Семинар сабағының жоспары:
1.Ерте темір дәуірінің мәдениеті мен археологиялық ескерткіштері.
2.Қазақстандағы ерте темір дәуірінің жазба деректері мен зерттелуі.
3.Сақтар мен сарматтардың әлеуметтік, қоғамдық-саяси құрылымдары.
4.Сақтардың сыртқы басқыншыларға қарсы күресі(Ахеменид державасы, Александр Македонский)
5. Ғұндардың шығу тегі мен саяси тарихы.
Семинар сабағының мақсаты: Қазақстан территориясындағы темір дәуіріндегі тайпалардың этникалық, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-шаруашылық, мәдени дамуына талдау жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер семинар барысындабасты назардытарихи деректерге және картаға аударады. Оқытушы семинарда бірнеше кіші топтарға бөлінген студенттерге деректер жайлы мәліметтер береді (мысалы, Герадот, Бехустин жазбалары, қытай деректері, Сыма-Цянның мәліметтері және т.б.). Сақтардың Ахеменидтер державасы, Александр Македонскийді жаулап алуына қарсы күресі мен грек-парсы соғыстарына қатысуы жайлы мәліметтерге талдау жасайды. Оқытушы деректер бойынша сұрақтар береді, берілген семинар сұхбат алу түрінде жүргізіледі, студенттердің деректермен жұмыс істеу қабілеті бағаланады.Ғұн империясының әлемдік тарихтағы орны анықталады.Студенттер бірнеше топқа бөлініп, картамен жұмыс жасайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Темір дәуірінің қандай мәдениеті мен археологиялық ескерткіштері бар?
2. Сақтар туралы жазба деректер мен зерттеулер бар?
3.Сақтардың әлеуметтік, қоғамдық-саяси құрылымдары туралы айтып беріңіз?
4.Қандай деректерде ғұндардың шығу тегі мен саяси тарихы туралы жазылған?
ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП: Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы
Сабақтың мазмұны: ІХ ғасырдың аяғы – Х ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент (Жаңа Гузия) қаласы болды. «Оғыз» сөзінің пайда болуы туралы әр түрллі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар «уыз» сөзінен шықты десе, екінші біреулері «садақтың оғы» деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар «өгіз» деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Қытай деректері оғыздардың құрамына байандұр, имур, қайлар кірген десе, арабтар қимақ тайпаларының кейбір бөліктерінің оғыздарға қосылғанын хабарлайды. Ал Махмұд Қашқаридің дерегі бойынша, оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрса, әл-Марвази олардың 12 тайпасы жөнінде ғана жазады.
Қытай деректері бойынша, қарақытайлар – Солтүстік Моңғолия, Сотүстік Қытай, Маньчжуриия мен Уссири өлкесін мекендеген «қидан» тайпалары. Қидандардың Х ғасырда Батысқа қарай жылжыған бір бөлігі мұсылман деректерінде «қарақытайлар» деп айтылады.
VIII ғ. жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген. Моңғолша «найман – сегіз» дегенді білдіреді. Сондықтан моңғолдар оларды найман деп атап кеткен. Ал кейбір деректерде Моңғолияда Секиз деген өзен бар, сол өзен бойында тұратын тайпаларды моңғолдар «найман» деп атады деп жорамалдайды. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кезі – ХІІ ғ. ІІ жартысы. Орталығы Орхон өзенінің бойындағы Балықты қаласы болған.
ХІ ғ. ІІ жартысында Керейіт хандығының құрамына керей, жиркиы, қоңқай, сақай, тутау, албат, тунхай, қыркун атты сегіз аймақ кірген.
Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі – Х-ХІІ ғ. аралығы, Маркус пен оның баласы Құршақұз хандар кезі.
Ұлы жібек жолы. Қала мәдениеті: Орта Азияда, соның ішінде Оңтүстік Қазақстанда шаһар өмірі ежелгі дәстүрлерге ие. Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қарахан ерте феодалдық дәуірінде де көптеген шаһарлары болған мемлекеттер еді. Б.з.б. екінші ғасырдан бастап Шығыс пен Батысты жалғастырған Ұлы жібек жолы Қазақстан аумағы арқылы өтті. Осы жол бойында ірі қалалар бой көтерді. Қазақстан қалаларының ең гүлденген кезеңі IX-XII ғғ. болып, бұл кезде олардың саны 56-ға жетті.
Түркі тілдес жазулар тіл ғылымында "руна" жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімінің ғалымы Дания университетінің профессоры В. Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог ғалым В. Радлов болды
Түркілер арасынан атақты ғалымдар, ақын-жазушыларымыз Әл-Фараби, Ж.Баласағүн, М. Қашғари, А. Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түрік тілінде жазған. Ал, ХII ғасырдан бастап түрік жазуы қолданыстан шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл-Фарабидің (870-950) көптеген еңбектері араб тілінде жазылған. Оның ғылымның әртүрлі салаларына арналған 160 тан астам енбегі бізің заманымызға дейін сақталып қалған.
Достарыңызбен бөлісу: |