Сене ала ма? Сенім және ғылым жайлы сұхбат


ҚҰДАЙ МЕНІ ШЫНЫМЕН КЕШІРЕ МЕ?



бет16/18
Дата03.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#175509
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ҚҰДАЙ МЕНІ ШЫНЫМЕН КЕШІРЕ МЕ?


Жарайды, Ербол, бұл да түсінікті болды. Ал күнәларым Құдай кешіре алмайтындай тым ауыр болса ше? Мен Исаға сенсем, Құдай мені шынымен кешіретініне қалай сенімді бола алам?

Алдымен Саул болған, кейін Пауыл елшіге айналған кісі туралы бұрынырақ айтып едім ғой? Ол сенушілерді Исаға сенгендері үшін қудалап, өлтіріп жүрген еді. Бірақ кейін ол өмірін Иеміз Исаға бағыштады. Сенің күнәларың оныкінен ауыр бола қоймас. Оның мына айтқан сөзіне назар аударшы: «Жұмысымды атқаруға қуат беріп келе жатқан Иеміз Иса Мәсіхке мені сенімді болады деп бағалап, Өзіне қызмет етуге тағайындағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Бұдан бұрын Оған тіл тигізіп, қауымдарын қудалап, зорлық-зомбылық көрсет- кеніммен, Ол маған қайырымды болды. Себебі менде әлі де шынайы сенім болмағандықтан, не істеп жүргенімді білмедім. Осылай маған Иеміздің рақымы молынан төгіліп, Иса Мәсіхтен келетін сенім мен сүйіспеншілікке кенелдім.

«Иса Мәсіх осы дүниеге күнәкарларды құтқару үшін келді». Бұл — дәл айтылған шынайы сөз, оны түгелдей қабылдау қажет. Күнәкарлардың ішіндегі нағыз күнәкары мен едім. Ал Иса Мәсіх алдымен мен арқылы Өзінің төзімділігін толығымен көрсету үшін маған қайы- рымдылық танытты. Сөйтіп мені болашақта Иса Мәсіхке сеніп, мәңгілік өмірге ие болатындардың бәріне үлгі етті» (Тімоте. 1-хат 1:12-16).

Құдай былай дейді: «Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қар сияқты аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын. Егер Маған мойынсұнып, тілімді алсаңдар, жердің жақсы өнімдерін жейтін боласыңдар» (Ишая 1:18-19). Адам Құдай ешқашан кешіре алмайтындай күнә жасай алмайды. Құдайдың кешірімін қабылдамаудың жалғыз жолы — оны қабылдаудан бас тарту. Таңдау өзіңдікі. Құдай уәде берген және Ол сенімді: «Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін», — деген Иса (Жохан 6:37). Жохан елші былай деп жазған: «Егерде күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады» (Жохан. 1-хаты 1:9).


АЛ ЕГЕР СЕНІМІМ ЖЕТПЕСЕ ШЕ?


Мен осыған шынымен сенгім келеді, Ербол. Алайда бұған сенімім жетіңкіремей тұр.

Бұл шешім сеніміңнің аз-көптігіне байланысты емес, Мұрат. Сенім я бар, я жоқ. Қазір кірген осы үй сен кіргеннен кейін құлап қалмасына сенде толық сенімділік болған жоқ, бірақ сен бәрібір кірдің ғой? Сол сияқты, Исаға деген сенімің бір керемет зор болмаса да, өзіңді Оған бағыштап тапсыра аласың. Сенімің тіпті кішкентай болса да, соның өзі жеткілікті. Қазір ең маңыздысы — сол сенімге негізделе қадам жасау.

Саған Құдайдың кешірімін сыйлап, мәңгілік өмір беретін — өзіңнің сенімің емес. Сенім — жай көмекші құрал ғана, ол бар болғаны өміріңнің есігін Құдайға ашады. Сонда Ол өміріңді өзгерте бастайды. Сенімің қаншама кішкентай болса да, соны Құдайға артсаң, Ол қалағанының бәрін істей алады. Иса осы себепті былай деген: «Тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса, ... қолдарыңнан келмейтін ештеңе де болмайды» (Матай 17:20).

Айталық, мына орындық мені көтере алады дегенге сенімім өте аз болды, бірақ біреу мені соған отыруға көндірді дейік. Қалай ойлайсың, сол сенімімнің аз болғандығынан ғана орындық мен отырғаннан кейін сынар ма еді? Әрине, жоқ. Егер орындықтың барлық жері дұрыс болса, мен оған сенсем де, сенбесем де, ол сынбайды ғой.

Сенің Исаға деген сеніміңнің мөлшері маңызды емес. Сен Оған мойынсұнган соң Ол сеніміңді ақырындап, бірте-бірте өсіреді. Мәселе басқада — сен Оған сенім артуға барсың ба, жоқсың ба, сол ғана. Егер бар болсаң, онда Ол сені бетіңнен қақпай қабылдауға дайын. Ол күнәларынды кешіріп, өміріңді рухани тазартып, мәңгілік өмір сыйлайды. Осы жер бетіндегі өміріңнің өзін-ақ игілікке асып-тасып төгілген мол етеді.

Ал егер мен Исаға сенгенім үшін қудалауға ұшырасам немесе жұртқа таба болсам иле? Бұның кейде болып тұратынын естіп жүрміз ғой!

Иә, сонда не болды? Бұдан бір нәрсе өзгере ме?



Мүмкін, мен сенімнен таятын шығармын. Маған күн көрсетпей қойғаннан кейін, соған шыдамай сенімнен бас тартуға тура келсе ше?

Қудалау мен күлкіге ұшырауың әбден мүмкін. Бірақ бұл жағдай да өзгеріп кете алады. Исадан бері өткен ғасырлар ішінде мыңдаған сенушілер қатал қудалауға ұшырап, осы заманда да кейбіреулер сенімдері үшін тіпті өмірлерін қиган.

Бірақ есіңде болсын, басқалардан көретін қысымшылық пен зорлық сенің қазіргі өміріңе ғана әсер етеді, коп болса денсаулығыңа немесе өміріңе қауіп төндіреді. Ал сенің Құдаймен мәңгілік өміріңе олар ешқандай зиян келтіре алмайды. Иса былай деген: «Тәнді өлтірсе де жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қор~ қып, Оны терең қастерлеңдер!» (Матай 10:28) Былайша айтқанда, бұл да мынадай қарапайым таңдау: Немесе сен Исаға сенесің, мүмкін сол үшін қудалауға ұшырайсың, бірақ соның өзінде Иса саған уәде еткен игілікке толы ағыл-тегіл мол өмірін сыйлап, қудалаудың жарасы онша ауыр болмайды. Немесе сен Исаға сенбейсің, Ол үшін осы өмірде қудалау көрмейсің, бірақ ақыр заманда сені азапқа толы мәңгілік тозақ күтіп тұр.

Ғасырлар бойы бірқатар сенушілер Құтқарушы Исаны жақыннан танудың қуанышының қасында ең ауыр деген қудалаудың азабы, тіпті өлімнің өзі түк те болмай қалатынына көз жеткізді. Исаның адамның өмірінде жасайтын керемет жұмысының арқасында, сенуші тіпті қатты қудалауға ұшырап жүргенде де қуаныш пен сүйіспеншілікке толып жүре алады. Иса айқыш ағашта жанын құрбан еткенде, Өзін өлтіргендерді кешіруін көктегі Өкесінен мінажат етіп сұрағанындай, сенуші де өзін қудалап жүргендерге игілік тілей алады. Құтқарушымыз қазір де сенушілермен бірге болып, Өзінің баршаға деген сүйіспеншілігін сыйлай алады. Иса шәкірттеріне: «Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» — деген (Матай 28:20). Құдай Ешуаға: «Мен сені не жалғыз қалдырып, не тастап та кетпеймін», — деп уәде еткендей (Ешуа 1:5), Иса да Өзіне сенім артқандарға: «Мен сенен бас тартпаймын, ешқашан жалғыз қалдырмаймын», — деген ғой. Сондықтан да сенушілер:

«Жаратқан Ие менің Қолдаушым!

Мен ештеңеден қорықпаймын,

адамдар маған не істей алады?» —

деп нық сеніммен айта алады.

(Еврей, хат 13:5-6)
Степан деген кісі Исаның жолында шейіт болған бірінші сенуші болды. Тарихшы Лұқа «Елшілердің істері» жазбасында Степан өз сенімінен бас тартпағаны үшін өлтірілгенде не болғанын суреттейді. «Олар қаладан сүйреп шығарып, тас лақтыра бастады. Куәгерлер шапан- дарын шешіп, Саул есімді жас жігітке бере салды. Олар тас лақтырып ұрып жатқанда, Степан: «Ием Иса, рухымды Өзіңе ала гөр! — деп сиынды. Тізерлеп отыра қалған ол қатты дауыстап: — Ием, олардың бұл күнәсын мойындарына арта көрме!» — деді. Осыларды айтысымен жан тапсырды» (Елшілер. істері 7:58-60). Есіңде болса, Степанды таспен ұрып өлтіргендердің сырт киімдерін Саул деген бір жігіт күзетіп тұрған еді. Ол кейін Пауыл деген есіммен Ізгі хабарды бүкіл Рим империясы бойынша қажымай уағыздап, ақырында өзі де сол жолда жанын пида қылды.

Иса көкке қайта оралғаннан кейінгі алғашқы бірнеше ғасырда тағы мыңдаған сенушілер шейіт болды, Олардың Исамен тығыз қарым-қатынастарына қуаныштарының күшті болғаны сонша, өздерінің қуғын көріп, өлім құшып жүргендеріне қынжылған емес. Олар тірідей отқа жағылып, арыстандарға жем болуға тасталып, Иса сияқты айқышқа шегеленгенде қуанышқа бөленіп, тіпті кейде Исаның құрметіне мадақтау әндерін айтатын еді. Олар Иса туралы куәліктерін осындай істерімен жүзеге асырып, соның арқасында тіпті сол қудалауларды ұйымдастырғандардың бірқатары сенуші болып жатты.

Иса жолында шейіт болғандардың ішіндегі айрықша белгілі адам — Кіші Азиядағы қауым жетекшісі Поликарп қария еді. Оған бірнеше рет Исаға деген сенімнен бас тарту туралы талап қойылады. Қария талаптардың бәрін қабылдамай тастайды. Сонда жазалаушылар оны тірідей өртеу үшін биік тұғырға алып кетеді. Олар оны тұғырдың ағашына темір істіктермен қадап қоймақ болғанда, ол: «...мені қадамай-ақ қойыңыздар. Кім маған отқа жанғанда шыдауға төзім беретін болса, Сол оттың ішінде қимылдамай жата беруге де күш береді», — деді.

Астындағы отынға от қойылайын деп жатқанда, Поликарп былай деп мінажат етті: «Уа, Өзіңді жақыкнан тануға жол ашқан сүйікті де жарылқаулы (рухани) Ұлың Исаның Әкесі! Періштелер мен құдіреттердің, күллі жаратылыс пен Өзіңнің алдыңда өмір кешіп жүрген барлық әділдердің Құдайы! Мені осы күн мен осы сағатқа лайық деп санап, шейіттердің санатына кіргізіп, Мәсіх ішкен азапты тостағанға ортақтасуға, осылайша жан мен дененің мәңгілік өмірге қайта тірілуіне жол ашып, Киелі Рухтың өшпес бақытына бөлегенің үшін тағзым етемін. Өзің, сенімді де шын Құдай, алдын ала дайындап, ашық білдіріп, орындағаныңдай, мені де бүгін бай да лайықты құрбандық ретінде солардың санатында қабылдай гөр! Сондықтан, осы үшін және басқа барлық нәрселер үшін мен Сені мәңгілік діни қызметкер әрі сүйікті (рухани) Ұлың Иса Мәсіх арқылы мадақтаймын, дәріптеймін, ұлылығыңды қастерлеймін! Ол арқылы Сен қазір де, мәңгілікте де Онымен және Киелі Рухпен бірге мадаққа кенеле бер! Аумин».

Алғашқы үш ғасырдағы қауымның тарихын жазып қалдырған кесареялық Еусеби одан кейін не болғанын былай деп баяндап берді:

«Ол «аумин» деп қайтара айтып, мінажатын бітіргенде, жендеттер отынға от қойды. От жалындап жана бастағанда, біз бір керемет көрдік. Соны көру құрметіне ие болып, болған оқиғаны басқаларға жеткізу үшін аман қалып отырмыз. Жалын бір пеш сияқты қалыпқа түсті. Ол кеменің желден керілген желкеніндей керіліп, шейіттің денесінің айналасын қабырға болып жауып тұрды. Ал оның өзі оттың ортасында тұрып, жанбай, керісінше, көрікте тазаланған алтын мен күмістей болып түрды. Біздің мұрнымызға тағы бір жағымды иіс келді. Ол қымбат бағалы жұпар иісіндей болды. Ақыры жендеттер дененің отқа жанбай тұрғанын байқап, таяу тұрған біреуіне семсерін соған сұғып алуды бұйырды. Ол солай еткенде, денеден көп мөлшерде қан сау ете қалып, отты өшіріп тастады. Сонда жиналып тұрғандар сенбеушілер мен Құдайдың таңдаулылары арасында осындай айырмашылық жасалғанына таңырқасты. Ал солардың ішінде біздің заманымыздағы ең ардақты елші, пайғамбар және ұстаз осы кісі — Смирна (Ізмір) қаласындағы қауымның басқарушысы болатын» (Еусеби, «Қауым тарихы», 15 тарау).



Сен осы әңгімеге шынымен сенесің бе?

Неге сенбеске?



Бұл шектен тыс кеткендік қой! Отқа өртенбепті дей ме, семсерін сұғып қалса, қаны тіпті отты өшіріп тастапты дей ме... Бұлай ешқашан болмайды!

Иә, осы оқиғаның едәуір ерекше екенімен келісемін. Ал, жалпы алғанда, кереметтер бола ма, болмай ма, соны қайтадан талқылағың келсе, мен дайынмын.



Иә, мейлі, кереметтердің болуы мүмкін ғой. Демек, 0сы оқиға шынымен орын алған да шығар. Бірақ маған оған сену бәрібір қиын.

Ал маған қазір қиын емес. Бірінші рет оқығанымда, сенуші болғанмен маған да сенуге қиын болды. Бірақ мен сол туралы ойлаған сайын, оның мәні маған ашыла түсті. Ол кісі өзінің бүкіл өмірін Мәсіхке бағыштап, Жаратқан Ие оны басқаларға тәлім беруде және адамдарды Исаға жетелеп әкелуде көп қолданды. Ол кісінің өзі де Иса үшін қандай азап болмасын төзуге дайын болды. Әрине, сенуші қудаланған сайын Құдай осындай кереметтерді істейтін болады деп ойламаймын, бірақ Оның анда-санда болса да істейтініне таңданбаймын. Осы сияқты жайттардың ақыр соңында Рим империясындағы көптеген адамдарды Құтқарушы Исаға бет бұрғызған себептердің бірі болғанын тарихтан білеміз.



Мүмкін.

Қалай болса да, бұның басты мағынасы — Құдайдың өз халқын ешқашан дәрменсіз қалдырмайтынында. Ол тіпті өлім аузында да Өзіне сенген адамдарымен бірге. Егер Оның еркі сондай болса, Ол сенушілерді азаптан құтқарып, тіпті ешқандай мүмкіндік жоқ кезде өмірлерін де аман алып қала алады. Құдайга мойынсұнбасақ, біздің өміріміз күнәга, әурешілікке және соғыс, кездейсоқ жазым, ауру-сырқау не біреудің жасаған әлімжеттігінен болсын, бәрібір азапқа толы болады. Ал Құдайдың жағында болсақ, біз әрқашан Оның көмегіне, сүйіспеншілігі мен құдіретіне сенім арта аламыз. Осы өміріміз біткенде, бізде одан да зор үміт — Жаратқан Иеміздің қасына барып, Оиың жұбанышына ие болып, Онымен мәңгі бірге боламыз деген үміт бар.



Ербол, менің де сенуші болғым келеді. Бірақ егер Исаға сенсем, басыма түскен қиындықтардан мен сенуші болып жарытпай жүремін бе деп қорқам. Одан да, Исаға сенуді өмірімнің соңына қалдырсам қалай болады?

Біріншіден, Құдай Құтқарушы Исаға сенім артқандарға Оған өмір бойы сенімді болып қалуға жетерлік күш-қуат беруге уәде етеді. Осы туралы Пауыл елші былай деп жазған: «Өмірлеріңде игі ісін бастаған Құдайдың оны жалғастыра беріп, Мәсіх қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін» (Філіпі. хат 1:6). Бізді Исаға сенуге жетелеп алып келетін — Құдай. Пауыл елші Інжіл шарифтің өзге бір жерінде жазғандай, бізді Құдай ерекше жаратты (Ефес. хат 2:10). Ол біздің өмірімізде нені істеуді бастаса, соны аяқтауға уәде еткен.

Елші мынадай сұрақтар қойып, өзі жауабын да береді: «Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап-бейнет пе, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме? Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз. Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!» (Рим. хат 8:35,37-39) Сондықтан саған Құтқарушым Исаға адал болып қаламын ба, жоқ па деп уайымдаудың қажеті жоқ. Бұны Құдайдың Өзі қарастырады.

Екіншіден, сен Исаға сенуді шынымен өміріңнің соңына дейін қалдыра аласың ба? Мүмкін. Бірақ есіңде болсын, өзінің ажалы қашан жететінін ешкім де алдын ала білмейді. Сол сияқты, сен Исаға сенуді кейінге қалдырып, қолыңдағы мүмкіндіктен айырылып қалуың да ықтимал. Осылай кейінге қалдырудың қорқынышты қаупі бар: сен аяқ астынан қайтыс болсаң, Исаға мойынсұнуға мұршаң болмайды. Оның үстіне, өмір бойы қайта-қайта кейінге қалдыра бергеннен бұл әдетке айналып, нағыз шешім қабылдайтын соңғы сәтің келгенде де оны баяғы әдетке сай кейінге қалдырып жүруің ықтимал.

Осы жерде тағы мынаған назар аудару керек. Исаға өзіңнің қол баландай қарауға болмайды. Ол сенің құлың емес, Иең болмақ. Бұндағы басты сұрақ — сенің мәңгілік азаптан құтылғың келетіні-келмейтіні емес, Исаны шынымен құрметтеп, сүйіп, Оған мойынсұнғың келе ме, жоқ па, сол. Оны шынымен Ием деп мойындайсың ба? Міне, басты сұрақ осы. Исаның Өзі былай деп ескерткен: «Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады» (Матай 7:21). Егер шынымен Исаның күнәларыңды кешіріп, мәңгілік жазадан құтқаруын қаласаң, онда Оны өз өміріңнің Иесі етуге де дайын бол. Ал егер өлгенше күтіп жүре берсең, мұныңмен Оны ешқашан Ием деп танығың келмегендігіңді айқын білдіресің.

Ербол, айтқаның дұрыс, енді соны түсіндім.

Мұрат, егер сен Құдайды жақыннан танығың келсе, күнәларыңның кешіріліп, сенуші болуды қаласаң, дәл қазір Оған сиынып мінажат (дұға) ете аласың. Мысалы, мына мінажатты шын жүректен айтып, өзіңді толығымен Құдайдың рақымына тапсыра аласың. Сонда Ол сені мейіріммен қабылдайды, ал Иса шын мәнінде сенің Құтқарушың және Иең болады:



Уа, Жаратқан Ие, көктегі Құдай! Сенің өзімнің Жаратушым екендігіңді, бүкіл әлемді жаратқандығыңды мойындаймын. Сол себепті Сені жан-тәніммен сүюге, қастерлеуге және мойынсұнуға міндетті екенмін. Алайда Саған қарсы көп күнә жасап, істеуге тиісті нәрселерді емес, істемеуге тиістілерді істегенімді мойындаймын. Өз күнәларымның кесірінен, мен Сен беретін ұлылықтан құр алақан қалып, Сенің сотыңа түсуге тиіспін. Уа, Тәңір Ием, осы күнәларыма өкінемін! Мені кешіре гөр! Мен өзгергім келеді, Ием, алайда өз күшіммен өзгере алмаймын. Мені Өзің өзгерте гөр! Сол үшін мен Саған бүкіл өмірімді тапсырамын. Күнәларымды кешіріп, маған Исаның әділдігін сыйлап, Өзіңмен татуластыра гөр.

Уа,Ием Иса, Сен айқыш ағашта менің күнәларымның жазасын тартып, өлімнен тірілуің арқылы күнә мен өлімді жеңгенің үшін Сені шексіз мадақтаймын.

Сол жеңісіңді менімен бөліскенің үшін Саған мың да бір рақмет! Сен мені шақырып отырған жаңа өмірдің қиын екенін, оны өз бетіммен меңгере алмайтынымды білемін, бірақ Сен өмірімде өз еркіңді жүзеге асырып мені Өзіңе ұқсатып өзгерте түсетініңе сенемін. Басқа сенушілер үшін де Саған ризашылығымды білдіремін. Сен олар арқылы да мені жігерлендіріп, өзгерте аласың. Сенің даңқың мәңгі арта берсін!

Аумин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет