Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет12/24
Дата24.02.2016
өлшемі2.27 Mb.
#14824
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

Бақылау сұрақтары.

1 Украинаның шаруашылық кұрылымының калыптасуына қандай факторлар әсер еткен? Жауаптарыңды накты мысалдармен дәлелдеңдер.

2. Украинада неге отын-энергетика саласы басым дамыған? Оның басты орталықтарын атаңдар.

3. Украинаның химия өнеркәсібі қандай өнімдер шығарады?

4. Ауыл шаруашылығының зоналық мамандану сипаты неден көрінеді?


215 сабақ

Тақырыбы: Молдова Республикасы

Жоспар:

1 Географиялық орны, табиғат жағдайлары мен ресуретары.

2. Халқы.

3. Шаруашылығы



Сабақтың мақсаты: Молдова Республикасының географиялық орны, табиғат жағдайлары мен ресурстарын қарастыру

Теориялық мәлімет:

• Жерінің ауданы — 33,7 мың км2.

• Халқы — 3,4 млн адам (2004 ж.).

• Астанасы — Кишинев.

• Мемлекеттік қүрылымы — республика.

• Мемлекет басшысы — президент.

• Заң шығарушы органы — парламент.

• Мемлекеттік тілі — молдован тілі.

• Үлттық валютасы — молдован лейі.
1.Географиялық орны, табиғат жағдайлары мен ресуретары. Республика ТМД-ның оңтүстік-батысында, Прут пен Днестр өзендерінің аралығында орналасқан. Ол Украинамен және Румыниямен шектеседі. Молдова шаруашылық жағынан игерілген аумақты алып жатыр. Оның жер бедерінде үстірттер мен ойпаттар алмасып отырады. Олардың ішінде Орталық Молдова немесе Кодралар ерекше көзге түседі. Ол өзендердің терең аңғарларымен тілімделген. Аңғардың тегіс беткейлері бақтар мен жүзімдіктер өсіруге өте қолайлы. Кодралар — өзінің табиғат жағдайы бойынша дүние жүзіндегі жүзім өсіретін бірден-бір аудан.

Климаты қоңыржай континентті. Жазы ұзақ өрі ыстық. Қысы қысқа әрі жұмсак. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері аз (солтүстікте — 500 мм, ал оңтүстікте 400 мм-ге дейін). Сондықтан егістер қолдан сулаңдыруды қажет етеді.

Топырақ-климат ресурстары республиканың негізгі табиғи байлығы болып саналады. Климаттың температуралық режимі және кұнарлы кара топырағы бау-бақша және жүзімдіктер өсіруге өте қолайлы. Аумағының 80%-ы ауыл шаруашылығының үлесіне тисе, оның 12%-ын гүл плантациялары, бақтар мен жүзімдіктер алады.

Днестр, Прут өзендерінің және оның салаларының Молдова шаруашы-лығында маңызы өте зор. Олар су мен энергияның негізгі көзі болып табылып қана коймай, кеме қатынасында да қолданылады.

Республика аумағы пайдалы қазбаларға өте кедей. Мұнда тек кұрылыс материалдар өндірісіне керекті шикізаттар коры ғана бар. Молдовада отын ресурсы аз болғандықтан оны ТМД-ның республикаларынан тасымалдайды.

2.Халқы. Молдова халқы өте тығыз орналасқан республика. Мұндағы халыктың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 119 адамнан келеді. Тұрғындарының негізгі бөлігін молдовандар (64%) кұрайды. Басқа ұлттардың ішінен орыстар (14%), украиндар (13%) басым. Олар Днестрдің сол жақ жағалауында көп қоныстанған. Елдің оңтүстігінде гагауыздар (3,5%) тұрады. Халықтың үлкен бөлігін ауыл тұрғындары (54%) алады. Соңғы онжылдықта өнеркөсіптің өркендеуіне байланысты кала тұрғындарының саны да өсіп отыр. Кишинев, Бельцы, Бендеры сияқты қалалардағы халықтың саны 100 мың адамға жетті.

3.Шаруашылығы. Молдованың шаруашылық кешеңдеріндегі алдыңғы орынды ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркөсібі, машина жасау және жеңіл индустрия алады. Сонымен катар электр энергетикасы мен құрылыс материалдарын дайындау өнеркәсібі де дамыған.

Тамақ өнеркәсібі өр түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен тығыз байланысты. Оның консервілеу, қант, шарап жасау, май шайқау және темекі сияқты салалары бар. Бау-бақша дақылдарын консервілеу өнеркөсіптері тасымалдауға қиындық туғызады. Өңдірістердің көбі республиканың оңтүстік-шьғысында шоғырланған. Зауыт Кишинев, Кагул, Тирасполь, Бендеры сияқты ірі калаларда салынған.

Қант шығаратын зауыттар Молдованың солтүстігіңде, яғни қант қызылшасы көп егілетін жерлерде орналасқан. Олардың ең ірілері — Дондюшаны, Бельцы, Рыбницы сияқты қалаларда шоғырланған.



Май шайқайтын (эфир майын, жүгері мен күнбағыстан өсімдік майын алатын) өнеркәсіптер ел аумағында біркелкі орналасқан. Қазіргі кездегі ең ірі зауыттары Бельцы мен Бендеры қалаларында жұмыс жасайды.

Шарапжасау—шаруашылықтың көне саласы болып табылады. Шарап пен коньяк шығаратын көсіпорындар жүзімдіктері көп аудандарда (орталық және оңтүстік Молдова) орын тепкен. Ал ең ірі шарап-коньяк комбинаттары: Кишинев пен Тираспольде.

Темекіөнеркәсібі—негізінен, республиканың темекі өсіретін солтүстік және орталық аймақтарында дамыған.

Машина жасау — соңғы жылдары қалыптасқандығына қарамастан, мұнда тракторлар (Кишинев), қызан жинайтын комбайндар (Бельцы), ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркөсібіне қажетті құралдар шығаратын зауыттар мен электроника (Кишинев) қарқындап дамуда. Машина жасау өнеркәсібі Молдова металлургиялық өндеу зауытының (Рыбница) металын және Украинадан әкелінетін шикізатты пайдаланады.

Жеңіл өнеркәсіп шеттен әкелінетін шикізатты қолданады. Тоқыма өнеркөсібінің көсіпорындары мақта мата (Тирасполь комбинаты) және жібек мата (Бендеры) шығарады. Кілем тоқитын үлкен комбинат та (Унгены) жұмыс жасайды. Сонымен қатар тігін, тоқыма, былғары аяккиім фабрикалары (Кишинев, Тирасполь) бар.

Құрылыс материалдары өнеркәсібі жабынқыш (черепица), бақалшықтардан түрлі блоктар, шифер, темір-бетон сияқты кұрылыс өнімдерін шығарады.

Электр энергетикасы республика экономикасында үлкен рөл атқарады. Днестр өзеніне Дубоссар СЭС-і, ал Прут өзеніне Румыниямен бірлесе отырып СЭС салынған. Аса қуатты Молдова ГРЭС-і Днестровск қаласының маңында жұмыс жасаса, ал Кишинев, Тирасполь мен Бельцы қалаларында сырттан әкелінетін отынды пайдаланатын ЖЭО бар.

Ауыл шаруашылығы. Молдованың ауыл шаруашылығының негізгі ерекшелігі — өсімдік шаруашылығының мал шаруашылығынан басым болуы. Өсімдік шаруашылығының үлесіне ауыл шаруашылығындағы жиынтық өнімнің 70%-ы тиеді. Астық (жүгері жөне ыстық бидай) және техникалық (қант қызылшасы, күнбағыс, эфир майы) дақылдар мен бау-бақша өсіріледі. Жүзімдіктер мен бақтар кеңінен тараған. Жүзім жинаудың жиынтық көрсеткіші бойынша Молдова ТМД-да Әзірбайжаннан кейінгі 2-орынды алса, ал жеміс-жидек жинаудан ТМД-да 3-орынды (Украина мен Рессейден кейінгі) алады. Сонымен қатар аумақ аудандарында грек жаңғағы өсіріледі.

Молдовада мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Мүнда, негізінен, сүт-ет бағытындағы ірі қара, шошқа және қаракөл қой түқымдары өсіріледі. Құс шаруашылығымен де шүғылданады.



Көлік. Молдовада теңіз көлігінен басқа, қазіргі кездегі көліктің барлық түрі дамыған. Жүк тасымалдаудың негізгі мелшері теміржол мен автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Теміржолдың ұзындығы 1 мың км-ден асады. Бұл жолдар бойымен республиканың ТМД және Шетелдік Еуропа елдерімен ішкі экономикалық байланыстары жүзеге асады.

Автомобиль көлігі, негізінен, республиканың ішкі жол қатынасын атқарады. Газ кұбырлары арқылы Украина мен Ресейден табиғи газ тасымалданады. Сонымен бірге алыс-жақын елдермен әуе қатынасының да рөлі едәуір.



Бақылау сұрақтары.

1. Молдованың географиялық орнының кандай ерекшеліктері бар?

2. Елдің климатының колайлылығы мен топырағының кұнарлылыгы кандай шаруашылык түрін дамытуга тиімді?

3. Халыктың құрамында молдовандардың үлесі канша?

4. Шаруашылығының маманданған салаларын атаңдар.


216 -сабақ

Тақырыбы: Кавказ елдері

Жоспар:

1. Географиялық орны мен құрамы.

2. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері.

3. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

1.Географиялық орны мен құрамы. Кавказ — Қара және Каспий теңіздері аралығында орналасқан Азиядағы тарихи-географиялық өңір. Мұнда ТМД құрамына енетін үш ел орналасқан (Зб-кестені қарандар).

Үлкен Кавказдың биік жоталары арқылы Ресей Федерациясымен шекара өтеді. Кавказ елдері Қара теңіз жағалауы арқылы Украинамен, оңтүстігінде Түркиямен, Иранмен, ал Каспий теңізі арқылы Түрікменстанмен шектеседі. Еуропа мен Азияның тоғысында жатуы және халықаралық теңіз жолдарына жақындығы себепті Кавказдың географиялық орны барлық уақытта да қолайлы болатын.



Кавказ елдері

Елдер

Әзірбайжан Республикасы

Грузия Республикасы

Армения Республикасы

Жерінің ауданы, мың км

86,6

69,7

29,8

Халқы, млн адам (2004 ж.)

8,3

4,3

3,2

Астанасы

Баку

Тбилиси

Бреван

Мемлекеттік құрылымы

федерациялык республика

республика

республика

Мемлекет басшысы

Президент

президент

президент

Заң шығарушы органы

Парламент

парламент

парламент

Мемлекеттік тілі

өзірбайжан тілі

грузин тілі

армян тілі

Ұлттық валютасы

Манат

Лари

драм

Аймақтың геосаяси жагдайының сипаты да, ең алдымен, географиялық орнымен анықталады. Кавказ арқылы шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстікті жалғастыратын аса маңызды көлік жолдары өтеді. Сол себепті бұл аймақты «Еуразияның басты жол қиылысы» деп те атайды. Мұнда Ресей мен Орта Азия елдерінің, Иран мен Түркияның экономикалық және саяси мүдделері тоғысады. Қара теңіз бен Каспий теңізі жағалаулары бойымен маңызды көлік «дәліздері» өтеді. Алайда бұл қолайлы мүмкіңдіктерді толық пайдалануға белгілі дәрежеде аймақтағы саяси және экономикалық түрақсыздық кедергі келтіруде. Сол себепті Каспий теңізі мүнайын Иранға, Еуропаға тасымалдау жобалары жүзеге аспай отыр.



2.Саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Біздің жылсанауымыздан бірнеше мың жыл бұрын мұнда егіншілік пен мал шаруашылығы дамып, металлдан бүйымдар жасау өркендей бастады. Бағзы замандардан бері өркениет ошағы болған бұл аумақта ежелгі дүниенің қуатты мемлекеттері (Урарту, Иберия, Колхида және т.б.) пайда болып, дамудың шарықтау шегіне жетті.

Колхида патшалығы б.з.д. VI ғасырда мемлекет ретінде қалыптасқан. Еуропа мен Азия елдері үшін байлық пен молшылықтың ордасындай болған Колхида талай аңыздарға арқау болған. Гректердің аңызы бойынша, қаһарман Ясон бастаған аргонавттар Колхидаға алтын елтірі іздеп арнайы сапарға аттанған. Шындығында да, аса бай болған бұл мемлекеттің өз ақшасы, ұлан-ғайыр жүзімдіктері мен бау-бақшалары, мыңғырған малы болған. Ел тұрғындары металл еңдеумен, зергерлік және саз балшықтан бұйымдар жасаумен де айналысқан. Б.з.д. I ғасырда Колхида қуатты Рим империясының құрамына енуге мәжбүр болды.


Табиғат ресурстарына бай және географиялық жағдайы қолайлы аймақты жаулап алып, бағындыруға тырысқандар аз болған жоқ. Рим империясы мен Араб халифаты, Иран мен Түркия ұзақ уақыт бойы Кавказды ықпал аймағына бөлісумен болды. Ұзақ жылдарға созылған соғыстар мен халықтардың көші-қоны, ұлттар мен ұлыстардың араласуы жүрді. Сол себепті шағын аумақты қамтып жатқан Кавказ жерінде халықтың ұлттық құрамы аса күрделі. Кавказда мемлекеттің ерте кезден қалыптасып, коғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейде дамуы кайталанбас ұлттық мәдениет негіздерінің сақталып қалуына себепші болды. Кавказ халықтарының тағдырында солтүстіктегі қуатты көршісі Ресеймен қарым-қатынасы да елеулі рөл атқарды.

1783 жылы Грузияның шығысы Ресейдің қарамағына еніп, 1801 жылы толығымен Ресейге қосылды. Орыс-түрік, орыс-парсы соғыстарының нәтижесінде Солтүстік Әзірбайжан (1826 ж.) мен Шығыс Армения (1828 ж.) қосылды. Кавказдың қалған бөлігі Ресейге күшпен бағындырылды. Мәселен, тау халықтары ұзаққа созылған (1816—1864 жж.) Кавказ соғысы барысында Ресей әскеріне жан аямай қарсылық көрсеткенімен, ұлы көрші дегеніне жетті. Жалпы алғанда, Кавказ елдерінің Ресейге қосылуы XIX ғасырдың соңына қарай аяқталды.

XIX ғасырдың ортасынан бастап, Ресей экономикасымен біртұтас жүйеде дами бастаған Кавказ елдерінде экономикалық, мәдени өрлеу басталды. Қалалар мен өнеркөсіп орталықтары ұлғайып, көлік қатынасы жақсарды.

Қазан революциясынан соң Ресей империясының ыдырауы, Кеңес үкіметінің орнауы нәтижесінде алғашқы жылдары жеке ұлттық мемлекеттер калыптасып, дамыды. 1922 жылы Әзірбайжан, Грузия және Армения Кавказ сырты Кеңестік Социалистік Федерациялық Республикасының құрамына еңді. Бүл федерациялық құрылым 1936 жылы ыдырап, әр республика КСРО құрамына жеке мемлекет ретінде еңді. КСРО кұрамында бірге болған жылдарыңда Одаққа енген басқа I республикалармен тағдырлас болған Кавказ елдері 1991 жылы дамудың жаңа кезеңіне өтті. Қаншама ғасыр бойы жүздеген ұлттардың бесігі болған Кавказ жерін тәуелсіздік таңы атқанда терең экономикалық дағдарыс жайлап, ұлтаралық кикілжіңдер көбейді. Қазіргі кезде Кавказдың оңтүстігінде ТМД кұрамына енетін тәуелсіз мемлекеттер — Әзірбайжан, Грузия жөне Армения Республикалары орналасқан.



3.Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Кавказ жерінің табиғаты алуан түрлі, мұнда таулы ландшафтылар басым келеді. Кавказ аумағында Ежелгі Орыс платформасы мен жер қыртысының қозғалмалы бөлігі болып табылатын Кавказ қатпарлы аймағы түйіседі.

Аймақтың солтүстігіндегі Үлкен Кавказ бір тұтас тау жүйесі ретінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығында 1100 км-ге созылып жатыр, ені шамамен 180 км. Орталық бөлігі арқылы өтетін Бас Суайрық жота мен Бүйірлік жотаға ұзына бойына және кесе-көлденең жатқан көптеген басқа жоталар келіп қосылады. Үлкен Кавказдың орталык бөлігінде оның ең биік нүктесі — Элъбрус тауы (5642 м) орналасқан. Үлкен Кавказдағы тау асуларының өзі 2000 м-ден жоғарыда орналасқан. Қолайлы тау асулары арқылы аса маңызды тас жолдар өтеді. Кавказ тауларында карстық үңгірлер өте көп. Олардың арасындағы ең ірісі Грузиядағы Жаңа Афон үңгірі, оның ұзындығы 3285 м-ге жетеді. Үлкен Кавказдың тік жартасты аңғарлары мен биік шыңдары альпинистер назарын ұдайы өзіне аударып келеді, мұнда қазакстандық альпинистер де жиі болады.

Үлкен Кавказдың қарлы жоталары Сурам жотасы аркылы оңтүстіктегі Кіші Кавказбен жалғасады. Кіші Кавказ одан әрі жанартаулық Армян таулы кыратына ұласады. Сөнген ежелгі жанартауларды калың базальт қабаты жауып жатыр, олардың ең биігі — Арагац жанартауы (4090 м). Алып Арагацтың көрінісін Армения астанасы — Ереванның тұрғындары күн сайын тамашалайды деуге болады, мұндағы ең әдемі үйлер мен ғимараттар Арагацтан өндірілетін алқызыл туфпен қапталған.

Сурам жотасының батысында әйгілі Колхида ойпаты жатыр. Жалпы, Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы жіңішке алабы ойпатты келеді, мұнда әйгілі емдеу-сауықтыру және демалыс орындары орналасқан. Сурам жотасынан шығысқа қарай Кура-Аракс ойпаты жатыр, ол оңтүстігінде Талыш тауларымен шектеседі.

Жас тау жүйесінің күрделі құрылымы алуан түрлі пайдалы қазбалардың калыптасуына негіз болған. Тауаралық шығысы мен Каспий кайраңында (Әзірбайжан) мұнай кен орындары бар. Қазіргі кезде мұнай тек құрлықтағы кен орындарынан ғана емес, қайраңда орналасқан ұңғымалардан да өндіріледі. Әзірбайжанның орталық бөлігіндегі Нафталан қаласы маңында емдік қасиеті бар мұнай түрі — нафталан табылған, бұл — нафталанның әлемдегі бірден-бір кен орны.

Грузиядағы Ткварчели және Ткибули алаптарында көмірдің едәуір мол қоры бар. Кенді пайдалы қазбалардың қоры Кавказдың қатпарлы құрылымымен байланысты болады. Грузиядағы Чиатура марганец кен орнының әлемдік маңызы бар, бұл елде полиметалдардың да қоры едәуір. Темір, кобальт кендері Дашкесанда (Әзірбайжан), мыс Армениядағы Кафан, Алаверди кен орындарында өндіріледі. Кавказ алуан түрлі құрылыс материалдарына (цемент шикізаты, мәрмөр, пемза, туф және т.б.) да бай.

Кавказдың климат жағдайлары өте әркелкі болып келеді, бұл, ең алдымен, жер бедерінің өзіндік сипатымен түсіндіріледі. Үлкен Кавказдың қоңыржай және субтропиктік климат белдеулерінің аралығындағы климат шебі ретінде де маңызы зор. Бұл аса биік тау жүйесі оңтүстігіне суық ауа массаларын өткізбейтіндіктен, субтропиктік белдеу Кавказ сыртында әдеттегіден бірнеше жүз километр солтүстікке «жылжыған». Сол себепті Кавказ елдерінің климаты салыстырмалы түрде жүмсақ болады, климат айырмашылығы тауаралық ойыстарда айқын байқалады. Мәселен, теңізден келетін жылы, ылғалды ауа массаларының жолында орналасқан Колхида ойпаты аумағында жылдық жауын-шашын мөлшері 2000—3000 мм-ге жетеді. Қыс өте жылы, тұрақты қар жамылғысы болмайды. Мұндағы ең салқын ай — ақпан, оның орташа температурасы +6°С, температура өте сирек жағдайда ғана 0°С-тан төмендейді. Құрғақ континентті ауа басым болатын шығыстағы жазықтарға кұрғақ субтропиктер тән. Жалпы алғанда, Кавказ сыртының климат жағдайлары алуан түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді. Мұнда қоңыржай белдеу дақылдарынан (мақта, бидай, жеміс ағаштары, жүзім) баска, субтропиктік белдеуге тән цитрустар, шай бұтасы өсіріледі.

Кавказ тауларында климат жағдайлары биіктікке байланысты өзгереді. Мысалы, 2000 м биіктікте шілденің орташа температурасы +14°С, ал 3600 м деңгейінде +4°С шамасында ғана болады. Биік таулы белдеуде қыс аязды, қар қалың (2—4 м), тау асуларында қарлы борандар жиі соғады.

Кавказ өзендері қысқа болуымен және мол сулылығымен ерекшеленеді, олар Қара және Каспий теңіздерінің алаптарына жатады. Аймактағы ірі өзендер — Кура (Аракспен бірге), Риони, Кодори, Ингури, Бзыбь. Басын таудан алатын, ағысы жылдам бұл өзендер жыл сайын орасан мол борпылдақ жыныстарды ағызып әкеліп, атырауына жинайды. Мысалы, Риони өзені жылына орташа есеппен 10 млн м3 бос жыныстарды тасымалдайды, сол себепті Поти каласы маңында жағалау жылына 12 м-ге «өседі». Өзендер, негізінен, жаңбыр суымен, еріген мұздық суларымен толығады.

Шығыстағы өзендер көбінесе егістіктерді суару үшін пайдаланылады, ал ағыны қатты тау өзендерінде СЭС жүйелері салынған. Аймақтағы аса ірі көл — Армениядағы Севан көлі. Ауданы 1416 км2 болатын бұл ағынды тау көлі 1916 м биіктікте орналасқан. Көл мен айналасы Севан ұлттық саябағының аумағына енеді. Грузия жерінде 950 м биіктікте өте әдемі Рица көлі (тереңдігі — 116 м) орналасқан. Үлкен Кавказда мұздықтар тараған. Олардың жалпы ауданы 1428 км2 болғанымен, 1/3-і ғана оңтүстік беткейде орналаскан. Оңтүстік беткейде солтүстігіне қарағанда қар сызығы шамамен 200—300 м-дей жоғары жатыр. Кавказда мұздықтардың қарқынды еруі нәтижесінде және мол жауын-шашыннан соң сел жиі байқалады.

Кавказ емдік қасиеті бар минералды суларга да бай, олардың кұрамы әр түрлі болып келеді. Мәселен, Грузияда 2 мыңнан астам минералды су көздері табылған, олардың негізінде ондаған емдеу орындары жұмыс істейді. Әсіресе құрамында көмір қышқылы басым суымен әйгілі Боржоми, ыстық радонды сулары бар Цхалтубо сауықтыру орны көзге түседі. Өзірбайжанда Апшерон түбегіндегі йодты-бромды, сульфидті минералды сулары, емдік балшықтары, елдің оңтүстік-шығысындағы көмір қышқылға бай минералды сулары кеңінен пайдаланылады. Арменияда 300-ден астам емдік қасиеті бар су көздері барланған. Елдің оңтүстік-шығысында суының құрамы Чехиядағы әйгілі Карловы-Вары шипалы суына өте ұқсас Джермук зонасы орналасқан.

Кавказдың топырақ және өсімдік жамылгысы биіктік белдеулік пен ендік зоналылық заңдылықтарына сәйкес таралған. Үлкен Кавказдың оңтүстік беткейінің төменгі белдеуін жалпақ жапырақты (шамшат, емен, шегіршін, үйеңкі) ормандар алып жатыр. Олар біртіндеп майқарағайлы-шыршалы (шығысында қарағайлы) ормандарға, 2000 м-ден жоғарыда бұталар мен қисық ағашты белдеуге ауысады. Орманды белдеулердің негізгі топырағы — орманның қоңыр топырағы. Шамамен 2400—2900 м аралығында субальпі және альпі шалғыңдары таралған, мұнда таудың шалғынды топырақтары басым.

Жылы, ылғалды субтропиктік климат тән Колхида ойпатының солтүстігінде сары топырак, оңтүстігінде қызыл түсті топырақ тараған. Бұл топырақтардың құрамында темір мен алюминий қосылыстары бар, өте құнарлы келеді. Ойпатта батпақты топырақ түрлері де кеңінен тараған. Колхида ойпаты мен оған іргелес тау беткейлерінің топырак түрлерінің құрамы өте бай, лианалармен көмкерілген субтропиктік ормандар басым. Колхиданың сирек кездесетін өсімдік түрлерін қорғау, түрлік құрамын зерттеу мақсатында Колхида қорығы, Батуми бота-никалык бағы ұйымдастырылған.

Ормандар — Кавказдың басты табиғат ресурстарының бірі. Ормандар Грузия аумағының 40%-ын, Армения аумағының 11%-га алып жатыр. Әзірбайжанда ормандар Талыш тауы мен Ленкорань ойпатында ғана сақталған. Ормандардың аумағы қысқарғанымен, түрлік құрамы бай. Кавказда еменнің сирек кездесетін түрлері, жібек акациясы, темір ағаш, тис, самшит, лавр және т.б. ерекше ағаш түрлері өседі. Құнарлы топырак түрлері Кавказ елдерінде сан-салалы ауыл шаруашылығын дамытуға табиғи негіз болады.



Бақылау сұрақтары.

1. Кавказ елдері тобына қандай мемлекеттер енеді?

2. Кавказдың геосаяси жағдайының ерекшеліктері қандай? Оның қолайлы және қолайсыз тұстарына баға беріндер.

3. Кавказдың саяси картасының негізгі кезендерін атандар. Әрбір кезеңге тән ерекшеліктерді және ірі мемлекеттердің аныктаңдар.
217 -сабақ

Тақырыбы: Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтары

Жоспар:

1. Әзірбайжан

2. Армения

3. Грузия

Сабақтың мақсаты: : Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтарын қарастыру

Теориляық мәлімет:

1.Әзірбайжан — Кавказ сыртының оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан теуелсіз мемлекет. Ол Кавказ елдері арасында жерінің ауданы мен халқының саны жөнінен жетекші орында. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, батысыңда Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, ал шептерге (Үлкен Кавказ, Кіші Кавказ жөне Талыш таулары) сәйкес келеді. Әзірбайжан жері шығысында Каспий теңізі суларымен шайылып жатыр, сол себепті Түрікменстанмен және Қазақстанмен де теңіздік шекаралары бар. Осы аталғандар негізінде елдің географиялық орнын экономикалық және геосаяси тұрғыдан қолайлы деп бағалауға болады.

Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 61 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахичевань автономиялық республикасы енеді. Нахичевань автономиялық республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің кұрамында болған Таулы Карабах автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Карабахтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2004 жылы Әзірбайжан аумағында 8,3 млн адам тұрды, кала халқының үлесі 52%-ды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 95,4 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкорань ойпаты мен Апшерон түбегінде халык тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Кура жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен.

Әзірбайжанда туудың жалпы көрсеткіштері соңғы он жылда төмендеп кеткенімен (1990 жылы — 20,2‰, 2000 жылы — 15‰,), көршілес Грузия мен Арменияға карағанда әлдеқайда жоғары. Табиғи өсу 2000 жылы 9‰, -ні құрады. Табиғи өсудің осы қаркыны сақталатын болса, ел халқының екі еселенуі үшін бар болғаны 77 жыл ғана қажет болар еді (Қазақстанға бұл үшін 161 жыл қажет). Әзірбайжан — көп ұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы саддарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Карабах мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген әзірбайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында әзірбайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзірбайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.

Әзірбайжан аумағында халықтың тұрмыс деңгейі салыстырмалы түрде төмен, жүмыссыздық артуда. Таулы Карабах мәселесіне байланысты Армениямен 1988 жылы басталып, күні бүгінге дейін жалғасқан жанжал елдегі босқындар санын арттырып отыр. Мұның бәрі әлеуметтік салада едәуір мөселелер туындатады.

Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде Әзірбайжанның экономикалық қуаты жоғары, маманданған салалары күшті дамыған ел ретінде көзге түсетін. Шаруашылық ұзақ уақыт бойы елдің сапалы мұнай қорына негізделіп келді. Қазіргі кезде де ел өнеркәсібінің салалық қүрылымында көмірсутек шикізаты негізінде дамитын отын-энергетика кешені жетекші орын алады.

Барланған мұнай қоры (шамамен 4 млрд т) жөнінен Әзірбайжан ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі 2-орынды алады, барлық мұнай қорының 4/5 бөлігі теңіз қайраңындағы кен орындарының үлесіне тиеді.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдары Каспий қайраңындағы кен орындары бөліске салынды. Әзірбайжан қарамағында қазір 5 ірі теңіздік кен орны: Гюнешли, Чираг, Азери, Нефтяные Камни, Кяпаз бар. Ашық теңізде болат тіреулер үстінде орналасқан жасанды аралдар мұнай өндіру орталықтарына айналған. Мұнай ендіру мен еңдеу саласында мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші рөл атқарады. Оның қарамағында Каспий теңізіндегі ең ірі флотилия бар, онда 300-ден астам ірілі-ұсақты кемелер жинақталған.

Мұнай өндіру көлемі 1991 жылы 11,7 млн т болса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 15,5 млн т-дан асты. Ел өнеркәсібінің көптеген басқа салалары мұнай мен газ өндірумен тығыз байланысты. Өндірілетін электр энергиясының 90%-дан астамын мұнай мен газға негізделген жылу электр станциялары береді. Мұнай өндеу кәсіпорындары химия өнеркәсібімен тығыз байланысқан, мұнда дәстүрлі өнім түрлерімен қатар синтетикалық каучук, шина, пластмасса, жасанды талшықтар өндіріледі. Ірі орталықтары — Баку мен Сумгаит.

Машина жасау саласының мамандану сипаты, ең алдымен, отын-энергетика кешенінің дамуымен анықталады. Елдің машина жасау кәсіпорындарында кеңес дәуірінен бері мұнай мен газ өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар (ең алдымен, бұрғылау қондырғылары) жасалады. Кезінде қарқынды дамыған прибор жасау, электр құралдары мен радиотехника өндірісі қазіргі кезде терең дағдарысты басынан кешіруде.

Әзірбайжанның ауыл шаруашылыгы суармалы алқаптарды игерумен байланысты дамуда. Егістік жерлердің жартысынан астамы ірі бөгендерден тартылған каналдар жүйесі арқылы суарылады. Мұнда бидай, күріш, мақта, малазықтық және техникалық дақылдар күтіп, бапталады. Тау бөктерлерінде жүзімдіктер мен бау-бақшалар орналасқан (26-сурет). Кура-Аракс ойпатының табиғи жайылымдары қой шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Жергілікті ресурстарға негізделген дәстүрлі салалар қатарына балық аулау мен жібек шаруашылығын да жатқызуға болады.

Көлік жүйесінде теміржолдардың үлесі жоғары. Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы — 1800 км, ал 1000 км2 аумаққа шаққандағы тығыздығы 24,5 км-ді құрайды. Әзірбайжан аумағы арқылы Ресейді Иранмен жалғастыратын халықаралық теміржол өтеді. Жүк айналымы жөнінен 2-орынды теңіз көлігі алады. Баку — Түрікменбашы (бұрынғы Красноводск) аралығындағы паром арқылы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады. Жүк пен жолаушы тасымалында тас жолдардың да үлесі айтарлықтай. Елде 1000 км2 аумаққа шаққандағы тас жолдардың тығыздығы 264 км, бүл көрсеткіш бойьшша Әзірбайжан ТМД елдері арасында Грузия мен Молдовадан кейінгі 3-орынды алады. Құбыр көлігінің де маңызы артып келеді.

Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚІП доллары) экспорттан (606 млн АКІП доллары) асып түседі. 2004 жылы Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 млн АҚІП долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың Каспий мұнайын өндіру мен тасымалдауға қатысты халықаралық жобалар негізінде даму болашағы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет