Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Сейсмикалық аудандары (7 балл және жоғары)



бет23/57
Дата21.06.2016
өлшемі2.67 Mb.
#151423
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57

8.5 Сейсмикалық аудандары (7 балл және жоғары)


8.5.1 Жер сілкіністері арасындағы кезеңде, сейсмикалық аудандарда орналасқан тұрғын үйлерді ұстау үйлерді әдеттегі жағдайларда ұстауға сәйкес келуге тиіс.

Құрылыс құралымдарындағы күштерді қабылдау бойынша құралымдық шаралар және жер сілкінісі жағдайында инженерлік жабдықтау бойынша күзет шаралары белгіленген талаптарға сәйкес қарастырылуға тиіс.

8.5.2 Сейсмикалық аудандарда тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдар тұрғын ғимараттардың құралымдарының сақталуын, инженерлік жабдықтың аварияларының алдын алу бойынша шаралардың қабылдануын бақылауды, жер сілкінісі кезінде жалдаушылардың тәртібін, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жер сілкінісінен кейін ғимараттар мен инженерлік желілердің зақымдануларын мүмкін қысқа уақытта жою қажет.

8.5.3 Ғимаратты кезекті тексеру кезінде табылған (көктемгі және күзгі) қабырға қалауындағы, қабырға панельдері мен блоктарындағы жекелеген сызаттар, бекіткіш металл бөлшектердің коррозиясы немесе коррозияға қарсы қорғау қабатының жоқтығы, сондай-ақ жиналмалы элементтердің (қабырға мен жабындардың) арасындағы жіктердің ашылуын қалау қыртыстарының жерлері, егер олар құралымның одан әрі зақымдануына тікелей қауіп төндірмейтін болса, ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілгенге дейін сипатталып, сұлбаға түсірілуге (қабырғаның қашауы) және үйдің жөндеуін жоспарлау кезінде ескерілуге тиіс.

Ғимарат қаңқасының ұстындары мен ригельдеріндегі сызаттар, қабаттың биіктігінен жоғары байқалатын қабырғалардағы аралық сызаттар, қабырғалардағы сызаттар, төсемдердің жылжуы, жабулардың салбырауы, жапсарлардың немесе жиналмалы құралымдардың бекіткіш бөлшектерін анкерлеудің бұзылуы және т.б. күшейту жобаларына сәйкес дереу жойылуға тиіс.

8.5.4 25 жыл және одан артық жыл пайдаланылатын ғимараттың көтергіш құралымдарының беріктігі мен сенімділігін өлшеу аспаптары мен зертханалық тексеру әдістерін қолданумен бұл құралымларды инженерлік тексеруден кейін анықтау қажет. Мамандандырылған ұйымды тартумен эксперименталдық құрылыс ғимараттарында мұндай тексерістерді объектіні жобалаған ұйымның қатысуымен жүргізген жөн.

Тексеру нәтижесінде ғимаратты жалпы сейсмикалығына қатысты қорытындылармен құралым элементтерінің беріктігінің олардың жобалық белгілеулеріне сәйкес ашатын, сейсмикалық жағдайларда ғимараттардың техникалық күйін жалпы тексеру актісі құрастырылуға тиіс.

Қажет жағдайда ғимаратты күшейтуді құралымның беріктігін төмендету сипатын және сейсмикалық әсердің ерекшелігін ескеретін жоба бойынша жүргізу қажет.

8.5.5 Ғимараттарда жөндеу жұмыстарын жасау кезінде орналастыру қажет:

қабырға мен аражабындарда бекітілген ағаш қаңқасындағы қалқалар;

төбелер, ағаш аражабындары кезінде – жеңіл табақ материалынан жапсыратын, әдетте сылаусыз;

қуыстардың кірпіш қалауын, атыздарды, қабырғалардағы ойықтарды бітеу - бар қалаумен байланысқа арналған контурмен штраб жасаумен 50 маркалы ерітіндіде;

түтін құбырлары – төбелердің құралымдарына бекітусіз металл қаңқада;

болат байланыстардың коррозиясы табылған жиналмалы құралымдардың жапсарларын тазарту, қорғау құраммен жабу және берік цемент ерітіндімен немесе бетонмен бітеу қажет.

Көтергіш құралымдардың сылағындағы сызаттарды құралымды тазартудан және инженер - техникалық қызметкерлер тексеруден кейін ғана бітеп тастау қажет.

8.5.6 Ғимараттарда жол берілмейді:

көтергіш құралымның қандай күйде екендігіне көз жеткізбей, сызаттар мен үстіңгі зақымдануларын бітеуге;

жоба бойынша жүргізу қажет, күшейтуга жататын құралымдарға ағымдағы жөндеу жүргізуге;

төбелердің бетон беттерін, соның ішінде жиналмалы бетір бетон төсемдерді сылауға (тек ысқылауға немесе тығындауға болады)

қабырғаларда немесе іргетаста сантехникалық коммуникациялардың шығаруларын тас қылып бітеп тастауға;

8-9 балл сейсмикалығы бар аудандарда газ тақталарын бекітпей қалдыруға (еденге немесе қабырғаға) ;

антисейсмикалық жіктерді қалаумен немесе бетонмен тас қылып бітеп тастауға (жіктер жер сілкінуі кезінде ғимараттардың құралымдық элементтерінің өзара ауысуларына кедергі болмауға тиіс);

егер бұл құралымды күшейту қажеттілігімен туындамаса, темірбетонды элементтерді ашуға (тіреулер, ригельдер, панельдер, антисейсмикалық белдіктер) және арматураны ашып қоюға,.

8.5.7 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдар жер сілкіну кезінде бірінші қатты соққылардан кейін:

жұмысқа дереу кірісуге;

жылу-, су-, электр жабдықтаудың зақымдалған желілерін ағытып тастауға;

кісі тұратын жайларда тұратындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

өрт мүмкіншілігі туралы ескертуге және, қажет жағдайда, оның ошақтарын жоюды ұйымдастыруға;

көбірек бұзылған ғимараттар мен құралымдарды анықтауға және жер сілкінісінің зардаптарын жоюға тиіс.

8.5.8 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдар ғимараттан кедергісіз эвакуациялаужы қамтамасыз етуге тиіс.

Жер сілкінісі кезінде лифтілерді пайдалануға жол берілмейді.

Кіреберістің (кірістердің) алдындағы тротуар мен алаңшаларды көліктің тұрақты тұруы мен жинау орындары үшін пайдалануға жол берілмейді.

Ғимараттан шығатын жердің жақынында бар кюветтер мен арықтар жаяу жүргіншілерге арналған берік төсемемен жабылуға тиіс.

8.5.9 Жер сілкінісінен кейін ғимараттарды, оның құрал- жабдығын, коммуникацияларды кезектен тыс тексеруді жүргізу қажет.

Табылған зақымданулар мен деформациялар толықтай зерттеліп, неғұрлым елеулі сызаттардың ашылу ұзындығы мен енін көрсетумен актіде көрсетілуге тиіс.

Қауіпті аймақтарда шамшырақтар қою қажет.

Авариялы деп танылған ғимараттарға адамдардың кіруіне тыйым салынуға тиіс.

Қалпына келтірілуге тиіс ғимараттар қалпына келтіру жұмыстарының жобасын әзірлеу алдында мамандандырылған жобалық ұйыммен тексерілуге тиіс.

8.5.10 Жұмыстың іргетастары, қабырғаларды қалау, антисейсмикалық белдіктерді, жиналмалы құралымдардың жапсарларын орналастыру және аражабындарды тығындау бойынша жұмыстар анықталған талаптарға және жобаға сәйкес олардың орындалуын белгілейтін, жасырын жұмыстарға актілермен расталуға тиіс. Актілер әрбір жеке құралым бойынша жеке - жеке жұмыстар тікелей аяқталудан кейін құрастырылады.

8.5.11 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдардың әрбір үйдің сейсмотөзгіштік сипаттамасы және оның құралымдық шешімінің белгіленген талаптарға сәйкестігі болуға тиіс.

Ауданның (елді жердің) мемлекеттік нормалар бойынша сейсмикалығы болған жағдайда, ғимараттарды кезекті тексеру кезінде олардың сейсмикалығын анықтау қажет.

Сейсмикалығы жеткіліксіз болып шығатын, ғимараттар арнайы жобамен кезекті күрделі жөндеу кезінде күшейтілген болуға тиіс.

Ерекше қауіпті болып танылған, күшейтуге және қалпына келтіруге жатпайтын ғимараттар бірінші кезекте бұзуға жоспарлануға тиіс.

А Қосымша
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Кіру аймағы - жеке кедергілермен және кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа да құралдарымен жабдықталған, биік ғимараттың жайларының (қабаттарының) тобының күзетілетін бөлігі.

Жеке қорғаныс құралдары- адамдардың терезелерден, балкондардан және ғимарат лоджийларынан өздігінен құтқарылуына, сондай-ақ тыныс алу және көру органдарын өрттің қауіпті факторларынан қорғауға арналған құралдар.

Ұжымдық құтқару құралдары - бір уақытта адамдар тобы пайдалана алатын, өрт кезіндегі құтқару құралдары.

Ғимараттың соңғы маңызды жерлері – құрылыс құралымдары мен олардың тораптары, инженерлік және қатардан шығуы төтенше жағдайлардың дамуына әкелуі мүмкін басқа жүйелер.

Жергілікті бұзылу – ауданы 80кв. м дейін ғимараттың бір қабатында көтергіш құралымдардың бұзылуы

Көпфункционалды биік ғимарат - өз құрамына тұрғын жайлардан басқа, қонақ үйлік нөмірлерді және басқа функционалдық мақсаттағы - әкімшілік, мәдени – бос уақыттық, сервисті қызмет көрсету, денсаулық сақтау, оқу - тәрбиелі , шаруашылық, аялдамалар және т.б. жайларды қамтитын, биіктігі 75 м артық ғимарат.

Көпфункционалды биік ғимарат- кешен - әр түрлі биік, соның ішінде өзара функционалдық – жоспарлық және сәулеттік - кеңістіктік шешіммен біріккен, сонымен қатар кеңістіктік және функционалдық тәуелділіктегі, биіктігі 75 м артық ғимараттар тобы.

Объектілік өрт сөндіру орны - алғашқы өрт сөндіру құралдарын, жеке және ұжымдық құтқаратын құралдарды, сонымен қатар өрт жағдайында қызметкерер мен өрт қауіпсіздігі қызметі үшін қажет жабдықты орналастыруға арналған жай.

Көлемдік- жоспарлық элемент- белгілі функционалдық мақсатымен ғимараттың оқшауланған бөлігі.

Өрттен сақтаушылық - құралымның өрттен кейін миималды қалпына келтіру жөндеумен одан әрі қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін сақтау қабілеті.

Өрт қауіпсіз аймақ - адамдардың берілген уақыт ішінде (өрт туындаған сәттен бастап құтқару жұмыстары аяқталғанға дейін) өрттің қауіпті факторларынан қорғау үшін өртке қарсы сақтық кедергілермен бөлінген, эвакуация жүргізу мен құтқаруға арналған шаралар кешенімен қамтамасыз етілген ғимараттың өрт сөндіру бөлігінің бөлімі.

Шарттардың жобалы қорқыту - жиынтық және факторлардың , анықталатындардың биіктік ғимарат осалдылығы талдауы өткізуі барысында , қабілеттілердің нормалы қанауды оның бұзу және ситации . төтеншеге ертіп әкелу



Ілгерілемелі құлау – жергілікті құлау нәтижесінде туындайтын, ғимараттың бірнеше қабатында немесе 80кв. м артық ауданы бар қабатта көтергіш құралымдардың құлауы.

Жобалық қауіп -қалыпты пайдалануын бұзуға қабілетті және төтенше жағдайға әкелуі мүмкін, биік ғимараттың әлсіздігін талдау процесінде анықталатын шарттар мен факторлардың жиынтығы.

Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелерінің мониторингі мен басқарудың құрылымданған жүйесі (ИЖМЖ) - технологиялық процестерге және тікелей әлеуетті қауіпті объектілерде, ғимараттар мен құрылыстарда құрал- жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету процестерінің мониторингін жүзеге асыруға, нақты уақытта тұрақсыздандыратын факторларды бағалау,алдын алу және зардаптарын жою мақсатымен, олардың жағдайы туралы ақпаратты бұл объектілердің кезекші - диспетчерлік қызметтеріне байланыс арналарымен жеткізу үшін, сондай-ақ ТО туындау болжамы мен фактісі туралы, соның ішінде лаңкестік әрекеттермен туындаған ақпаратты Астана (Алматы) қ.қ. төтенше жағдайлардағы жедел- диспетчерлік басқармасының біріңғай жүйесіне беруге арналған бағдарламалық - техникалық құралдардың негізінде құрылған жүйе.

Жеке кедергі - бұзушының биік ғимараттың күзет аймақтарына немесе әлсіз жерлеріне енуіне кедергі жасайтын кедергілер мен техникалық құралдар.

Б Қосымша

(ұсынылатын)
Ғимарат элементтері мен жайларын жоспарлық және ішінара тексеру

КЕЗЕҢДІЛІГІ



Құралымдық элементтер: әрлеу, үй құрал- жабдығы

Тексеретін жұмысшылардың мамандығы


Жылына тексерудің есептік саны


1

2

3

Пештер (газқалдықтарымен)

Пеш салушы- тасшы

1

Желдету арналары мен шахталар: желдшахта ғимараттарында және кішкене бастарында

Тасшы немесе қаңылтыршы (құралымға байланысты)

1

1


Газ және ағаш колонкаларынан және сұйық отында қазандықтардан ыстық сумен жабықтау кезінде газ қалдықтары

сондай

1

Салқын және ыстық сумен жабдықтау, кәріздендіру

Темір ұста- сантехник

қажеттілігіне қарай

Су құятын сыртқы құрылғылар (шүмектер, кергіштер)

Темір ұста- сантехник

1

Ғимараттың төбелерінен ішкі су бұру жүйесі

сондай

1

Орталық және жергілікті жылыту

Темір ұста- сантехник

1

Ғимараттардың жылулық орындары арасындағы жылулық желілер

сондай

шартқа сәйкес

Қоқыс өткізгіштер (барлық құрылғылар)

Қоқыс өткізгіштерге қызмет көрсететін жұмысшы және темір ұста- сантехник

қажеттілігіне қарай

Байланыс қосылыстарын тартумен және жерлендіру байланыстары мен қосылыстарының сенімділігін тексерумен жалпы үйдің электрлік желілер мен қабаттық қалқаншаларды тексеру

Электрмонтер

шартқа сәйкес

Техникалық жертөлелерде, еденасты мен шатырда электрлік желіні, соның ішінде олардың ылғал мен тотты кетірумен дәнекері шешілген және созыңқы қораптарды тексеру

Электрмонтер

шартқа сәйкес




Байланыс қосылыстарын тартумен және жерлендіру байланыстары мен қосылыстарының сенімділігін тексерумен кіріс және қабаттық шкафтардың ВРУ тексеру

- « -

шартқа сәйкес

Байланыстарын және жерлендіру қысқыштарын тартумен электр қозғалтқыштарды тексеру

Электрмонтер

шартқа сәйкес

Жанып кеткен шамдарын (және стартерлерді) ауыстырумен шырақтарды тексеру

- « -

шартқа сәйкес

Радио- және телеқұрылғыларды тексеру: жабында, шатырларда және баспалдақ торларында

- « -

шартқа сәйкес

Стационарлық электртақталарына техникалық қызмет көрсету

- « -

шартқа сәйкес

Аса жоғары қабатты ғимараттарда түтін шығару, ауаны бекіту жүйесіне техникалық қызмет көрсету

- « -

шартқа сәйкес

Күрделі инженерлік құрал- жабдық пен механизмдерге техникалық қызмет көрсету

Сәйкес жүйелер мен механизмдерге қызмет көрсететін жұмысшылар

Шартқа сәйкес

 

ЕСКЕРТУЛЕР:

1. Тексеру процесінде құрал- жабдықты ретке келтіру жүргізіледі және ұсақ ақаулары түзетіледі.

2. Мамандандырылған қызметтері бар қалаларда түтін жүретін бөліктерді, желдету арналары мен құрылғыларды техникалық тексеру өртке қарсы бақылау цехтерінің құбыр тазалаушылары, ал радио- және телеқұрылғыларды - мамандандырылған ұйымдардың техникалық қызмет көрсетуіне шарттарға сәйкес тиісті ательемен жүргізіледі; газ жылытқыштарға, газ тақталарына және т.б. орталықтанған мамандандырылған ұйымдар қызмет көрсетеді.

3. Қазандық, орталық және жеке жылулық орындар мен бойлерге қызмет көрсету белгіленген тәртіпте жергілікті нормалармен жүргізілуге тиіс.

4. Жылыту, ыстық және салқын сумен жабдықтау жүйелерінің сораптарына қызмет көрсетуді, сонымен қатар механикалық желдету, ауамен жылыту агрегаттарына, баспалдақ торларының түтін шалмаушылығына және түтін кетіруге арналған құрылғыларға қызмет көрсетуді күнделікті тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдардың ұста – сантехниктері мен электрмонтерлері немесе мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

5. Күрделі инженерлік жүйелерге қызмет көрсету техникалқ қызмет көрсетуге шарттар бойынша мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен, техникалық паспорттарда қарастырылған кестелермен жүргізіледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет