Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Əлеуметтік жəне білім беру технологиясының негізгі ком-



Pdf көрінісі
бет18/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
Əлеуметтік жəне білім беру технологиясының негізгі ком-
поненттері 
Г.М. Коджаспированың айтуынша, педагогикалық техноло-
гия автордың белгілі бір идеясына негізделген нақты педагогика-
лық тұжырымдама үшін жасалады. Педагогикалық әрекеттердің, 
операциялардың және коммуникацияның технологиялық тізбегі 
нақты күтілетін нәтижеге ие мақсатты нанымдарға сәйкес қатаң 
түрде құрылады. Педагогикалық технологияның бөліктері – кри-
терийлер, көрсеткіштер мен іс-әрекет нәтижесін өлшеу құралда-
ры бар диагностикалық процедуралар. 

2-сызба 
Әлеуметтік-педагогикалық технологияны әзірлеудің компоненттері 
Аспектілері: 
1. Ғылыми. 
2. Процессуалды-
сипаттамалық. 
3. Процессуалды-әрекетті. 
Әзірлеу функциялары: 
1. Аналитикалық.-болжамды 
2. Диогностикалық. 
3. Жүйелік-модельдеуші. 
4. Жобалық-ұйымдастырушылық 
5. Белсендіруші. 
6. Аспаптық-тәжірибелік
 
Құрылымы: 
1. Диагностикалық-болжамдық 
кезең. 
2. Оңтайлы технологияны 
таңдау (әзірлеу) кезеңі. 
3. Таңдалған технологияны іске 
асыруға тікелей дайындық кезеңі. 
4. Іске асыру. 
5. Сараптамалық бағалау. 
Тиімділік өлшемдері: 
1. Жан-жақтылық. 
2. Конструктивтілік. 
3. Нәтижелік. 
4. Шапшаңдық. 
5. Салыстырмалы қарапайымдылық 
6. Сенімділік. 
7. Икемділік. 
8. Үнемділік. 
9. Пайдаланудағы ыңғайлылық 


37 
Әлеуметтік-педагогикалық технология әдістемені нақтылау-
ға қызмет етеді және үш аспектіден тұрады: 
– ғылыми 
(мақсат, мазмұн мен әдістерді зерттейді, әзірлей-
ді және педагогикалық үдерістерді жобалайды); 
процессуалды-сипаттамалық
(процесс алгоритмі); 
процессуалды әрекетті (технологиялық / әлеуметтік-пе-
дагогикалық процесті жүзеге асыру, жекелік, аспаптық және 
әдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмыс істеуі). 
Әлеуметтік-педагогикалық технологияны әзірлеу функция-
лары: 
– аналитикалық-болжамды 
(әлеуметтік тәуекел санатына 
жататын топтарды анықтау және есепке алу, қажеттіліктерді 
анықтау, әлеуметтік процестер динамикасын бақылау, қолданыс-
тағы параметрлердегі өзгерістерді болжау); 
– диагностикалық
(мәселені талдау); 
– жүйелік-модельдеуші
(көмек сипатын анықтау); 
жобалық-ұйымдастырушылық
(проблеманы шешуге ба-
ғытталған әзірлеме, іске асырулар); 
– белсендіруші
(индивидтің жеке қабілетінің ішкі потен-
циалын жандандыруға көмектесу, мәселені шешуге ынталанды-
ру, өзіне-өзі және өзара көмек көрсетудің дамуын ұйымдастыру); 
– аспаптық-тәжірибелік
(өмірлік қиыншылықтар кезінде 
әртүрлі көмек көрсету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, ке-
ңестер, тренингтер және т.б.); 
Әлеуметтік-педагогикалық технология құрылымы: мақсат 
(технологияның негізгі міндеті); технология объекті (адам, жал-
пы әлеуметтік-педагогикалық технология, оның кезеңдері, ара-
лық кезеңдері, нақты әлеуметтік-педагогикалық қызмет, қызмет-
тің нәтижесі және т.б.). 
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның мазмұнын дамыту 
құрылымында М.А. Галагузова, Л.В. Мардахаев, Б.Н. Алмазов, 
М.А. Беляева, Н.Н. Бессонова сияқты авторлар бес кезеңді қарасты-
рады: диагностикалық-болжамдық кезең, оңтайлы технологияны 
таңдау (әзірлеу) кезеңі, таңдалған технологияны іске асыруға тіке-
лей дайындық кезеңі, іске асыру, сараптамалық-бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет