Семинар сабағының жоспары:
1. Оғыздардың қоғамдық-саяси тарихы. Қарақытайлар мемлекетінің тарихы. 2. Наймандар мен керейлердің мемлекетінің этносаяси тарихы туралы дереккөздер.
3. Ұлы Жібек жолының кейінгі антикалық және орта ғасырлар дәуіріндегі маңызы.
4. Ежелгі түркі өркениетінің Орхон-Енисей жазуы, наным-сенімдері мен культтері.
5. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік өркениеттегі алатын орны.
Семинар сабағының мақсаты: Түркі мемлекеттерінің тарихын,ішкі және сыртқы саяси дамуы мен кезеңдерін, этногенездегі рөлі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын тарихи деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде қарастыру.
Түркі дәуіріндегі Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетін дерек көздері мен зерттеу еңбектері негізінде қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер түркі халықтарының діни-наным сенімдері, жазба мәдениетінің қалыптасуы мен таралуы, қалалар тарихы, Ұлы жібек жолының маңызы мен рөлі, түркі ғұламалары мен ойшылдарының еңбектерін терең зерделейді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызын дәлелдейді. Ұлы жібек жолы бойындағы қалалар тарихын дерек көздері арқылы кешенді қарастырып, контурлық картамен жұмыс арқылы бекітеді. Студенттер дайындап әкелген карта бойынша жұмыс жасайды. Әр қаланың орналасуы туралы деректердегі мәлімет, көне аты және қазіргі орналасқан жеріне басаназар аударылып сұрақтар қойылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Оғыздардың қоғамдық-саяси тарихы туралы айтыңыз?
2. Наймандар мен керейлердің мемлекетінің этносаяси тарихы туралы қандай деректер бар?
3.Ұлы жібек жолының тарихи маңызы мен рөлін көрсетіңіз?
4.Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызын айтыңыз?
БЕСІНШІ ТАҚЫРЫП: Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз
Сабақтың мазмұны: Алтын Орда кезеңі де тіл тарихында ерекше орын алды. Бұл кезеңде Хорезмидің «Мұхаббатнамесі», Құтба ақынның «Хұсрау мен Шырын» поэмасы, («Пайғамбарлар туралы қысқа әңгімелер»), көне қыпшақ тілінде «Кодекс Куманикус» («Құман тілінің сөздігі») сынды шығармалар Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген. Әдеби жәдігерлердің бірінің мән-мазмұн тереңіне көз жіберсек, «Хұсрау мен Шырын» поэмасында шынайы махаббаттан бөлек, арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық жеңіп шығатыны жазылған. Демек, адамгершілікті дәріптеу мен адалдыққа сүйіспеншілікті жырлау арқылы адамды ізгілікке жетелеген.
XV ғасырдың өзінде - ақ Алтын Ордада әдеби тіл қалыптасты. Бірақ ол моңғол тілі емес түркі –татар тілінде болды . Моңғолдардың тек өз атауын сақтап қалғаны болмаса , тілі жойылуға жақын қалған болатын.XV ғасырда моңғол тілінде сөйлейтіндер қатары жоқтың қасы болатын.Тіпті ,хан құжаттары да қыпшақ тілінде жазылатын болған .Тіпті Қырымда да түркі тілі үстемдік етті . Базарларда сауда түркі тілінде жүргізілген.Алтын Орда мен Иран арасында тығыз мәдени және сауда қарым қатынастары орнығады.Сол себептіде парсы мәдениеті Алтын Орда қалаларында тез арада ене бастайды.Алтын Ордада парсы тілі кеңінен етек жая бастайды.
Алтын Орда ұзақ жылдар бойы сауда-саттыққа, алым-салыққа негізделген тыныш саясат ұстанды.
Орда жеріндегі бұзылған, ескі қалаларды қалпына келтіру ісі XIII ғасырдың 40-жылдарынан жүргізілсе, жаңа кенттер тұрғызу Сайын хан — Батудың тұсында басталды. Батудан кейін орда тізгінін қолына алған Берке хан да қала құрылысына ерекше мән беріп, көптеген шаһарлар салдырды. Дегенмен, шаһар мәдениетінің шын мәнінде өркендеуі Өзбек пен Әз-Жәнібек хандар билік құрған, XIV ғасырдың 20-60-жылдарына тұспа-тұс келеді. Бұл кездерде Алтын Орданың Сарай, Сарай әл-Жәдид, Гүлстан, Болгар, Білар, Азақ (Азаулы), Қырым, Қафа, Қажы-Тархан, Орда-Базар, Бек-Базар, Үкек, Сарайшық, Түмен, Ақкермен, Шаһар әл-Жәдид, Мажар, Мамай-Сарай, Бел-Жәмен, Қопа, Хорезм, т.с.с. сынды қалаларының даңқы шартарапқа жайылып, ірі әкімшілік, мәдениет орталықтарына айналған еді. Бүгінде белгілі болған құжаттарға қарағанда, Алтын Ордадағы қала салу мәдениеті өз заманы үшін ең жоғарғы деңгейде болғанына көз жеткіземіз. Алтын Орда шаһарларынан Азияны, Еуропаны жайлаған көптеген ұлттар мен ұлыстар мәдениетінщ іздері, жетістіктері байқалатын. Бұл кенттерді тұрғызуда Шығыс сәулет өнерінің ең үздік дәстүрлері уақыт сынынан өткен құрылыс материалдары, оларды жасау технологиясы, қала жобалаудағы жаңашыл бағыттар пайдаланылған еді. Орыстың белгілі тарихшы-археологтары Г.Федоров-Давыдов, В.Егоров Алтын Орда қалаларының әлемдік мәдениеттегі орнын жан-жақты дәлелдеп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |