Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет7/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Бағалау өлшемдері







Өлшемдер мазмұны

Бағалау белгісі

1-өлшемге толығымен сәйкес емес

2-өлшемге жартылай сәйкес

3-толығымен сәйкес

1

СҒЗЖ өзектілігі

+

-

-

2

СҒЗЖ мақсаттылығы

-

-

+

3

СҒЗЖ міндеттердің орындалуы

+

-

-

4

СҒЗЖ мазмұнының ашылуы

-

+

-

5

СҒЗЖ әдістерінің мақсат-міндеттеріне сәйкес іріктелуі

+

-

-

6

СҒЗЖ теориялық маңыздылығы

-

+

-

7

СҒЗЖ қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталуы

-

-

+

8

СҒЗЖ нәтижелерінің тиімділігі

-

-

+

9

СҒЗЖ нәтижелерінің дәлелді болуы

+

-

-

Кесте арқылы біз талданып жатқан мәселеге байланысты ой-пікірімізді ұсынамыз. Ал, жалпы алғанда, әрине бұндай мамандықтың қажеттігі сөзсіз және арнайы зерттеушілік – ұйымдастырушылық жұмыстарды керек етеді. Педагогикалық үдерісте студенттердің білім, біліктерін бағалау, бақылау және есепке алу маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі. Өйткені педагогикалық үдерістің тиімділігі мен нәтижесін, теориялық білімді меңгеру сапасын және біліктілік пен дағдының қалыптасу деңгейін көрсетеді. Педагогикалық құбылыстарды бағалау және бақылау үш жақты қызмет атқарады: білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Болашақ маманның оқуға қатынасы, дербестiк, еңбекқорлық, ынталылық, берiлген тапсырманы дер кезiнде орындау мен оның сапасына деген жауапкершiлiк сияқты жеке тұлғасының басты қасиеттерiнiң қалыптасуы олардың бiлiмiн тексеру мен бағалау қалай жүргiзiлгенiне байланысты. Осылайша, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелiлiк пен дамытушылық қызметтерi де тән. Үдеріс ретiнде бiлiм, бiлiк және дағдыларды бағалау жеке тексеру барысында жүзеге асырылады. Педагогикалық өлшемнің шартты көрiнiсi баға, көбiнесе 1-өлшемге толығымен сәйкес емес, 2-өлшемге жартылай сәйкес, 3-толығымен сәйкестік балл түрiнде болады деген пікірдеміз.


Жоғары педагогикалық білім беру үдерісінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау, бақылау және есепке алуды өлшемнің құралдары ретінде қолдануға болады. Аралық немесе қорытынды кезеңдегi ғылыми-зерттеу нәтижелерінің талдау үшiн жалпы талаптар болуы мүмкiн. Бұл талаптарды қоғам дамуы үдерісiнде өзгерiп отыратын әлеуметтiк тапсырыс анықтайды.
1) Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерiнiң сыртқы формада – пайымдауларда, бағаларда, әрекеттерде көрiнiс табуымен байланысты критерийлер.
2) Ғылыми-зерттеу жұмыстарынан тыс құбылыстармен, яғни сөзiнде, қылықтарында, iс-әрекеттерiндегi сыртқы көрiнiстерiмен сәйкес келмейтiн адамның себеп-салдарларымен, iшкi ұстанымымен байланысты өлшемдер.Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерiн бағалау мәселесiнде оларды өлшеу амал-тәсiлдерiн iздестiру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау негiзi ретiнде қандай да бiр сипаттамалық немесе өзектi қасиеттер тобын алу керек. Бұл қасиеттердiң даму деңгейiн, белгiлi мағынада, ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрсеткiшi деп есептеуге болады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн өлшеудің негiзгi әдiстерi ретiнде бағалау, тексеру, саралау, талдау, оқушылардың әртүрлi құбылыстарға қатынасы бойынша тақырыптарға шығармаларын, тестiнi есептеуге болады.
Біздің пайымдауымызша, ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің кейбiр көрсеткiштерiн арнайы диагностикалық әдiстер арқылы бiлуге болады. Мәселен: сауалнама, анкета, шығарма, тест. Осылайша, ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерiн тексеру тұтас болу керек, ол жүйелі түрде өткiзiлуi керек. Оны жүзеге асыру зерттеушінің, оқытушының құзырында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет