елімізде тек құрастыру кәсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісі - Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты. Қазірдің өзінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 40-50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады.
Машина жасаудың дамуына шет елдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар жағдай жасайды. Мысалы, автомобиль жасау (Көкшетаудағы автобус құрастыру зауыты) мен трактор жасаудың (Семейдегі) дамуына ықпал ететін ресей-қазақстан «Қазакстан-КамАЗ» консорциумы құрылды.
Бақылау сұрақтары:
-
Еліміздегі машина жасау өнеркәсібі салаларын атаңдар.
-
Неліктен машина жасау өнеркәсібін кешенді деп санаймыз?
-
Машина жасау кешен республикамызда қазіргі кезде қалай дамуда?
-
Картадан ауыр машина жасау орталықтарын тауып көрсетіңдер?
№ 169- сабақ
Тақырыбы: Машина жасау кешенінің маманданулары мен көліктік факторлары
Жоспары:
1.Машина жасаудағы мамандану мен коопертивтендіру
2.Орналасу факторлары мен географиясы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның машина жасау кешенінің маманданулары мен көліктік факторларын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар ерекшеліктер әсер етеді. Ең алдымен бүл — шығарылатын өнімдердің күрделілігі. Ол оның салалары мен сала ішілік кәсіпорындарының мамандану қажеттілігін туғызады.
Маманданудың үш түрі - бұйымдық, тетіктер шығару және технологиялық түрлері бар.
Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трактор жасау - тракторлар, станок жасау - станоктар, аспаптар жасау - аспаптар шығарады. Бір салаға жататын зауыттар да өз мамандануы бар. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт - күріш жинайтын машина, Астанадағы - трактор тұқым сепкіштерін, Павлодардағы зауыт - тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды - бұйымдық мамандану деп атайды.
Машина жасау зауыттары, көп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның тетіктерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды тетік бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордағы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы - ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель двигательдерін, ал Талдықорғандағы - автокөлік үшін аккумуляторлар шығарады.
Машина жасау зауыттарының үшінші бір мамандану түрі -технологиялық мамандану. Машина жасау үш негізгі технологиялық сатыдан түрады. Бірінші саты - құю, соғу, немесе бастырмалау арқылы тетіктер даярлау. Екіншісі - тетіктерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі - тетіктерден дайын өнімдер құрастыру. Егер зауыт өндірістің барлық үш сатысын жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық мамандану, яғни технологиялық процестер сатысы бойынша мамандану болып табылады.
Мысалы, Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты автомобильдерді тек дайын тетіктер жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл технологиялық мамандануы болып саналады.
Машина жасауда кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ын-тымақтасусыз) мүмкін емес. Ол кез келген машинаның (автомобиль, станок, теледидар) көптеген әр түрлі бөлшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұратынына байланысты. Бір зауытта олардың барлық түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты автомобиль аккумуляторларын Талдықорғаннан әкеледі. Қазақстандық «Поршень» (Алматы), Павлодар трактор зауыттары ресейлік «Алтайский дизель» (Барнаул) зауытымен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейді. Алматылық зауыт Барнаулға тетіктер жіберсе, онда трактор двигательдерін құрастырып, оларды Павлодарға жеткізеді.
Сонымен, машина жасау кешені салааралық емес, сала ішілік аумақты дамуымен ерекшеленеді.
2.Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Оның барлық зауыттар үшін, әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болып табылатындары үшін (мысалы, ав-томобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді.
Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металлы тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды оларды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мұндай фактор - тұтытыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдыктарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургияльқ құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы (Акмола облысындағы Макинск) дамыған аудандарда орналастырылады.
Көптеген машиналар түрлерін шығару үніін өнім бірлігіне көп еңбек мөлшері қажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, конденсатор мен аспап шығаратын зауыттар да әйелдерді жұмыспен қамту мақсатында металлургтер қаласы - Өскеменде орналастырған.
Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті көп қажет етуімен және күрделі технологиясымен ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттермен бірігіп жұмыс істеу кажет. Бұл салалар әрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар кұрастыру, компьютерлер мен басқа да күрделі техникалар шығаруға арналған технопарк жасалып жатқан Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған.
Металды көп кажет ететін өнімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады.
Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматыға (30%), Павлодар (12%) және Ақмола (11 %) облыстарында шоғырланған.
Бақылау сұрақтары:
1.Елімізде машина жасаудың қай салаларын дамытуға келешекте назар аудару керек?
2.Машина жасау кешенінің маңызды мәселесі ресурстарды сақтау саясаты дегенді қалай түсінесіңдер?
№ 170- сабақ
Тақырыбы: Химия және құрылыс материалдары өнеркәсібі
Жоспары:
1.Химия кешен
2.Химия өндірісінің географиясы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның химия және құрылыс материалдары өнеркәсібін қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда ол -жер бетіндегі барлық тірі организмдердің «қорғанышы».
Химияның салааралық байланыстары ауқымды.
Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркөсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы хи-микаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады.
Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән. Олар: 1) табиғатта кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар. Бұл заттар көп жағдайда өздерінің қасиеті жәнінен дәстүрлік конструкциялык материалдардан да асып түседі; 2) шикізат базасы ауқымды болып келеді; 3) көмірмен (көмір-химия), металлургиямен (коксохимия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен (мұнай-химия) кұрамдасады. Оларды кез келген жерде құруға болады. Бірақ, ол үнемі тиімді бола бермейді.
Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына - шикізат, су, энергетика, тұтыну және экологиялық факторлар жатады. Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен колданылады. Жұмысшылар, мысалы, металлургияға қарағанда аз кажет. Сондықтан, химия зауыттарын аз қоныстанған жерлерде де сала береді.
Химия кешеніне 5 ірі сала: 1) кен- химия (минералдык шикізаттар - фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас өндіру); 2) негізгі химия (қышқылдар, қоспалар, фосфор, минералды тыңайтқыштар алу); 3) полимерлер химиясы (пластмасса, химиялық талшық; 4) полимерлерді өңдеу (шина, пластмасса өнімдерін шығару); 5) химия - фармацевтикалық (дәрі жасау).
Қазақстан «химиясының» құрылымы жетілмеген: онда полимерлік химияға қарағанда негізгі химияның үлесі басым. Фармацевтика өнеркәсібі негізінен алғанда жаңадан қүрылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |