Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет24/57
Дата21.06.2016
өлшемі2.67 Mb.
#151423
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57

В Қосымша


Тұрғын үйлердің жекелеген бөліктері мен олардың құрал- жабдығының жоспардан тыс (алдын ала болжанылмаған) ағымдағы жөндеу орындау кезінде ақаулықтарды жоюдың шекті мерзімдері


Құралымдық элементтер мен құрал- жабдықтың ақаулықтары

Жөндеу жасаудың шекті мерзімі

1

2

Жабын

Жабынның жекелеген орындағы ағып кетулер

1 тәул.

Ұйымдастырылған су бұру жүйесінің зақымданулары (су ағатын құбырлардың, құйғыштардың, буындардың, белгілердің және басқ., олардың бекітулерінің бұзылуы)

5 тәул.

Энергия көздерін жаңартуға арналған құрылғының бекіту зақымданулары

1 тәул.

Қабырғалар

Олардың түсуімен қауіп төндіретін сыртқы қабырғаларын салумен жеке кірпіштердің байланысын жоғалту

1 тәул. (қауіпті аймақты дереу қоршаумен)

Түтін және газ өтетін бөліктердегі тығызсыздықтар және олардың пештермен жанасулары

1 тәул.

Терезе және есік толтырулары

Терезе ағаштарының, желдеткіштің, балкондық есік төсемдерінің сынған шынылары мен жұлынған жармалары

 

қысқы уақытта

1 тәул.

Жазғы уақытта

3 тәул.

Есіктік толтырулар (кіреберістегі кіріс есіктер)

1 тәул.

Ішкі және сыртқы өңдеу

Құлауына қауіп төндіретін, төбенің немесе қабырғаның жоғарғ бөлігі сылағының қыртысталуы

5 тәул. (қауіпсіздік шараларын дереу қолданумен)

Сыртқы қаптаудың, сондай-ақ қабырғалармен қасбеттермен орнатылған жабыстырмалы заттардың бұзылуы

Қауіпсіздік шараларын дереу қолдану

Аспалы желдетілетін қор элементтерінің бұзылуы

Қауіпсіздік шараларын дереу қолдану

Едендер

Сыртқы жарнаманың, жарықтық таблоның және т.б. элемент бекітулерінің бұзылуы

Қауіпсіздік шараларын дереу қолдану



Сантораптарда едендердің судан оқшаулайтын су өткізгіштігінің бұзылуымен туындаған аражабындардағы ағып кетулер

3 тәул.

«Жылу едендер» жұмыс режимдерінің бұзылуы

1 тәул.

Пештер

Тұрғындардың түтін газдармен улануын туғызуы мүмкін және ғимараттың өрт қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, пештердегі, түтінағарлар мен газағарлардағы сызаттар

1 тәул. (түзеткенге дейін пайдалануды дереу тоқтатумен)

Санитарлық-техникалық құрал- жабдық

Су құбыры шүмектері мен унитаздардағы су ағызатын бөшкелердің шүмектеріндегі ағып кетулер

1 тәул.

Құбырлардың және олардың жалғастыруларының (авариялық тәртібінің ақаулықтары фитингімен, арматурамен және су кұбыры құралдарымен, кәріздендіру, ыстық сумен жабдықтау, орталық жылыту, газ жабдығы құралдарымен)

Дереу

Қоқыс өткізгіштердің ақаулықтары

1 тәул.

Электрлік құрал- жабдық

Тұрғын үйді қуаттандыратын кабельдердің бірінің зақымдануы. Тұрғын үйлерді немесе электрлік құрал- жабдықты қуаттандыру жүйесін ағыту

Үйге кірісте кабельдердің ауыстырып қосқыштары болған кезде – үйге қызмет көрсететін персоналдың келуі үшін қажетті уақыт ішінде, бірақ 2 сағ артық емес

Сақтандырғыштарды, автоматты ажыратқыштарды, сөндіргіштерді ауыстырумен байланысты кіріс- тарату құрылғысындағы ақаулықтар

3 сағ.

Тіреуді және қуаттандыратын желілерді қорғау автоматтарының ақаулықтары

3 сағ.

Авариялық тәртіптің ақаулықтары (үйдің ішкі электрлік желілерінің элементтеріндегі қысқаша тұйықталу және т.б.)

Дереу

Бір конфорка мен қуыратын шкафтың қатардан шығуымен электр тақтадағы ақаулықтар

3 тәул.

Бүкіл электр тақтаны ағытумен электр тақтадағы ақаулықтар

3 сағ.

Жалпы түтіндік жайларды жарықтандыру жүйесіндегі ақаулықтар (қыздыру шамдарын, люминесцентті шамдарды, ажыратқыштар мен жарықшамдардың құралымдық элементтерін ауыстырумен)

7 тәул.




Кіруді қорғау жүйесінің ақаулықтары және бейнебақылау

3 сағ

Лифт

Лифтінің ақаулықтары

1 тәуліктен артық емес

Техникалық күрделі жүйелер мен механизмдер

Энергияның дәстүрлі емес (жаңартылатын) көздерімен жүйелер

1 тәулік ішінде

Ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері (IТ)

1 тәул

Ауамен жылыту жүйелері

1 тәул.

Эскалаторлар, ішкі фонтандар, бассейндер жүйелері және басқ.

1-ден 3 тәул. дейін

Биік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың деформациялары мен шөгулерінің мониторинг жүйелері

1-ден 3 тәул. дейін

Жарнамалық ресімдеу және жарықтық табло жүйелері

3 тәул.

Электр тұтынуды, жылумен жабдықтауды, сумен қамтамасыз етуді автоматтандырылған есепке алу жүйелері

1 тәул.

Кірісті қорғау жүйелері және бейнебақылау

1 тәул

Инженерлік құрал- жабдықты және пәтерлерді тұрмыстық жабдықтауды автоматтандырылған басқару жүйелері

1 тәул.

Қабырғаларды, қалқаларды, едендерді, көп функционалдық мақсаттағы ғимараттардың едендерін трансформациялау жүйелері

1-3 тәул.

Биік ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттік элементтерін тазарту мен жөндеуге арналған жүйелер

7 тәул.

Жайлардың ауасын тазарту және берілген микроклиматын автоматтандырылған қамтамасыз ету жүйелері

3 тәул.

ЕСКЕРТУ

Жекелеген осалдықтарды жою мерзімдері оларды табылған сәттен немесе тұрғындар мәлімдеген сәттен бастап көрсетілген.



Г Қосымша
ЖРБЖ Жайы
Г.1. Құрамына антенналарды қоспағанда, ретрансляторлар мен қабылдау құрылғылары кіретін жедел радиобайланыс жүйесінің (ЖРБЖ) құрал – жабдығы бұрыннан бар жайда – биік ғимараттың техникалық қабатында орналасуы мүмкін. Тіреудің ретрансляторлармен және комбайнерлік құрылғылармен мөлшерлері 800х600х2100 мм құрайды.

Г.2. Тіреулерде жинақталатын құрал- жабдық қабырғадан 1200 мм кем емес қашықтықта орнатылды. Тіреудің айналасында қызмет көрсету аймағы 1000 мм кем емес. Тіреулерді астынан кабельді жүргізумен технологиялық еденген, сол секілді кабельді кабельге – бойына «қатты» еденге өткізумен орнатуға болады.

Г.3. ЖРБЖ жұмыс істеуін қамтамасыз етумен байланысты құрал- жабдықтар аппараттың жайында болмауға тиіс. Аппараттың жайы екі көмірқышқыл өрт сөндірушілермен жабдықталады.

Г.4. Жылдың жылы кезеңінде аппараттың бөлмесіндегі температура плюс 28 °С-тан жоғары болмауға тиіс, жылдың салқын мезгілінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-70% кезінде плюс 18 °С-тен төмен болмауға тиіс. Құрал- жабдығы бар бөлмеде 1 сағ ішінде бір мәрте ауа алмасу көлемінде желдету қамтамасыз етілуге тиіс. Қажет болса ауа тазарту және ауаны суыту жүйелерін орнату мүмкіндігі қарастырылған. Аппараттың бөлмесінде температуралық режимді қолдау және оны бақылау үшін қажет болса кондиционерлер мен электр жылытатын аспаптардың термоконтакторлары орнатылады. Термоконтакторлар радиотіреулерден, кондиционерлерден және электр жылытатын аспаптардан ауа ағынының әсерінен тыс еден деңгейінен 1,7 м биіктікте қабырғада орнатылады.

Г.5. ЖРБЖ бөлмесі сигналды тәулік бойы күзету постына шығарумен автоматты өрт сигнализациясымен жабдықталады.

Г.6. Бөлме 4 ОМ-нан артық емес кедергімен қорғаныс жерлендірумен жабдықталуға тиіс. Аппараттық ЖРБЖ электр жабдығының жерлендіретін құрылғыларын жобалау ПУЭ талаптарына сәйкес орындалады. жасанды жарықтандыру талаптарға сәйкес келуге тиіс. Электр жарықтандыру қолданыстағы нормативтік құжаттарға және қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

 5.10. ЖРБЖ жабдығының жұмысшы жарықтандыруын люминесцентті жарықшамдармен қамтамасыз етуге тиіс, бұнымен қоса жарықтандырылу

 Г.7. Кернеу астында қалыпты орналаспаған және ауыспалы тоқпен қуаттандыру алған технологиялық құрал- жабдықтың металл бөліктерін қорғаныс жерлендіру үшін, кедергілерді туындатпай, жерлендіретін сымды қуаттандыратын кабельді қосу нүктесінен радиалды сұлбамен салу қажет. Қорғаныс жерлендірудің жабық контурын пайдаланбау керек.

     

Г.8 Бөлме келесі параметрлерімен электр қуаттандыратын желімен қамтамасыз етілуге тиіс: ГЭП 220 В (+10%15%), жиілігі 50 Гц; бір ретранслятордың қосынды энергия тұтынуы - 700 Вт кем емес, қосымша және көмекші құрал- жабдық - 300 Вт кем емес (қосынды тұтынатын электр қуатын жобалау кезеңінде анықталады).



Г.9 Аппараттың бөлмесінде жасанды жарықтандырудың келесідей түрлері қарастырылуға тиіс: жұмысшы және авариялық (эвакуациялық). Технологиялық бөлмелерді ы 0,5-тен 1,5 м- ге дейін биіктікте тіреулердің тік беттерінде және бөлмедегі еденнен тұтастай 0,8 м биіктікте көлденең беттерде 200 люксты құрастыруға тиіс. 150 люкс жарықтандыруды қамтамасыз ететін қыздыру шамдары қолданылуы мүмкін.

Бөлмеде антенна құрылғыларынан жоғары жиілікті кабельдердің, электр қуаттандыру кабельдері мен Астана қ. ІІББ корпоративтік мультисервистік желісіне қосу үшін кабельдердің ыңғайлылығын қамтамасыз ететін кірістерді (технологиялық ойықтарды) қарастыру керек.

Г.10 Бөлмедегі еденді статикалық электр тоғымен туындаған қателер пайда болмас үшін антистатиикалық материалме жабу керек.

Г.11 Ғимараттардың төбелерінде антенна- фидерлік құрылғыларды орнату үшін қаңқалы немесе өзге жабдықты қарастырған жөн.

     

     


Д Қосымша
Стационарлық мониторинг станциясы

     


Д.1.Биік бірегей ғимараттарды жобалауға тапсырма ғимараттың әр түрлі бөліктеріне арналған берілетін функцияларды талдау және оның еңістерін өлшеу есебінен зақымданулардың шоғырлану жерлерін анықтау мақсатымен көтергіш құралымдардың деформациялық күйінің мониторингі стационарлық станциясының құрал- жабдығын қарастыруға тиіс.

Д.2. Төменгі жерасты қабаттан бастап келесілерге жақын жерде әрбір 5 қабат сайын, ғимараттың көтергіш құралымдарында (мөлшері 500х500х500 мм) құралымдардың ауытқуларын өлшейтін, құралдарды орналастыру үшін станцияның өлшейтін орындарын орнату жерлерінің құрал- жабдығын қамтамасыз ету қажет:

- егер жоспарда оның қарапайым, симметриялық түрі болса, ғимараттың орталық тік осіне (параллелепипед, призма, цилиндр, конус);

- егер жоспарда оның күрделі пішіні болса, ол бөлінуі мүмкін ғимарат бөліктерінің орталық тік осьтеріне (бұл жағдайда өлшейтін орындар ғимараттың барлық бөліктері үшін тігінен бір деңгейде орналасуға тиіс, осыған байланысты өлшеу жерлерінің арасындағы қабаттардың санын азайтуға рұқсат етіледі).

Мүмкін болса, мониторинг станциясының өлшейтін пункттерін топырақта ғимараттан 50-100 м қашықтықта орнату қажет.

Д.3. Ғимараттың еңістерін бекітетін құралдарды орнатуға арналған станцияның өлшейтін пункттері ғимараттың тік осіне қатысты симметриялы одан барынша қашықтатумен, бірақ қабырғадан 2 м жақын емес, ғимараттың бойлай және көлденең осьтерінің бойымен орналастырады. Ғимараттың еңістерін өлшейтін құралдарды орнату үшін станцияның өлшеу пункттері жеке жабдықталады. Бұл пункттер қарапайым симметриялық ғимараттың бес нүктесінде (параллелепипед, призма, цилиндр, пирамида, конус) және жоспарда күрделі ғимараттың бес нүктесінде ғимараттың ең төменгі жер асты қабатында орнатылады.

Д.4 Бір өлшеу пункті ғимарат жоспарының орталығында оның көлденең осьтерінің қиылысында жабдықталады. Осылайша, ғимараттың әрбір көлденең осінің бойымен үш өлшеу пункті орналасады.

   Д.5. Станциялардың өлшеу пункттері жерлері құлыпқа жабылатын есіктерімен монолитті темірбетон немесе кірпіш қуыстарда, немесе ғимараттың көтергіш құралымдарымен қатаң қосылған, құлыпқа жабылатын металл контейнерлерде орналасуға тиіс. Бұнымен қоса персоналдың станцияның өлшейтін пункттеріне кіруі қамтамасыз етілуге тиіс.

Д.6. Өлшеу пункттерін орнататын барлық жерлер электр қуаттандырумен қамтамасыз етілуге тиіс (220 В, 50 Гц, 2А).
     

Д.7. Ілсіз тоқты байланыс арнасын станцияның әрбір өлшеу пунктін ақпаратты жинау ақпаратымен қосатын, төрт буынды оралған кабельмен жабдықтау қажет.

Д.8. Станцияның өлшеу пункттерінен ғимараттың көтергіш құралымдарының деформациялық жағдайының мониторингіен барлық ақпарат түсетін бөлме қарастырылған. Ақпаратты жинау орнын диспетчерлікпен біріктіруге жол беріледі.

Д.9. Ғимараттың көтергіш құралымдарының деформациялық жағдайының өлшенетін көрсеткіштері өзгерген немесе ол тігінен нормативтіктен белгіленгеннен артық шамаға ауытқыған жағдайда, бұл ақпаратты Астана қ. жедел- диспетчерлік басқармасының біріңғай жүйесіне автоматты жіберу қамтамасыз етілген болуға тиіс.


          

Ж Қосымша
Желдетілетін саңылауымен қасбеттік жүйелер

     


Ж.1. Биік және бірегей ғимараттардың қасбеттік жүйесінің Техникалық куәлігі, сынау хаттамасы, қолдану саласын түсіндірумен ҚР ТЖМ Өртке қарсы зерттеулер орталығының хаты болуы және әкімдікпен келістірілуі тиіс. «Жұмыс құжаттамасын» немесе «жұмыс жобасын» әзірлеу кезінде беріктік және жылу техникалық есептеулерді орындау, жүйенің барлық тораптарының шешімдерін, сондай-ақ жинақтау үшін қажетті барлық материалдар мен заттардың ерекшелігін көрсету қажет.

Ж.2. Сыртқы қабырғаның көтергіш құралымдарына кронштейндер арқылы металл көтергіш қаңқаны бекіту үшін, сондай-ақ оларға жылытқыштың тақталарын бекіту үшін коррозиялық болаттан кермелік өзекшемен дюбельдерді (соның ішінде тәрелке тәрізді) қолданған жөн.

Ж.3. Биік ғимараттардың қасбеттерін қаптау үшін (экранның құрылысы) келесі материалдар ұсынылуы мүмкін: қыш және қышграниттік тақталар, табиғи тастан тақталар (мәрмәр, гранит), композитті жанбайтын табақ материалдар және олардан кассеталық панельдер, сәндік- қорғау жабынмен .алюминий және болат мырышпен қапталған табақ материалдардан кассеталық панельдер.

Ж.4. Ауа саңылауының қалыңдығын есептеумен, бірақ 60 мм кем емес алу қажет.

Ж.5. Экран элементтерінің арасында ашық көлденең жіктер бір- бірінен тігінен 2 м қашықтықта орналасатын қасбеттік жүйелерде, ауа саңылауының еркін биіктігі 15 м шектелген болуға тиіс.

Ж.6. Экранда жарықтандыру элементтерін, кестелерді, жарнаманы және т.б. бекітуге тыйым салынады. Бұл үшін көтергіш қаңқаның құрамында бекіту құрылғылар қарастырылған болуға тиіс.

Ж.7. Қасбеттік жүйені жинақтау бойынша жұмыстарды орындау үшін орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау жүйесі қарасырылған, жұмыстар өндірісінің жобасын әзірлеу қажет.

Ж.8. Қасбеттік жүйені жинақтау бойынша жұмыстар барысында техникалық және авторлық қадағалау өкілдерінің қатысуымен жасырын жұмыстарға актілер құрастыру керек.

Ж.9. Жұмыстар жасау кезінде жобалық ұйыммен ресімделген келістірусіз, жобамен қарастырылған материалдар мен заттарды ауыстыруға тыйым салынады.

Ж.10. Ауа саңылауымен қасбеттік жүйені қолданған кезде өрт жағдайныда отты таратудың алдын алу және қасбет құралымдарының немесе элементтерінің бұзылуының (құлауының) алдын алу бойынша шараларды әзірлеу қажет.


     

К Қосымша
Автоматтандырылған кешендер, байланыс және ақпараттандыру жүйелері

     


К.1. Биік бірегей ғимараттар жабдықталатын автоматтандырылған кешендер, байланыс және ақпараттандыру жүйелері негізгі функцияларды атқарады:

- ғимараттың қауіпсіздігі және өмірін қамтамасыз ету;

- функционалдық блоктардың технологиялығын және адамдар үшін жайлылығын қамтамасыз ету.

К.2. Артықтықты жою және жұмыстың тәртіпке салынғандығын қамтамасыз ету үшін техникалық жүйелер жүйелер арасында ақпаратпен айырбасты қамтамасыз ететін, кешендерге бірігуге тиіс.

К.3. Жалпы пайдаланыс желісінің телефон байланысы жергілікті, қалалық, қалааралық және халықаралық телефон байланысын қамтамасыз етуге тиіс.

     Жалпы пайдаланыстағы телефон байланысының сақталғыштық уақыты – ғимараттан эвакуациялаудан 0,5 уақыт.

К.4. Телефон байланысы мекемелік өндірістік автоматты телефон станциясын (МӨАТС) қолданумен ұйымдастырылуға және ғимаратты күзету пен пайдалану қызметінің технологиялық (соның ішінде дауыс зорайтатын) телефон байланысын, DECT жүйесінде жедел технологиялық радиобайланысты, сондай-ақ адамдарға төтенше жағдай туралы хабарлау және эвакуацияны басқару үшін топтық қоңырау шалуды қамтамасыз етуге тиіс.

   Жергілікті телефон байланысы жүйесінің сақталғыштық уақыты ғимараттан эвакуациялау уақытынан аз болмауға тиіс.

К.5. МӨАТС құнын автоматтандырылған уақыт бойынша есепке алу жүйесімен (АУЕЖ) жабдықталуға тиіс.

К.6. Биік ғимараттарда радиотрансляция төтенше жағдайлар туралы хабарлау сигналдарымен негізгі радиобағдарламаларды жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

 Радиотрансляция жүйесінің сақталғыштық уақыты ғимараттан эвакуациялаудың 0,5 уақытынан кем емес.

К.7. Ғимараттың тұрғын бөлігінде халыққа хабарлау үшін негізгі радиобағдарламаларды беруді жайларда теледидарлықпен біріктірілген, радиотоқтетіктерді орнатумен кабельді теледидар желісімен радиотаратуды УКВ ЧМ қабылдаумен ұйымдастыру қажет.

К.8. Кабельді теледидардың кең жолақты интерактивті жүйелері сигнал абоненттеріне спутниктік және жер үстіндегі теледидарлық және радиотратуды, Интернет, IP-телефония қызметтерін, телексты байланысты және Тапсырысшының тапсырысымен қарастырылған басқа ақпараттық қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс. Басқару пункті бөлмесінен үйлік тарату желісі бойынша хабарлау ақпаратын беру және телетрансляцияны ағыту мүмкіндігі қарастырылуға тиіс.

Кабельді теледидар жүйесінің сақталғыштық уақыты ғимараттан эвакуациялау уақытынан кем болмауға тиіс.

К.9. Кабельді теледидар жүйесі оған биік ғимараттың тұрығн бөлігінің, сондай-ақ үш шығысқа (ТВ, УКВ ЧМ, Интернет) абоненттік тотетіктерді орнатумен, қауіпсіздік қызметі мен диспетчерлік пайдалану қызметінің жайларының барлық абоненттерін қосуды қарастыруға тиіс. Басқа жайларды қосу Тапсырысгы тапсырмасының талабымен жүзеге асырылуы мүмкін. Пәтерлерде абоненттік тоқтетіктерді бөлмелерде және ас үйде орнату қажет.

К.10. Кабельді теледидар жүйесі әрқайсысы екінші талшықты – оптикалық торапқа (ЕТОТ) қосылатын, 500 абонентке дейін қамтумен бөліктерден тұратын интерактивті кең жолақты желіні ұсынады. Жобалау кезінде сурет радиосиганладыры қатынасының жүйелер үшінші (СТВ) және екінші (CSO) реттегі комбинациялық жиіліктердің кедергілеріне, сондай-ақ радиосигналдың шуға қатынасы мәндерінің тура және кері бағытта есептеулрі жүргізілуге тиіс.

К.11. Төтенше жағдайлар кезінде кабелді теледидар жүйесі қауіпсіздік қызметі жайларына және диспетчерлік қызметтерге екінің теледидарлық арнаны пайдалануды тоқтаусыз беруді қамтамасыз етуге тиіс: «Хабар», «Жергілікті арна».

К.12. Объект құралымдарының бірыңғай ақпараттық кеңістікте қажеттіліктері объектіде құрылымданған кабелдік жүйе (ҚКЖ) құру арқылы қамтамасыз етілуге тиіс. ҚКЖ негізгі тағайындауы жалпы "кабелдік кеңістікті" және әлсіз тоқты жүйелердің кешендерін құру және ұйымдастырудың, сондай-ақ олардың арасында ақпаратпен алмасудың жеке негізі ретінде коммутация элементтерін құру болып табылады.

К.13. ҚКЖ кабельді тарату және абоненттік желілері 3-7 санатты (жануды қолдамайтын қабыршықта) жұптық бұраумен кабельдерді қолданумен айыруға төзімді сәулет бойынша (шығыршық, қайталау және т.б.) ақпараттық арналарды 100% резервтеумен құрылуға, құрылымданған кабелді жүйелерге халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беруге және өрт қауіпсіздігі калыс бойынша Қазақстан Республикасының    нормаларына сәйкес келуге тиіс. Кабельді өнімнің өртке төзімді зауыттық маркалауы болуға тиіс.

 ҚКЖ сақталғаштық уақыты оның негізінде ұйымдасқан кешендерге кірген, жүйелердің сақталғыштық уақытына сәйкес келуге тиіс.

К.14. Автоматтандырылған ғимаратты басқару жүйесі (АҒБЖ) орталықтандырылған мониторингті, инженерлік жүйелердің құрал- жабдығын диспетчерлеуді және басқаруды қамтамасыз етуге «интеллектуалды ғимараттар» концепциясына сәйкес келетін, икемді, еркін бағдарламаланатын тарату жүйесін ұсынуға тиіс.

АҒБЖ  сақталғаштық уақыты Қазақстан Республикасы нормаларының тиісті бөлімімен белгіленген коммуникациялық шахталардың отқа төзгіштік уақытынан кем болмауға тиіс.

   

       


К.15. Төтенше жағдайда немсе регламенттік жұмыстар режимінде кіші жүйелердің кез келген біреуіне кіру құқығы бар, бас диспетчердің автоматтандырылған жұмыс орнымен (АЖО), сондай-ақ басқа мақсаттағы АЖОмен Ғимаратты басқару жүйесін (ҒБЖ) қарастыру қажет. АЖО саны объект деңгейін жобалауға тапсырмамен анықталады және ғимараттың инженерлік жүйелермен, сондай-ақ пайдаланатын ұйымның, ішкі істер органдарының, мемлекеттік өрт бақылауының және басқа қызметтердің талаптарымен ғимараттың қаныққандығына байланысты.

К.16. АҒБЖ-ң мынадай көп деңгейлі құрылымы болуға тиіс:

     - 1 деңгей- бастапқы сездіргілер және орындау құрылғылары, DDC (тура сандық басқару) немесе PLC технологиясымен өрістік контроллерлер (бағдарламаланатын логикалық контроллерлер), жергілікті панельдер және құрал- жабдықты басқару пульттары (ДГУ, ИБП және т.б.);

     - 2 деңгей - желілік процессорлар, деректер шлюздары, АҒБЖ сервері;

     - 3 деңгей – АЖО диспетчерлер, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен визуалдау станциялары.

   Визуалдау станциялары оператордың бұйрығымен немесе алдын ала жасалған сценарий бойынша ғимараттың бірнеше жүйелерін бір уақытта көрсетуді қамтамасыз етуге тиіс.

К.17. Диспетчерлік пен төменгі деңгей арасында байланыс бұзылған кезде, басқарылатын контроллер алдын ала белгіленген кесте бойынша жұмыс істеуін жалғастыруға тиіс.

К.18. АҒБЖ және энергия ресурстарын коммерциялық есепке алу жүйелері талаптарға жауап беруге тиіс.

К.19. Энергия ресурстарын тұтыну есептеуіштерін пәтерден тыс дәліздерде немесе қоғамдық аймақтарда арнайы шкафтарда орнату қажет.

К.20. АҒБЖ аппараттық- бағдарламалық кешені, әдеттегі орындайтын функияларынан басқа қамтамасыз етуге тиіс:

- нақты жағдайда инженерлік құрал- жабдықтың кез келген аяқталған функционалы торабының (бақыланатын параметрлердің көлемінде), бұл құрал- жабдық қызмет көрсететін және/немесе бақыланатын ғимарат аймақтарын көрсетумен бұл тораптың барлық элементтерін көрсету;

- берілген құрылғы бойынша жүйе бақылайтын, параметрлердің нақты жағдайын, сондай-ақ параметрлердің уақыт жағынан өзгеру тарихын көрсетумен объектінің қабаттағы жоспарларында кез келген сездіргінің (орындаушы құрылғының) графикалық орналасуын көрсету;

- оператордың жүйе жұмысының параметрлері өзгерістерінің және мұрағаттан деректер бойынша авариялы жағдайлардың талдауын жүргізу;

- уақыттың берілген аралығында жүйенің жұмысын модельдеу;

- инженерлік құрал- жабдықтың пайдалану шығындарын автоматтандырылған есепке алу және техникалық қызмет көрсетуді бақылау;

- жобалауға тапсырманың талаптарына сәйкес дағдарыстық жағдайларда басқару орталықтарын ұйымдастыру ;

     

- 16 бөліммен қарастырылған үш режимде ҒБЖ-ң жұмысын;



 - сәйкестендіру жүйесінің көмегімен ҒБЖ АЖО-да жұмысқа кіруді шектеу және басқарушы бағдарлоаманың заңсыз өзгеруін болдырмау үшін контроллерлер мен жұмыс станцияларын парольмен қорғауды;

 - қиын жағдай туындағанда және оператордың тарапынан қандай да бір себептермен басқарушы әсерлер болмаған жағдайда (берілген уақыт ішінде) алдында салынған алгоритмді өңдеуді;

К.21. ЦУЗ мұрағаттық ақпаратында жазылуға тиіс:

- тұрақты жұмысты қолдау үшін берілген барлық параметрлер;

- барлық сездіргілер мен орындаушы құрылғылардың күйі;

- жаңа күйін және бұл өзгерістерді енгізген операторды көрсетумен, кез келген тіркелген өзгертудің уақыты, күні және нақты мекен- жайы;

- барлық негізгі электр жетектерін істеу уақыты және операторға алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы сигнал беру туралы ақпарат.

Ақпаратты сақтау мерзімі 6 айдан кем болмауға тиіс.

Сақталатын ақпараттың қажетті көлемі жобалау процесінде анықталады

К.22. ЦУЗ диспетчерінің барлық рұқсат шарттарды орындаған кезде барлылқ бұғатталған механизмдерді жеке басқару мүмкіндігі болуға тиіс.

К.23. АҒБЖ МЕМСТ 34.602-89, МЕМСТ 34.003-90 сәйкес және құрылымданған кабельдік жүйелерге ISO 16484-5, ISO/IEC 7498-1, ISO 7498-2, ISO/IEC 7498-3, ISO/IEC 7498-4, ISO/IEC 10746-2, ISO/IEC TR 13233 халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беруге тиіс.

К.24. АҒБЖ-не кіретін жүйелер қамтуға тиіс:

     - энергия үнемдеу және энергия ресурстары мен суды шығынын реттеу, бақылау және есепке алу құралдарын міндетті орнату бойынша шаралар;

- жеке интерфейстер, сол секіді ақпараттық хаттамалар бойынша бірлесетін құрал- жабдық (әр түрлі хаттамалар кезінде хаттамалардың түрлендіргіштерін қолдану).

К.25. Жергілікті контроллер автоматикалардың АҒБЖ- мен байланысын жоғалтқан кезде автономды режиде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, жады құрылғылары болуға тиіс.

К.26. Ғимараттың инженерлік құрал- жабдығын автоматтандыру жүйелерінің кешені келесі инженерлік жүйелерді автоматты басқаруды, реттеуді, қажетті бұғаттауды және авариялық режимдерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс: суықпен жабдықтау, фанкойлдар, жалпы айырбас желдету, ауа тазарту, салқын сумен жабдықтаулар, ыстық сумен жабдықтау, тұрмыстық кәріздендіру, нөсерлі кәріздендіру, жертөлені құрғату кәріздендіру, жылумен жабдықтау, жылыту шымылдығы, бассейнді су даярлау, түтінге қарсы қорғау, белсенді өрт сөндіру , жарықтандыру, өртке қарсы сумен жабдықтау, тік көлік, қоқыс кетіру, энергиямен жабдықтау, автоматты есіктер, жайлардың жайлылығын басқару.

     

   Автоматтандыру жүйелерінің жұмысы үшін келесі бақылау кіші жүйелерінің ақпараты қолданылады: газдалғандық (зиянды газдардың шоғырлануын талдау), сыртқы орта параметрлерін бақылау, ғимарат құралымдарының күйін бақылау.



К.27. Автоматтандыру кешеніне кіретін, инженерлік құрал- жабдықтың барлық автоматтандыру жүйелері қамтамасыз етуге тиіс:

     - оператордың араласуынсыз оптималды басқарушы әсерлерді анықтау және оларды қажетті орындау құрылғыларына беру;

     - параметрлердің оптималдылығын, реттелетін параметрлердің олардың өсуін орнату және жылдамдығынан ауытқуларын талдау;

     - байланыс желілерінің күйін бақылау.

К.28. Басқарушы контроллерлер аналогтық кірістерді, аналогтық шығыстарды, сандық кірістерді, сандық шығыстарды кіргізу- шығарудың таратылған модульдері арқылы жұмыс істеуге тиіс.

К.29. Басқарушы контроллерлер технологиялық құрал- жабдықтың қызмет көрсетілетін тораптарының автономды жұмысын қамтамасыз етуге тиіс.

К.30. Контроллерлер еркін бағдарламаланатын, және құрал- жабдықты бір уақытта басқарудың бірнеше бағдарламасын орындауға, яғни көптапсырмалылықты қолдауға тиіс. Оның үстіне, олардың жеке пультынан жергілікті басқару мүмкіндігі немесе контроллердің ҒБО- мен байланысы болмаған жағдайда, жаңа реттеу параметрлерін орнату және қолдау бөліктерінде оның жұмысын өзгертуге мүмкіндік беретін, сыртқы құрылғысы мен бағдарламалық қамтамасыз етуі болуға тиіс.

К.31. Контроллердің ақаулығының туындауы туралы ақпарат ҒБО -не берілуге тиіс.

К.32. Автоматтандыру жүйелерінің басқарушы контроллерлерін басқару шкафтарына ыңғайлы қол жеткізуді және заңсыз әсерлерден қорғауды қамтамасыз ететін, металл немесе пластмасс шкафтарда (автоматтандыру қалқандарында) орналастыру қажет.

 К.33. Желілік контроллерлер мен телекоммуникациялық тораптар биік ғимараттың бірнеше жерінде қызмет көрсету үшін тиісті аймақтар орналастыруға тиіс.

 К.34. Белсенді өртке қарсы қорғау басқармасының автоматтандырылған жүйелер (БӨҚ БАЖ) кешені өзіне қамтиды: автоматты өрт сөндіру сигнал беру жүйелерін, автоматты өрт сөндіру жүйелері, түтінге қарсы қорғау жүйелерін, өрт сөндіру сумен жабдықтаудың автоматтандырылған жүйелерін, газдалғандықты бақылауы жүйесін, қалалық өртке қарсы сақтық қызмет күштерімен басқару орталығына ақпаратты беру жүйесін, жарықтандыру және эвакуацияны басқару жүйесін, адамдарды табу жүйесін және төтенше жедел телефондық байланыс жүйесін. БӨҚ БАЖ осы бөлімнің және 14 бөлімнің талаптарына сәйкес орындау қажет.

БӨҚ БАЖ сақталғыштық уақыты норма бөлімдерімен бекітілген, ғимараттың негізгі құралымдарының отқа төзгіштігінің уақытынан аз болмауға тиіс.

       

К35. БӨҚ БАЖ құралдарын өртке қарсы қорғау құралдары ретінде ғана емес, сонымен қатар басқа төтенше жағдайлар кезінде қолдануға болады.

К.36. БӨҚ БАЖ қосымша келесі элементтерді қамтуға тиіс: лифтілердің қабат- қаьат орналасу және жұмыс индикациясы құралдарын, авариялық генератор күйінің индикаторларын, баспалдақтық есіктерді автоматты бұғатын шешу жүйесін басқару құралдарын.

К.37. Өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарын қосымша ҒБО мен БӨҚ БАЖ-не шығарумен лифтінің әрбір кабинасымен телефондық байланысты қамтамасыз етуі қажет.

К.38. Автоматты өрт сигнализациясы жүйесі арнайы ақпаратты табу, хабарлау, ұсыну функцияларын біріктіру, сондай-ақ автоматты өрт сөндіру, түтінге қарсы қорғау, хабарлау жүйелерін және БӨҚ БАЖ-ң басқа да техникалық құрылғыларын қосуға бұйрықтарды беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

К.39. Өрт сөндіру жүйесінің блоктардың жұмысын автономды режимде қамтамасыз етумен блоктық құрылымы болуы тиіс.

К.40. Автономды режимде жұмыс істеу кезінде өрт сөндіру бөлігі (аймағы) шегінде өрт сөндіру жүйесінің келесі функциялары болуға тиіс:

- берілген өрт аймағына (бөлігіне) жататын түтінге қарсы қорғау жүйесін басқару;

- берілген өрт аймағына (бөлігіне) жататын жалпы айырбас желдету жүйесін басқару;

- берілген өрт аймағына (бөлігіне) жататын, лифтілердің, холдар мен шахталардың режимін басқару және бақылау,

- үрей және ақаулық сигналдарының индикациясы;

- берілген өрт аймағына (бөлігіне) жататын, спринклерлік өрт сөндіру қондырғылары сораптарының күйін бақылау;

 - берілген өрт аймағына (бөлігіне) жататын, әр түрлі өрт сөндіретін модульдік қондырғыларды басқару (газдық сөрт сөндіру, аэрозолды өрт сөндіру, бүріккіш сумен өрт сөндіру және т.б.);

- хабарлау жүйесін басқару;

- электрқұлыптардың қайта бұғатталуын және кіруді бақылау жүйсін басқару;

- берілген өрт аймағына (бөлігіне) жататын, дренчерлік өрт сөндіру қондырғыларын басқару.

К.41. Өрт сөндіру сигнализациясы жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін (деректерді берудің шығыршықты желілерін және сигнализация шлейфтерін қолдану кезінде) бір жайлар арқылы және бір тіреулерде шығатын және қайтатын кабель арқылы салуға тыйым салынады.

К.42. Сигнализацияның шығыршықты шлейфтерін және шығыршықты байланыс желілерін салу кезінде станциядан шығатын кабель мен қайтатын кабельдің трассасы бір жайлардан өтпеуге тиіс.

     

К.43. Лифтілердің жұмыс режимін басқару үшін лифтілік холдар мен машина бөлімдерінде орнатылған, мекен- жайлық түтіндік өрт хабарлағыштарын қолдану қажет.



К.44. Аталған жайларда түтіндеу табылған кезде берілген лифтілік холлдарға қызмет көрсететін және берілген лифтік шахталар мен машиналы бөлімдерді пайдаланатын лифтілер негізгі қондырылатын қабатқа төмен түсірілуге тиісті, содан кейін «өрт сөндіру бөлімшелерді тасу» жұмыс режимімен лифтілерді қоспағанда, лифтілердің электр қуаттануы ағытылған болуға тиіс.

К.45. Өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарын нақтылап, аспалы төбенің артындағы кеңістікте және жалған ежен астындағы кеңістікте орнатылған түтіндік өрт хабарлағыштар жеке жайда орналасқандар ретінде қарастырылады және жайдың негізгі кеңістігінде түтінді табу үшін қызмет етуі мүмкін.

К.46. Автоматтандырылған жұмыс орындарымен (АЖО) ғимараттың қауіпсіздік жүйелерін басқарудың орталық пунктін (ҚЖБ ОП) қарастыру керек. АЖО саны жобалауға тапсырмамен анықталады

ҚЖБ ОП сақталғыштық уақыты осы МГСН 14 бөлімімен белгіленген, ғимараттың негізгі құралымдарының отқа төзгіштігі уақытынан кем болмуға тиіс.

К.47. Жариялау және эвакуацияны басқару жүйесін (ЖЭБЖ) осы Бөлімнің және және 14 Бөлімнің талаптарына сәйкес орындау қажет. ЖЭБЖ нормалардың талаптарына сәйкес келуге және шұғыл ақпаратты адамдар орналасқан барлық жайларға беруді қамтамасыз етуге тиіс. Қабаттарда кезекші посттарды ұйымдастырған кезде, олардың қасында жариялаудың шеткі құрылғысын орнату қажет. Әрбір жариялау аймағында 2 дауыс зорайтқыштан кем болмауға тиіс. Автотұрақтардың жайларында естілушілік машинаның істеп тұрған қозғалтқышы кезінде автотұрақтың кез келген жерінде қамтамасыз етілуге тиіс.

 ЖЭБЖ сақталғыштық уақыты ғимараттан эвакуациялау уақытынан кем болмауға тиіс.

  К.48. ЖЭБЖ өрт сөндіру бөлігі (аймағы) шегінде жариялау жүйесінің автономды жұмысын және өрт сигнализациясын орнату панелінен сөздік хабарламаларды жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс. Өрт сөндіру бөлігі немесе түтіндік бөлік жариялаудың жекелеген аймақтарына бөлінуі мүмкін.

  К.49. Эвакуация жолдарында дағдарыстық жағдайларда басқару орталықтарынан басқарылатын, электрондық, жарықтық көрсеткіштерді (16 бөлімнің талаптарын ескерумен) қарастыру қажет.

  К.50. Адамдарды табу жүйесі ғимараттың әр түрлі аймақтарында адамдардың бары туралы ақпаратты алуға және оларды шұғыл эвакуациялауды ұйымдастыруға арналған. Бұл жүйенің екі жақты дауыс зорайтатын байланысымен мекен- жайлық келіссөздік құрылғылар барлық пәтерлерде, баспалдақ торларында және холлдарда орнатылады. Бұл жүйе ретінде жариялау және кері байланыс функцияларымен үй фондарын орнатуға болады.

     


Адамдарды табу жүйесінің сақталғыштық уақыты ғимараттан эвакуациялау уақытынан кем болмауға тиіс.

К.51. Төтенше жедел телефон байланысы жүйесі дағдарыстық жағдайларда басқару орталықтарымен өрт сөндіру бригадалары мен тез әсер ететін басқа топтардың байланысын қамтамасыз етуге тиіс. Жүйе техникалықты қосқанда, барлық қабаттарда лифтілік холдардың арнайы қуыстарында, және өрт сөндіру сораптары орналасқан жайларда телефон тұтқаларын қосу арқылы, заңсыз кіруден қорғалған тоқтетіктерді орнату арқылы құрылады және абоненттік орналасуын мекен- жайға жіберуді қамтамасыз етуге тиіс.

Төтенше жедел телефон байланысы жүйесінің сақталғыштық уақыты ғимараттан эвакуациялау уақытынан аз болмауға тиіс.

Жүйе кешеннің МӨАТС - на кіргізілуі немесе сәйкес сыйымдылықты жеке телефон станциясының базасында жергілікті ұйымдастырылуы мүмкін.

К.52. Күзет сигнализациясы және кіруді басқару жүйесі біріктірілген күзет сигнализациясы жүйесін (КСЖ) және кіруді басқару және бақылау жүйесін ұсынады (КББЖ).

К.53. Күзет сигнализациясы жүйесі және кіруді басқару және бақылау жүйесі толықтай бағдарламаланып, аппараттық интеграцияланған болуға тиіс (оқиғалардың жалпы хаттамасын жүргізу, деректерді берудің ортақ желісі, ортақ деректер базасы және т.б.)

К.54. Күзетілетін күзет сигнализациясы шлейфтері және орындау құрылғыларын басқару тармақтары үзілу мен қысқаша тұйықталуға бақылануға тиіс. Тармақтың ақаулығы туралы сигнал оператордың жұмыс станциясына берілуге тиіс.

К.55. Резервті электр қуаттандыруға көшу және аккумуляторлардың разряды туралы ақпарат оператордың жұмыс станциясына берілуге тиіс.

К.56. Үй фоны байланысы жүйесі ғимараттың тұрғын бөлігіне және қабатқа кіруді шектеуді, сондай-ақ консьержбен сөйлесу байланысын қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларда резервті жариялау құралы болуға тиіс.

Үй фоны байланысы жүйесінің сақталғыштық уақыты ғимараттан эвакуациялау уақытынан аз болмауға тиіс.

 Жобалауға тапсырыс бойынша үй фонын пәтерлерді күзету жүйесімен және адамдарды табу жүйесімен  біріктіруге жол беріледі.  

К.57. Бейнебақылау жүйесі күзет функцияларын орындауға, сондай-ақ қадағалау аймағында өрт қауіпсіздігі және ғимаратты пайдалану қызметтеріне үрейлі жағдайды бағалау үшін ақпарат беруге тиіс. Пайдаланушылардың артықшылықтары келесідей:өрт қауіпсіздігі қызметтері, күзет қызметтері, пайдалану қызметтері.

Бейнебақылау жүйесінің сақталғыштық уақыты ғимараттан эвакуациялау уақытынан аз болмауға тиіс.

          

 К.58.Барлық биік ғимараттарда бейнебақылау жүйесі өрт сигнализациясы жүйесімен түйісуге тиіс: оператордың мониторына жану орнынан шығарылуға тиіс. Жүйенің сезімталдылығы авариялық жарықтандыру кезінде сапалы ақ – қара бейнені қамтамасыз етуге тиіс. Бейнеақпаратты шығаруға арналған кем дегенде бір экранның шығарылатын ақпаратты топтық бақылауға арналған 120 см (48’) кем емес диагональ мөлшері болуға тиіс.

 К.59. Бейнебақылау жүйесін таңдау жобалауға тапсырмамен анықталады және Р 78.36.008-99, Р 78.36.002-99 ұсыныстарына сәйкес келуге тиіс.

 К.60. Биік ғимаратта ақпаратты «Төтенше жағдайларда бріңғай жедел- диспетчерлік басқару жүйесіне» беру арнасымен жобалауға тапсырма талаптарына сәйкес дағдарыстық жағдайларда төтенше қызметтердің жұмысын басқару орталықтарын ұйымдастыру қажет.

К.61. Ақпаратты «Төтенше жағдайларда бріңғай жедел- диспетчерлік басқару жүйесіне» беру арнасы нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасы ТЖМ ММ УГПН территориалдық бөлімшесіне ғимараттың қауіпсіздігі және басқару жүйелерінің қажетті ақпаратын беруді қамтамасыз етуге тиіс. Берілетін ақпараттың номенклатурасы объектіні жобалау және пайдалану процесінде Қазақстан Республикасы ТЖМ ММ УГПН –мен нақтыланады.

К.62. Қалалық қауіпсіздік қызметтері мен шұғыл қызметтерінің жедел радиобайланыс жүйесі ҚР ІІМ Техникалық шарттары бойынша орындалады және қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел- қызметтік тапсырмаларын орындау кезінде әр түрлі деңгейлі ҚР ІІМ кезекші бөлімдерінің, патрульдық экипаждардың және жаяу нарядтардың үздіксіз радиобайланысын автоматтандырылған қамтамасыз етуге арналған. Ол өз кезегінде, ҚР ІІМ «Кезекші бөлімдердің байланысын басқару және бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің» бөлігі болып табылатын, «Кезекші бөлімдердің (қала ІІБ) жедел радиобайланыс жүйесінің» бір бөлігі болып табылады.

К.63. қалалық қауіпсіздік қызметтерінің радиобайланыс жүйелерін құру кезінде іске асырылатын техникалық шешімдер оны құру шеңберінде жабдықталатын ҚР ІІМ кезекші бөлімдерінің ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ТЖМ басқа да шұғыл қызметтері мен бөлімшелерінің мүдделерінде қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

К.64. ВВОУ негізгісі жоғалған кезде сигналдың резервті көзіне автоматты қосылумен, ғимаратқа жеке кірістері бар әр түрлі трассаларға салынған екі магистралдық тармаққа қосылуға тиіс. Қуаттандыратын магистральдың шығыршықты құрылымын қолдануға болады. алық шешімдер оны қру шеңберінде жа

 К.65. Қонақ үйлерді басқару жүйесі клиенттерді қабылдау мен орналастыру, нөмірлердің жиналуын бақылау, тұрған кезеңіндегі көрсетілген қызметтердің барлық кешеніне клиенттердің есеп айырысуы бойынша, сондай-ақ қонақ үйлер мен оларға қызмет көрсететін мейрамханалардың, барлардың бухгалтерлік есебі мен шаруашылық қызметі бойынша жұмыстарды автоматтандыруды жән е ақпараттық қамтамасыз етуге тиіс. Автоматтандырылған қызметтер көлемі мен кіші жүйелердің саны жобалауға тапсырмамен анықталады.

К.66. Жергілікті сымдық жариялау жүйелері сөздік ақпаратты, музыкалық бағдарламалар мен шұғыл хабарламаларды беруді қамтамасыз етуге тиіс.

К.67. Қонақ үй ғимараттарында, әкімшілік, қоғамдық және корпоративтік ғимараттарда, банк ғимараттарында жергілікті сымдық жариялау жүйесі эвакуцияны жариялау және басқару жүйелерімен, сондай-ақ радиотаратумен бірігуі мүмкін, бұнымен қоса жариялау жүйелері хабарламаларының басымдығын қамтамасыз ету қажет.

К.68. Функционалдық блоктарды дыбыстық күшейту жүйелерімен жабдықтаған кезде шұғыл жариялау жүйесі істеп кеткен кезде олардың ағытылуын қамтамасыз етуі қажет. Шұғыл ақпарат жеке дауыс зорайтқыштар арқылы немесе дыбыстық күшейту жүйесі арқылы берілуі мүмкін.

К.69. Биік ғимараттарда орналасқан сауды орындарындағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі деңгейін төмендету үшін тауарайналымды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қолданумен және тауарларды тура сауда залына берумен қоймалық жайларсыз жұмысын қамтамасыз ету қажет. Ірі дүкендерді бейнебақылауды және тауар үшін төлем деректорларын қамтитын ұрлауға қарсы жүйелерімен жабдықтау қажет. Қажет болса бейнебақылау ақпаратын ғимараттың қауіпсіздік қызметіне тапсыру қажет.

К.70. Тармақталған құрылымы және үлкен құжатайналымы бар функционалдық блоктарда ғимаратта адам ағындарын төмендету және ақша массасы мен төлем құжаттарын жіберу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пневмопоштаны қарастыру қажет.

К.71. Ақпаратқа заңсыз кіруді, деректер базасына араласуды, бағдарламалық қамтамасыз етудің вирустармен жұқтырылуын, қауіпсіздік кешендері мен диспетчерлеу кешендерін және кешендердің өзара әрекеттестігін біріктіреті, ішкі ЖЕЖ жұмысын кері ұйымдастыру мақсатымен бағдарламалық бетбелгілерді салуды болдырмау үшін қауіпсіздік жүйелері мен жалпы пайдаланыстағы ашық жүйелердің магистральдарын біріктіруге тыйым салынады.

Бірнеше ғимараттан тұратын созыңқы биік кешенде біріңғай қауіпсіздік жүйелерін құру үшін ЖЕД ішкі бөліктерінде қорғалған байланыстың талшықты – оптикалық сызықтары немесе сертификатталған криптографиялық қорғау құралдарын, қорғалған байланыс құралдарын қолдану қажет.

     


     

     


     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет