29
2
тарау
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ
ӘРТҮРЛІ САНАТТАҒЫ
БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСЫ
1. Ерекше қажеттіліктері бар балалар
(мәліметтер қо-
рын құру, жеке білім алуды ұйымдастыру, әлеуметтік және тұр-
мыстық жағдайды зерттеу үшін үйге бару, кітаптармен қамтама-
сыз ету, бос уақыттарын ұйымдастыру, халықаралық мүгедектік
күнін ұйымдастыру, әлеуметтік-педагогикалық көмек беру, сана-
торий-курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету).
2. Қамқорлықтағы балалар мен жетім балалар
(мәлімет-
тер қорын жинау, үйіне бару, жалпыға міндетті оқу қорынан ма-
териалдық
көмек бөлу,
бос уақытты ұйымдастыру,
қамқоршы-
лық инспекторымен кездесу, әлеуметтік көмек көрсету, санато-
рий-курорттық
жолдамалармен қамтамасыз ету,
мектепте тегін
тамақтану ұйымдастыру).
3. Қиын балалар
(девиантты мінез-құлықты балалар):
–
деректер қорын құру, баланың отбасына, үйіне бару;
– балаларды ынтасына қарай үйірмелерге қатыстыру;
– балалар және ата-аналарымен жеке сұхбат жүргізу;
– қиын балаларды диагностикадан өткізу (қызығушылық-
тар, мәселелер, конфликтілі жағдайлар);
– девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеуде сы-
нып жетекшілеріне психологиялық-педагогикалық көмек;
– балалар мен олардың ата-аналарына психологпен жұмыс,
психологиялық-педагогикалық кеңес беру, ата-аналарға педаго-
гикалық консилиум беру, жазғы демалыстар туралы ақпарат жи-
нау, жазғы демалысты ұйымдастыру, профилактикалық жұмыс-
ты ұйымдастыру.