Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №



бет17/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Семинар сабағының жоспары:
1.Жаңа экономикалық жүйені қалыптастырудағы қиындықтар мен кемшіліктер.
2 Қазақстан экономикасын реформалаудың қазіргі бағыттары.
3.Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы еліміздің экономикалық дамуының қиындықтарын қарастырып, қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасын реформалаудың маңыздылығын түсіну, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығының мәнін ашу.
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыпты зерттеу барысында нарықтық экономикаға көшудегі қиындықтар мен қателіктерге, экономикалық дағдарыстың салдарына, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, қоғамдағы шиеленістің күшеюіне назар аудару керек. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының жаңа бағыттарын көрсетіңіз, қазіргі кездегі сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіріңіз.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қашан бағаны босату туралы Жарлық қабылданды?
2.Жекешелендірудің бірінші кезеңінде қанша мекеме жекешелендірілді?
3.Жекешелендірудің қай кезеңінде Алматы темекі комбинаты мен Шымкент кондитер фабрикасы сатылды?
4.Қашан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта айналымға енгізілді?

ОН ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП: Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.).
Сабақтың мазмұны: 1992 жылдың 28 қыркүйегінен 4 қазанға дейін Алматыда Қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы өтті. Оған дүние жүзінің 13 елінен өкілдер қатысты, ресми құрылтай қонақтары 800-дей болды. 1992 жылы 30 қыркүйекте салтанатты жиналыс болып, онда Н.Ә.Назарбаев құттықтау сөз сөйледі: «Біздің бүгінгі құрылтайымыздың басты мақсаты мен маңызы – бүкіл дүние жүзіне тарыдай шашырап кеткен қазақ халқының болашағы туралы ой бөлісу, қазіргі тарихи өтпелі кезеңге тап болған ұлттың тағдырына көз жіберіп, шолу жасау», - деді Елбасы.
Құрылтай күндері ұлттық бірігу орталығы ретінде Қазақтардың Дүниежүзілік ассоциациясы құрылды. Осы шараға орай өткізілген тұсаукесер рәсімінде Қазақтардың дүниежүзілік ассоциациясы төралқасының төрағасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1996 жылы ҚДА ұсынысымен шетелдердегі қандастарымызға мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы қабылданды.
Бүкіл әлем қазақтары тарихта тұңғыш рет бас қосып, өзекті мәселелерін көпшілік талқысына салды. Құрылтай қазақ халқының болашақ даму бағыттарын белгілеп, әлемдегі 4 млн-нан астам қазақтың болашақтағы бірлігіне жол салды. 1997 жылы 24-30 наурызда Стамбулда Түркі халықтарының құрылтайы өткізілді. Ол Мәдениет сарайында өтті. ҚДА өз қызметінде бірлестікке көмектесуге, шетел қазақтарының сан қилы мәселелеріне, талап-тілектеріне көмектесуге тиіс болды.
ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында қазақтардың тарихи отанына оралу мәселесі үкімет деңгейінде шешіле бастады. Бұл мәселенің күрделігіне орай, мемлекет қазақтардың шетелдерден оралуын біртіндеп жүзеге асыру бағдарламасын дұрыс көрді. 1991 жылы көктемде Талдықорғанға таяу Сарыөзек станциясына Моңғолиядан шыққан оралмандар келіп түсті. 1991 жылы 18 қарашада Н.Ә.Назарбаветың ұсынысы және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешіміне сәйкес республиканың Министрлер Кабинеті «Өзге республикалар мен шетелдерден Қазақстанға келіп, ауыл шаруашылығында еңбек етуге тілек білдірген жергілікті ұлт өкілдерін көшіріп алу тәртібі мен жағдайлары туралы» қаулы қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет