Малды сою және ұшаны бөлу
Ет өнеркәсіп кәсіпорындарында малды автокөлікпен, темір жолдармен,
кебір жағдайларда малды айдап алып келеді.
Сояр алдында малдарды бірінші өңдеуде ет ұшасын және ұшадан
тағамдық, емдік, техникалық өнімдер жасау және алу үшін түседі. Сонымен
қатар санитарлы-гииеналық, ішкі мүшелер мен ұшаларға ветеринарлық-
санитарлық тексеруді өткізіп, тағамдық мақсатта қолдануға осы талаптарды
сақтау керек.
Ұшаларды өңдеу конвейерлі желілерде, арнайы мал түріне байланысты
(ІҚМ, ұсақ мал, шошқа) аспалы желі немесе екі және үш малдың түріне
байланысты әмбебап конвейерлер қолданылады.
Малды сою және ұшаны бөлу цехындағы технологиялық үрдістерді
келесідей реттейді:
- есінен тандыру;
- қансыздандыру және тағамдық қан жинау;
- ұшаны іреу;
9
- теріні сыпыру;
- ішкі мүшелерін алу;
- ұшаны жартылай бөлікке бөлу, аралау;
- ұшаны тазалау және сапасын анықтау;
- массасы және ұшаның семіздігін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |