Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет22/57
Дата21.06.2016
өлшемі2.67 Mb.
#151423
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57

8.3 Тұздалған топырақ аудандары


8.3.1 Тұздалған топырақта орналасқан ғимараттардың шөгулерін бақылау отырғыш топырақ аудандары үшін ережеге сәйкес жүргізілуге тиіс.

8.3.2 Жерасты құрылыстары мен құралымдар, ғимарат бөліктері тұздалған топырақтағы металл және темірбетон құбырлар тұзды коррозиядан арнайы қорғаныш жабындармен қорғалған болуға тиіс.

8.3.3 Жертөле мен техникалық еденастыларда тұздалған топырақта тереңдетілген науаларды, арналарды, тоннельдерді, орларды салуды қышқыш төзімді бетондарды, қышқылға берік кірпішті және коррозияға қарсы жабындарды қолданумен жүргізген жөн.

8.3.4 Сызаттарға, қалау жабуларына және тұздалған топырақтағы ғимараттың басқа деформациялануына арнайы шамшырақтар орнату қажет: олардың ашылуын бақылау, сулану көзінің орналасу жерін анықтау, оны жою қажет.

8.3.5 Ғимараттардың деформациялық элементтері мен құралымдардың тұтастығын қалпына келтіруді ғимаратты одан әрі пайдалану кезінде құрылыстың одан әрі шөгуі дамуының мүмкіндігін анықтау арқылы жүргізген жөн. Бұл шөгу мөлшері тұздалған топырақтардан жеңіл еритін тұздарды толық кетіру шарттарында анықталады.

8.3.6 Тұздалған топырақта ғимараттар салған кездегі жасырын жұмыстар (6.2.15 тарм. қар.) жұмыстың жасырын түріне акт құрастырумен, олардың дайындығына қарай куәландыруға және аралық қабылдауға ұшырауға тиіс.


8.4 Қазбалы аумақ аудандары


8.4.1 Қазбалауға көздлеген аумақтарда қалған тұрғын үйді немесе үйлер тобын күшейту бойынша құрылыс- құралымдық шаралар өндіру жұмыстары басталғанға дейін жүзеге асырылуға тиіс.

8.4.2 Жерасты жұмыстарының әсерін ескерусіз салынған, ғимараттарды қорғаудың құралымдық шаралары жоба бойынша белгіленуге тиіс

8.4.3 Қазбалау жұмыстарындағы ғимараттарды қорғау шараларының сипаты мен көлемін тексеру кезеңінде оларлың техникалық сипаттамаларына байланысты қабылдау қажет, бұл үшін кезектен тыс алдын ала тексеру жүргізу, ғимараттың құралымын анықтау, бар ақауларды айқындау, олардың ғимараттың көтергіш және пайдалану қабілетіне әсерін, сондай-ақ болашақ қазбалаудан келетін материалдық шығынды және қазбалауды жүргізетін кәсіпорынның ол үшін жауапкершілік шараларын анықтау қажет.

Тексеруді актімен ресімдеу қажет.

8.4.4 Сырғанау жіктері мен деформациялық (шөгетін) жіктер тақтамен, кірпішпен немесе басқа қатты материалдармен толтырылмауға тиіс. Қабат- қабаттағы темір бетон және теміртас белдіктер, іргетастық және цоколды темірбетон белдіктер мен кермеліктер –бағаналы іргетастар арасындағы байланыс, тартымдардың, металл белдіктердің көмегімен қабырғаларды күшейту, аражабын арқалықтарының ұштарын қабырғаға анкерлеу, өтемақылық траншеяларды, коммуникациялардың икемді кірістерін ғимаратқа жасау және т.б. белгіленген талаптарды қанағаттандыруға тиіс.

Құрылыс немесе жөндеу кезінде жол берілген жобадан ауытқулар (мысал, жобамен қарастырылмаған, құралымның көтергіш қабілетін нашарлататын ойықтардың болуы) есеппен тексерілуге тиіс.

8.4.5 Жерасты жұмыстарының әсерін ескерусіз салынған тегеурінді санитарлық- техникалық құралымдарда компенсаторлардың орнатылуы анықтау, дәнекерлеу жапсарларын күшейту, ендірмелерді кейіннен пісірумен құбырды кескілеумен кернеуді шешіп алу, қосымша арматура және басқ. орнату қажет.

8.4.6 Қазбалаумен туындаған жер бетін қозғалту процесіндегі белсенді саты кезінде ғимараттарды кезеңтен тыс тексеру жүргізу, қазбалау кезінде туындаған оның құралымдары мен коммуникациялардың зақымдануларын (қабырғадағы сызаттар, төбе мен қабырғалардың сылағының қыртысталуы, ірі элементті жинақ құралымдарында жапсарларды ашу, инженерлік желілердің зақымданулары және басқ.) және тау қазбаларының әсері басталғанға дейін құралымдарда болған зақымданулар мен өзгерістердің мөлшерін анықтау, сызуларға немесе сұлбаларға түсіру, журналда сипаттау және тау жұмыстары жүргізетін ұйымға ғимаратты қорғаудың қосымша шараларын қабылдау үшін дереу көрсету қажет.

8.4.7 Деформациялардың дамуы кезеңінде жиналмалы элементтердің сенімді тіреуін қамтамасыз ету, сондай-ақ деформациялар шоғырланатын көтергіш қабырғалардың бөліктеріндегі зақымдануларды азайту үшін қажетті шаралар қолданылуға тиіс. Қауіп төнетін жағдай кезінде кірпіш қалауының ойықтарын бітеуді жүргізу, қатаң металл жақтаулар (қоршаулар) және басқ. орнату қажет. Тау жұмыстарын жүргізу кезеңінде ғимаратта төбені бар деформацияланатын сылау бойынша фанерамен қаптауды, металл немесе өзге торларды ілуді, терезе мен есік ойықтарында есік бекіткіштерін және күмбез тәрізді жабулардың астына кружалды қоюды, пештерді жөндеуді, тығыз емес жерлерді тығындауды және басқ жүргізу қажет.

8.4.8 Аула желілерін қосқанда кәріздің өздігінен ағатын тармақтарды (бақылау еңістері пайда болғанға дейін салыстырмалы кішігірім жүктеме кезінде) жүйелі түрле тазарту және жуып шаю қажет, ал кішігірім бұзушылықтар кезінде жерүсті тегеурінді тармақпен тасымалдаудың уақытша станцияларын орнату қажет. Өздігінен ағу шарттарының кері қайтарылмас бұзушылықтары кезінде деформацияланған учаскені салуды немесе тегеурінді тармақпен тұрақты станцияны салу қажет.

8.4.9 Негіздің жылжу процесінің белсенді кезеңі кезінде көтергіш құралымдардың зақымданулары қарқынды ұлғайған жағдайда тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйым ғимаратты одан әрі қауіпсіз пайдалану бойынша дайындау мен шешімдер қабылдау үшін қазбалауды жүргізетін ұйымның өкілдерін, қажетті жағдайда - тау қазбаларының әсерінен қорғау сұрақтары бойынша маманды, жобалық немесе ғылыми- зерттеу ұйымнан өкілдерін жедел шақыртуы қажет.

8.4.10 Үйдің немесе үй топтарының негізінің жылжу процесінің белсенді кезеңі аяқталысымен қазбалауды жүргізетін ұйым өкілдеімен бірлесіп жалпы соңғы (қайталама) тексеру жүргізіп, акт ресімдеу қажет.

8.4.11 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйым қазбалауды жүргізген ұйыммен бірлесіп тұрғын үйдің немесе үй топтарын тексерудің кезектен тыс және қайталама актісі бойынша оларға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізу кезінде жоюға жататын, тау қазбалауларының әсерімен туындаған, құралымдардың зақымдануының көлемін анықтауға тиіс.

Салу кезінде тау қазбалауларының әсерінен қорғау бойынша құралымдық шаралар қарастырылмаған тұрғын үйлерді үйлерді күрделі жөндеуге іріктеудің, бірінші кезекте бекітілетін тізіміне кіргізу қажет.

8.4.12 Қазбалаумен туындаған, бірақ әдеттегі жағдайлардағы ғимараттар үшін де тән пайдалану кемшіліктерін жою (жапсарлардың герметикалығын қалпына келтіру, кірпіш және ірі панельді ғимараттардың қабырғаларындағы сызаттарды бітеу, арматура мен төсейтін бөлшектерді коррозиядан қорғау, ағып кетулерді, дымқылдықты, қатып қалуларды жою, есік және терезе қораптарының қисаюларын жою) осы Ереже, сондай-ақ белгіленген тәртіпте бекітілген жөндеу процестеріне қолданылатын технологиялық карталарға сәйкес жүргізілуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет