8.2.1 Механикалық тығыздаумен отырғыш қасиеттерін ішінара жоюмен отырғыштығы бойынша екінші түрлі макрокеуекті сары топырағы бар теліде немесе табиғи негізде салынған ғимараттарға үнемі қадағалау жүзеге асырылуға тиіс.
8.2.2 Отырғыш топырақта ғимараттарды техникалық пайдалану процесінде қосымша шаралар жүзеге асыру қажет:
ғимараттар мен сыртқы желілерде су құбыры, кәріздендіру, жылу беру жүйелерінен судың ағып кетуін уақытында жоюды бақылау, бұл үшін судың ағып кетуі кезінде қауіпсіздік сұрақтары бойынша тиісті нұсқама жүргізген жөн;
су құбыры жүйелерінен барлық авария, ағып кетулер жағдайында журналдағы жазулардың, тексеру және бақылау құдықтарының күйін тексеру нәтижелерінің дұрыстығын және авариялы жағдайларда жекелеген құралымдардың күйін тексеру;
тексеру үшін барлық тексеру және бақылау құдықтарының, тоннельдерге немесе арналарға, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және кәріздендіру және бекітпе құрылғылардың құбырлары салынған техникалық еденасты мен жертөлелердің қол жетімділігін бақылау;
гүлзәрлар мен тротуарларға су құю аяқталысымен шүмектердің ағытылуын тексеру (ғимарат іргетастарының жақын жерінде судың шоғырланған жинақталуын болдырмас үшін).
8.2.3 Су жинағыш колонкалардың жинақталатын суды кәріз жүйесіне бұрумен қатайтылған негізде асфальттық жабынмен алаңшалары (диаметрі 1,5-2 м) болуға тиіс. Колонканың құрылымы қысқы уақытта судың қатып қалу мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
8.2.4 Тұнбалар мен отырғыш деформациялардың мөлшерін өлшеу ғимараттың цоколында және көтергіш көлденең қабырғаларда белгіленген маркалар бойынша нивелирлеумен жүйелі түрде жүргізілуге тиіс, бірақ бірінші пайдалану жылында үш айда бір реттен сирек емес, сосын бүкіл пайдаланым мерзімінде жылына бір реттен сирек емес.
Бақылаулар ұйымдастыру және оларды жүргізу жобаға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
8.2.5 Магистралды құбырға кәріздің шығуын қосатын жерлерде кәріздік құдықтардың ақаусыздығын және магистралды құбырға құбырларды ластайтын қандай да бір қосылыстардың түсуіне кедергі жасайтын торлардың болуын тұрақты тексеріп тұру қажет.
8.2.6 Ұзаққа созылған нөсерлі жаңбырлардан кейін (2-3 күн бойы) көтергіш құралымдарды кезектен тыс нивелирлеуді және толық тексеруді жүргізу, нөсерлі жаңбырдың жинақталу орындарын анықтау және оларды жою үшін жедел шаралар қабылдау қажет.
Тексеру нәтижелерін деформация актілерінің сипатынан басқа, оларды даму жерлерін, табылған уақытын және жою бойынша шаралар қабылдауды көрсету қажет актілерде тіркеген жөн.
8.2.7 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдар көп халқы бар үйлерде кәріздендіру желілерін үш айда бірден сирек емес рет профилактикалық тазалауды, сондай-ақ ауданда атмосфералық жауын- шашын ең үлкен түскен кезеңге дейін жылына екіден сирек емес рет нөсерлі кәрізді тазалауды қамтамасыз етуге тиіс.
8.2.8 Монша, кір жуатын үй және технологиялық қажеттіліктері үшін көп су қолданатын (әсіресе жылы су) басқа да кәсіпорындардың ғимараттары, және тұрғын үйлердің арасындағы топырақтардың дымқылдығы, сондай-ақ бұл суларды кәріздік желіге бұру дұрыстығы және кәріздік желінің ақаусыздығы айына бірден сирек емес рет тексерілуге тиіс.
8.2.9 Іргетас шөулерінің кедір- бұдырлары, сондай-ақ сызаттар түріндегі деформациялар табылған кездегі шамшырақтарды қабырғалар мен іргетастарға дереу орнату қажет, ал топырақтың ылғалдану көздерін мүмкін қысқа уақытта жою қажет.
8.2.10 Күрделі жағдайларда іргетастардың да ылғалдану көзін табу және жою бойынша жұмыстар жасауды сарапшы - мамандарға немесе мамандандырылған ұйымдарға тапсыру қажет.
8.2.11 Деформациялық элементтердің, құралымдар мен тұтастай ғимараттың қаттылығын қалпына келтіруді үйды одан әрі пайдалану кезінде отырғыш деформациялардың пайда боу мүмкіндігі мен сулану көздерін жойғаннан кейін жүзеге асырған жөн.
8.2.12 Отырғыш деформациялардың одан әрі ұлғаю мүмкіндігін төмендеудің қалған әлеуетті мүмкін мөлшеріне байланысты анықтаған жөн (төмендеудің есептік мөлшері мен қадағалау материалдары бойынша өлшенген төмендеудің мөлшері арасындағы айырманы есептеу арқылы).
8.2.13 Іргетастардың әлеуетті мүмкін қосымша төмендеуінің едәуір мөлшері кезінде негізде топырақтың қайта сулануы кезінде іргетастардың жаңа төмендеулерінің алдын алуға келесі нұсқалардың бірімен қол жеткізілуге тиіс:
Күрделі жөндеу кезінде сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және кәріздендіру жүйелерін ауыстырумен (мысалы, қыш құбырларды болатпен ауыстыру), тексеру құдықтарын судан оқшаулаумен және т.б.;
атмосфералық жауын- шашынның ағысы үшін қажетті еңістерді (егер ғимараттың астындағы топырақтьың сулануы атмосфералық жауын- шашынның ағысының бұзылуы және ғимаратқа жақын жерде жинақталу салдарынан болса) және нөсерлі жаңбырдың жертөле жайына және іргетастардың астына кетуіне кедергі жасайтын, басқа да судан оқшаулайтын шараларды қалпына келтіру бойынша жоспарлау жұмыстарын орындаумен;
негізде жататын шөгетін топырақтың бүкіл қабатын терең тіреулермен және ұйымдасқан сулау, кесу және бұл тіреулердің негіздерін күйдірумен, силикаттаумен және басқа тәсілдермен бекіту арқылы негіздегі топырақтың отырғыш қасиеттерін жоюмен, бұл жергілікті жағдайларды ескерумен техникалық- экономикалық талдау негізінде жоба бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
8.2.14 Деформацияланған ғимараттарды қалпына келтіру және күшейту жобалармен жүзеге асырылуға тиіс.
8.2.15 Жасырын жұмыстар (ғимараттарды топырақтарда қалпына келтіру және жөндеу кезінде тіректердің, қоршауларды, іргетастарды, тіреуіш қабырғаларды, көтергіш металл және құрама темірбетон құралымдарды, су жүргізетін, кәріздік және жылуландыру құбырларын және басқа жекелеген жауапты құралымдарды жасау) жұмыстың әрбір жасырын түріне акт құрастырумен, оларың дайындығына қарай куәландыруға және аралық қабылдауға ұшырауға тиіс.
Ғимраттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жасау кезінде:
а) жол берілмейді:
құбырлардың қоныш қосылыстарының жапсарларын цементпен бітеуге;
құмды, құрылыс қоқысын және траншеялар мен үйдің іргетастарын кері жабу үшін басқа да құрғататын материалдарды қолдануға;
б) қамтамасыз етілуге тиіс:
сумен жабдықтау желілерінде бекіту құрылғыларды орнату;
арналардан, науалардан және басқ. су бұру үшін шығыңқы жерлер;
в) сынауларға ұшырауға тиіс:
24 сағатқа су толтырумен ғимараттардың қасындағы тексеру құдықтары (ағып кетудің болмауы);
12 сағатқа су толтырумен тегеурінді құбырлар құдықтары (ағып кетудің болмауы);
24 сағатқа су толтырумен тегеурінсіз құбырлар, су діңгектерінің қысымы тексеру құдықтарының тереңдігіне (ағып кетудің болмауына) тең болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |