Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №



бет9/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Семинар сабағының жоспары:
1.Қазақтардың дәстүрлі көшпелі мәдениеті.Көшпелі шаруашылықтың түрлері.
2. XIV-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті.
3. Қазақтың ақындық пен шешендік өнері, ауызша-сөз мұрасы.
4. Ауызша тарихнама, оның ерекшеліктері мен маңызы.Жазбаша тарихнама.
5. Қазақстанның қала мәдениеті. Қала мен даланың байланысы.Қалалардың құрылымы.
6. Қазақ халқының рухани мәдениеті.Қазақ-мұсылмандық діни дәстүрінің қалыптасуының аяқталуы.


Сабақтың мақсаты: Қазақтардың материалдық мәдениетіне, көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс-салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктеріне талдау жасау және қолөнер түрлеріне түсінік беру.
Қазақ халқының рухани мәдениеті, шешендік өнердің феномені, халық шығармашылығындағы батырлар бейнесі, ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктеріне зерттеу еңбектер негізінде талдау жасалынады. Қалалық мәдениеттің және Түркістан қаласының Қазақ хандығының рухани өміріндегі маңызын ашу.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ халқының дәстүрлі көшпелі мәдениетін, қолөнер түрлеріне және көшпелі, жартылай көшпелі шаруашылық түрлері және олардың ерекшеліктеріне байланысты деректер мен зерттеу еңбектер бойынша ауызша талдау жасалынады. Студент қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салтына байланысты ерекшеліктеріне талдау жасап, қолөнер түрлеріне түсінік береді. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікір алмасып, дөңгелек үстел ұйымдастырады.
Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі шешендік өнер, ауызша тарих айту дәстүрі, халық шығармашылығындағы батырлар бейнесіне зерттеу еңбектері негізінде талдау жасалынады. Мұхаммед Хайдар Дулати мен Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің еңбектерінің маңызын ашып көрсету. Сонымен қатар, қалалық мәдениеттің және қала мен даланың өзара байланысын ашып көрсету. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымының ерекшеліктеріне байланысты кесте дайындалады. XVII ғ. – XVIII ғ. басындағы қалалық мәдениеттің құлдырауы туралы материалдарды сабақта пайдалана отырып, ауызша баяндайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет