СӘулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



бет27/55
Дата17.07.2016
өлшемі7.71 Mb.
#205500
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55

3.7. Технологиялық бөлік

3.7.1. 1-нұсқа
3.7.1.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
1 сұрақ

Жұмысты тиiстi дәрежеде орындамаған мердiгер құрылыс мердігерлік шарт бойынша .... кіреді ([1], 660-баптың 4-тармағы ):



  1. оның орындалуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сiлтеме жасауға құқылы емес, бұған мұндай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру міндеті заң актілерінде немесе шартта Тапсырыс берушіге жүктелген жағдайлар қосылмайды

  2. оның орындалуына бақылау мен қадағалауды Тапсырыс беруші жүзеге асырмағанына сілтеме жасауға құқылы;

  3. оның орындалуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сiлтеме жасауға міндетті, мұндай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру міндеті заң актілерінде немесе шартта Тапсырыс берушіге жүктелген жағдайларда;

  4. Тапсырыс беруші олардың орындалуына бақылау мен қадағалауды барлық жағдайларда жүзеге асырмағанына сілтеме жасауға құқылы емес;

  5. оның орындалуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сiлтеме жасауға құқылы емес, бұған мұндай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру міндеті заң актілерінде немесе шартта мердігерге жүктелген жағдайлар қосылмайды

2 сұрақ

Мердiгердiң жұмысты жүзеге асыру барысында тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) және жабдықтарды пайдалануға немесе оның нұсқауларын орындауға құқығы жоқ. ([1], 661-бап):


  1. егер қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу туралы тараптар үшiн мiндеттi талаптарды бұзуға әкелiп соғатын болса;

  2. өз материалдары (бөлшектер, конструкциялар) және жабдықтар болған жағдайда;

  3. егер оларды аса арзан және сапасы төмендермен ауыстырады деп санаса;

  4. дұрыс жауап нұсқасы жоқ;

  5. барлық жауап нұсқалары дұрыс.

3 сұрақ



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қылмыстық-жазаланған іс-әрекеттері үшін бостандықтарын шектеудің ең көп мүмкін болатын мерзімі

([2], 277-280-бап):

  1. екі жылға дейін;

  2. үш жылға дейін;

  3. төрт жылға дейін;

  4. бір жылға дейін;

  5. алты айға дейін;

4 сұрақ

Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялық элементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –орта кәсіпкерлік субъектілеріне ... мөлшерінде айыппұлға алып келеді ([3], 313-баптың 2-бөлігі):


  1. сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш;

  2. екі жүз айлық есептік көрсеткіш;

  3. елу айлық есептік көрсеткіш;

  4. бес жүз айлық есептік көрсеткіш;

  5. алты жүз айлық есептік көрсеткіш.

5 сұрақ

Рұқсат беру органы лицензиялау кезінде немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруге өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап .... ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. ([4], 25-баптың 1-тармағы):


  1. екі жұмыс күні ішінде;

  2. күнтізбелік бес күнде;

  3. күнтізбелік жеті күнде;

  4. он бес жұмыс күнінде;

  5. күнтізбелік отыз күнде.

6 сұрақ



Құрылысбұл([5], 1-баптың 7) тармақшасы):

  1. табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты);

  2. белгілі бір тұтыну функцияларын жүзеге асыру үшін құрылыс қызметінің нәтижесі;

  3. ғимарат болып табылмайтын құрылыс ғимараты;

  4. ір түрлі өндірістік процестерді орындауға арналған көлемді құрылыс жүйесін білдіретін құрылыс нәтижесі;

  5. Жауаптардың барлық нұсқалары дұрыс.

7 сұрақ

Техникалық жағынан күрделi емес объектiлердiң құрылысына (реконструкциялауға, қайта жобалауға, қайта жабдықтауға) арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеудi оңайландыру қажет болған жағдайда, сәулет жобасы сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес ... түрiнде орындалуы мүмкiн.([5], 62-баптың 4-тармағы):


  1. нобай (нобайлық жоба);

  2. макетті;

  3. қала құрылысы жобасын;

  4. жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы;

  5. жоба алдындағы құжаттаманы.

8 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерiн жобалау .......қамтамасыз етуге тиiс. ([5], 27-2-баптың 1-тармағы):


  1. адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн құрылыстардың қауiпсiздiгiн;

  2. шарттағы тараптардың экономикалық мүдделерін;

  3. құрылыс материалдарының үнемділігі мен сапалылығы;

  4. авторлық құқықтарын сақтау;

  5. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс.

9 сұрақ

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтарды күтiп ұстау (ал қажет болған жағдайда жердi қайта өңдеу) жөніндегi мiндеттер кімге жүктеледi? ([5], 54-баптың 3-тармағы):


  1. егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жер пайдаланушыға;

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне;

  3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;

  4. Жергілікті атқарушы органға;

  5. Жергілікті өкілдік органға.

10 сұрақ

Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекiтiлгенге дейiн кімдердің талқылауға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделердi қозғайтын, қабылданатын шешiмдердi өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар?([5], 13-баптың 3-тармағы):


  1. жеке және заңды тұлғалардың;

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының;

  3. Сәулет, қала құрылысы және құрылысқызметі субъектілерінің;

  4. Қоғамдық ұйымдардың;

  5. Құрылыс саласындағы заңды тұлғалар бірлестігі.

11 сұрақ

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер қандай деп танылады?([6], 9-баптың 8-тармағы):


  1. заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз;

  2. Белгіленген тәртіппен тіркелетіндіктен жарамды;

  3. Салық органдарының шешімі бойынша жарамсыз;

  4. Сот шешімі бойынша заңды;

  5. Зардап шеккен тараппен заңсыз.

12 сұрақ



Қазақстан Республикасы аумағы ұйымының бас сызбасының негізгі ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі кімнің ұсынысы бойынша бекітеді? ([7], 11-тармақ):

  1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган;

  2. Жергілікті атқарушы орган;

  3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы;

  4. Жергілікті өкілдік орган;

  5. Тапсырыс беруші.

13 сұрақ



Әрбір аумақтық деңгейдің қала құрылысы кадастрының деректер қорын қалыптастыру (жүргізу) үшін негізді құрайтын құжаттар (құжаттар түрлері ) тізбесіне мына құжаттар (құжаттар түрлері) кіреді ([9],7-тармақтың 12) тармақшасы):

  1. Пайдалануға объектілерді қабылдау туралы актілер;

  2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлемін растайтын құжаттар;

  3. Кондоминимум объектісінің жалпы мүлкіндегі үлестер мөлшерлері туралы құжаттар;

  4. ипотекалық куәландыру;

  5. Жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шарттары.

14 сұрақ



Жобалау құжаттамасын (жобалық-сметалық) әзірлеу кезеңдері мен мерзімдері қалай белгіленеді?[10], 10-тармақ):

  1. Тапсырыс беруші құрылыстың жоспарланған кезеңдерін ескере отырып және жобалауға берілген ғимаратта көрсетеді;

  2. Мердігер құрылыстың жоспарланған кезеңдерін ескере отырып және жобалауға берілген ғимаратта көрсетеді;

  3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

  4. Жергілікті атқарушы орган;

  5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы.

15 сұрақ



Сарапшы не ұйым сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде қандай функциялар кіреді? ([10], 6-тармақтың 20) тармақшасы):

  1. Орындалған жұмыстар көлемдеріне кезеңдермен және түпкілікті өлшемдер жүргізу және мердігердің есептеріне сәйкестігі туралы қорытындылар беру;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасы және нормативтік техникалық құжаттамасы талаптарына бекітілген жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы тапсырыс беруші ұсынғанға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

  3. Атқарушылық техникалық құжаттаманы тиісті дәрежеде және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

  4. Құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді (ақаулар мен шалағайлықтар) уақтылы жою;

  5. Объектіге Техникалық қадағалау қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік сәулет-құрылыстың бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының өтуін қамтамасыз ету.


3.7.1.2. Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар




Ойын аймағының аумағы әрбір балалар топтары үшін жеке топтық алаңдарды бір орынға алаңы ..... қамтуы тиіс ( [90] 4.3.8-т)

    1. 6 м2

    2. 3 м2

    3. 8 м2

    4. 4 м2

    5. 10 м2






Ойын аймағының аумағы өзіне әрбір балалар топтары есебінен көгалдандыру алаңын .... қамтуы тиіс ( [90]4.3.8-т)

    1. 120 м2

    2. 250 м2

    3. 100 м2

    4. 80 м2

    5. 100 м2






БОМ үшін шаруашылық алаңшасы алаңын 4 және одан көп балалар топтарының санымен ..... тең қабылдау: ([90] 4.3.20-т)

    1. 100 м2

    2. 250 м2

    3. 100 м2

    4. 80 м2

    5. 120 м2






Шағын БОМ (топтық бөлімшелер) үшін шаруашылық алаңшасының алаңын ...... тең қабылдаған жөн: ([90] 4.3.20-т)

    1. 75 м2

    2. 250 м2

    3. 100 м2

    4. 80 м2

    5. 120 м2



Тұрғын үйлерде ұйымдастырылатын серуендеу топтарын қайда орналастырған дұрыс? ([90]*, 4.4.41)

    1. Бірінші қабаттарда

    2. Екі жақты бағыты бар ББМДҰ иесінің тұрғын пәтерінде

    3. Бесінші қабаттан биік емес.

    4. Жоғарғы қабаттарда

    5. Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша алтыншы қабаттан жоғары емес






ББМДҰ топтық бөліктердің қандай үй-жайлары бір қабатта және бір деңгейде орналасуы тиіс? ([90]*,, 4.5.2)

    1. Бөбектер тобы бөлігі

    2. 3-6 жастағы балалардың бір жастағы топтары

    3. 3-6 жастағы балалардың әртүрлі жастағы топтары

    4. Алты жасарлар тобы

    5. Серуендеу тобы






ББМДҰ топтық бөліктердегі негізгі үй-жайларын атаңыз? ([90]*, 4.5.3)

    1. топтық бөлме, жатын бөлме, киім ауыстыратын бөлме, буфет, персонал бөлмесі.

    2. топтық бөлме, жатын бөлме, буфет, персонал бөлмесі

    3. топтық бөлме, жатын бөлме, буфет, медициналық үй-жай, персонал бөлмесі

    4. топтық бөлме, киім ауыстыратын бөлме, буфет, музыка және жаттығу залы.

    5. жатын бөлме, киім ауыстыратын бөлме, буфет, персонал бөлмесі, ас бөлмесі.



Топтық, ойын және топтар бойынша сабақтар, «үй бұрышы» үй-жайлары арасындағы не көзделуі тиіс? ([90]*,, 4.5.2)

    1. визуалды байланыс

    2. телефон байланысы

    3. радио байланыс

    4. дауыстық байланыс

    5. бейне байланыс






Емдеу-профилактикалық мекемедегі бокс (бокс үй-жай) түрін көрсетіңіз ([81], 3) 7(1)

    1. сырттан науқас келіп түсуіне жеке есігі бар үй-жай.

    2. санитарлық торабы бар үй-жай.

    3. науқастар мен келушілер үшін жалпы кіретін есігі бар үй-жай.

    4. жалпы дәлізге шығатын есігі бар үй-жай.

    5. науқасты тексеру үшін үй-жай



Емдеу-профилактикалық мекемедегі қабылдау бөлімшесінің түрін көрсетіңіз ([81], 3) 7(1)

    1. Тиісті бөлімшеге науқастарды жоспарлы және жедел қабылдауды, оларды сұрыптауды және жолдауды қамтамасыз ететін ЕПМ құрылымдық бөлімшесі.

    2. Науқастарды жедел қабылдау мен емдеуді қамтамасыз ететін ЕПМ құрылымдық бөлімшесі

    3. Ең төмен медициналық қызметтерді қамтамасыз ететін ЕПМ құрылымдық бөлімшесі.

    4. Халыққа екпе жасайтын ЕПМ құрылымдық бөлімшесі.

    5. Санитарлық өңдеуді өткізетін ЕПМ бөлімшесі.






Емдеу-профилактикалық мекемесіндегі шлюз түрін көрсетіңіз ([81], 3) 7(1)

    1. Палата, бөлімше және жалпы дәліз арасындағы үй-жай бөлігі.

    2. Палата мен жуынатын бөлме арасындағы үй-жай бөлігі

    3. Палата мен санитарлық торап арасындағы үй-жай бөлігі.

    4. бөлімшелер арасындағы үй-жай бөлігі

    5. палаталар арасындағы есік






ЕПМ құрылысына жер учаскесін бөлуге жол берілмейтін аумақты көрсетіңіз? ([81], 5.1) 7(1)

    1. Органикалық, химиялық, радиациялық сипаттағы ластануы бар бұрын қоқыс төгетін орын, ассенизация алаңдары, мал өлексесін көметін орын, бейіттер ретінде пайдаланылған аймақтарда .

    2. Елді-мекеннің селитебтік аумағында.

    3. Қала маңы аумақтарында.

    4. Қала маңы немесе шалғай аудандарда.

    5. Таулы жерлерде






Өрт сөндіру көліктерінің жүруіне жарамды жолдар мен жолақтарды емдік ғимараттар қабырғасынан ең жақын қашықтығын көрсетіңіз. ([81], 5.16) 7(1)

    1. 5

    2. 6

    3. 4

    4. 8

    5. 2






Өрт сөндіру көліктерінің жүруіне жарамды жолдар мен жолақтарды емдік ғимараттар қабырғасынан ең алыс қашықтығын көрсетіңіз. ([81], 5.16) 7(1)

    1. 8

    2. 5

    3. 6

    4. 10

    5. 9






Аурухананың жер учаскесіне кіре берісті біріктіруге рұқсат беріледі ме? ([81], 5.17) 7(1)

    1. патологоанатомиялық корпусты және шаруашылық аймағын

    2. жұқпалы емес аурулар үшін емдеу корпустарын және жұқпалы аурулар үшін емдеу корпустарын;

    3. жұқпалы аурулар үшін емдеу корпустарынжәне патологоанатомиялық корпусты

    4. жұқпалы аурулар үшін емдеу корпустарын және шаруашылық аймақты

    5. шаруашылық аймақты және жұқпалы емес аурулар үшін емдеу корпустарын



Балалар ауруханасы палаталық бөлімшелерінің қабаттарын көрсетіңіз (оның ішінде 3 жасқа дейінгі балалар аналарымен ([81], 6.2) 7(1)

    1. 5

    2. 4

    3. 6

    4. 3

    5. 7






Жеті жасқа дейінгі балалар үшін балалар ауруханасының палаталық бөлімшелерін және балалар психиатриялық бөлімшелерін орналастыру қабатын көрсетіңіз (палаталар) ([81], 6.2) 7(1)

    1. 2

    2. 3

    3. 4

    4. 5

    5. 1





ЕПМ ғимараттарына автомобиль көлігі үшін өту жолы төсемінің түрін көрсетіңіз ([81], 5.14) 7(1)

    1. қатты

    2. шөп

    3. қиыршық тасты

    4. құм

    5. кез-келген






Аурухананың жер учаскесінің қандай аймақтарында жеке кіретін жолдарды көздемеу мүмкіндігін көрсетіңіз? ([81], 5.17) 7(1)

    1. патологоанатомиялық корпус және шаруашылық.

    2. жұқпалы емес аурулар үшін емдеу корпустарын

    3. жұқпалы аурулар үшін емдеу корпустарын

    4. патологоанатомиялық корпус

    5. нормаланбайды.






Босану және реанимация бөлімшелеріндегі ЕПМ дәліздерінің габариттерін (енін) көрсетіңіз .... м ([81], 6.9) 7(1)

    1. 2,8

    2. 3

    3. 4

    4. 2

    5. 1,8






Диспансерлерде, әйелдер кеңестеріндегі ЕПМ дәліздерінің габариттерін (енін) көрсетіңіз .... м ([81], 6.9) 7(1)

    1. 2,8

    2. 3,0

    3. 4,0

    4. 2,0

    5. 1,8






Күтетін ретінде пайдаланылатын неврологиялық және ортопедиялық профильді дәліздер қалпына келтіру емдеу ЕПМ дәліздерінің габариттерін (енін) көрсетіңіз .... м ([81], 6.9) 7(1)

    1. 3,2

    2. 3,0

    3. 1,8

    4. 2,9

    5. 2,0






Қойма үй-жайларындағы,, сүт асханасындағы ЕПМ дәліздерінің габариттерін (енін) көрсетіңіз .... м ([81], 6.9) 7(1)

    1. 1,8

    2. 1,5

    3. 2,0

    4. 2,9

    5. 3,0






Санитарлық құралдарды орнату орындарында қабырғаларды суға төзімді материалдармен әрлеу өлшемдерін (биіктігін) көрсетіңіз ([81], 7.3) 7(1)

    1. 1,6

    2. 1,8 м .

    3. 1,5

    4. 1,0 м

    5. нормаланбайды.






Санитарлық құралдарды әрбір жақтан құрылғыдан және жабдықтан бастап орнату орындарында қабырғаларды суға төзімді материалдармен әрлеу өлшемдерін (енін) көрсетіңіз. ([81], 7.3) 7(1)

    1. 0,2

    2. 0,5

    3. 0,4

    4. 1

    5. нормаланбайды.





Операциялық бөлмелер қабырғаларының түсін көрсетіңіз, [81], 7.5) 7(1)

    1. ашық түсті

    2. жылы түсті

    3. суық түсті

    4. тегіс

    5. жарық түсірмейтін





ЕПМ мәжіліс-залы сыйымдылығы пайызын көрсетіңіз ([81], 8.1.13) 7(1)

    1. Персонал құрамының 50 % артық емес.

    2. Персонал құрамының 55 % артық емес.

    3. Персонал құрамының 60 % артық емес.

    4. Персонал құрамының 80 % артық емес.

    5. нормаланбайды.






Күту залдарының және киім жай – вестибюльдердің алаңы қандай есеппен есептеледі?([81], 8.1.14) 7(1)

    1. Емханада бір мезгілде болатын келушілердің санын ескере отырып

    2. Күндізгі стационардағы науқастардың санын ескере отырып

    3. Келушілер мен персоналдар санын ескере отырып.

    4. Күндізгі стационардағы келушілер мен науқастардың санын ескере отырып

    5. Күндізгі стационарда келушілердің, персоналдың және науқастардың санын ескере отырып






Әйелдер кеңесін орналастыруға болатын ғимараттар түрін көрсетіңіз? ([81], 8.3.1) 7(1)

    1. Бөлек ғимаратта, сондай-ақ емхана ғимаратында, периноталдық орталықта немесе босану үйінде.

    2. Жеке ғимаратта ғана.

    3. Емхана ғимаратында ғана .

    4. Босану үйлерінде ғана.

    5. нормаланбайды.






Әйелдер кеңесі қуаттылығын айқындау өлшемін көрсетіңіз? ([81], 8.3.3) 7(1)

    1. Күніне келулер саны

    2. Сағатына келулер саны

    3. Бірінші кезекте келілер саны

    4. Екінші кезекте келілер саны

    5. нормаланбайды






Жұқпалы аурулар стационарындағы бокстар мен жартылай бокстардың айырмашылығы қандай? ([81], 9.3.7) 7(1)

    1. сыртқа шығатын есігі бар

    2. сыртқа шығатын есігі жоқ

    3. әрленуімен

    4. терезелері бар

    5. терезелері жоқ





Жұқпалы аурулар бөлімшелеріндегі 1 жастан үлкен және ересек балалар үшін палаталардың сыйымдылығын көрсетіңіз ([81], 9.3.9.) 7(1)

    1. 4 орыннан көп емес

    2. 5 орыннан көп емес

    3. 6 орыннан көп емес

    4. 2 орын ғана

    5. жоспарлау сыйымдылығы бойынша.





Психиатриялық бөлімшелер науқастары жатқан үй-жайлардағы шамдардың орналасу орнын көрсетіңіз ([81], 9.3.17.) 7(1)

    1. Тек төбеде, жабық

    2. Плафонсыз электр шамдары

    3. Плафондармен электр шамдары

    4. Қабырғада ғана, жабық

    5. Кез-келген жерде, кез-келген






Жүктілік патологиясы бөлімшесіндегі босану стационарында не көзделуі қажет екенін көрсетіңіз ([81], 9.4.14.)

    1. Перинаталдық диагностика кабинеті.

    2. Емдеу диагностика кабинеті.

    3. Балалар дәрігері кабинет.

    4. Тіс дәрігері кабинеті

    5. Емдік жаттығу кабинеті






«Дымқыл» аймақ үй-жайының орналасу орнын көрсетіңіз ([81], 10.7.13)

    1. Бірінші қабатта.

    2. Екінші қабатта.

    3. Үшінші қабатта

    4. Кез-келген қабатта.

    5. нормаланбайды.






«Құрғақ» аймақ үй-жайының орналасу орнын көрсетіңіз? ([81], 10.7.14)

    1. Кез-келген қабатта, алайда екі жақпен де ыңғайлы байланысты көздеген жөн

    2. Бірінші қабатта.

    3. Екінші қабатта.

    4. Үшінші қабатта

    5. нормаланбайды.






Стационар мен емхана бөлімшесіндегі науқастар үшін радиоизотопты диагностика зертханасына кіру қандай болуы тиіс? ([81], 10.11.3)

    1. жеке.

    2. өтпелі.

    3. біріктірілген.

    4. ені кемінде 2,0 м

    5. ені кемінде 0,9 м






Жалпыбілімберу мекемелеріне жататын объектілерді көрсетіңіз ([91], 4.1.1)

    1. I, II және III дәрежелі білім беретін жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік мектептер, гимназиялар, лицейлер және т.б.

    2. Бейіндік мектептер, гимназиялар, лицейлер ғана

    3. Білім берудің мектепке дейінгі объектілері және I, II және III дәрежелі білім беретін жалпы білім беретін мектептер.

    4. Білім берудің мектепке дейінгі объектілері және I, II және III дәрежелі білім беретін жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар.

    5. Білім берудің мектепке дейінгі объектілері және I, II және III дәрежелі білім беретін жалпы білім беретін мектептер, лицейлер.






Жалпы білім беретін мекемелердің сыйымдылығы қалай айқындалады? (оқушылардың жалпы саны ) ([91], 4.1.3)

    1. Жобалауға тапсырмамен.

    2. Арнайы әзірленген технологиялық тапсырма бойынша.

    3. Оқу процесін ұйымдастыру нысандары мен әдістері бойынша

    4. Пұйымдастыру –педагогикалық құрылымы туралы

    5. Үй-жайдың құрамы мен аумағы бойынша



Жалпы білім беретіндер үшін сыныптардың толуы өлшемдерін көрсетіңіз ([91], 4.1.4)

    1. 25 оқушыдан артық емес.

    2. 26 оқушыдан артық емес.

    3. 15 оқушыдан артық емес.

    4. 30 оқушыдан артық емес.

    5. 35 оқушыдан артық емес.






Жалпы білім беретін мекемелердегі қоршаулар бойына нені көздеген жөн? ([91], 4.3.12)

    1. Ағаштар мен бұталар отырғызылған жасыл көшеттер жолағы.

    2. Бейне бақылау камерасын

    3. Бейтарап жолақ

    4. Гүлдер егілген жасыл көшеттер жолағы

    5. Электр жарықтандыру






Аралас нысанды оқыту кезінде қабылданатын жалпы білім беретін мекемелерде сыныптарда және оқу кабинеттеріндегі алаңды көрсетіңіз ([91], 4.4.4)

    1. Бір оқушыға 2,25 м2.

    2. Бір оқушыға 2,5 м2.

    3. Бір оқушыға 3,0 м2.

    4. Бір оқушыға 2,75 м2.

    5. Бір оқушыға 3,5 м2



Топтық нысанды жұмыс және жалпы білім беретін мекемелерде жеке сабақтар кезінде сыныптағы және оқу кабинеттеріндегі алаңды көрсетіңіз ([91], 4.4.4)

    1. Бір оқушыға 3,5 м2

    2. Бір оқушыға 2,5 м2.

    3. Бір оқушыға 3,0 м2.

    4. Бір оқушыға 3,75 м2.

    5. Бір оқушыға 4,0 м2.






Жалпы білім беретін мекемелерде технология және еңбекті меңгеру бойынша шеберханалардағы алаңды көрсетіңіз ([91], 4.4.4)

    1. Бір оқушыға 3,75 м2.

    2. Бір оқушыға 3,5 м2.

    3. Бір оқушыға 3,0 м2.

    4. Бір оқушыға 7,5 м2.

    5. Бір оқушыға 2,25 м2.






Биік ғимараттардағы ғимараттардың қауіпсіздігін кешенді қамтамасыз етудің жүйесін басқарудың орталық басқару пункті (ОБП) үй-жайының өлшемдерін көрсетіңіз ([43] 5.2.1-т.)

    1. Жобалауға тапсырмамен анықталады

    2. кемінде 15 м2

    3. кемінде 20 м2

    4. кемінде 25 м2

    5. кемінде 22 м2






Биік ғимараттардағы дәліздер мен холлдардың тазалығындағы биіктік өлшемдерін көрсетіңіз ([43] 5.2.7-т)

    1. кемінде 2,4 м

    2. үй-жай биіктігінен кем емес

    3. кемінде 2,1 м

    4. кемінде 2,2 м

    5. кемінде 2,3 м






Жертөледегі және жерасты қабаттарында қонақүйлердің қызметтік және әкімшілік үй-жайларының орналасуына жол беріледі ме? ([44], 4.2.5-т)

    1. Жол беріледі

    2. Инженерлік құрылғылардың көмегімен табиғи жарықтандыруды қамтамасыз ету жағдайлары кезінде жол беріледі

    3. Жол берілмейді

    4. Үнемі жарықтандыруды қамтамасыз ету жағдайлары кезінде жол беріледі

    5. Үнемі адамдар болатын үй-жайлар үшін жол берілмейді.



Балалар үйінде шаруашылық аймақ қандай блоктармен байланыста болуы тиіс? ([44], 5.1.6)

    1. Тамақтандыру бөлімі және кір жуу бөлмесімен.

    2. Әкімшілік блокпен және жуу бөлмесімен.

    3. Әкімшілік блокпен және тамақтандыру бөлімімен.

    4. Демалыс аймағымен және әкімшілік блокпен

    5. Демалыс аймағымен жуу бөлмесімен.






Авто жанармай құю станциялары (ЖЖМ) қандай ғимараттар мен құрылыстарға жатады? ([92], 1.1)

    1. Функционалдық белгісі бойынша – стационрлық авто жанар май құю станциялары мұнай өнімдерінің шығыс қоймаларына.

    2. Мұнай өнімдерін жер үсті сақтау қоймаларына.

    3. Мұнай өнімдерін жер асты сақтау қоймаларына

    4. Функционалдық белгісі бойынша – жылжымалы авто жанар май құю станциялары мұнай өнімдерінің шығыс қоймаларына относятся

    5. нормаланбайды.






Бір мезгілде тез тұтанатын және жанатын мұнай өнімдерін жер үстінде және жер астында сақтау кезіндегі ЖЖМ резервуарларының сыйымдылығы ([92], 1.2)

    1. резервуарлардың номиналды жиынтық көлемдеріне

    2. Нақты жиынтық көлемдеріне

    3. резервуарлардың жиынтық көлемдеріне

    4. резервуарлардың нақты жиынтық көлемдеріне

    5. барлық санамаланғандар.






Авто көлік құралдарын жанар-жағар маймен толтыруға арналған толық массасы тұрғын және қоғамдық ғимараттар, сауда палаткалары және киосктарға дейін 3,5т аспайтынЖЖМ қажетті қашықтықты көрсетіңіз? ([92], 2.8.1.2-кесте)

    1. 50 м.

    2. 45 м.

    3. 40 м.

    4. 35 м.

    5. нормаланбайды.






ЖЖМ адамдар көп жиналған орындарға дейінгі қажетті қашықтығын көрсетіңіз? ([92], 2.8. табл.1.3)

    1. 50 м.

    2. 40 м.

    3. 35 м.

    4. 30 м.

    5. нормаланбайды.






ЖЖМ аумағындағы көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету бекеттерінің жол берілетін санын көрсетіңіз ([92], 4.7)

    1. Кемінде үш.

    2. Кемінде төрт.

    3. Кемінде бес

    4. Кемінде алты.

    5. нормаланбайды.






Жалпы ұзындығы мен жиынтық алаңын бидайды сақтау және өңдеу бойынша қосылған ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс салуын қалай асырмауы тиіс? ([] 2.2-т)

    1. Ұзындығы кемінде 400м., кемінде 10 000 м2 алаңмен

    2. Ұзындығы кемінде 800м., кемінде 50 000 м2 алаңмен

    3. Ұзындығы кемінде 500м., кемінде 15 000 м2 алаңмен

    4. Ұзындығы кемінде 600м., кемінде 20 000 м2 алаңмен

    5. Ұзындығы кемінде 200м., кемінде 5 000 м2 алаңмен






Өндірістік ғимараттардың бірінші қабаттары, силостық корпустардың силос астындағы қабаттары едендерінің деңгейі қанша см учаске ғимаратына жанасатын жердің жоспарлы белгісінен жоғары болуы тиіс? ([]2.5-т)

    1. 15 см

    2. 30 см

    3. 10 см

    4. 5 см

    5. 20 см






Элеватордың жұмыс ғимаратының қабаттарында орналасқан жұмысшыларды жылыту үшін үй-жайды жобалау (кабина) кезінде қандай габариттік өлшемдерді көздеген жөн? ([] 3.61.3-т)

    1. Кемінде 1,5 х1,5м және кемінде 4м2

    2. Кемінде 2 х 2 м және кемінде 5м2

    3. Кемінде 1 х 1 м және кемінде 3м2

    4. Кемінде 1,8 х 1,8 м және кемінде 4 м2

    5. Кемінде 1,2 х 1,2м және кемінде 3м2






Өңдеу алдындағы құбырлардың ішкі бетінің қандай диаметрінен астамы тазартылған және топырақ салынған болуы тиіс? ([93], 3.5.2-тармақтың 3.5-бөлігі,)

    1. 250 мм

    2. 100 мм

    3. 30 мм

    4. 200 мм

    5. 50 мм






Фланцтрдағы құбырлар үшін тесіктер қабырғалары және фланцтерге жанасқан тегістіктер қалай өңделуі тиіс?: ([93], , 3.5.3-тармақтың 3.5-бөлігі)

    1. кесумен

    2. фрезерлеумен

    3. қалыптаумен

    4. бұрғылаумен

    5. жапырумен






Фланц ортасын құбыр осьімен ауыстыру жағдайлары кезінде тесік құбыры мен қабырға арасындағы саңылау қанша болуы тиіс? ([93], 3.5.3-тармақтың 3.5-бөлігі )

    1. 0-3 мм

    2. 5 мм

    3. 7 мм

    4. 8 мм

    5. 5-10 мм



Қандай жағдайда фланцтардың жанасатын жазықтығындағы механикалық өңдеуді өткізбеуге рұқсат етіледі?([93], 3.5.3-тармақтың 3.5-бөлігі)

    1. Егер беті түзетілген және тегіс болса

    2. Егер бөлшектер ПФ-155 мм боялса

    3. Егер бөлшектердің шағын геометриялық мөлшерлері болса

    4. Тоттану болмаса

    5. Егер бөлшектер ГФ-21 төселген болса






9 балдық сейсмикалық аудандарда сейсмикалық қасиеттері бойынша IIIсанатты қалыптасқан топырақтармен метрополитенді жобалау және желілердің құрылысын ([94], 1.5-т)

    1. Мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарының сүйемелдеуі кезінде орындауға жол беріледі

    2. Жол берілмейді

    3. Құрылыс алаңының сейсмикалығын ескере отырып жол беріледі

    4. Уәкілетті орган Құрылыс істері және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жобаға сараптама жүргізгеннен және келіскеннен кейін жол беріледі.

    5. Сәулет және қала құрылысы жергілікті органдарымен және мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарымен келісілгеннен кейін жол беріледі.






Метрополитен желілері құрылысын қамтамасыз ету және пайдалану үшін техникалық аймақтың қандай енін көздеу қажет? ([94], 3.11-т)

    1. Кемінде 40 м

    2. Кемінде 70 м

    3. Кемінде 60 м

    4. Кемінде 100 м

    5. Кемінде 30 м






Платформа жиегі мен колонна жазықтығы арасындағы аралық ([94], 7.9-т, 4-кесте)

    1. Кемінде 1,6 м

    2. Кемінде 2 м

    3. Кемінде 2,2 м

    4. Кемінде 1,2 м

    5. Кемінде 2,5 м






Талаптарға сәйкес метрополитендердегі жолаушылар қозғалысы жолындағы учаскелердегі дәліздер мен сатылардың ең кішкентай ені неге тең? ([94], 7.10-т)

    1. 2,5 м

    2. 1,2 м

    3. 1,8 м

    4. 3 м

    5. 2 м






Желілердің жер үстіндегі учаскелеріндегі жарық пен тұтастай қоршау қандай биіктікте болуы тиіс? ([94], 8.10-т)

    1. Кемінде 2,5 м

    2. Кемінде 3 м

    3. Кемінде 1,8 м

    4. Кемінде 2 м

    5. Кемінде 3,5 м






Монолитті бетоннан метрополитен тоннельдерінің төсеулеріндегі деформациялық тігістер арасындағы қандай аралықты көздеген жөн? ([94], 9.21-т)

    1. Кемінде 30 м

    2. Кемінде 60 м

    3. Не более 40 м

    4. Кемінде 20 м

    5. Кемінде 50 м






Метрополитеннің жер үстіндегі ауа жинайтын (ауа шығаратын) киосктерінен жанар –жағар май материалдары мен ағаш материалдары қоймаларына дейінгі қашықтық қанша? ([94], 12.22-т)

    1. Кемінде 100 м

    2. Кемінде 25 м

    3. Кемінде 50 м

    4. Кемінде 75 м

    5. Кемінде 15 м






Метрополитенкиосктерінің ауа жинайтын (ауа шығаратын) торларының астынан жер үстіне дейінгі қашықтық қанша? ([94], 12.22-т)

    1. Кемінде 2 м

    2. Кемінде 3 м

    3. Не менее 1,5 м

    4. Кемінде 1,8 м

    5. Кемінде 2,5 м






Метрополитеннің әр желісінің қалалық су құбыры жүйесі қалалық су құбыры желісінен шартты диаметрі бір жүргізуді қамтуы тиіс ([94], 12.67)

    1. Әр станцияға 100 мм

    2. 150 мм

    3. 200 мм

    4. Әр станцияға 75 мм

    5. Суды тұтыну есебіне сәйкес






Метрополитендерде, станциялардың платформаларында, «метро» тәрізді люктерде, бір жолды тұйықта (бір жақтан), екі жолды тұйықта (екі жақтан) су құбыры желілеріне өрт крандарын (шұралар мен аралық қосатын бүршік) орнату бойынша талаптар ([94], 12.74-т)

    1. 30 м соң

    2. 90 м соң

    3. 50 м соң

    4. 40 м соң

    5. 100 м соң






Ғимараттар фасадтарын сәулеттік жарықтандыру кезінде жарықтық нормалары бойынша сыртқы жарықтандыру объектілерінің жалпы қалалық маңызы бар магистральдық көшелер қандай санатына жатады? ([29], 2.1-т)

    1. 8 кд/ш.м

    2. 5 кд/ш.м

    3. 3 кд/ш.м

    4. 2-1 кд/ш.м

    5. 0,5 кд/ш.м






Көліктік және жаяу жүргіншілер тоннельдерін жарықтандыру қалай орындалуы тиіс? ( 2.22-т)

    1. Жарықтың газ разрядтаушы көздерімен

    2. Жарықтыңлюминесцентті көздерімен

    3. Жарықтың газ разрядтаушы және люминесцентті көздерімен

    4. Металл-галогенді шамдармен жарық көздерімен

    5. Қыздыру шамымен жарықтандыру көздерімен






Магистральдық құбырды анодты терең жерлендіру деген не? ([29], 3.1)

    1. Тереңдігі 10 метрден астам ұңғымада орнатылған анодты жерлендіру

    2. Тереңдігі 1 метрден астам ұңғымада орнатылған анодты жерлендіру

    3. Тереңдігі 7 метрден астам ұңғымада орнатылған анодты жерлендіру

    4. Тереңдігі 5 метрден астам ұңғымада орнатылған анодты жерлендіру

    5. Тереңдігі 8 метрден астам ұңғымада орнатылған анодты жерлендіру






ҚР ҚМжЕ 3.03-01-2001 іс-қимылы жобалау кезінде қандай темір жол желілері мен жолдарына қолданылады? ([95] , 1-т)

    1. басты жолдардың қосымша (екінші, үшінші және төртінші) жаңа темір жол желілерін жобалауға, құрылысына және пайдалануға және төрт осьті вагонның осьінен 245 кН (25 тс) рельске жүктемемен 1520 мм жолды жалпы пайдаланудың қазіргі бар желілерін күшейтуге (реконструкциялауға), 103 кН (10,5 тс) сегіз осьті вагонды қума жүктемеге және поездардың мынадай жылдамдықтармен қозғалысы:жолаушылар - 200 км/сағ. дейін, жүк - 120 км/сағ, дейін, жүк жеделдетілген және рефрижераторлық - 140 км/сағ (қоса алғанда).

    2. басты жолдардың қосымша (екінші, үшінші және төртінші) жаңа темір жол желілерін жобалауға, құрылысына және пайдалануға және төрт осьті вагонның осьінен 245 кН (25 тс) рельске жүктемемен 1520 мм жолды жалпы пайдаланудың қазіргі бар желілерін күшейтуге (реконструкциялауға), 103 кН (10,5 тс) сегіз осьті вагонды қума жүктемеге және поездардың мынадай жылдамдықтармен қозғалысы:жолаушылар - 350 км/сағ. дейін, жүк - 120 км/сағ, дейін, жүк жеделдетілген және рефрижераторлық - 140 км/сағ (қоса алғанда).

    3. Ішкі т/ж жолдары

    4. Өнеркәсіптік көлікті

    5. Кез-келген т/ж жолдары






Жылдамдығы 160 –тан 200 км/сағ. дейінен астам жолаушылар пойызының қозғалысы үшін магистральдық темір жол желілері темір жолдардың қай санатына жатады? ([95], 3.2-т 3.1-кесте.):

    1. Жылдамдықты

    2. Ерекше жүк тиелген

    3. I

    4. II

    5. III






7000 авт/тәул. астам есептік қарқынды қозғалыспен халықаралық немесе республикалық маңызы бар жылдамдықты автомобиль жолдары ([96], .4.1-т 4.1.1-кесте) жолдардың қай санатына жатқызылуы тиіс?

    1. I-б, I-а

    2. I-а ғана

    3. II

    4. IIc

    5. Ic






Экономикалық іздеулер нәтижелері бойынша белгіленген қозғалыстың қандай есептік қарқындылығын қабылдаған жөн? ([96], 4.1.4-т)

    1. Екі бағыттағы жиынтық ретіндегі перспективалық кезеңнің соңғы жылына жеткізілетін қозғалыстың орташа жылдық тәуліктік қарқындылығы

    2. перспективалық кезеңнің соңғы жылына жеткізілетін немесе асыратын жеңіл автомобильге келтірілген бірліктерде көрсетілген 50 сағат ішіндегі қозғалыстың орташа сағаттық қарқындылығы

    3. аса қауырт бес күндіктің орташа жылдық қарқынды қозғалысы

    4. аса қауырт айдың тәуліктік қарқынды қозғалысы

    5. қозғалыстың сағаттық жиілігін






Автомобиль жолдарының аралас учаскелеріндегі есептік жылдамдықтар шамасы бойынша айырмашылығы болмауы тиіс ([96], 4.2.4-т)

    1. 20%

    2. 25%

    3. 30%

    4. кемінде 15%

    5. кемінде 10%






Оң жаққа бұрылатын ауыспалардың барлық ұзына бойындағы өтпе бөлік енінің қандай көрсеткіші тең қабылдаған жөн? ([96],.6.4.3-т)

    1. 5,0 м өтпе бөлікті қисыққа қосымша кеңейтпестен

    2. 5,5 м өтпе бөлікті қисыққа қосымша кеңейтпестен

    3. 4,0 м өтпе бөлікті қисыққа қосымша кеңейтпестен

    4. 4,5 м өтпе бөлікті қисыққа қосымша кеңейтпестен

    5. 3,5 м өтпе бөлікті қисыққа қосымша кеңейтпестен






Шығу қиылыстарының дөңгелетулерінің және әртүрлі деңгейлердегі жанасуларының ішкі жағындағы жол жиектерінің ені қанша болуы тиіс? ([96], 6.4.3-т., 2 - абзац)

    1. кемінде 1,5 м

    2. сыртқымен – 1,5 м

    3. кемінде 2,5 м

    4. кемінде сыртқымен – 3,0 м

    5. 1,5 м артық емес






Бұрыштың қандай көрсеткіші темір жолдармен автомобиль жолдарын кесу кезінде бір деңгейдегі қиылысатын жолдар арасында болуы тиіс,: ([96], 6.5.1-т)

    1. кемінде 60⁰

    2. кемінде 75⁰

    3. кемінде70⁰

    4. кемінде 65⁰

    5. кемінде 55⁰






Шамдардың тіреулері бөлу жолағының қандай ені кезінде орнатуға жол беріледі ([96], 10.4-т.)

    1. Қоршауды орнатумен кемінде 5 м

    2. Қоршауды орнатумен 4 м артық емес

    3. Қоршаусыз 5 м артық емес

    4. кемінде 6 м

    5. Қоршауды орнатумен 4 м






Көпірлер мен құбырларды жобалау кезіндеқабылданатын негізгі техникалық шешімдер негіздемесі .... бойынша жүргізіледі [97] 1,2-т.)

    1. нұсқалардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстырғанда

    2. құрылыстың аз құны бойынша

    3. қабылданған конструкциялардың сенімділігі бойынша

    4. қазақстандық қамту бойынша

    5. пайдалану ұзақтығы бойынша






Көпірлер мен құбырларды реконструкциялауды жобалау кезінде қандай физикалық көрсеткіштерді ескерген жөн? ([97] 1,3-т.)

    1. Реконструкциялаудан кейінгі құрылыстардың физикалық жағдайы, жүк көтергіштігі, ұзақтығы және пайдалану режимі

    2. Конструкциялардағы көрінетін ақаулардың болуы

    3. Пайдалануға берген сәттен бастап құрылыс қызметінің мерзімі

    4. Реконструкциялаудан кейінгі құрылысты пайдалану режимі

    5. Конструкцияның жүк көтергіштігі






Қандай көрсеткіштердің негізінде су өткізу құрылысының мөлшері айқындалады? ([97] 1,6-т.)

    1. Қоршаған ортаға оның әсерін ескере отырып, гидравликалық есептердің негізінде

    2. Суағар арнасындағы су көлемі бойынша

    3. Беткі қабаттағы сарқынды суды жинау алаңы бойынша

    4. Су жіберу құрылысының үстіндегі үймелердің биіктігі бойынша

    5. Жол санаты бойынша






Үлкен авто жол көпірлерінің ұзына бойы еңісінің есептік көрсеткіштерін көрсетіңіз ([97] 1,7-т.)

    1. 30‰ артық емес

    2. 40‰ артық емес

    3. 20‰ артық емес

    4. 10‰ артық емес

    5. 5‰ артық емес



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет