Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет17/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

ТЕХНОЛОГИЯ 
 
 
 
 
 
«Әлеуметтік-педагогикалық технология» түсінігі
«Әлеуметтік-педагогикалық технология» ұғымы 90-жылдары 
пайда болды. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің технологиялық 
дамуының басында А.С. Макаренко тұрды. «Біз тәрбиелеген әрбір 
адам – біздің педагогикалық өндірісіміздің жемісі». Оқу іс-әрекетінде 
А.С. Макаренко мақсат қоюға, тиісті әдістер мен құралдарды таңдау-
ға, олардың орындалу сапасын қамтамасыз етуге, білім беру іс-
әрекетіндегі барлық тиімділікті ескеруге назар аударды. 
Н.И. Никитина, М.Ф. Глухова әлеуметтік-педагогикалық жұ-
мыс технологиясын белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық мін-
деттер мен мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпқойдың қатаң 
дәйекті әрекеттері ретінде түсінді. Әлеуметтік-педагогикалық 
технологиялар маманның тәжірибелік қызметін реттейтін импе-
ративтер жүйесін (заңды талаптар, әрекет алгоритмдер, нұсқау-
лық талаптар) білдіреді. 
Әлеуметтік-педагогикалық технология өзінің мәні бойынша 
мақсатқа бағытталған, алға қойылған (болжанған) мақсатқа же-
туді қамтамасыз ететін іс-әрекеттің белгілі бір кезеңдерінің (қа-
дамдарының) арнайы ұйымдастырылған реттілігі болып табыла-
ды. Іс-қимыл кезеңдерін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Кө-
біне процестің құрылымында үш негізгі кезең болады: 
1) дайындық
2) тікелей қызмет (таңдалған педагогикалық технологияны 
іске асыру); 
3) нәтижелі. 
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялық міндеті – 
әлеуметтік мәселені анықтау және қолда бар құралдар мен әдістерді 


36 
қолдана отырып, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісінің іс-
әрекеті мен мінез-құлқын дер кезінде түзету және оған уақтылы 
әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік мәселенің мәні клиентпен 
жұмыс істеудің мазмұнын, құралдарын, нысандары мен әдістерін 
анықтауға байланысты болатын маңызды фактор болып табылады. 
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның объектісі – адам-
ның өзі, ал оның элементі – басқару мәдениеті және адам дамуы-
ның өлшемі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет