Азық-түлік салғырты – Азамат соғысы кезінде Кеңес үкіметі қолданған ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың төтенше жүйесі, «әскери коммунизмі» саясатының негізгі белгілерінің бірі. 1919 жылдың қаңтар айынан 1921 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді.
Соғыс коммунизм саясаты – 1918-1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Бесжылдық, Бесжылдық жоспар – Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы.
Большевизм (большевик – РСДРП-ның солшыл фракциясы) – В.И. Лениннің, кейіннен оның ізбасарларымен басқарылған, марксистік ілімді тоталитарлық идеология мен тәжірибеге бұрмалаған ресейлік социал-демократиядағы ультрасолшыл ағым.
Буржуазия (фр. bourgeoіsіe – қала тұрғындары) – елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ. Оның табыс көзін өндіріс пен саудадағы және қаржы-кредит салаларындағы кәсіпкерлік қызметі құрайды.
Бюрократия – (лат. bureau – бюро, канцелярия және грек, kratos – күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі) - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі.
Геосаясат – адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді.
Геноцид – (гр. genos – тек, тайпа және лат. caedo – өлтіру) – халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді.
Декларация (фр. declaration – мәлімдеу, хабарлау) – мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат.
Диктатура (ағылш. dictatorship, нем. diktaturf; лат. dictatura – жазылып қойған) – бір адамның немесе адамдар тобының билікке толық ие бола отырып, елді басқаруы.
Демография (гр. demos - халық) – белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
Егемендік (фр. souverainete – жоғарғы билік) – мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. «Егемендік» ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |