Жоспарлы экономика – КСРО-да және басқа да «социалистік» деп аталған елдерде қолданылған экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып үйлестіріліп отырды. КСРО-да 1921 жылы тоталитарлық қоғамның негізгі экономика мақсаттарын жоспарлаушы экономика орган – Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы (1947 жылдан Мемлекеттік жоспарлау комитеті) құрылды.
Индустрияландыру (лат. industria - ірі өнеркәсіп) – кез келген салада ірі машиналық өндіріс құру үдерісі; халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру инфраструктураның дамуымен және индустрияланған халықтың пайда болуымен жүзеге асуы.
Интеграция (лат. integratio – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.
Интеллигенция (лат. intelligenta – «түсіну», лат. intelligens – «ойлаушы») – адамға тән рухани, зерделі қабілет, ақыл нысаны. «Интеллегенция» сөзімен халықтың рухани бастаушыларын атайды. Ғылымының, техникалық және мәдениеттің түрлі облыстарындағы білімді немесе арнайы білім иелері.
Интервенция (лат. interventio – қол сұғу, араласу) – бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы.
Истпарт – Қазан төңкерісі тарихы және Коммунистік партия тарихыжөніндегі материалдарды жинау мен зерттеуге арналған комиссия. 1921жылдың 1 желтоқсанынан РК (б)П ОК жанынан бөлім құқында құрылған құрылым Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар бойынша алғашқы ғылыми мекеме болды. Оның өңірлік бөлімшелері 1939 жылға дейін жұмыс істеді.
Капитализм – пайда табу үшін жалдамалы еңбекті пайдаланатын және өндіргіш күштері капиталистер табының меншігінде болатын феодализмді алмастырған қоғамдық – экономикалық формация.
Концепция (от лат. conceptio – түсіну, жүйе) – табиғаттағы, қоғамдағы үдерістер мен құбылыстарға көзқарастар жүйесі, реформаларды, жобаларды, жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыру кезіндегі іс-қимылдар стратегиясын айқындайтын ой-пікір.
Достарыңызбен бөлісу: |