Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №



бет21/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Жаңа экономикалық саясат – ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) Х-съезінде «әскери коммунизм» саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды.
Жаһандану (ағылш. Global – «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») – жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт.
Жәдитшілік (араб.: جادىيدىيييا‎ – «жаңа») – ХІХ ғ. екінші жартысында пайда болған, ХХ ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу – түркі тілдес мұсылман халықтарының дамуында үлкен ықпал етті.
Жеке басқа табыну – саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәңірдей табынып, шектен тыс ұлықтау.
Жеке меншік – жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы.
Жемқорлық (лат. corruptio – сатып алу) – мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет