Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет98/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

«Шанхайлықтар» жаттығуы 
Материалдар:
барлық қатысушыларды бір-біріне біренеше 
рет тығыз орайтын жіп, ұзындығы, әдетте ол бірнеше метр болуы 
мүмкін.
Бұл ойын XIX ғасырда орын алып, осы атқа ие болды. Ол 
кезде кемелердің капитандары қандай жолмен болса да әртүрлі 
айла қолданып, командаларына теңізшілерді жинауға ұмтылған. 
Әсіресе шанхайлық порты «алдау» тәсілдерін жиі қолданды. Өз 
еріктеріне қарсы келетіндей әрекет жасаған теңізшілерді «шан-
хайлықтар» деп атады. 
1. Ең алдымен, топтан маңызды тұрғанын сұраймыз. Ол үшін 
барлығы бір қатардың бойына тізіліп, бір-бірімен қол ұстасып 
тұрады. Содан кейін бірінші тұрған адам өз осі бойымен айналып 
бұралады әрі басқаларды «шиыршық» пайда болмайынша өзіне 
тартып бұралады, жүргізуші жіппен белдің деңгейінде бір-біріне 
тақалған қатысушыларды, яғни «шиыршықты» тығыз байлайды.
2. Тапсырма: осы қалыпта қатысушылар белгілі траектория 
бойынша бірталай қозғалып жүруі, қауіпсіздікті қамтамасыз етуі 
керек.


176 
3. Жол бойы әр қатысушы амандасып, өзі туралы ерекше бір 
нәрсені айтып беруі керек. Қозғалыстың осы тәсіліне қарамастан, 
әрқайсы басқалардың не айтқанының барлығын есте сақтауы 
қажет.
4. Мақсатқа жеткенде жіп шешіледі. Қатысушылар шеңбер 
құрып тұрады. Жетекші қозғалыс барысында естерінде қалған 
мәліметтерді айтып беруін сұрайды. Бір топ мүшесін көрсетіп 
және оның қозғалыс барысында не айтқанын баяндайды. 
5. Топтың мүшелерінің өзара әрекет контексін қалыптас-
тыру. Қатысушыларға бейнелерді құру бойынша барлық жұмыс 
сөзсіз жүретінін түсіндіреді.
 
«Комплекстерден арыламыз» жаттығуы 
Мақсат: осы жаттығу релаксацияға бағытталған. Өзін, өзінің 
ішкі дүниесін және тілектерін жақсы түсінуге, өзіндік бағасын 
көтеруге, «комплекстерден» арылуға жағдай жасайды. 
Қатысушылар шеңбер бойына отырып, көздерін жұмады: 
– 
ыңғайлана отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар және келесі 
оқиғаны өз қиялдарыңда бейнелей отырып, тыңдаңдар: «Өз үй-
леріңнен шығып бара жатқандарыңды елестетіңдер. Сен жол 
бойы жүріп, ылдиға түсіп бара жатырсың. Сенің көз алдыңа та-
маша және тартымды көрініс көрінеді, алда әртүрлі ағаштар, 
экзотикалық гүлдер, мейірімді жануарлар мен ғажайып әуенге 
толы керемет бақ. Сен сұлулықтан, тыныштықтан ләззат ала-
сың. Кенет, үлкен емен есікті байқайсың. Оны ашуға ұмтыласың 
және ол сенің икеміңе көнеді. Сен оған кіргенде теңіздің жаға-
лауында екеніңді түсінесің. Ылғалды теңіз желін есіп тұрғанын 
сезінесің. Алыстан толқынның сарқылын және шағаланың дауы-
сын естисің. Сенің алдыңда қайық тұр, оған отырып, жағадан 
ары қарай жүзуге шешім қабылдайсың. Көгілдір кеңістікке ра-
қаттанып, жүзіп келесің, жүзіп келесің. Бірақ сенің саяхатты 
жалғастыруыңа бір нәрсе кедергі жасап тұрғандай, қайықты 
теңіздің түбіне тартуда. Қайықта сенің «комплекстерің» жа-
зылған ауыр жәшіктерді байқайсың. Олар қанша? Олардың мөл-
шері қаншалықты? Сен бар күшіңді салып оларды қайықтан лақ-
тырып тастауға тырысып жатырсың... (кідіріс). Борттың 


177 
сыртына жәшіктер лақтырылғаннан кейін, біз жағалауға ора-
луға шешім қабылдадық. Құмды жағажайда аяғымызбен жүре 
келе, сенің жүрісіңде жеңілдік пайда болды, өзіңді еркін сезінесің 
және қанаттанғандай, жаның күлімдейді. Баққа сен жаңа, сұлу 
және бақытты оралдың, есікті артынан жап, терең тыныс 
алып, терең демді шығар. «Осында және дәл қазіргі» күйіңді 
сезін. Жаңа, құштар және жақсы көңіл күйдесің!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет