Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №



бет5/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Семинар сабағының жоспары:
1.Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасу кезеңдері мен негізгі ошақтары.
2.Ұлы даладағы энеолит және қола дәуіріндегі шаруашылық ерекшеліктері.
3. Қола дәуіріндегі рухани және материалдық мәдениеттің ерекшелігі мен таралу аймағы.
4.Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар.


Семинар сабағының мақсаты: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары, ерекшеліктері мен таралу аймағын, энеолит, қола дәуірінің кезеңдерінің ерекшеліктері мен сабақтастығы, мал шаруашылығының генезисінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Қола дәуіріндегі металлды өңдеу мен көшпелі өркениеттің қалыптасуының тарихи маңызы және зерттелу мәселесіне байланысты зерттеу еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі, қоғамдық құрылымы мен рухани, материалдық мәдениетінің зерделенуі, қалалық мәдениеттің қалыптасуына байланысты жаңа көзқарастарды талдап, тұрақтар мен ескерткіштерге сипаттама жасау қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, картамен жұмыс жасайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қола дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?
2. Қандай қола дәуірінің археологиялық ескерткіштерін білесіз?
3. Беғазы-Дәндібай ескеркішін зерттеген қазақ ғалымын атаңыз?
4. Андронов мәдениетінің ерекшелігі неде?
ҮШІНШІ ТАҚЫРЫП: Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті. Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі
Сабақтың мазмұны: Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршықтас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі құрылыс болып табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады, олар: дәліз, қабірдің алдыңғы кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Жерленгендердің әрқайсысының жанына оң жағынан қысқа семсер-ақинақтар қойылған, ал сол жағында қола ұшты жебелер салынған қорамсақтардың қалдықтары жатыр. Материалдар жиынтығына талдау жасап жалпы алғанда Бесшатырд. деп белгілеу мүмкіндік береді.
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ қиізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады».
Геродот пен Гиппократтың айтуынша, мал өсіретін тайпалардың көші-қонды тұрғын үйлермен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды.
Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы және олардың грек-парсы соғыстарына қатысуы туралы жазба деректерде көп кездеседі. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі сақтардың мықты әскери, саяси күшінің болғандағын дәлелдейді.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі туралы қытай деректерінде кездеседі. Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Сыма Цянь былай деп жазады: «Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшеді. Үй малынан жылқы, ірі қара және қой-ешкі өсіреді».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет