Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №



бет15/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Семинар сабағының жоспары:
1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес мемлекетінің саясаты.
2. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
3. Соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі.
4. Соғыс жылдарындағы Қазақстанға жер аударылған халықтар.
Сабақтың мақсаты: Жаңа тарихи зерттеулер негізінде студент Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы КСРО-ның сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын ашу. Соғыс аумағындағы аудандардан Қазақстанға халық, өндіріс кәсіпорындары мен техниканы эвакуациялау мәселерін талдау. Республика өмірін әскери негізде қайта құру мәселені қарастыру. Қазақстандықтардың соғыстағы ірі шайқастарға қатысуы туралы зерттеулермен танысу. Қазақстанға саяси сенімсіздер ретінде жер аударылған жекелеген ұлттар (немістер, түрік-месхеттер, шешендер, қарашайлар мен т.б.).
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстанды майдан арсеналы ретінде сипаттаңыз. Эвакуацияланған кәсіпорындар мен мекемелерді Қазақстанға қабылдау мәселелерін ашу. Тыл еңбеккерлерінің ерлігін талдаңыз. Соғыс уақытындағы экономикада жаңа өндіріс салаларының пайда болуын анықтау. Соғыс жылдарындағы тоталитарлық жүйенің құрылымын көрсетіңіз.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Германияның КСРО жаулап алуға құрған жоспары қалай аталады?

  2. Жеңіске жетудегі қазақстандықтардың үлесі қандай?

  3. Қазақстандық партизандардың қандай ерліктерін білесіздер?

  4. Қанша қазақстандық Кеңес Одағы Батыры атағын алды?


ОН ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП: Қазақстандағы «қайта құру» саясаты
Сабақтың мазмұны: 1985 жылғы сәуiр айында Кеңестер Одағы Коммунистiк партиясы Орталық Комитетiнiң пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетiнiң Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнiнде шешiм қабылданды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды.
1985 жылы республика бойынша ауылдан келген студенттердің төрттен үші ғана жатақханамен қамтамасыз етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес еді. Ондағы студенттердің 57,7 пайызы ғана жатақханаға орналаса алды. Желтоқсан оқиғасы қарсаңында «еңбектен тыс табыс» дегенмен күрес пайда болып, соның салдарынан тек қана Алматыдағы пәтер жалдап оқып жүрген үш мыңдай студент баспанасыз қалды.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В.Колбин сайланды.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқ. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды. Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет