Семинар сабағының жоспары:
1. «Алаш» саяси партиясы, оның жетекшілері және бағдарламасы.
2. Желтоқсандағы Бүкіл қазақ съезі.Алаш автономиясын құру туралы шешім. Үкіметтің құрылуы
3. «Алаш» партиясы 1918-1920 ж. саяси текетірес жылдарында.
4. Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) үкіметінің құрылуы.
5. Қазақстандағы «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда интеллектуалды-рухани элитаның қалыптасуы мен олардың ХХ ғасырдың басындағы қызметін көрсету,қазақ халқының мәдени дамуындағы қазақ зиялыларының рухани мұрасының тарихи маңызын ашу.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер ХХ ғасырдың басындағы қазақ зияткерлік-рухани элитасының қалыптасу процесінің мәнін ашып, соған сәйкес ауызша сауалға дайындалады және кесте құрастырады. Студенттер Алаш қозғалысының тарихына байланысты соңғы ғылыми зерттеулерді зерделеп, оның тарихи маңызын ашу керек және қазақ халқының көсемдері Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығының ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне тоқталуы қажет. Қазақ зиялыларының еңбектеріне шолу жасап, олардың ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың рухани дамуындағы рөлін анықтауы тиіс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.І Бүкілқазақ сьезінде күн тәртібінде қандай мәселелер қойылды?
2.«Алаш» партиясының басшылары мен бүкіл партияның Қазан төңкерісіне көзқарасы қандай болды?
3.Қай сьезде Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылдады?
4.Түркістан автономиясын құлатуға қатысқан армян ұлтшылдарының партиясы?
ОН БІРІНШІ ТАҚЫРЫП: Қазақстан 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдардарында.
Сабақтың мазмұны: Германияда үкімет басына фашистердің келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Германияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. И.В.Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В.Лебедев-Кучмач пен композитор А.Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ әнұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды.
Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарында фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеткерлерге шақырылды. Соғыстың алғашы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады.
Достарыңызбен бөлісу: |