38
оның әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешудің негізі ре-
тінде объектінің әлеуетін анықтауға бағытталған. Бұл кезең бас-
тапқы кезең болып табылады және әлеуметтік педагогтың кейінгі
қызметіне қажетті ақпаратты алуға арналған.
Оңтайлы технологияны таңдау (әзірлеу) кезеңі
Диагнос-
тикалық-болжамдық кезеңнен кейін жүргізіледі. Клиенттің жеке
ерекшелігі және оның әлеуметтік-педагогикалық мәселелері ту-
ралы қажетті ақпарат ала отырып, маман онымен әлеуметтік-пе-
дагогикалық жұмыстың мақсатын анықтайды.
Жеке тұлғаны дамыту технологиясы, педагогикалық түзету,
педагогикалық оңалту, түзету және т.б. Бұл кезең әлеуметтік-пе-
дагогикалық жұмыстағы қол жетімді технологиялардың бірін та-
ңдау; жағдайды, клиенттің даралығын, оның мәселесін және ма-
мандардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қол жетімді техноло-
гияны дараландыру; клиенттің қажеттілігіне, маманның мүмкін-
діктеріне және тәжірибелік іске асыру жағдайына сәйкес келетін
жаңа жеке технологияны әзірлеу.
Іске асыруға тікелей дайындық кезеңі
таңдалған техноло-
гияны іске асыруға арналған әлеуметтік-педагогикалық техноло-
гияны іске асырудың тиімділігін қамтамасыз
ету қажеттілігіне
байланысты туындайтын материалдық, техникалық, ұйымдасты-
рушылық және әдістемелік аспектілерді анықтау үшін қажет.
Іске асыру –
алдыңғы кезеңдердің барлық шаралары қарас-
тырылған және орындалып жүрген негізгі кезең.
Сараптамалық-бағалау –
бұл
әлеуметтік-педагогикалық
технологияны енгізу нәтижесін және барлық атқарылған жұмыс-
тарды бағалауға мүмкіндік беретін кезең.
Бұл кезең болжанған мақсатқа жету үшін
өте маңызды
функционалды рөлдерді орындайды.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияларды дамыту кезінде
тиімділіктің негізгі критерийлері:
– жан-жақтылық – жеке біртектес міндеттерді шешу үшін
саны мен ерекшелігі бойынша әртүрлі объектілерде әлеуметтік
технологияны қолдану мүмкіндігін болжайды;
– конструктивтілік – нақты проблемаларды тексерілген жә-
не негізделген тәсілдермен шешуге бағытталу;
– нәтижелік – соңғы, тексерілетін нәтижеге бағдарлау;
– шапшаңдық – технологияны оңтайлы мерзімде жүзеге
асыру мүмкіндігі;
39
– салыстырмалы қарапайымдылық –
әлеуметтік техноло-
гия аралық кезеңдерді, операцияларды қамтуы және белгілі бір
біліктілік маманы үшін қолжетімді болуы тиіс;
– сенімділік – кейбір беріктік қорының, қайталанатын ме-
ханизмнің болуы;
– икемділік немесе өзгермелі жағдайларда бейімделу қабілеті;
– үнемділік немесе
экономикалық мақсаттылық,
өйткені
технология тиімді, бірақ үнемді емес болуы мүмкін;
– пайдаланудағы ыңғайлылық.
Тәжірибеде әлеуметтік педагог қызметінде көптеген техно-
логиялар қолданылады (3-сызбаға қараңыз).
3-сызба
Достарыңызбен бөлісу: