Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалып-



Pdf көрінісі
бет101/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалып-
тастыруға бағытталған жаттығулар. 
1-сабақ 
Мақсаты 
– «Ата-ана – бала» даусыз өзара әрекет жасауға 
тәрбиелеу. 
Міндеттері: 
– 
тактильді сезімді, қиялды дамыту; 
– 
сөйлеу белсенділігін дамыту; 
– 
коммуникациялық дағдыларды дамыту; 
– 
психофизикалық қысымды төмендету. 
Құралдар:
құмсалғыш, майда ойыншықтар, қылқалам, май-
да тастар. 
Сабақ барысы 
Кіріспе бөлімі 
Сіздермен құмсалғыштағы тәртіп ережесін еске алайық (ата-
ана мен бала кезек-кезек ережелерді айтып береді). 
 
«Айрықша іздер» жаттығуы 
«Қонжықтар келе жатыр» – бала күштеп жұ-
дырықтарымен, алақандарымен құмды басып 
қысады. 


180 
«Қояндар секіреді» – бала саусақтарының 
ұштарымен әртүрлі бағытта құмның бетін соқ-
қылайды. 
«Жыландар жорғалайды» – бала бос/қысым-
дағы саусақтарымен құмның бетінде иректелген 
сызықтар жасайды (әртүрлі бағытта). 
«Өрмекшілер жүгіреді»  бала барлық сау-
сақтарымен жәндіктердің қозғалысын вербаль-
ды емес жолмен қайталап көрсетеді. Құмға қол-
дарын толығымен батырып, құмның астында 
«жәндіктер амандасу» әрекетін орындайды –
қолдар бір-бірімен кездеседі. 
 
Негізгі бөлім 
Әлеуметтік маман ата-анаға баламен бірге «Құм елі» туралы 
оқиға ойлап табуын ұсынады. Ең алдымен, оқиға не, кім туралы, 
содан кейін сөредегі қандай ойыншықтар құмсалғышта сол елді 
құруға көмектеседі. 
Әлеуметтік маман жанама сұрақтар арқылы аталған ел 
туралы оқиғаны айтып беруін сұрайды:
– 
бұл қандай ел? Ол қалай аталады? 
– 
онда кімдер тұрады? Олар немен айналысады?
– 
ол елде барлығы жақсы ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет