Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Орталықсыздандырылған жылумен жабдықтау



бет17/57
Дата21.06.2016
өлшемі2.67 Mb.
#151423
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57

7.4 Орталықсыздандырылған жылумен жабдықтау


7.4.1 Шатырлы немесе едендегі қазандығымен орталықсыздандырылған жылумен жабдықтау жүйесін пайдалану қамтамасыз етуге тиіс:

жылытылатын жайларда ауаның оптималды температурасын (мүмкіннен төмен емес) қолдау;

жылыту жүйесінде судың температурасын сапалы реттеу кестесіне сәйкес жылыту жүйесіне түсетін және қайтатын ауа температурасын қолдау;

белгіленген нормаларға сәйкес ыстық сумен жабдықтауға қажетті температурасы мен су қысымын қолдау.

7.4.2 Шатырлы немесе едендегі қазандықтың барлық жүйелері коррозиялық зақымданулар мен қақ түзілістерін болдырмайтын сумен толтырылуға тиіс.

Жылыту жүйесін қазандыққа қосу алдында оны жинақталған кір мен қақты жою үшін гидропневматикалық немесе химиялық тәсілмен алдын ала шаю қажет.

7.4.3 Суды жұмсарту және химтазарту жөндейтін ұйымның жобасына немесе ұсыныстарына сәйкес жүргізілуге тиіс.

7.4.4 Қазандық жайында газ құбырындағы газ қысымы 5 кПа аспауға тиіс.

7.4.5 Газ құбыры ғимараттың сыртқы қабырғасымен қызмет көрсету үшін ыңғайлы және оның зақымдалуын болдырмайтын жерлерде ашық әкелінуге тиіс.

Газ құбырлары желдету торларымен, терезе және есік ойықтарымен қиылыспауға тиіс. Газ құбырларында 20 мм кем емес диаметрлі үрлейтін газ құбырлары болуға тиіс. Үрлейтін құбырлардың ұштары оларға атмосфера қалдықтарының түсуінен қорғалған болуға тиіс.

Үрлейтін құбырларда бекітпе арматура үнемі ашық күйде болуға тиіс. Жылу генераторларының газ құбырларын жағаты құрылғылар арқылы үрлеуге тыйым салынады.

7.4.6 Қазандық жайында газ құбырлары ашық төселіп, газ құбырларының бүкіл ұзындығына тұрақты тексеру мен бақылау үшін кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген болуға тиіс.

Ішкі газ құбырлары мен жылу генераторлары техникалық тексеруге - айына 1 реттен сирек емес рет, ал ағымдағы жөндеуге жылына 1 реттен сирек емес рет ұшыратылуға тиіс.

7.4.7 Ағытатын және реттеуші арматураны орнататын жеолердің табиғи жарықтандырылуы болуға тиіс.

7.4.8 Шатырлы немесе едендік қазандықтың түтін шығарғышының жазық шатырдың үстінен шығып тұратын бөлігінің ұзындығы 1,2 м кем емес болуға тиіс, жазық емес шатыр үшін түтін шығарғыш шатырдың үстінен 0,8 метрге шығып тұруы керек, ал егер көрші ғимаратқа дейінгі ғимарат 3 м асатын болса, онда түтін шығарғыш бұлкі ғимаратының шатыры деңгейінен 0,8 метрге шығып тұруы керек.

Түтін құбырлары жылына бір ретте сирек емес мерзімді тексеру мен тазартуға ұшырауға тиіс.

7.4.9 Пайдалану барысында қазандықта дыбыстық қысымның мүмкін деңгейлері мен дыбыс деңгейі 60 дБ аспауға тиіс.

Шатырлы немесе едендік қазандықтың қоршайтын құралымдары қазандықтың астында орналасқан жайларда шудың мүмкін деңгейін қамтамасыз етуге, ал шатырлық қазандыққа жабысып тұратын пәтерлерде 35 дБ жоғары болмауға тиіс.

7.4.10 Шатырлы қазандық найзағайдан қорғаумен жабдықталған болуға тиіс.

Авариялық күйінде кернеулі болуы мүмкін қазандық жабдығының барлық бөлшектерінің нөлге теңестірумен қорғаныс жерлендіруі болуға тиіс.

Кернеу әкелінген жылу генераторларды жөндеуге тыйым салынады.

7.4.11 Қазандықтың еденінің 10 см дейін сумен құю биіктігіне есептелген судан оқшаулауы болуға тиіс.

7.4.12 Қазандықты пайдалану қызмет көрсететін персоналдық үнемі болуысыз жүргізіледі. Қазандық жабдығының күйін тексеру мен қалыпты жұмыс істеуін бақылау тәулігіне бірден сирек емес рет жүргізілуге тиіс.

Диспетчерлеу болған кезде шатырлы немесе едендік қазандық аспаптарының көрсеткіштерін диспетчерлік пунктқа шығару қажет.

Тұтастай алғанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау көздерін пайдаланған кезде ҚНмЕ 4.02-08-2003 «Қазандық қондырғылар» талаптарын сақтау қажет.

7.4.13 Шатырлы немесе едендік қазандықтың жабдығын, БӨА және автоматикасын жөндеуді бекітілген кесте бойынша мамандандырылған жылумен жабдықтайтын ұйым жүргізуге тиіс.

7.4.14 Жылу генераторлары тоқтап қалған кезде қазандық жайындағы ауа температурасы 10 °С-тан төмен түспеуге тиіс.

Қазандықтың желдетілуі ғимараттарды желдетуден тәуелсіз болуға тиіс.

7.4.15 Аспаптар мен аппараттардан газ шығып тұрған кезде, сондай-ақ қауіпсіздік автоматикасының, түтіндіктердің. Желдету арналарының ақаулығы кезінде, құбырлардың басы бұзылған кезде бітеуішті орнатумен жұмыс істеп тұрған газ құбырынан сәйкес қондырғыларды ағытуы қажет.

7.4.16 Газдалғандық жағдайында автоматтандыру, аварияға қарсы қорғау және сигнализация жүйелерін реттеу және жөндеу бойынша жұмыстарға тыйым салынады.



7.5 Газбен жабдықтаудың ішкі құралымдары

7.5.1 Қолданушы қолданыстағы газбен жабдықтаудың ішкі құралымдарының қауіпсіздігі мен тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, энергиямен жабдықтаушы ұйымға апат, өрт, газды есептейтін құрылғылардың ақаулығы мен газды тұрмыста қолдану барысында туындаған басқа да бұзылушылықтарды дереу қабылдауы тиіс.

7.5.2 Газ құбырларын жинақтау және бөлшектеу, газ құралдарын, аппараттарын және басқа да газды қолданатын жабдықтарды орнату, оларды газ құбырларына, пәтераралық су құбырлары мен жылу құбырлары жүйелеріне қосылу мамандандырылған ұйымдар арқылы жүзеге асады.

7.5.3 Газ құбырларын өз еркімен қайта салу, қосымша және қолданыстағы газды пайдаланатын жабдықтардың орнын ауыстыру рұқсат етілмейді. Қосымша жабдықтарды орнату жұмыстарын газбен жабдықтаушы ұйымның келісімімен мамандандырылған ұйым орындайды.

7.5.4 Жылытатын және жылыту-пісіру пештерін газ түріндегі отынға көшу сұрақтарын өрт сөндіруді қадағалау бөлімінің өкілі қатысуымен құрылған комиссияның пештер мен түтінқұбырларды тексеруден кейін тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым қарастыру керек.

7.5.5 Үйлерді, жеке пәтерлерді, газбен жабдықтаудың ішкі құралымдарын пайдалану мына жағдайда рұқсат етілмейді:

Ғимарат пен пәтердің апатты жағдайында (іргетастың шөгуі, көтергіш құралымның зақымдалуы);

Төбе мен қабырғалардың немесе аражабын мен қабырғадағы тура тесіктің сылауының бұзылуы болған жағдайда;

Түтіндік және желдеткіштік арналарда тартымның бұзылуы мен мүлдем болмау жағдайында;

Газбен жабдықтаудың ішкі құралымдарының істен шығып қалуына байланысты жөндеуді қажет ететін жағдайда;

Газдың иісі болған жағдайда.

7.5.6 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша келесі жұмыстарды орындауы керек:

Желдеткіштік арналар мен түтінқұбырларды техникалық дұрыс жағдайда күтіп ұстау;

Түтінқұбырлардың герметикалығы мен тығыздығын, төбеге және жақын орналасқан құрылыстар мен ағаштардың жел тіреуі жоқ аймақта түтінқұбыр басының орналасуы мен жөнделетін күйін қамтамасыз ету;

Түтірдік және желдеткіштік арналар басының жөнделетін күйін, жел тіреуі аймағын тудыратын ағаштардың болмауын қамтамасыз ету;

Қысқы уақытта газдың қатып қалуы мүмкін газ құбыры орналасқан орындарды уақытылы жылытуды қамтамасыз ету және сол кеңістіктерде терезелер мен есіктерді жөндеуге келетін күйде күту;

Газ құдығы, жерасты газ құбырлары кілемдерінің қақпаларын үйіп тастамау және қысқы уақытта мұз бен қардан тазарту;

Газ құбырлары мен газбен жұмыс істейтін құрылғылары бар жертөлелер мен басқа кеңістіктерде электр өткізгіштердің ұсынылатын талаптарға сәйкестігін тексеру;

Газды тарату жүйелерін, қорғалатын аймақтарда жер қазу жұмыстарын өндіру жүйелерін, газ таратушы жуйелер жанында көкті отырғызуды пайдаланушы ұйымдармен келісу;

Газбен жабдықтаудың ішкі құралымдарын техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына мамандандырылған ұйымдармен уақтылы келісім жасасу;

Газды қолданатын құрылғы орналасқан кеңістіктің техникалық және санитарлық күйін сақтауды қамтамасыз ету;

Тұрғындардың газды қолдану ережелерін сақтауын қадағалау;

Құрылыстық сипаттаға кемшіліктерді жоюды, сонымен қатар алдын ала қарау нәтижесінде анықталған арналар тартымының бұзылуы, газбен жабдықтаудың ішкі құралымдарының жөндеуі мен құрастыруынан кейінгі өңдеу жұмыстарын тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым орындау керек.

7.5.7 Газбен жабдықтау құрылғыларын қолданысқа енгізу және жөндеу мен ауыстырудан кейінгі бірінші жағуды мамандандырылған ұйым орындау керек.

7.5.8 Үйлердегі техникалық еден асты және жертөлелерді қолданысқа енгізу тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымымен жүзеге асырылады. Оған келесі міндеттер жүктеледі:

Газдың иісінің болуын жүйелі түрде тексеру;

Желдеткіштік жүйе мен жарық жұмысын қадағалау;

Мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлеріне еркін кіру мен газ құбырларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

Қызмет көрсету мен жөндеуге байланысты жасалған келісімдерге сәйкес басқа жұмыстарды атқару.

7.5.9 Газ құбырлары орналасқан техникалық еден асты мен жертөлелерді қойма және басқа да қажеттіліктерге пайдалануға тиым салынады. Бұл кеңістіктерге қызмет көрсететін қызметкерлерге тәуліктік кіруге мүмкіндік қамтамасыз етілуі тиіс. Кіретін есіктері құлыппен жабылуы керек және де оның кілті мамандандырылған ұйыммен келісілген жерлерде, тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымында сақталуы тиіс. Жертөлелер мен техникалық еден астынан ауаны сынауды сұрыптау кеңістіктен шығарылған 25 мм диамертлі тұрақты сыртқы құбыр арқылы кірмей жүзеге асырылуы тиіс.

7.5.10 Жер асты коммуникацияларының қиылысу орындары іргетастың енгізу мен шығару жерлері нормаларға сәйкес тығыздалуы және қабатталуы тиіс.

7.5.11 Газдың иісінің болуы мен жүйенің бұзылуының барлық жағдайларын қолданысқа енгізген газ таратушы жүйелерінің ұйымына телефон арқылы хабарлау керек.

Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымы алдын-ала тұрғындарды ашық отты, газды және электр құрылғыларын, электр қоңырауларды пайдалануды үйдің кез келген бөлігінде газдың иісін сезген кезден бастап тоқтату туралы ескерту жасап, газдалған және оған жақын кеңістіктерді желдетуді қамтамасыз етуге міндетті.

Техникалық еден астыда, жертөледе, қызметкерлер бөлмесінде құбырда газ иісі анықталған кезден бастап ашық отты пайдалануға, шылым шегуге, электр жарығын қосып-сөндіруге тыйым салынады; ашық кіретін жерлер мен люктар қоршалуы тиіс, газдалған жерлердің маңында отты жұмыстарды орындауға және қозғалтқышы істеп тұрған машинаның болуына тиым салынады.

7.5.12 Желдеткіштік арналар мен түтінқұбырлардың техникалық жарамдылық күйіне жауапты тұрмыстық фондқа қызмет көрсету ұйымдары мамандандырылған ұйымдармен келісім бойынша мерзімдік тексеріс өткізуі керек:

а) түтінқұбырларды:

Газды пайдаланатын маусымдық жұмыс істейтін құрылғы - жылыту маусымы алдында;

Кірпіштік – үш айда бір рет;

Асбоцементтік, қыштық, жаройлық бетондық – жылына бір рет;

Жылыту-қайнататын пештер – үш жылда бір рет (Жылыту майсымы алдында, ортасында және де көктемде)

б) Газ құрылғылары орналасқан желдеткіштік арналар кеңістігін – жылына екі реттен кем емес(қыста және жазда).

Түтінқұбырлар мен желдеткіштік арналарды жөндеу тұрмыстық фонқа қызмет көрсететін ұйымның инженерлік-техникалық қызметкерінің қадағалауымен тиісті дайындыққа ие адамдардың өткізуіне рұқсат етіледі.

Түтінқұбырлар мен желдеткіштік арналарды тексеру мен тазарту актілермен рәсімделуі тиіс.

Өз еркімен жөндеу, қайта жасау және түтінқұбырлар мен желдеткіштік арналарды ұлғайту рұқсат етілмейді.

Әрбір жөндеуден кейін түтінқұбырлар мен желдеткіштік арналар актілерде бекітілген соңғы уақтылы тексеріске қарамастан тексерілуі және тазартылуы тиіс.

5.5.13 Қысқы уақытта айына бір реттен кем емес, ал солтүстіктік құрылыс-климаттық аймақта айына екі реттен кем емес түтінқұбырлар мен желдеткіштік арналардың бастарын қату мен бітеліп қалудан сақтау үшін тексерістен өткізу керек. Тексеріс нәтижесінде барлық істен шығушылық пен оларды қалпына келтіру мақсатында жұмыс сипаты арнайы журналда тіркелуі тиіс.

Газбен жабдықтаудың ішкі құрылғыларының істен шығуы барысында тұрғындардың үйден кетуі кезінде мамандандырылған ұйыммен газбен жабдықтаудың барлық ішкі құрылғылары сөндірілуі тиіс.
7.6 Үй ішілік инженерлік құрылғы және арнайы жүйелер

7.6.1 Тұрғын үйлердің электр жабдықтарын пайдалану бекітілген талаптар бойынша жүзеге асуы тиіс.

7.6.2 Құрамына кіретін алып жоспарлау элементтердің функционалдық тағайындалуына байланысты биік ғимараттарды К қосымшаға сай келетін кешендер және жүйелермен жабдықтау керек.

7.6.3 Әлсіз ағынды жүйелер мен автоматизация жүйелеріне қызмет көрсету барасында ғимараттың өрт сөндіру бөліктеріне бөлінуіне көңіл бөлу керек. Әлсіз ағынды жүйелер кешенді біріктірілген және құралымды кабельді жүйелерді қолдану арқылы бірыңғай ақпараттық кеңістікте құрылады.

7.6.4 Әр қабатта әлсіз ағынды тұрақтар мен автоматика тұрақтарында коммутациялық шкафтар ойластырылған, ал әрбір өрт сөндіруге арналған бөлікте – әлсіз ағынды жабдықтар мен автоматика жүйесі жабдықтарына арналған бөлме қарастырылған.

Коммуникациондық шкафтарда автоматикалық өрт сөндіруші дабылдың қабылдау-бақылау құрылғыларын орналастыру рұқсат етілмейді.

7.6.5 Бірегей биік ғимараттарды автоматтандырылған басқару жүйесі ашық орналастырылады. Ол бірыңғай басқару жүйесіне кез келген инженерлік жүйелерді біріктіру мүмкіндігін тудыруы тиіс және ғимарат пен орындаушы құрылғылардың жүйелерін сенімді басқаруын қамтамасыз етуі керек. Ол:

- барлық автоматтандырылған кешендер мен жүйелердің бірлігі мен интеграциясын;

- объектінің жүйесін құраушылардың(жүйеаралық, жүйеішілік) толық өзара әрекеттесуі, оның ішіне қауіпсіздік жүйесі, автоматтандырылған өрт сөндіруші қорғаныс жүйесі, лифттер, инженерлік жабдықтармен басқару, ақпараттық жүйе, байланыс пен электрмен жабдықтау жүйелері кіреді;

- биік ғимараттың диспетчер бөліміне барлық функционалдық блоктардан жүйелер жағдайы, инженерлік жабдықтардың жұмысының мазасыздандыратын жағдайлар мен параметрлері, сонымен қатар жұмыс тәртібін қашықтық басқару туралы ақпаратты алу;

- Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ақпараттық қолдау көрсететін және қызмен көрсететін қызметкерлердің шешім қабылдауы инженерлік жабдықтардың жұмыс істеуінің кепілдендірілген тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

- Төтенше жағдай туған жағдайда ерекшеленген, қорғалатын арна арқылы Астана (Алматы) қаласының төтенше жағдайлары кезінде жедел-диспетчерлік басқармасының бірыңғай жүйесіне автоматты түрде деректерді жеткізу.

7.6.6 Белсенді өрт сөндіруге қарсы автоматтандырылған жүйе тұрақты, сенімді жұмысты, интеграция мүмкіндігін цифрлы хаттама арқылы биік және бірегей ғимараттардың барлық автоматтандырылған басқару жүйелерін ұйымдастыру керек.

7.6.7 Өртке қарсы белсенді қорғанысты жеке басқару станцияларын, жалпы автоматтандырылған басқару жүйесіне біріктірілмеген өрт дабылы станцияларын қолдануға рұқсат етілмейді.

7.6.8 Әр түрлі өрт сөндіруші бөліктерде орналасқан және өрт дабылының түрлі блоктар мен шлейфтарға қатысты өртке қарсы дабылдың жеке панельді құрылғыларының арасындағы байланыс желілері сақина тәрізді құрылымды болуы керек. Желінің істен шығуына байланысты ақпарат жеткізудің бағытын өзгертуіне мүмкіндік тууы тиіс. Ридельді бөлмелерді қадағалу үшін радиалды бөлшектенуді ұйымдастыру рұқсат етіледі.

7.6.9 Қорғаныс дабылы, бақылау жүйесі мен кіруге мүмкіндікті басқаруының бақылаушылар жүйесі, кеңейтушілер жүйесі арасындағы желілері сақина тәрізді құрылымды болуы керек және 8 қосымшаның талаптарына жауап беруі тиіс.

7.6.10 Әкімшілік, қоғамдық, бірлескен және банктты ғимараттарда кабельді теледидар мен қалалық радиотрансляциялық жүйені енгізу төтенше жағдай туралы хабар жарияланатын қауіпсіздік қызметі бөлмелерінде орналастыруға жол беріледі.

Биік үйдің адам тұратын бөлігінде радиотрансляцияны кабельді теледидардың желісі арқылы жүзеге асыру рұқсат етіледі.

7.6.11 Автоматизация, информатизация, қауіпсіздік жүйелері электрмен жабдықтаумен қамтамасыз етілуі тиіс. ЭӨБ 1 категориясы бойынша және үздіксіз электр қорегінің негізін орналастыру олардың 8 қосымшаға сәйкес сақталғыштығын қамтамасыз етеді.

7.6.12 Ғимараттың жоғарғы қабаттарында жабдықтар үшін бөлме және төбеде қалалық қауіпсіздік және төтенше қызмет жүйелерінің жедел радиобайланыс антенна құрылғыларына арналған орын қарастырылады.

7.6.13 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар келесідей пайдалануды ұйымдастыру керек:

- кіріспе және кіріспе-таратушы құрылғылардың шкафтарын, қоректенетін кабельдердің кіріс қысқышынан бастап немесе ғимараттағы әуе электр желілерінен қоректенетін, құрамында қорғаныс, бақылау, басқару аппаратуралары орналасқан кіріспе изолятордан бастап;

- үйішілік электр жабдықтарын, жалпы үйлік тұтынушылардың электр қабылдағыштары қорегінің үйішілік электрлік желісін;

- қабаттағы счетчик және шкафтар, соның ішінде қорғаныс және басқару аппараттары орналасқан әлсіз ағындылар, сонымен қатар пәретлік энергия есептегішін есепке алмағанда, электр орналастырушы құралдар;

- коммутациялық және автоматты аппаратурамен басқарылатын жалпы үйлік жарық беруші құрылғыларды, кіреберістегі, қоқыс жинағышта, жертөледе, төбеде, техникалық еден астыларда, тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдарға қатысты бөлмелерде орналасқан шырағдандарда есепке алынады;

- күш және жарық беретін құрылғылар, қазандық автоматизация мен қазандық автоматизация құрылғылары, бойлерлік, жылу пункттері, және тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымының балансындағы басқа да бөлмелерді;

- Түтінді жоятын электрлік құрылғылар жүйесі, ішкі өртке қарсы суқұбырының автоматты өрт сөндіру дабылы жүйесі, жүк, жолаушы, өрт лифтілері(егер болған жағдайда);

- Кіреберіс пен видеобақылау қорғанысының жүйесі;

- инженерлік жабдықтарды және пәтерлердің тұрмыстық жабдықтарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

- Электр құрылымды, жылумен жабдықтауды, сумен қамтамасыз етуді автоматты есептеу жүйелері;

- Электр энергиясының дәстүрлі емес негіздері жүйесі, биік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың өзгерістерін мониторингілеу жүйесі, кондиционерлеу және берілген микроклиматты автоматты түрде қамтамасыз ететін жүйелер;

7.6.14 Құрылыс барысында орталықтандырылған тұрақты ас үйлік электротақталарды тұрғын үй қоры иесі пайдалануға енгізеді.

Тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйым пәтерішілік электротақталардың топтық желілерін, қорғаныс аппараттары мен электротақталарды қосу арналған штепсельді қосылыстарды пайдаланысқа енгізуді жүзеге асырады.

7.6.15 Электр жабдықтарына, автоматизация құралдарына, гильзалар, анкерлер, найзағайдан сақтанатын элементтер мен үйішілік электр желілеріне ағымды қызмет бекітілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

7.6.16 тұрғын үй қоры иес тұрғын үйлердің электр жабдықтарын жаңарту мен қайта құруды халықты әрбір пәтерде қорғаныс сөндірушісі орналастырылған қуаты 4 кВт жететін тұрмыстық электр құралдарды пайдалануға жағдай жасау керек.

7.6.17 Тұрғын үйдің электр жабдықтарына қызмет көрсететін тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар келесі міндеттерді орындауы тиіс:

Автоматизация жабдықтарын, жарық беруші, күшті құрылғылардың апатсыз, дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

Жалпы үйлік кеңістіктің жасанды жарықпен қамтамасыз етуді жоспарлауды қамтамасыз ету;

Электроэнергияны рационалды түрде жұмсау, электроэнергияны жұмсаудың шығынын азайту, жабдықтарды жөндеу мен қарауға аз уақыт жұмсау, электр жабдықтары мен электрлік желілердің қызмет көрсету уақытын ұзартуға байланысты шараларды жүзеге асыру;

Электр жабдықтарының автоматты түрде қосылу мен сөну жүйесінің жұмысын бақылау және қамтамасыз ету;

Жарық беруші құралдардың кіреберісте, баспалдақ торында, коридорлар мен жалпы үйлік кеңістіктерде жарықтың талап етілетін жағдайына байланысты бекітілген қуатты лампышаларды қолдануын бақылау;

Электр жабдықтарының жұмыс кестелерінің бұзылуына жол бермеу;

Насосты құрылғыларда талап етілетін электрқозғалтқыштарды қолдану;

Баспалдақ торындағы терезелерді, төбе фонарларын, шырағдандарды уақтылы тазартып отыру, оны электр шаруашылығына жауапты мүшелер орындайды, шырағдандарды тазарту жанып кеткен лампышаларды ауыстырумен, істен шығып қалған шағылыстырғыш, шашыратқыш және де шырағданның басқа да бөлшектерін ауыстырумен бірге істеу керек;

Үй электр жабдығының тұтастығына және ішкі электрмен жабдықтау жүйесіне, адам қауіпсіздігіне, тұрмыстық электр жабдықтарына, компьютерлерге, теле және радиоаппараттарға қауіп тудыратын ақаулықтар анықталған сәттен бастап ақаулығы бар жабдық немесе желі бөлігі ақаулықты дұрыстағанға дейін сөндірілуі тиіс;

Жеткізілетін электр энергиясының параметрлерін сақтамаудың нәтижесінде, үйішілік электрмен жабдықтау жүйесіндегі апат туралы электрмен жабдықтайтын ұйымға шұғыл түрде хабарлау;

Электр желісінің жұмыс істеуін, тұрмыстық элетр жабдықтарының, теле және радиоаппаратуралардың бұзылуын тудыратын электрлік желідегі бұзылудың алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

7.6.18 Электр жабдықтардың және электр желілерінің ақаулықтарын жөндеу жұмыстары арнайы оперативті журналда жазылуы тиіс.

7.6.19 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның қызметкерлері керекті құралдармен: өлшеуіш құралдар, негізгі және қосымша қорғаныс құралдары, сонымен қатар толықтырушы және қосалқы құралдармен жабдықталуы тиіс.

7.6.20 Электр жабдығына қызмет көрсету барысында қолданатын электро-құралдың номиналды кернеулі болуы тиіс: жоғары қауіптілігі жоқ кеңістіктерде 220 В аспауы тиіс, ал Қауіптілігі жоғары кеңістіктерде 42 В аспауы тиіс.

Кернеуі 42 В асатын электро-құрал үшқадалық штепсельді розеткаға жерлендірілгіш байланыс арқылы қосылуы тиіс (ал егер жоқ болған жағдайда электро-құралдың тұрқы бөлек жерлендіргіш өткізгішпен жерлендірілуі тиіс).

Токтың нөлдік тізбегі кезінде қорғаныс үшін сөнетін құралымы бар, сонымен қатар тұрқы оқшауланған материалдан жасалған электро-құралдарды қолданған жөн(электробұрғы, циклевальды, жинау машиналары, пісіру агрегаттары).

Электро-құрал алты айда бір реттен кем емес кернеуі 500 В мегомметрмен минималды шекті оқшаулану кедергісіне сыналуы тиіс. Оқшаулану кедергісі МПОТЭЭ нормаларын қанағаттандыру керек.

7.6.21 Электр энергиясын есептеу құралдарының және автоматты бақылау жүйесі, мемлекеттік үйлердегі, кондоминиумға жататын үйлердегі, ТСЖ, ЖСК, ЖКК, сонымен қатар жеке меншіктік тұрмыстық тұтынушылар арасындағы баланстық түрліліктің болуына байланысты әрбір жекелеген жағдайда электр желілерін айыру пункттері белгіленуі ұсынылады.

Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым пәтер сыртында орналасқан электроэнергияны есептейтін құралдардың сақтығына жауап береді(Баспалдақ торларында, коридорларда, вестибюлда, және басқа да жалпы үйлік кеңістіктерде).

7.6.22 Кернеуі 380/220 В күш трансформаторларынан қоректенетін үйлерде ақырын бейтарап жерлестірілген, жерлестіргіш ретінде желі қоректенетін нөлдік жұмыс өткізгіші қолданылғаны жөн.

42 В кернеулі электроқұрал кернеуді түсіретін трансформатор арқылы қосылуы тиіс. Кернеуді төмендеткіш трансформатор ПУЭ талаптарын қанағаттандыру керек.

7.6.23 Электр тогымен жарақаттанудың жоғары қаупі бар кеңістікте оқшауланған суға төзімді материалдан жасалған патронды шырағдан қолданған жөн. Оның құрылымы шамға арнайы құралсыз қол жеткізуге мүмкіндік жоқ. Бұл шырағдандарға металл түтік немесе кабельдің қорғаныс қабықшасын қолданып кіру арқылы жүзеге асырылады.

7.6.24 Люминесцентті шырағдандар бір кеңістікте бір түсті люминесцентті лампалармен қамтамасыз етілуі керек, әдетте ЛБ немес ЛТБ түрінде.

7.6.25 Қосылудың стартерлік сұлбасымен люминесцентті шырағдандарды және жабысып қалған стартерлерді қарау айына бір рет жүргізілуі тиіс.

7.6.26 5 қабаттан жоғары үйлерде басқарылуы автоматты түрде жүргізілетін жұмысшы және эвакуациялық жарық жүйесі қарастырылуы керек. Жұмысшы жарық фоторелейлік құрылғылар және түнгі уақытта жұмысшы жарықты программалық құрылғы арқылы жарым-жарты сөндіру арқылы жүзеге асырылады.

7.6.27 Біріккен диспетчерлік қызмет жүйесіне қосылған үйлерде жұмысшы жарықты басқару сол қызмет иелеріне беріледі.

7.6.28 Үйлерде жалпы үйлік кеңістікте жұмысшы жарықты қойылған уақытта сөнетіндей сөндіргішті қолдануға болады. Аталған сөндіргіштерді қолдану кезінде қараңғы уақытта кіреберіс холлында (бірінші қабатта, баспалдақ жанында) жарық қосылып тұруы қажет, ал табиғи жарық жеткіліксіз жағдайда – тәулік бойы лифт маңында қосылып тұруына рұқсат етіледі.

Уақыт қою арқылы сөндіргіштерді қолдану, оларды әрбір қабатта орналастырған жөн, баспалдақ торын жинаған кезде, жиһазды көшірген кезде оперативті түрде қосуға мүмкіндіктің болуы үшін.

7.6.29 Кез келген қабатты үйлерде сирек қолданатын шырағдандардың жанында жеке сөндіргіштер орналастырғаны жөн (соның ішінде уақыт қою арқылы)(әр қабаттық қалташаларда, қоқыс құбыры орналасқан жерлерде).

7.6.30 Электрлік тақталар жерлендірілген контакты бар арнайы штепсельдік қосылыс арқылы электрлік желіге қосылуы қажет.

7.6.31 Электротақталардың техникалық қарау жылына бір рет қарастырылуы керек:

Электротақта тұрқы мен жерлендірілген ас үйлік сантехникалық жабдықтардың арасындағы потенциалды өлшеу;

Электротақта мен қоректендіретін қыздырылған кабель(кабульді сынау штепсельді айырмен бірге жүзгізіледі) арасындағы оқшаулану кедергісінің мөлшерін өлшеу;

Конфора мен қыздыру пешінің қуатының ауыстырып қосқышының жұмысын тексеру;

Резеңке мен сымдарын қарау, бекіткішті тарту;

7.6.32 Электротақталардың ағымдық жөндеу жұмыстарын техникалық қызмет көрсетумен біріктіру керек(электротақталардың істен шығып қалған бөліктері ауыстыру тікелей сол жерде орындалуы мүмкін).

7.6.33 Дайындаушы зауыт көрсеткен жарамдылық мерзіміне сәйкес негізгі жөндеу жұмыстарын мамандандырылған шеберханаларда өткізген жөн. Негізгі жөндеу жұмыстары көрсетілген мерзімнен тек осы электротақтаға қызмет көрсететін, бас инженер немесе тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның электр шаруашылығына жауаптыларының бекітуімен электромонтердің қолы қойылған акті болған жағдайда рұқсат етіледі.

Негізгі жөндеуге алынған электротақтаның орнына алты сағат көлемінде белгіленген қуаттан аспайтын жаңа партиядан немесе мамандандырылған шеберханаларда негізгі жөндеуден өткен және қажетті сынаулардың хаттамасы бар өзге электротақта орналастырылуы керек.

7.6.34 Радиотрансляциялық желілерді, радиотрансляциялық тіреулердің жабдықтары, теледидарлық антенналарды ұжымдық пайдалану, сонымен қатар теледидарды ұжымдық жүйені күшейтуге қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары мамандандырылған ұйымдармен жүзгізілуі тиіс.

Үйдің төбесінде тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның рұқсатынсыз теледидарларға арналған жеке антенналар орналастыруға тыйым салынады.

7.6.35 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым:

радиотрансляциялық желі жабдықтары құрылғыларының сақтығына байқау жүргізу және байланыс туралы кәсіпорындарға анықталған кемшіліктер жайлы дереу хабарлама жасайды;

радиотрансляциялық желі жабдықтары мен құрылғыларын бекіту үшін қолданылатын ғимарат бөліктерін алдын-ала жөндеуден өткізеді;

жоспарлы жабу және қайта жабу жөндеу жұмысына байланысты радиотрансляциялық желі жабдықтары құрылғыларына зақым келтірмес үшін радиотрансляциялық торапқа алдын-ала хабарлама жасайды;

төбенің металл қоршауларын, тығындау құрылғылары, радиотіректерді жерлендіру және радиотрансляция өкілінің талабымен берілген сұрақтар бойынша қажет құжаттарды ұсыну дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;

жалдаушыларға радиотрансляциялық торап жұмысына қатысты мәлібБайланыс кәсіпорындары қызметкерлерінің төбе мен шатырдағы бөлімге кедергісіз кіруді қамтамасыз етеді;

ғимараттарда радиостанциялық желінің жұмысын бұзатын жарнамаларды, транспаранттарды, жеке қолданыстағы антенналарды және де басқа да құрылғылар мен жабдықтарды орналастыруға рұқсат етпеуі тиіс;

төбедегі радиотірекке шатырдағы бөлім, есту терезелері, люктар арқылы қауіпсіз кіру мен шығуды қамтамасыз етеді;

құқық қорғаушы органдармен қоса радиотрансляциялық желіге желі жұмысына бөгет жасайтын бөтен дыбыс күшейткіш құрылғылардың қосылу мүмкіндігін болғызбайды. Ал егер түрлі ақпараттың қосылуы анықталған жағдайда(магнитофоннан, қабылдағыштан, пластинканы ойнатқыш және микрофон) оларды тоқтату үшін шұғыл шара қолданып, радиотрансляциялық торапқа хабарлауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет